Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева, әнші, күйші

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева, әнші, күйші

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазір әрбір өлкенің дарынды тұлғаларын таныту-ұстаздардың борыш, міндеті. Сол бағытта кезінде республикаға танылып, "Айгүл" ансамблінің құрамында болған жас талант туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева, әнші, күйші

1 955 жылы Маңғыстау ауданы "Қызылтаң" колхозына қарасты Қандыбас жерінде дүниеге келген.
Ханбибі өнерді сүйген отбасынан шыққан. Әкесі
Дүйсенбайұлы Сенбай –Ұлы Отан соғысының ардагері, 1959 жылға дейін «Қызылтаң» колхозында партия ұйымының секретары болған. Одан кейінгі жылдарда Құйылыс жерін тұрақты мекен етіп, совхоз шаруашылығындағы науқандық жұмыстарда болды. Сенбай ауыл шаруашылығы саласының озық қызметкері. Егіншілікпен айналысты. Мінезі көңілге қонымды, адал, әділ, өз ісін тиянақты атқарған азамат. Ән-күйге ерекше ықыласты, балаларының бәріне халық өнерін насихаттап, домбыра тартуды үйретеді. Анасы әнді жақсы салатын ерекше даусы бар жан еді. Күнімай Отарқызы соғыс жылдарында Таушықтағы көмір тресінде еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққанша совхоз шаруашылығындағы әр түрлі маусымдық жұмыстарды атқарды. Түпкі бөлмесін өнерге арнап, балаларына концерт қоюға ықшамдап берген. Отбасында 9 бала тәрбиелеген. Барлығы да жоғары білім алған, өз мамандығының иелері. Отбасының тұңғышы –оташы Алдаберген Дүйсенбаев. Ширек ғасырдан астам медицина саласында адал еңбек етіп, халық ықыласына бөленуде.

Нағашылары күйші, әнші.

Ол 1962 жылы 1 қыркүйекте Жыңғылды жеріндегі В.Куйбышев атындағы сегіз жылдық мектеп-интернаттың бірінші класына оқуға қабылданады. Мектеп табалдырығын аттағанда алғашқы орындаған әні-«Алақай» еді. бітірген. Бастауыш сыныптардан бастап, өз бетімен домбыра тартып үйренеді. Ұстазы-күйші Серік Харесов, оның алғашқы тәлімгері. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, отырыстарда домбыра тартып, ән салады. 


Оның орындауындағы халық әндерінің дауыс сазы ерекше, тыңдаушысының құлағына жағымды жетіп, әсем әуезімен тербейтін. 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына орай өткен облыстық фестивальға қатысып, лауреат атанды. Сыңғырлата орындаған әні-«Қоңырау».

1973 жылы Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық институтының музыка факультетін бітірген. Студент кезінде «Айгүл» ансамбліне талантты жас бірден қабылданып, ансамбль құрамында Алматы, Москва қалаларында өткен мемлекеттік деңгейдегі концерттермен қатар гастрольдік сапармен 1976 жылы Жапония, ал 1977 жылы Моңғолия сияқты шет мемлекеттерде өнер сапарына шығып, талай сахналардан қазақтың ұлттық музыкалық өнерін паш етті.

Жоғарғы оқу орнын бітіріп, аудан орталығындағы Шетпе музыка мектебіне қызметке орналасады.

Жоғары оқу орнын бітірген соң, жүрегі ән мен күйге толы Ханбибі Маңғыстау ауданы орталығындағы мәдениет үйі жанындағы «Жастар» ансамблінің тұрақты мүшесі болды.

Ханбибі еңбек жолын бастаған аудандық музыка мектебінің ұжымы

Болгария жерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетті. Ол - екі дүркін Бүкілодақтық фестивальдің лауреаты. Қысқа ғұмырында өнер жолында екі жүзден аса шәкірт тәрбиелеген сирек дауысты ұстаз. Оның әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халық арасына насихаттаушы шәкірттері баршылық. Ол отбасын құрып, екі бала дүниеге әкелген. Қыздары Динара мен Айзада жоғары білімді, Ақтау қаласында тұрады.

Оның орындауындағы «Қарағым-ай», «Әнші даусы» «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Ақ кербез», «Ісмет», «Боз жорға» т.б әндер тыңдарманның көкейінде қалғаны даусыз. Көкірегі ән мен күйге толы Ханбибі Сенбайқызы 1987 жылы 32 жасында ауыр науқастан дүниеден өтті. Жастай кетті. Балсұлу Әділбекқызы Қондыбайдың жаздыруымен барлық құқықтары қорғалынған оның "Дос туралы жыр" ән-дискісі Алматы қаласынан жарыққа шықты (лицензиялық келісім-шарт № 150355 ТВР ҚазАҚ Дизайн Елеу М.Е). Оның шығармашылығы туралы талай зерттеулер де жазылды. Ақын, жазушылардың еңбектері бар. "Маңғыстау" энциклопедиясына енген.

Әдіскер Балсұлу Әділбекқызы Қондыбай ұйымдастыруымен Ханбибі Дүйсенбаева атындағы «Аққу әні қалықта» айдарымен қыз-келіншектер байқауы облыста 5 жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Ханбибі Сенбайқызы Дүйсенбаева- дарынды жаратылған тұлға. Ол өзіндік мәнерімен 16 жасында –ақ халықтың сүйікті әншісіне айналды. Оның орындауындағы мен жазып өткен жоғарыдағы халық әндері өзіне ғана тән әншілік мәнерімен, өзіндік орындау ерекшелігімен, халықтық нақыш-бояуымен халық жадында қалды. Ханбибі халқымыздың ұлттық ән өнерін насихаттауға елеулі үлес қосты.


Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,

14 жалпы білім беретін мектеп

музыка пәні мұғалімі, Балжанова Моншақ Реджеповна





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2021
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі