Материалдар / ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘМІРШІЛ-ӘКІМШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘМІРШІЛ-ӘКІМШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмыс тақырыбы 9-10-11-сынып оқушыларына келеді. Тақырып толық ашылған. Ғылыми жұмыс талапқа сай жазылған. ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ӘМІРШІЛ-ӘКІМШІЛ ЖҮЙЕНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
179
0 рет жүктелген
9900 ₸
Бүгін алсаңыз
+495 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +495 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі


Мектеп атауы




оқушының аты-жөні

11 сынып оқушысы


Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы:

ХХ ғасырдағы Әміршіл-әкімшіл жүйенің қалыптасу ЖАҒДАЙЛАРЫ




БАҒЫТЫ: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар»

СЕКЦИЯСЫ: тарих



ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:







Астана 2024
















Алматы 2012



Аннотация


Научная исследовательская работа ученика посвещена анализу становления тоталитарной системы в Германии и Советском Союзе и ее практике.

Научная исследовательская работа состоит из введения, трех разделов, заключения и списка использованных источников.

Актуальность выбранной темы: Еще в 50-х годах на Западе началось сравнительное изучение истории фашистской Германии и сталинского Советского Союза. В результате таких исследований была разработана теория тоталитаризма, на основе которой можно было объяснить причины сходства политической и экономической систем в Германии и СССР.

В начале 90-х годов в России также началось интенсивное изучение данной проблемы. Однако в последние годы в связи с некоторыми идеологическими установками нынешних властей в России отказываются применять теорию тоталитаризма в изучении истории Советского Союза. Тем не менее сравнительное изучение истории фашистской Германии и сталинского Советского Союза не утратила свою актуальность.




























Annotation


This science investigation work is explored to the analysis formation of totalitarian system in Germany and Soviet Union and its practice .

The science investigation work consists of the introduction, three sections, the conclusion and the list of the used sources.

Urgency of the chosen theme: Still in the fifties comparative studying of history of fascist Germany and Stalin Soviet Union in the West has begun. As a result of such researches the totalitarianism theory on which basis it was possible to explain the reasons of similarity of political and economic systems to Germany and the USSR has been developed. In the early nineties in Russia intensive studying of the given problem also has begun. However last years in connection with some ideological installations present выластей in Russia refuse to apply the totalitarianism theory in studying of history of Soviet Union. Nevertheless comparative studying of history of fascist Germany and Stalin Soviet Union has not lost the urgency.






























МАЗМҰНЫ




Кіріспе.......................................................................................

5




1

Тоталитарлық жүйенің негізгі сипаты және оның Германия мен Кеңес Одағында қалыптасу жағдайлары..............................................................................



7




2

Жаппай жазалау – тоталитарлық мемлекеттердің өмір сүру шарттарының бірі....................................................................

11




3

Тоталитаризмнің күйреуінің толықтай көріністері.................................................................................


17





Қорытынды…………………………………………………

21





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................................


23
























КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тарихта «тоталитаризм» мәселесі соңғы жылдарда ғана талқыланып, өзіндік субъективті пікірлер айтылып жүр. Біздің елде осы тақырып жөнінде Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін ғана ашық айтыла бастады. Себебі, бұрынғы Кеңестер Одағында әсіресе, Сталиннің билік құрған кезінде осы феноменнің барлық белгісі көрініс берген болатын.

Германиядағы тоталитарлық диктатура Гитлердің үкімет басына келуімен тікелей байланысты. Мемлекеттің басына НСДАП-тың келуімен Германияда қуғын-сүргін саясаты көбейе түсті. Гитлерлік өкіметтің шығарған қатаң заңдарына ешкімнің қол сұғуына мүмкіндік берілмеді. Антихалықтық бейнеде көрінген нәсілшілдікке қарсы «халық жаулары» деп аталған оңшыл категориямен қылмыс жасаған жеке субьектілер заңмен белгіленген жаза бойынша айыпталды. Сондай-ақ НСДАП бүкіл саяси билік монополиясын өз қолына алды, армияның және шіркеудің үстінен қарады.

КСРО-да мұндай жүйе И.В.Сталин тұсында кең өріс алды. И.В.Сталиннің ұсынған автономияландыру жоспары бойынша, барлық кеңестік республикалар РКФСР құрамына автономиялық республика құқығымен кіруге тиіс болды. Коммунистік(большевиктік) партия қоғамның бүкіл өміріне және барлық әлеуметтік топтарға жетекшілік жасады. Шаруашылықты дамытуда экономикалық әдістердің орнына қатаң жоспарлау мен бұйрық-нұсқау әдістері қолданылды. Экономиканың даму қарқынын жылдамдату үшін көтеріңкі мәліметтер алуда экономиканың өзіндік даму заңдылықтарын мүлдем ескерілмеді. Партияны, мемлекетті және әскерді басқару қызметтеріне білімі төмен, тек Сталинге әбден берілген адамдар қойылды. Халықтың әл-ауқатын арттыруда асыра сілтеушіліктер көп орын алды.

Тоталитарлық диктатураның негізгі белгілерінің барлық элементі анық байқалған Германия мен КСРО елдерін салыстырмалы түрде алып қарастырғанда өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқаймыз. Бүгінгі күні Қазақстанда әміршіл-әкімшіл жүйе негізіндегі сталиндік концепцияның ролі мен қоғамдық саяси жүйеге тигізген әсерін Германиядағы Гитлер тұсындағы тоталитарлық жүйемен ғылыми тұрғыда салыстырып, объективті баға беру өзекті болып отыр. Себебі, сталиндік саяси жүйе КСРО халықтарын саяси тұрғыда айыптап, қуғын-сүргінге ұшыратқан, жандарына жазылмастай таңба салған өзінің өктем саясаты мен идеологиясын халық арасына таратқан болатын. Сондықтан бұл мәселені тарихи салыстырмалы тұрғыдан зерттеп-зерделеу өте маңызды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының алдына Германия мен Кеңес Одағындағы тоталитаризмнің ұқсас белгілеріне салыстырмалы талдау жасай отырып, тоталитарлық қоғам туралы өзіндік пікір қалыптастыру мақсаты қойылды. Осыған орай бірнеше міндеттер туындайды:

Тоталитарлық қоғамның жалпы сипаты және негізгі белгілеріне жан-жақты аналитикалық талдау жасау;

- Германия мен Кеңестер Одағындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени жүйе мен ұлттық идеологияға тоталитарлық жүйенің тигізген әсерін зерттеу жұмысы барысында ашып жазу;

- Жалпы тоталитаризмнің күйреу жағдайларын жан-жақты талдау жасау.

Алға қойылған міндеттерді шешу барысында іргелі еңбектер мен зерттеулерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда нақты тарихи-салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау (аналитикалық), жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Мұның өзі алынған ақпараттардың толықтығы мен шынайылық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Германия мен Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйенің қалып­тасу жағдайлары мен іске асырылу тәжірибелеріне кешенді түрде салыстыр­малы ғылыми талдау жасалынды. Екіншіден, Германияда фашистік диктату­ра­ның орнауы және тоталитарлық жүйенің сипатына арнайы тоқталып, жан-жақты аналитикалық сараптама жасалынды. Үшіншіден, Кеңестер Одағында қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік аппараттың қалыптасуына өзіндік сыни баға берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.




  1. Тоталитарлық жүйенің негізгі сипаты және оның Германия мен Кеңес Одағында қалыптасу жағдайлары


ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Европа елдерінің бірқатарында Италияда, Германияда, Испанияда және т.б мемлекеттерінде, сондай-ақ КСРО-да бір-біріне өзіндік ұқсастығы бар саяси жүйе орныға бастады. Қалыптасып келе жатқан бұл саяси жүйе мемлекеттің дәстүрлі дамуында қоғамдық-мәдени өзгерістер енгізуді көздеген болатын. Өкінішке орай, орныққан бұл саяси жүйе террор, қанау мен қуғын-сүргінге алып келгендігі тарихтан баршамызға белгілі. Әлемнің әр түпкіріндегі елдердің қоғамдық-саяси өмірінде қалыптасып келе жатқан саяси жүйе «тоталитаризм» деп аталып, өзіндік сипат ала бастады.

Жалпы, тоталитаризм ұғымы ағылшын тілінде «total» жаппай, барлы­ғына ортақ деген мағынаны білдірсе, латын тілінде «totalis» – тұтастай, тү­гел­дей деген мағынаны білдіреді. Мемлекеттің мұндай жүйесіне анық­тама бергенде әртүрлі пікірлерді кездестіреміз. Әсіресе, батыс елдері ғалымдарының беретін анықтамалары түрліше болып келеді. Әртүрлі ға­лым­дар тоталитаризмнің әртүрлі белгілерін атап көрсетеді: Мәселен, М.Н.Марченко мен П.Ф.Лунгудың «Основы государства и права в вопросах и ответах» атты еңбегінде тоталитарлық жүйенің мынадай негізгі 13 белгісін атап көрсетеді [1; 55 б]:

1. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларына толық үстемдігін орнатуға ұмтылады;

2. Халық саяси биліктен шеттетілген;

3. Мемлекет экономика, БАҚ, мәдениет, дін және адамдардың жеке өмірі мен іс-әрекетіне толық бақылауын орнатады;

4. Қоғамдық қатынастарға, адам құқығына шектеулер қойылады;

5. Мемлекеттік билік бюрократтық тәсілге сүйенеді, жоғары орын­дағылар өзара «құпия» іс-әрекетке көшіп, халық олардың шынайы қыз­метінен бейхабар болады;

6. Басқарудың негізгі әдістері: күштеу, зорлық-зомбылық, террор;

7. Бір партия үстемдік етеді, оппозициялық бағыттағы ой-пікірлерге тыйым салынады;

8. Азаматтардың құқығы мен еркіндігі деклоративті сипатта, яғни қағаз бетіне жазылғанмен іс жүзінде шектеулер қойылады немесе орындалмайды;

9. Экономика саласында ірі меншік иелері: қауым, монополист, мемлекет болуы мүмкін;

10. Азаматтардың ой еркіндігінде шектеулер қойылып, бір идеологияға бағындырылады;

11. Мемлекеттің қуғын-сүргіндерді ұйымдастырушы органдары жұмы­сына қоғамның басқа мүшелері араластырылмайды, бақылау қойылмайды;

12. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам белгілері болмайды;

13. Мемлекеттік билік халықтың ой-пікірін ескермейді, демократиялық механизмдерге, талаптарға қарама-қайшы іс-әрекеттерге барады.

Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясының 8-томында тоталитаризмнің нақты 8 белгісін нақтылайды [2; 458 б.]:

1. Бюрократияның бір партия арқылы саяси, экономикалық, әскери және идеологиялық үстемдік жүргізуі.

2. Саясиланған иерархиялық әлеуметтік құрылыс;

3. Міндетті түрде қолына жоғары, саяси, экономикалық, әскери және идеологиялық билік шоғырланған көсемнің болуы;

4. Қуыршақ парламенттің болуы;

5. Қоғамды қорқынышта және толық бағыныштылықта ұстау мақса­тымен қуғын сүргін науқанын жүргізіп тұратын қуатты қуғындау жазалау керек;

6. Әскерилендірілген экономика, ішкі саясаттың әскери өндірістік ке­шенге тәуелділігі;

7. Мәжбүрлеуші идеологияның болуы, оған мойынсұнбау ауыр қылмыс ретінде бағалануы.

8. Қоғамда жау бейнесінің қалыптастырылуы, сол жауға деген жек көрушілік режимнің мақсатына жету жолында бұқараның жұмылуына себепші болады.

АҚШ-тың философтар ұжымының бастамасымен өткізілген симпо­зиумда «тоталитаризм» ұғымына ғылыми түсінік беруге талпыныс жасалды. Симпозиумда жасалған баяндамалардың бірінде: «Тоталитаризм»- бұл батыстағы барлық тарихи өркениеттерге қарсы көтеріліс» деген анықтама берілген [3;51 б].

Ағылшын публицисті Д.Оруэллдің еңбегі тоталитарлық қоғамның шын бет-бейнесін көрсете білген туындылар болып табылады. Оруэлл либералдық сананың тұйығынан шығаратын жол социализм мен демократияның одағынан туатын концепция деп санаған. Ол осы көзқарастар бүтіндігін өмірінің аяғына дейін сақтаған. Бірақ оған қарамастан оның еңбектері тоталитарлық қоғамды сынауға арналған, себебі Оруэлл интеллектуалдық сөз шындығы мен бостандығын жоғары бағалаған. Ғалымның жаңа тілдің пайда болуымен сипатталған – жаңа қоғамның идеяларын көрсетпейтін сөздер қысқартылған. Тілдің құрамын қысқарту арқылы адам ойы, оның әлемді қабылдау көріністері шектеледі. Адам өз пікірінен, өзіндік ойлау қабілетінен айырылады [4; 22-23].

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін фашистік режимнің күйреуі, жер шарындағы мемлекеттердің социалистік және капиталистік болып екі лагерьге бөлінуі және «қырғи-қабақ» соғыстың басталуы «тоталитаризм» ұғымын теориялық жағынан жетілдіре қайта зерделеу қажеттілігін бай­қатты. ХХ ғасырдың елуінші жылдары Х. Арендттің [5], З.Бже­зинскийдің [6] деген еңбектері жарық көрді.

1952 жылы АҚШ-та осы мәселеге орай арнайы ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға қатысқан ғалымдар тарапынан «тоталитаризм» ұғымын әлеуметтік және саяси жағынан жаңаша сипаттай келе «тоталитаризмді- жабық қоғам деп атауға болады, онда барлығы – бала тәрбиесінен бастап шығарылған өнімге дейін бір орталықтан бақыланып отырды» деген тың тұжырымдар жасалды. Ал, саясаттанушылардың бір тобы «тоталитаризді» саяси метафора санайды. Мәселен, Американың «Әлеуметтік ғылымдар энциклопедиясы» тоталитаризмді «ғылыми емес концепция» деп көрсетеді. Сондай-ақ ғалымдар арасында жалпы тоталитаризм қашан пайда болды деген мәселеге де ортақ пікір жоқ. Ғалымдардың бірі- тоталитаризмді адамзат тарихының мәңгі атрибуты десе, енді бірі- индустриалдық қоғам жетістігі, үшіншісі-тек ХХ ғасырға тән феномен санайды [7; 30-31 б].

Сондай-ақ, Европа және Америка елдері тарихымен айналысушы қазақстандық ғалымдар тоталитаризм ұғымына мынадай түсінік береді:

Тоталитаризм- бұл ХХ ғ мемлекеттің бір нұсқасы, бұл мемлекетте қоғам өмірінің барлық салаларына жаппай бақылау орнатылады, билік бір адамның немесе бір партияның қолына шоғырландырылады, конституциялық құқықтар мен бостандықтар жойылады, бүкіл халық бір идеологияға бағындырылады, еркін ой қудаланады [8; 252 б].

Ғылыми әдебиеттерге сүйене отырып, тоталитарлық жүйенің әр мемлекетте әр алуан жағдайда қалыптасқандығын анғарамыз. Мәселен, Италияда фашистік қозғалыс 1919 жылы көктемде көктемде қалыптаса бастады. 1919 жылы 23 наурызда «Жауынгер Одақтар» (Фаши ди Комбаттименто» құрылды. Кейіннен осы ұйымның атынан «фашист» және «фашизм» деген терминдер қалыптасты. Ұйымға Бенито Муссолини басшылық етті.

Испания тоталитарлық мемлекеттер қатарына жатпағанмен, Франко билігі тұсында Испанияның ішкі саясатында баспасөзге, саяси партияларға тиым салу, өкіметке қарсы күштерді қудалау жүрді. Яғни, бұдан Испанияда да Италиядағы сынды толық тоталитарлық жүйе болмаса да, авторитарлы диктаттық биліктің болғандығын байқаймыз.

Германиядағы тоталитарлық диктатура Гитлердің үкімет басына келуі­мен тікелей байланысты. Мемлекеттің басына НСДАП-тың келуімен Герма­нияда қуғын-сүргін саясаты көбейе түсті. Гитлерлік өкіметтің шығарған қатаң заңдарына ешкімнің қол сұғуына мүмкіндік берілмеді. Антихалықтық бейнеде көрінген нәсілшілдікке қарсы «халық жаулары» деп аталған оңшыл категориямен қылмыс жасаған жеке субьектілер заңмен белгіленген жаза бойынша айыпталды. Мысалы, НСДАП-қа және оның қызметіне қарсы бағытталғандар өлім жазасына немесе он бес жыл бас бостандығынан айрылды. 1936 жылы басты істерді қарауға арналған Ха­лықтық сот қылмыстыларды өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы заңға қол қойды. Заңның күшіне енуіне байланысты 225000 адам 600 жылға бас бостандығынан айырылды, бес мың адам өлім жазасына кесілді. [9; 149-150 б.]. Сондай-ақ НСДАП бүкіл саяси билік монополиясын өз қолына алды, армияның және шіркеудің үстінен қарады. Мемлекеттің ағзасындағы идеологиялық машина қоғамның стратегиялық дамуына ықпал жасап қана қоймай, қоғамдық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды. Үгіт – насихат жүргізу жұмысында нацистер жаңа нәтижелерге қол жеткізді, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинематографияда, фундаментальді және қолдан­балы ғылымда, өнерде, спортта, туризмде өзгерістер болды. Биліктің және идеологиялық функцияның тағы бір көрінісі репрессиялық аппараттың қызметінің атқанынан байқалды. Мемлекеттік террор жүйесі тек «қылмыс­тыларды» жазалап қоймай, қоғамдағы саяси белсенді адамдарды, «жаңа режимге» қарсы оппозицияны жазалады. Сонымен қатар, нацистердің әлеуметтік саясаттағы режимінде бұрынғы неміс қоғамындағы әлеуметтік иерархия өзгертілді, арийлік мемлекеттегі адамның орнын анықтайтын жаңа модель жасап шығарылды. Бұрынғы мәдениетті жақтаушылар мемлекеттен қуылды немесе абақтыға жабылды.

Гитлерлік Германия үкіметінің сыртқы саясатының негізгі мақсаты агрессиялық милитаристік бағыт болды. Капиталистік елдер АҚШ, Фран­ция, Ұлыбританиялардың профашистік топтарының қолдауымен Шығыс Европа елдерін жаулап алу саясатын қалыптастырды.

КСРО-да мұндай жүйе И.В.Сталин тұсында кең өріс алды. И.В.Ста­линнің ұсынған автономияландыру жоспары бойынша, барлық кеңестік республикалар РКФСР құрамына автономиялық республика құқығымен кіруге тиіс болды. Коммунистік(большевиктік) партия қоғамның бүкіл өміріне және барлық әлеуметтік топтарға жетекшілік жасады. Шаруа­шылықты дамытуда экономикалық әдістердің орнына қатаң жоспарлау мен бұйрық-нұсқау әдістері қолданылды. Экономиканың даму қарқынын жылдамдату үшін көтеріңкі мәліметтер алуда экономиканың өзіндік даму заңдылықтарын мүлдем ескерілмеді. Партияны, мемлекетті және әскерді басқару қызметтеріне білімі төмен, тек Сталинге әбден берілген адамдар қойылды. Халықтың әл-ауқатын арттыруда асыра сілтеушіліктер көп орын алды.

Тоталитарлық диктатураның негізгі белгілерінің барлық элементі анық байқалған Германия мен КСРО елдерін салыстырмалы түрде алып қарастырғанда өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтарды байқаймыз.

Яғни, екі елде де орталықтанған экономикалық жүйенің орнықты­рылуы; экономиканы реттеуде Германияда төрт жылдық, КСРО-да бес жылдық жоспардың жүргізілуі; мемлекетте бір партияның негізгі басым роль атқаруы; күштеп жүргізу саясатының кең етек алуы сынды мәселелерді екі мемлекеттен анық байқауымызға болады. Тоталитарлық жүйенің басты айырмашылықтарын екі елдің даму бағытының әр түрлілігінен; екіншіден, экономика саласында Германия нарықтық экономикалық бағытын ұстанса, КСРО жоспарлы даму бағытын ұстанды; үшіншіден, Германия мемлекеті қанша тоталитарлық диктатты ұстанғанымен дінді мемлекеттен ажыратып тастамады; ал КСРО мемлекеті дінді мемлекеттен шеттетіп, атеисттік ба­ғыт­ты ұстанған болатын.

Қорыта келе, ХХ ғ І жартысында тоталитарлық жүйе әлемнің бірқатар елдерінде әртүрлі деңгейде болды. Дегенмен, ешқандай күмән келтірмейтін тоталитаризнің мынадай белгілерін атап өтуге болады.

Тоталитаризм орнаған мемлекетте:

қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болады;

адам бостандығы мен конституциялық құқықтары шектеледі;

оппазиция, өзгеше ойлайтын топтар, зиялылар қуғын-сүргінге ұшы­ратылады. Бұл жазалау шаралары әр мемлекетте сол елдің қоғамдық-саяси жағдайына, даму бағытына, ұстанған саясатына байланысты түрліше деңгейде жүруі мүмкін.





  1. Жаппай жазалау – тоталитарлық мемлекеттердің өмір сүру шарттарының бірі


Жаппай жазалау саясаты - Гитлерлік және Сталиндік тоталитарлық жүйе тұсында бірден-бір жүргізілген шара болды. Елдегі саяси қарсылықтардың көбеюіне қарамастан, фашистер үгіт-насихаттары мен жалған уәделерін таратуын тоқтатпады. Ауылды жерлерде тұратын жағдайы төмен тұрғындардың өмірлік деңгейін пайдаланған фашистер “жер мәселесін” шешу деген мәселемен халықты сендіруге тырысты. Монополистермен біріккен фашистер ауылды аймақтарға спорт кешендерін әскери және басқа да ұйымдар құрды, үгіт-насихаттар жүргізді. Ауыл тұрғындарының сеніміне кіріп, жалған қорғау ұғымымен сақтап қалуға уәде берді [10, 303]. Фашистердің қызметімен қатар Компартия ауылды аймақтарда антифашистік насихаттарын жүргізуден тайынбады. 1930жылдың аяғы мен 1931жылдың басында Рейн облысында (Билефельд), Гурдағы (Оснобрюк, Хальтерн) аймағындағы жерлерде антифашистік шаруалардың конференциясы өткізіліп, антифашистік комитеттер құрылды. Көптеген облыстарды ауылшаруашылық жұмысшыларының өкілдері және кедейленген шаруалар “Фашизм мен аштыққа қарсы халық конгресінің” жұмысына қатысты. 1931жылы көктемде ГКП ОК отырысында Ольденбур шаруаларына аграрлық бағдарлама жасалынды, жері жоқ шаруаларға жер берілді. Антифашистік реакцияға қарсы азаттық үшін күрес, коммунистерге жақтасушы халықың ұранына айналды.

Фашистік партияның кандидаттарына дауыс беру Рейхстагтың сайлауында жүзеге асты. 1928жылы фашистерге дауыс берушілердің саны 809мыңнан, 1930жылы 6,5 миллионға көбейді. Рейхстагтағы мандаттың саны осы жылдары 12 ден 107 дейін өсті. 1928-1930жылдары фашистік партиялардың дауыс берушілері буржуазиялық партиялық есебінен көбейді. 1930жылы қыркүйек айында Рейхстагтағы сайлауда немістің ұлттық партиясы мен демократиялық халықтық партиясы 10% дауысын жоғалтты. Аталған екі партияның көп дауысқа ие бола алмауының себебі, экономикалық күйзеліс және үкіметтің қызметінің әлсіздігі болды. Экономикалық және әлеуметтік жағдайының төмендеуіне байланысты гитлерлік веймар үкіметінің саясатын әшкерлеп, жалған демогогиялық әлеуметтік-жоспарын айыптады. Үкіметті билік басынан тайдыру жұмысында фашистер көптеген көзбояушылық іс-әрекеттерге барды. \

Гитлер үкімет басына келгеннен кейін, ол елде республикалық тоталитарлық диктатура құрылысын бастады. 1933жылы 5 наурызда сайлау болып, нацистер өздерінің фракцияларын – 288 орынға дейін өсіреді. Нацистермен сайлауға түскен, негізгі оппоненттері – социал – демократтар – 120 мандатқа, коммунистер – 81, орталық топтар – 74 мандатты иеленді. Германияда НСДАП-тың қызметі мемлекеттегі бұрынғы заңдарды жойып, Рейхстаг пен Рейхстратқа қатысты Конституцияны жасады. 1933жылы 24 наурызда Германияның Коммунистік партиясының қызметіне тиым салды, наурыз айында кәсіподақтар таратылуы, ал жылдың соңына қарай басқа партиялар ерікті түрде қызметтерін тоқтатты. НСДАП-тың күшеюіне байланысты 1933жылы шілде айында НСДАП партиясынан басқа саяси ұйымдардың жұмыс жасауына тиым салынған заң қабылданды. Сонымен қатар герман мемлекеттік жүйесінде нацистік партия 1933жылдың желтоқсан айынан бастап “партия мен мемлекеттің бірлігін қамтамассыз ету” тұрғысынан заң жүйесін енгізді. Партияның қызметін арттыру нәтижесінде рейхканцлер фюрер ретінде партияны өзі құрып, қызметтегі адамдарды өзі тағайындайтын болды. Елде диктатуралық жүйемен қайта құру кезеңі басталды. 1933жылы көктемде жерді басқарушы үкімет ландагтар жұмыстарынан босатылды. НСДАП-тың тағайындауымен жер әкімшілігін басқаруды Штатгальтерлер қолдарына алды.

Нацистер өкімет басына келгеннен кейін НСДАП-тың ішкі жағдайында өзгерістер орын алып, 1934жылы “солшыл ағымдар” өлтірілді. Бұл уақытта көптеген штурмовиктердің көшбасшылары, олардың командирлері, Гитлердің ең жақын досы Эрнст Гём нацистердің қолынан қаза табады. СА құрамындағы топтар фюрер принципі бойынша жұмыстарынан босатылып, 1933жылдың аяғына қарай 200 мың адам қуылады. Мемлекетің басына НСДАП-тың келуінен Германияда қуғын-сүргін саясаты көбейді. 1933жылға дейін НСДАП көптеген үміттердің, қорқыныштың қанағаттанбаушылықтың катализаторы болды. Жоғарғы топтың өкілдері НСДАП-ты Коммунистік қауіпке қарсы күресушілер деп түсінді, ал орта топтарға әлеуметтік және экономикалық жағдайды жасаушылар, төменгі топтың адамдарына марксистік партияның халықтық баламасы тұрғысынан көрінді. Гитлерлік өкіметтің шығарған қатаң заңдарына ешкімнің қол сұғуына мүмкіндік берілмеді. Антихалықтық бейнеде көрінген нәсілшілдікке қарсы “халық жаулары” деп аталған оңшыл категориямен қылмыс жасаған жеке субьектілер заңмен белгіленген жаза бойынша айыпталды. Мысалы, НСДАП-қа және оның қызметіне қарсы бағытталғандар өлім жазасына немесе он бес жыл бас бостандығынан айырылды. 1933жылы өлім жазасының ең қатаң түрі – асып өлтіру қолданылды. НСДАП мүшелерінің ісін қарау мақсатымен партиялық соттың жүйесі сақталды. 1936жылы басты істерді қарауға арналған Халықтық сот қылмыстыларды өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы заңға болды. Заңның күшіне енуіне байланысты 225мың адам 600 жылға бас бостандығынан айырылды, 5 мың адам өлім жазасына кесілді [9;149-150-бб]. Арийлік идеядан қалыптасқан Германияның өкімет билігі мемлекетке жаңа биліктің құрылымын енгізді. “Нәсіл және жеке адам-міне біздің дүниетанымымызға ықпал жасайтын. Бұл мемлекетте тек мақсатқа жетудің құрамын анықтайды”, - деп жазды Гитлер “Майн Кампфта” [ 11; 306 б]. Жоғарыда аталған мақсатпен жаңа жеке адамдарды тәрбиелеу ісі басталды, нәсілдің иерархиясы қалыптасты.

Жаңа мемлекеттік режимде идеологиялық функция национал-социализмнің өмірінде басты деп саналды. Мемлекеттің ағзасындағы идеологиялық машина қоғамның стратегиялық дамуына ықпал жасап қана қоймай, қоғамдық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды. Үгіт-насихат жүргізу жұмысында нацистер жаңа нәтижелерге қол жеткізді, бұқаралық ақпарат құралдарында, кинематографияда, фундаментальды және қолданбалы ғылымда, өнерде, спортта, туризмде өзгерістер болды. Халық ағарту және үгіт-насихат министрі И.Геббельс халықтың санасын улайтын фашистік элементтерді қолданды. Аса қажетті тәрбие жұмыстарын жастарға жүргізді. Осындай Гитлердің жүргізген саясатында 10-20 жастағы ұл қыздар орталықтанған идеялық-саяси жүйенің бақылауында болды, шовинистік тәрбиемен физикалық, рухани, әлеуметтік жеке адамның сапасын жетілдіруге көп көңіл бөлінді.

Фашистік мемлекет жұмысшыларды кез келген уақытта жұмыс істеуге мәжбүр ете алады. Жұмысшылар мемлекеттің еңбек армиясына айналып, қарсы келгендері дереу жазаланып отырды. Мемлекеттің жұмысшы күшіне монополиясы салдарынан, егер мемлекетке тиімсіз болса ешкім өз мамандығына сай еңбек ете алмайды. Тек мемлекетке не қажет және не пайдалы соны ғана істеу керек. Еңбек бостандығын жою экономикадан тыс мәжбүрлеу саясаты жұмыссыздықты жойды. Феодализде де жұмыссыздық болмайды, концлагерьде де жұмыссыздар жоқ. Жұмыссыздықты жою тетігін түсіну үшін (Германияда 1933 жылы 5,5млн. жұмыссыздар болды) фашистік мемлекет өндірістің үздіксіз өсу жағдайында өмір сүрудің төмен деңгейін қамтамасыз етіп отырғанын естен шығармау керек. Террорлық аппарат пен арнайы жаппай насихат құралдары арқылы халықты мемлекеттік-экономикалық саясаты дұрыс екендігіне иландырады.

Осы жайлы Кеңестер Одағынан да алуға болады. «Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздардың және артеьлдердің мүліктерін және социалистік қоғамдық меншікті қорғау туралы» қаулы (1932 жылғы тамыз) әлеуметтік жағынан қорғаудың жалғыз әдісін – мүліктерін кәмпескелеу және ату жазасы, кәмпескелей отырып 10 жылға бас бостандығынан айыруды белгіледі. Революциядағы бюрократиялық бағдар қоғмадық меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы айырмашылықты байқамауға әкелді. Қаулы бүкіл елді қамтып, азаматтар мемлекет меншігіне айналды.

Партияға берілгендік – партия кадрларының алға көтерілуіне басты итергіш болып табылады. Басында германиядағы ұлттық-социалистік партия да, Кеңестер Одағындағы коммунистік партия да өз еріктілік принципі бойынша құрылған еді. Адам партия құрамына өз еркімен кіріу керек. Ол жарғыда баса айтылған. Бірақ, мемлекетпен бірігіп, арнайы ұйымға айналған артықшылықтармен қызмет орындарын өз адамдарына тарата отырып, өз еріктілік принципін жояды [12; 105-106 бб].

Кеңестер Оқағында 1920-1930 жж әлеуметтік артықшылықтардың күрделі жүйесі қалыптасты. Оны үлестіруші партия жіне Сталин болатын. Осыдан көсем туралы «барлық кеңес халықтарын жарылқаушы» деген аңыз пайда болды [13;116б ].

Жеке басқа табыну репрессияға құштар болады. Репрессиялар кездейсоқ жасалуы мүмкін емес. Кеңестер Одағы тарихында жаппай репрессиялар өте-мөте ауқымды, әрі қатыгез түрде жүзеге асырылды. Оның тарихи тамырлары (елдің артта қалушылығы, тарихи дәстүрлер, капиталистік қоршауда болуы, жалпы және саяси мемлекеттің деңгейі және т.б) сонымен қатар, Сталиннің жеке басына байланысты болды.

Егер репрессиялық әдісті қолдану Сталиннің ғана басына байланысты дегенге келісетін болсақ, онда психологияға «жеке басқа табынуды» зерттеуде басты роль берілген болар еді. Бірақ тарихтың даму заңдылығы тұрғысынан қарасақ, психикалық жағын ғана түсіндіру көп нәрсе әпермейді.

Билік үшін күресте жеңіске жеткен көсем мен оның төңірегінділер кейін де өздерін қарсыластарынан қорғап отыруға тырысады. Оның үстіне билік үшін күрес жеңген көсемнің сыбайластарының арасында жүреді. Оппозиция – контрреволюция негізгі формуласы партияның ХҮІІ съезінің шешімдерінде орын алды. Егер бұған юристпруденциядағы айыпталушының өз епкімен қылмысы толық мойнына алуы ғана жалғыз дәлел бола алады деген азаматтық қағиданың орын алуын қоссақ, бұл жағынан, онда қоғамдық сана психологиялық жағынан репрессияға дайын болғандығын көруге болады. Ал мойнындату әдістері көптеген жылдар бойы дамытылған еді [14;139б].

Германиядағы «ұлы қанжарлар түні» мен кеңестер одағындағы Кировтың өлімін жаппай террор машинасын үдетуге пайдалануда ұқсастық бар.

Ешқандай гестафа өзінің қатігездігімен адамдарды қинаудың түрлі әдістерін Сталиндік тергеушілермен бәсекелесе алмады. Гестапода шынайы қылмысын мойындатуға мәжбүрледі. Ал НКВД-да адамдарды жасамаған қылмысы үшін мойындатуға тиісті болды. Айыпталушының кінәлі еместігін тергеушілердің өөздері жақсы білді. Сауаты жоқ НКВД тергеушілерінің ойлап тапқан «арандатулар» мен «ұйымдар» бүгінгі күні ешқандай тексерусіз-ақ, қаншалықты қара дүрсін өтірік екендігі еш қиындық тудырмайды. Бірақ, бұл «әдеби шығармашылық» миллиондаған адам өмірі еді. НКВД мен МГБ тергеушілерінің әлеуметтік жағынан психологиясын жеткілікті зерттемей, «жеке басқа табыну» жайлы түсінігіміз толық болмайды. Бізге олар гестапо тергеушілерінің әлдеқайда кем екені белгілі.

1937-1939 жж «жеке басқа табыну» өзінің шарықтау шегіне жетті. Сталиннің суреті барлық мүмкін болса ( және мүмкін болмас) жерлерге ілінді. Бұл процестің аяғында идеологиялық «жеке басқа табынуды» социализмнің өзі ретінде көрсететін, жаппай репрессияларды ақтайтын «болашақта да» жаққа бұрылу жүзеген асты.

Германия концлагерінің тарихы екі кезеңнен тұрады: соғысқа дейінгі (1939 жылға дейін), ұл кездегі лагерьлердің мақсаты ішкі оппозицияны жою және әскери мақсаты болды. концлагерьдегі адамдардың еңбегін өндіргіш күш ретінде пайдалана білді. Әрине, мәжбүрлеп, жұмыс істету лагерьлердің пайда болған алғашқы күндерінен-ақ орын алған болатын. Соғыс кезінде лагерьлер мен оған қамалғандардың саны «кері адамдардың» олар өлмес бұрын барынша пайданы сығып алу (Гиммлер) жоспары алға қойылды. Енді тек оны ұстаудағы шағынды өтеуге ғана емес, ең алдымен, мемлекет пайдасына дәлірек айтсақ, соғыс өнеркәсібі үшін айдалғандардың тегін еңбегін аяусыз қанау орын алды. Нақты саяси жағдайға байланысты фашистік мемлекеттің «концлагерлік» саясаты қанша құбылмалы болса да, саяси жауларын оқшаулау мен оларды біртіндеп жою басты қызметі болып қала берді.

Азаматтық қоғамға бақылау орнату үшін билеуші партия азаматтық қоғам мүшелерін жаппай ұйымдарға кіргізеді. Жаппай ұйымдар билеуші партияның, яғни мемлекеттің жалғасы. Жаппай ұйымдар партия идеологиясын азаматтардың жасына, жынысына, кәсібіне байланысты сәйкестендіреді. Мемлекет азаматтарды жеке және саяси бостандықтардан жұрдай қылғасын, оларды өзінің мақсатына қажетті қаруға айналдырады. Сондықтан, тоталитарлы мемлекетті «ұйымдасқан қоғам» деп атауға болады.

Германиядан ұлтшылдар үкімет басына келісімен-ақ осы бағдарламаны іске асыра бастады. Ескі ұйымдардың орнына жаңалары құрылды. Ерікті кәсіподақтардың орнына Германияның еңбек майданы құрылды. Түрлі жастар ұйымдарын «Гитлерюнгент», мектептегі жасөспірімдер ұйымдары «юнкфольдқа» («жас халық») біріктірілді.

Барлық рухани өмір империялық мәдени палатаның қолына шоғырланған. Оны басқарған үгіт-насихат және халыққа білім беру министрлігі доктор Гиббельс. Мәдени палата бір-біріне бағынышты 5 палатадан тұрады:

-театрлардың империялық палатасы;

-сурет өнерінің империялық палатасы;

-әдебиет империялық палатасы;

-пресс-палата;

-кино палата; Әр палата өзіне ұқсас одақтарды біріктірді.

Еңбекшілердің жаппай ұйымдары секілді бұлар оның мүшелерін мемлекеттің бюрократиялық институттарын қорғау үшін емес, керісінше мемлекеттік мүддесін зиялы қауым мүддесінен жоғары қою үшін құрылған осы арқылы мемлекет зиялыларды өзіне бағындырады. Бұл одақтарда бюрократиялық принцип бойынша құрылады: қатал орталықтандырылған, жоғарыдағыларға сөзсіз бағыну, басшы орныдарға саяси берілгендік принципі. Нәтижесінде, талантты, керемет дарынды адамдарды екінші дәрежелі адам қатарына ығыстырып шығарады.

Кеңестер Одағында әдебиет пен өнер көсемді дәріптеудің әдісіне айналды. 1928 жылы жаз айында Орталық Комитеттің мәдениет істері туралы қаулысы басып шығарды. Онда таптық күрестен ауытқушылыққа қарсы науқан жарияланды. Жаңа түрдегі буржуазиялық идеологияның қайта өрлеуімен буржуазиялық мәдени революция басталды [15; 83б].

1932 жылы Орталық Комитеттің келесі қаулысы бойынша барлық әдеби топтар, ағымдар мен қоғамдарды, оның ішінде, РАПП-тың қызметі тоқтатылды. Сталин әдебиетті өзі жеке басқарғысы келді.

Кеңес жазушыларының І съезінде Сталин Горькийді кеңес мәдениетінің көсемі деп таныды. Соңғы бұл міндетті абыроймен орнады. Жазушылар колхозда пионерлер социалистік меншікті тонаушылар, тап жауларының сыбайластары өз әкелерінің соңынан түсіп, оларды трибуналға беріп жатқандығы туралы аңыз толтырып айтатын болды. Беломорканал құрылысына барғандары жайлы мақтанышпен айтты. Осы туралы арнайы кітаптар шығарды. Бұл концлагерьлердің атағын шығарумен бірдей болады. Өздерінің әдеби мүмкіндіктеріне қарай бәрі Сталинді қолпаштай жөнелді. Біреулер оны жұмысшы табын ақылгөйі десе, енді біреулері оны барлық уақыттағы бүкіл халықтардың көсемдерінің ішіндегі ең сүйіктісі деді.

Съезд кезінде Сталин және партия берілгендігі туралы сөзбен шығып сөйлемеген жазушылар саусақпен санарлықтай болды. Олар: М.Булгаков, А.Платонов, А.Ахматова, О.Мангельштам.1935 жылы киноматографияшыл съезде көсемге берілгендігі туралы ант берді. «Кеңес суретшілері – қабылдаймын, таңданамын, үйренемін қағидасына сүйенген өнер қалыптастыруда»,- деді А.Довженко. Елдің рухани өмірі мемлекет пен Сталиннің қызметіне бағындырылды. Горкий болса, тек жаңа социалистік шындықты салушы көсемнің соңынан еруге ғана талап етті.

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. 1930 жылдардың басында Қазақстанда саяси айыпталғандарды қамауда ұстайтын еңбекпен түзеу лагерьлері (Казитлаг, Карлаг, Алжир) жұмыс істей бастады. Мұнда түскен тұтқындар небір азапты күндерді басынан өткерді. Бұл лагерьлерге түскен тұтқындардың жағдайы өте мүшкіл еді.

Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.

1937-1938 жж Сталин екінші рет ( біріншісі – 1932-1933 жж аштық кезінде) жаппай, орасан зор, арнайы бағытталған және жомпарлы түрде адамды құртуды ұйымдастырды. ХҮІІ съездің делегаттарының жартысын осы жоспар бойынша репрессияланған еді. (1900 делегаттың 1800-і репрессияланған). Бірақ, миллиондаған адамдарды құртуды жалпы саяси бағыты болды. ол эгоцентрист Сталин мен оның төңірегіндегілердің коммунистік партия үшін билеумен күреседі. Осы саясаттың ортасында жеке тұлға тұрды. Әңгіме бұл жерде жеке еш алуда, ал қоғамдық қатынастардағы аяқталған «жеке басқа табыну» жүйесінің орын алууы, яғни саяси төңкерісте болып отыр. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-і «халық жаулары» немесе халық жауларының сыбайластары ретінде айыпталды. Бұл көрсеткіштен Сталин билігі тұсында Кеңестер Одағында жаппай жазалай саясатының өте қатал түрде жүргізілгендігін байқаймыз.















3.Тоталитаризмнің күйреуінің толықтай көріністері

Соғыс Кеңес халқына – ең алдымен Гитлер мен Муссолинидің мысалында болса да шексіз жеке биліктің ішкі шіріктігін, адамға қарсы екендігін көрсетіп берді. «Көсемді» сапанға көтеру енді тек оның ішкі адамгершіліксіздігі, субъективистік саяси негізсіздігінің белгісі ғана екендігін қалың халық алдына белгілі бола бастады. Енді адамдар басшылардың іс-әрекеттерін шынайы, тексеруге мүмкін қоғамдық табиғатын, оның ғылымға негізделгенін, сөз бен істің бірлігін, шынайы беделді көргісі келді. «Тірі құдайлардың» біртіндеп өлу кезеңі басталды.

«Жеке басқа табыну» өз табиғатынан бір жағынан, объективті заңды түрде пісіп тұрған өзгерістерді мойындағысы келмейді, өйткені, жеке басқа табыну субъективті бастаманы мақсатқа айналдырады. Екінші жағынан, «жеке басқа табыну» өз табиғаты бойынша кез келген өзгерстерден сескенеді. Өйткені, өзгерістерден өзіне қауіпті көреді (негізсіз емес). Осындай консерватизм ерте ме, кеш пе, «жеке басқа табынудың» көрін қазады, себебі қоғам мен ондағы адамдар үнемі дамып, жетілу үстінде болады. Ақырында, қоғам «жеке басқа табынуды» басып озады. Шешілуі тиісті жаңа мәселелер білгір, жауапкершілігі мол шығармашылық деңгейі жоғары, яғни еш нәрсені құр сеніммен қабылдамайтын ақпараты мол адамды талап етеді. Бұл дамып болған және даму үстіндегі қоғам үшін құпия дамуға кедергі болып қалады.

Бірде-бір «жеке басқа табыну» өзінің өмірге әкелушісінен артық өмір сүрген емес. Сталиннің басына табыну 23 жылдан астам өмір сүріп (1929 жылдың қараша айынан бастап), ең ұзаққа созылғандардың бірі болды.

«Ұлылардың ішіндегі ұлысы» - жеке басқа табыну субъектісі өзінің жолын басатындарды өзінің дәрежесіне жеткізбейді. Ұлы көсемдердің орнын қуушылар одан жоғары, тіпті оған тең келе алмайды, онсыз «жеке басқа табыну» өмір сүрмеген болар еді. Сондықтан, «жеке басқа табынудың» субъектісі болған адам өмірден кеткесін бұл жүйенің күйзеліске ұшырап, кейін қирауына әкеледі. «Ұлы көсем мұрагерлері» әдетте өздеріне өте қолайлы қоғамның осы секілді саяси ұйымын сақтап қалуға тырысады. Бірақ, «жеке басқа табынуға» сай тұлға «ұлы көсем» атағын жеңіп алу үшін уақыт керек. Ол атақ жеке бір қызметпен шектелмейді. Ол үшін басшыға діни табыну орын алуы шарт.

«Жеке басқа табыну» сөз жоқ өзінің генетикалық жағынан феодализмнің ыдырау шағындағы абсолютизм кезеңін еске түсіреді. Бірақ, тарихи тұрғыдан «жеке басқа табыну» бір қадам алға жылжиды: «жеке басқа табыну» субъектісі бір әулет емес, жеке адам болады. «Ұлы көсемнің мұрагерлері» осы тарихи заңдылықты нашар оқығанаға ұқсайды. Олар бар күшімен, уақытында ғажап дістерді қолданса да, өз дәрежесін алдыңғы «ұлыныі деңгейіне» жетуге тырысады. Бірде-бір мұрагерлердің қолынан келген емес. Сталин жолын басушылар бұл қағиданы өзгерте алмайтын да еді [16, 20 б].

Сталиннен кейінгі «жеке басқа табынудың» белгілерін қирату «жеке басқа табыну» әдістерінің көмегімен іске асырылды. Мақсат және оны іске асыру жолдары антогонистік қайшылықта болды. жоғарыдағылар төмендегі «жеке басқа табыну» қарым-қатынасының «жоғарыдан» келетін белгілі бір басшыны саяси көтермелеу арқылы қайта қалпына келтіруге болады деп жансақ ойлады. 50-ші жылдарда «төмендегі» жеке басқа табыну билік үшін күресте маңызды роль атқарған жоқ. (күрес енді сарайлық интригалар және төңкерістер арқылы жүрді), бірақ, билеудің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін маңызды саналды. Осымен бірге, уақыт тығыздығы (жаңа экономикалық бағдарламаға көшудің тым кеш болуы басшылықтағы алдыңғы қатарлы рольге үміткерлерді тек реформа жасауға ғана емес, сонымен қатар, сол реформалардың нәтиже бергендігін көрсетуге асығуға мәжбүр болды [17, 263 б].

«Жеке басқа табыну» жүйесін өзінің басты мақсаты етіп, «жеке адамға табынумен» күресті қойғанымен күш көрсету, демократиялық институттарға іс жүзіндегі немқұрайлылық, сол институттарды жалған бар қылып көрсету тетіктерінсіз қызмет ете алмайды. Міне, сондықтан Хрущев кезіндегі «жеке басқа табыну» жүйесі тез арада «төменгілердің» қолдауынан айрылып қалды. Ал «төменнен» қолдау таппау «жоғарыдағы» арандатуларға жол ашады.

