Материалдар / Хаттама «Lesson study»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Хаттама «Lesson study»

Материал туралы қысқаша түсінік
лессон стадидің барлық хаттамалары бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2024
891
4 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1. Зерттеу үшін сынып таңдау

2. Lesson Study тобын жасақтау.

3. LessonStudy жүргізу ережелер жүйесін жасау.

4. Зерттеудің түйінді идеясын айқындау.



Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары П.Бекеева сөз алып, «Lesson study» зерттеулері туралы мәлімет беріп, бақылауға түскен 9 сыныптардың ішінен 9 «Д» сыныптың зерттеуге алынатындығын түсіндірді. Шығармашылық топ құрылып, «Lesson study» зерттеулері бойынша шығармашылық топ құрамына кіретін пән мұғалімдерін тағайындады, осы зерттеудің тұрақты түрде жүзеге асырылуы керектігін баяндады.

Екінші мәселе бойынша директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Сариева сөз алып, «Lesson study» туралы мәлімет беріп, құрамын  қайта қарау, талқылау, бекітуге ұсыну керектігін айтты.

Г. Сариеева әдістемелік кеңес мүшелерін қайта қарап, мүшелеріне төмендегі педагогтерді ұсынды:

Кеңес төрайымы: П.Бекеева –педагог-шебер, әдістемелік кеңестің үйлестірушісі

Мүшелері: Г. Сариева – педагог-сарапшы, әдістемелік кеңестің бақылаушысы

М. Урунбаева – педагог-зерттеуші, әдістемелік кеңестің бақылаушысы

Л. Оразо - педагог-шебер, шығармашылық топ мүшесі

Қ. Тұрарбек- педагог-модератор,шығармашылық топ мүшесі

Д. Абдуллаева- педагог-модератор, шығармашылық топ мүшесі

Р. Кешубаев - педагог-сарапшы, шығармашылық топ мүшесі

Л. Оразова- педагог, шығармашылық топ мүшесі

Кеңес хатшысы:  Д. Абдуллаева – математика пәні мұғалімі

Кеңес мүшелері бір ауыздан қолдау тауып, бекітуге ұсынылды.

Үшінші мәселе бойынша, мынадай сұрақтарды талқылауды ұсынды:

1. Біз қанша рет кездесу ұйымдастыруымыз керек?

2. Біз өз кездесуімізді қалай жазуымыз керек?

3. Бізге сабаққа қатысушылардың келісімі керек пе?

Бірінші сұрақты талқылай келіп, сабақты талқылау үшін, аптасына 5 кездесу жасау ұйғарылды және кездесу кестесін түзуге ұсыныс жасалды.

Екінші сұрақ бойынша, Д. Абдуллаеваға әр отырысты хаттамаға тігіп отыруды ұсынды.

Төртінші мәселе бойынша, Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.



Қаулы:

1.«Lesson study» өткізу үшін, топ құрылсын;

2. Екінші мәселе бойынша, М. Урунбаеваға «Lesson study» бойынша жұмыс жоспарымен таныстырсын;

3. Зерттеудің проблемасы мен мақсаты анықталып, топ отырысы хаттамаға тіркелсін






Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева



















Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1. Жоспар

2.Топ ережесі

3.Зерттеу проблемасы мен мақсатын анықтау


Тыңдалды:


Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша әдістемелік кеңестің үйлестірушісі П.Бекеева сөз алып, апталық жоспардың жасалуын тексерді. Жоспар жақсы құрылғанын айтты. Апталық жоспар бойынша күнде есеп берілетіні туралы және зерттеу тобындағы зерттеушілердің күнделікті жасалған жұмыстары туралы есеп алынатыны айтылды.

Екінші мәселе бойынша директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Г. Сариева сөз алып, бақыланушы оқушылардың ештеңені сазбейтіндей етіп, қарым-қатынас жасалу керектігі, олар өзін еркін сезіну керектігі басты назарда болуы қажет екені айтылды. Зерттеу топ мүшелерінің жасалған жұмыстары нақты әрі дәлелмен жасалу керектігі сөз болды.

Үшінші мәселе бойынша директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Г. Сариева сөз алып, мақсатымыз: Lesson Study зерттеу әдісін тәжірибеде қолдану, LS сабақтар ұйымдастыру арқылы сыныпта оқушылардың математика пәніне қызығушылығы мен қабілетін арттыру. Негізгі проблемамыз: Математика пәні бойынша төмен деңгейдегі оқушының пәнге қызығушылығы мен білім сапасын қалай арттырамыз? Екендігін айтты



.



Қаулы:

1.Оқушылардан сауалнама алу және диагностика жасалсын

2. Сынып жетекші пікірімен таныстырылсын

3. Зерттелетін оқушыны анықталсын





Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева











































































Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

1.Оқушылардан сауалнама алу және диагностика жасау.

2. Сынып жетекші пікірімен танысу.

3. Зерттелетін оқушыны анықтау.

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша педагог-психолог А. Ажибекова оқушылардан «Мұғалім оқушы көзімен» тақырыбы бойынша 10 сұрақтан тұратын тест алынды. Сауалнамаға барлық оқушылар қатысты. Әр оқушы өз еріктерімен жауап берді. «Айзенк» әдісі бойынша оқушылардың темпераментін анықтады. Қорытынды: Холерик типтегі 4 оқушы, сангвиник типтегі 4 оқушы, флегматик типтегі 6 оқушы, меланхолик типтегі 4 оқушы анықталды.

Келесі мәселе бойынша 9 «Д» сынып жетекшісі сөз алды. Оқушылардың тәртібі, білім сапасы, әлеуметтік жағдайы, оқушының қызығушылығы туралы айтты.

Бірінші және екінші мәселелерге сүйене отырып зерттелетін оқушыларды анықтадық.

Кешубаев Р: Қуанышұлы Б, Жұмабек Б, Елемес А, Абдеш Д, Исанхан А, Мелдехан Б.

Оразова Л: Изатулла Н, Есенгелді Ж, Абдулла Б, Әбдірашит Ә, Сейдахмет А,Сапибилла Н

Тұрарбек Қ: Ерімтөре Ж, Сүйеу М, Шүкірбек Қ, Балтабай Ж, Набихан М, Ермет И









Қаулы:

  1. Ата-аналар жиналысын өткізілсін

  2. «Ата-ана мен оқушының қарым-қатынасы»

  3. Бақылау жұмысын алынсын



Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева

























































































Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. Ата-аналар жиналысын өткізу.

  2. «Ата-ана мен оқушының қарым-қатынасы»

  3. Бақылау жұмысын алу


Тыңдалды:

Алғашқы мәселе бойынша М.Қожатаева өз сыныбына «Баланың басты ұстазы-ата-ана! Әрбір бала жарық жұлдыз!» тақырыбы аясында өтті. 15 ата-ана қатысты. Тренингтің мақсаты: ата – анамен біріге отырып сынып үлгерімін жақсарту,жауапкершілігі бар тұлға қалыптастыру Тренинг сағатында танысу жаттығуы, қызықты сұрақтар ойыны, жылулық әлемі, махаббат пен шектеу бөлімдері бойынша ата-аналармен жақсы қарым-қатынас болды. «Баланың басты ұстазы-ата-ана!» тақырыпта видеоролик ұсынды. Видеоның әсерінен ата-аналар көздеріне жас алды. «Ащы пияз» әнгімесін оқып берді. Тренинг соңында «Сіз қандай ата-анасыз?» атты тесті алынды. Жиналыс барысында диретордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қадырбаева ата-аналарға баламен тығыз байланыста болу керектігін, екі жақтан оқушының сабағын, тәртібін бақылау керектігін айтты. Директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Сариева алдағы уақытта 9-сыныптарға ББМЖ боатынын хабарлады. Осыған орай оқушылардың білім сапасын көтеру керектігін айтты. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Телқожаев оқушылардың тәртібі жөнінде айтты яғни сабақ уақытында сотка ұстамауын, күнделік арнауын, электронды темекі шекпеуін, сабаққа кешікпей келуін қадағалауды айтты.

Екінші мәселе бойынша педагог-психолог А. Ажибекова ата – аналардан сауалнама алды. Қорытынды: Ата – аналармен жиналыс өткізіліп, сауалнама алу барысынды өз ойларын бөлісіп, балаларына қаншалықты тәрбиесіне, біліміне көңіл бөлетіндігін және сынып жетекшісімен байланыста болатындығы айтылды. Кейбір ата – аналар баласы жайлы білмейтінін, баласымен байланысы аз екендігі анықталды

Үшінші мәселе бойынша 5,6,7,8,9-сыныптар тақырыбы аясында 5 есептен тұратын баұылау жұмысы алынды. Қатысқандар 17, қатыспаған-1. Бақылау нәтижесі бойынша сыныптың білім сапасы-5,9%, орта балы-2,4 көрсетті.











Қаулы:

  1. Сабақтан тыс уақыттарда және ашық сабақтарда зерделеу жұмысына бөлінген оқушылармен жоспарға сай жұмыс жүргізілсін.

  2. «LessonStudy» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі атты коучинг өтілсін

Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева



























































Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. «LessonStudy» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі

Тыңдалды:

М. Урунбаева «LessonStudy» зерттеу тәсілін өз оқытуымызда қолданудың тиімділігі атты коучинг өтті. Мақсаты: LessonStudyдің мұғалімдер тобының тәжірибесін жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану тәсілдерін анықтау. Түйінді идея: LessonStudy – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Оқу нәтижелері: LessonStudy зерттеу тәсілі таралы танысады, тәжірибелеріне қолдануға бағыт-бағдар алды, LessonStudy тәсілінің оқыту мен оқу үдерісіндегі тиімділігі туралы қорытынды жасайды. Коучинг барысында мұғалімдер топқа бірікті. «Командалық жұмыс» атты бейнеролик көрсіп, жаңа идеялар алды. «Джигсо» әдісі бойынша LessonStudy туралы ақпараттар мен алды. Практикалық кезеңде LessonStudy туралы постер қорғады. Алған ақпараттарды қолдану үшін тапсырма орындады. Кері байланыс ретінде сұрақтарға жауап берді.

Қаулы:

  1. Сабақ өткізуде жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде  сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалана білу арқылы, тізбектелген сабақ жоспарлансын



Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева



Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. Сабақ өткізуде жаңа әдіс-тәсілдер, соның ішінде  сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді пайдалана білу арқылы, тізбектелген сабақ жоспарлау


Тыңдалды:

Сабақты жоспарлау барысында топ мүшелері бірнеше әдістерді іріктеп алды. Формуланы жаттаудың тиімді тәсілі айтылды. «Сәйкестікті тап» әдісі жұптық жұмыс. Сәйкестікті табу арқылы формулаларды еске түсіреді. А деңгейдегі оқушылар 24.6. В деңгейдегі оқушылар 24.7. С деңгейдегі оқушылар 24,8 есептердің тақтары тақтада шығарылады. Кеспе қағаздарда берілген есептердің жауаптарын сәйкестендіріп табады. Кері байланыс. Үйге тапсырма. 24.6, 24.7, 24,8 есептердің жұптары және әр оқушыға жеке есептер беріледі.


Қаулы:

  1. Зерртеу сабағы өтілсін, зерттеу мүшелері сабаққа енсін

  2. Топ мүшелері кестеге сай кездессін




Төрайымы: М. Урунбаева

Хатшы: Д. Абдуллаева









Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

  1. Зерртеу сабағы өтілсін, зерттеу мүшелері сабаққа енсін

  2. Топ мүшелері кестеге сай кездессін



Тыңдалды:

Күн тәртібінде 9 «д» сыныбына А.Ирисметов ағай зерттеу сабағын 08.02.24ж күні алгебра сабағынан бастады. Сабақтың тақырыбы: «Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымының формулалары» тақырыбына есептер шығару. Сабаққа 2 оқушы қатыспады. Сабақ талапқа сай, жүйелі құрылғандықтан, мұғалім еш қиналмай, өзін еркін ұстап, сабақты өз деңгейінде өткізді. Мұғалім оқушыларды сабаққа белсене қатыстыруға ат салысты. Үй тапсырмасын экранда тексерді. Мұғалім формулаларды тағы да бір қайталап, жаттаудың тиімді тәсілдерін айтты. Осының нәтижесінде алғашқы «сәйкестікті тап» әдсісі бойынша оқушылар формулаларды тез анықтады. Және де жеке, топтық, деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында барысында формулаларды қиналмай қолданды. ҚМЖ бойынша жоспарлы түрде өтті. Мұғалім сабақты белгіленген уақытта аяқтап, үйге тапсырма берді. Зерттеу топ мүшелері өз тобындағы оқушылардың іс-әрекеттерін бақылау парағына түсірді. Сабақ соңында олармен сұхбат жүргізді.









Қаулы:

1.Жоспарлау үдерісінде жасалған алтына ала болжамдарды салыстыра отырып, «зерттелетін оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтарының

себебі белгіленсін

2. Сыныптың тұтастай оқытылуын бағалансын

3. Зерттеусабағының барысы мен оқыту үдерісін талқылансын


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!