Материалдар / Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі 5 сынып. Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, толеранттылық (кеңпейілділік); татулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
729
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: _______________

«____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімі:

Сыныбы: 5

Оқушылардың саны:

Сабақтың тақырыбы: Халықтың рухани мұрасы – даналық көзі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мәдени мұраны құрметтеу, толеранттылық (кеңпейілділік); татулық

Сабақтың мақсаты: оқушыларға халықтың рухани мұрасы – даналық көзі екенін қиянат жасамау құндылығы арқылы түсіндіру

Білімділік: оқушыларға Мәдени мұраны құрметтеудің маңыздылығын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы кеңпейілділік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды татулыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу. Орманға ойша серуен. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №29 – сабақ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» тақырыбына эссе жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №30, Ділдә Матайқызының «Білім мен байлық»мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Өзің білім алу үшін қандай іс-әрекеттер жасар едің?
2. Адамға ең алдымен қандай білім қажет?

3. Әңгімеден не түсіндіңіз?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім.

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946),  Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).

Сұрақтар:

1. Білім адамға не үшін қажет?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Наурыз
Наурыз – шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.
Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.
Бүгінгі таңда Наурыз мемлекеттік деңгейде барлық қалаларда, облыс, аудан орталықтарында, ауылдарда бүкілхалықтық мереке ретінде тойланып келе жатыр.

Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстар Наурыз мерекесін бірге шаттана тойлайды.
Наурыз мерекесі күні – қасиетті күн. Данышпан ата-бабаларымыз бұл күнді табиғаттың айрықша белгілерін ескере отырып белгілеген. Наурыз айын ерекше қасиеті бар ай ретінде бағалаған.
Күн мен түн теңелетін күн, төрт түлік мал төлдейтін ай, табиғаттағыбарлық жәндіктер мен өсімдіктерге жан бітетін кез. Қыстың соңы, көктемнің басы, жыл құстары келе бастайды.
Самарқанның көк тасы жібитін күн. Сол себептен де табиғаттың
тылсымы мен ғалам ғажайыптарын терең ұғына білген ата-бабаларымыз бұл күнді Жыл басы деп есептеген.
Наурыз бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Сондықтан да болар, бұл күні барлық адам шаттанады, қуанады, мейірленеді.
Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.
Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.

Жастар үлкен кісілерден бата сұрайды, бір-бірлеріне сый-сияпат
жасайды. Ренжісіп қалған адамдар бір-бірінен кешірім сұрайды. Ауыл болып тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Наурыз мерекесіне арналып көпшілікке наурыз көже пісіріледі, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам
келесі жылға дейін ішіп-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар.
Сұрақтар:

1. Наурыз мерекесі адамдарды қандай жақсы қасиеттерге
тәрбиелейді?
2. Наурызда қандай адамгершілік салт-дәстүрлер орындалады?
3. Бүкіл халықтардың бірлікте өмір сүруінің мәні неде?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Наурыз мерекесі туралы дәптерге сурет салу.


6. Топпен ән айту

Наурыз – думан
Өлеңін жазған Мұқағали Мақатаев
Әнін жазған Талғат Сарыбаев
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.
Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.


7. Үйге тапсырма.

1. №30 – сабақ. Төменде берілген сөйлемдерді өз ойларыңмен аяқтап жазыңдар.
Әділ сөйлеп, адал жүрген адамның ...
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік, өйткені ...
Әрлі болғанша, арлы бол, себебі ...
Адам болам десең, арыңды сақта, өйткені ....

2. Келесі сабақ. №31, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мәнді сөздер» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Қандай қасиеттер адамның өмірін түзеуге көмектеседі? Неліктен?

2. Арлы адам деп қандай адамды айтамыз?

3. Ар-ұждан даусымен өмір сүрудің мәні неде?

4. Өзің алған адамгершілік білімдеріңді қалай жүзеге асырып жүрсің?


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Рахмет!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!