Ханталапай
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары
арқылы балалардың жас ерекшелігіне байланысты логикалық ой жүйесін
дамыту, жылдам шешім қабылдауға баулу, қлттық құндылықтар мен
мәдениетті бойына дарыту.
Қажетті
құралдар: Асықтар,ұлттық бейнеде
безендірілген ойын бөлмесі, ұлттық киімдер, мадақтау қағазы,
медальдар.
Балалар қазақ тілі кабинетіне
«» әнімен кіреді , кенеттен алдар көсенің даусы
естіледі.
Мен Алдармын
Алдармын
Бәрінде мен
алдармын
Сақал түгел мұртым
жоқ.
Бәрінде мен
алдармын.
Алдар
көсе: Салеметсізбе
балалар.
Балалар :
Салеметсізбе.
Алдар
көсе: балалар сендер мені таныдыңдар
ма?
Балалар : Ия. Сіз Алдар
көсе.
Алдар
көсе: Балалар, қараңдаршы мен Шық
бермес Шығайбайдан бір қоржын асық ұтып алдым. Ендеше, балалар, мен
сендердің епті екеніңізді естіп, осы қоржын асықты сендерге сыйға
тарту етуге келдім. Ал, мен болса өз жолымды әрі қарай
жалғастырайын. Сау болыңдар!
Мұғалім : рахмет . ендеше, балалар мен
сендер асықтың түрлері мен атауларын білесіңдер
ме?
Балалар : ия.
Білеміз
Мұғалім : ендеше, балалар атап
беріңдер.
Алшы – асықтың иірілгенде табаны
жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол
бірінші дәрежелі асық.
Тәйке – асықтың иірілгенде табаны
үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол екінші дәрежелі
асық.
Бүк- асықтың иірілгендеге дөңес
жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі.
Шік- асықтың иірілгенде шұңқыр
құрсақ жағы үстіне қарап, шаласынан жатық түсуі.бұл асықтардың
атауларын әртүрлі асық ойындарында
қолданылады.
Мұғалім: жарайсыңдар балалар. Осы асық
атауларын асық ойындарында қолданылады. Ұлттық асық ойындарының
мынадай түрлері бар: құмар, омпы, хан, тас қала,
ханталапай.
Мұғалім: Ендеше ,мен сендермен
«Ханталапай» ойынын ойнағым келіп отыр. Ойынының шартын
түсіндірейін: «Ханталапай» ойыны: «Талапай-ау талапай,табылды ойын
алақай» деп асықтар қоржыннан ортаға шашылады. Балалар асықты
жарыса жинап алады. Балалар асықты «Ханталапай» деп асықты бөліп
алады. Жинаған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан
тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолына түскен бала
алғашқы болып ойынды бастайды да асықтарды атады. Тигізген асытарын
ұтып алады. Тигізіе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің
тапсырмасына жауап береді. (тапсырмалар алдын ала дайындалады)
тапсырмаға дұрыс жауап берсе , бала келесі асықты атады. Екінші рет
тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді.
Егер бала тапсырмаға дұыс жауап бере алмаса, басқа бала жауап
беруіне болады. Бұл жағдайда асықты жауапты дұрыс берген балаға
ойын кезегі беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын соңында әр
бала ұтқан асықтарын санайды. Кім көп асық жинаса, сол бала
жеңімпаз болып атанады.
Сұрақтар:
Жұмбақтар:
Түгел айтсаң не
барын,
Төрт құмалақта бір қарын.
(қазан)
Екі желілі, күйдің көрігі,
әннің көлігі. Ол не? (домбыра)
Жаңылмастан жетеуі, кезек
кызмет етеді. Ол не? (аптаның 7 күні)
Кезекті бір жануар, Үстінде
екі тауы бар? Ол не? (түйе)
Әжемнің қолында шыр айналар,
шыр айналса өзіне шыр байланар (ұршық)
Үсті тас, асты тас, ортасында
піскен ас. (таба нан)
Жеті
қазына: Ит, ат, бүркіт, мылтық, қазан,
диірмен, кітап.Жеті
ата: ата, әке, бала, немере,
шөбере, шөпшек, немене.
Ұлттық ойындарды
ата: бәйге, теңге алу, жамбы ату,
қыз қуу, ат үстінде күрес.
Салт-дәстүрлер
түрлері: бесікке салу, шаш алу, тұсау
кесу, тілашар, атқа мінгізу.
Киіз үйдің
бөлшектері: шаңырақ, уықтар, кереге,
сықырлауық.
Тыйым
сөздер: «бос бесікті тербетпе, үйге
жүгіріп кірме, малды теппе, бесіктен аттама, нанды баспа, есікке
керілме.
Жаңылтпаштарды
ата: Шеше неше кесе сынды
кеше.
Ара ара аралар алыстарға
баралар.
Ақ тай ақ па, қара тай ақ
па?
Мақал-мәтелдер: Отан оттан да
ыстық
Отансыз адам ормансыз
бұлбұл.
Досы көпті жау
алмас.
Ақылы көпті дау
алмас.
Ештен кеш
жақсы.
Асық ойнаған азар, доп ойнаған
тозар.
Жұмбақ
жасыру: Кішкентай ғана бойы бар,
айналдырған тоны бар. (қой)
Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ
қашады. (жел)
Кезекті бір жануар , үстінде
екі тауы бар. (түйе)
Наурыз көже
құрамы: сүт, ет, тары, су, тұз, май,
айран.
Мұғалім: Біздер шымыр, жүйрік
те
Ойынменен шынықтық, еп қана
емес бірлік те
Керек екен соны ұқтық – деп
айтқымыз келеді. Сонымен ұлттық ойындар: ата-бабамыздың бізге
жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес
байлығымыз., асыл қазынамыз. Сондықтан, соны үйренудің күнделікті
тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын баланыңалдындағы өмір
есігін ашады.оның шығармашылық қасиеттерін оятып, өміріне ұштаса
береді.