«Жеке басқа табыну» жүйесінде билеушілердің алмасуы сарайлық төңкерістер арқылы ғана жүреді. Ал үміткерлер тобы азғантай болады. 1964 жылы дәл осы сарайлық төңкеріс жүзеге асты (14-қазан). Хрущевтің жалпы прогрессивтік бағыты Брежневтің консервативтік бағытымен ауыстырылды.

Гулдену кезінде «жеке басқа табыну» қандай трагедиялық, әрі жиіркенішті болса, өліп бара жатқан кезде де сондай болады.

1953 жылға дейін қорқыту тетігін енде бюрократияның өзіне қауіпті емес басқаша басқару тәсілімен алмастыру қажет болды. Өзінің талаптарында жұмсақтау, бірақ көпке млімсіз кімшілік жүйенің басқару қызметін кішкене болса да, қонымдылығын ескеретін тетікті талап етті. Оған альтернатива ретінде тек кдрлардың өзгермейтіндік тетіктерімен халықтан жасырын түрде материалдық артықшылықтар тетіктері (мемлекеттік қазынаны тонау, пара алу, протекционизм, валюталық махинациялар) бола алады.

«Жеке басқа табыну» мұрасымен саудаласу Кеңестер Одағында қамбатқа түсті. Әсіресе, Орта Азия, Қазақстан, Закавказьеде социализмнің деформациясы анық көрінді. Мемлекеттік меншік тым алшақтап, феодалдық-леуметтік құрылым қайта қалпына келтіріліп, басшыға табынудың феодалдық варианты (ұсақ буржуазиялық емес, дәл феодалдық) қондырылды. Кеңестер Одағында коммунист басшылар өздерін феодалдық меншік жағдайында ұстады. Экономикадағы, саясаттағы, отбасындағы, еңбек ұжымындағы жне спорт саласындағы, тағы басқалардағы адамдар арасындағы қарым-қатынас ең алдымен, адамгершілік деңгейімен өлшенуі тиіс. Бұдан басқа өлшемдер мен критерийлердің ешқандай ролі жоқ. Адамгершілік төмен түскен сайын фашизм өсе береді және керісінше [18, 28б].

Тоталитарлы мемлекет қатал да, біртұтас орталықтандырылған жүйе. Оның жеке буындары толық байланыста болып, бірін-бірі байланыстырып тұруы тиіс. Бір ғана сектордың тепе-теңдігі бұзылса болды, бүкіл жүйе құлайды. Мысалы, еркін баспасөз фашистік идеология мен бүкіл жүйе үшін өліммен тең. Бір ғана ашық сот процесі мұндай тәртіптің негізін шайқалта алады [19, 97 б].

Барып тұрған тирандық мемлекет те ойлауды түбірімен құртып жібере алмайды. Мұндай мемлекет бір жағынан, еркін ойды қыспақта ұстағанымен, екінші жағынан, демократиялық елдердің прогресімен қатар жүруі үшін ойға, көңіл аударуға мәжбүр болады. Құрығанда әскери салада солай жасауға тырысады. Бірақ, ойлау еркін ойлауға тез айнала отырып, өмір сүріп отырған тртіпті сынаушыға айналады. Осылайша, тәртіпке оппозиция дүниеге келеді.

Фашистік партияны мемлекеттен айырмайынша, фашистік партияның монополиясын жою мүмкін емес. Бұл процесс бейбіт, әлде скери жолмен жүзеге аса ма, ол нақты тарихи жағдайға байланысты. Бірақ, барлығына бір ортақ заңдылық бар: билеуші партияның мемлекеттен ажырауынсыз, бір партиялы диктатурадан көппартиялы демократияға көшу мүмкін емес.

Германияда фашистік партия мен мемлекетті одақтастардың соғыс қимылы нәтижесінде қирады. Егер біз бұл арада ұлтшыл партияның мемлекеттен бөлінуін айтар болсақ, онда 1944 жылғы 20-шілдедегі заговордың жоспары туралы айтуымыз керек.

Фашистік партия мемлекетпен бөлінгесін шексіз билеуші партияның ішкі тартыстар маза бермейді. Бұрынғы моральдық-саяси бірліктен түк қалмайды. Оның орнын түсініспеушілік, партия ішіндегі күрес, фракциялаюр, топтар және ұйымдар басады.

Ол заңды да. Себебі, мемлекеттен бөлінісімен шексіз билеген партия өз қатарында бірлікті сақтап тұратын ең маңызды тетіктерінен айырылады – мемлекеттік орындар тарату мүмкіндігі, партия басшылары фракционерлерді жоюға қол жеткізген күштеу аппараты, мемлекеттік қауіпсіздік ұйымдарын шексіз билеу.

Шексіз билеуші партияның ізін ала арнайы жаппай ұйымдар ыдырай бастайды. Олар бақылаудан шығып, саяси басшылықсыз қалады. Шексіз билеуші партияның мемлекеттен бөлінуі «тігінен орналасқан кәсіподақтардың» шын бет пердесін лезде сыпырып тастайды. Бұл кәсіподақтардың шынайы табиғаты мен қызметін жасыруы үшін шексіз билеуші партия кәсіподақты әшекейленген идеологиялық қаймағы жойылады. Олар да мемлекеттен алшақтап, оған қарсы шыға бастайды. Сөйтіп, шексіз билеуге жеткен партияның қалыптасу кезіндегі кері процесі жүреді. Бұрын тоталитарлы жаппай ұйымдарды өз қолына жинақтап, еңбекшңлер қаруын еңбекшілерге қарсы қаруға айналдырса, енді керісінше, мемлекеттен бөліне отырып, кәсіподақтар мемлекетке қарсы еңбекшілердің қаруына айналады. Өз жауларын жаншуға арналған қосымша күштен шексіз билеуші партияның жауына айналады.

Мұндай жауға айналу процесі саяси шерулер мен жиналыстардан бастап, жаңа жаппай ұйымға құруға дейінгі түрлі жағдайларда өтеді.

Ең негізгі айқын көрінетін бағыт, ол арнайы ұйымдардың бұрынғы принциптерінен бас тартуы, осындай ұймыдардың таратылуы мен олардың орнына демократиялық және еріктілік негізінде еңбекшілер мен жастардың жаңа жаппай бірлестіктерінің құрылуы болып табылады.

Тоталитарлы фашистік мемлекеттің ыдырауы мен оппозициялық күш ретінде азаматтық қоғамның белсенділігінің артуы таптық қоғамда сыналған саяси күрес дістерінің келуіне әкеледі. Партиялар, жаппай ұйымдар және одақтар тоталитарлы мемлекет кезінде өзінің саяси жүйесі арқылы сыртқа шығармай тұрған орасан қуаты саналады.

Біздер дүниежүзілік тарихи оқиғалардың куәсі болып отырмыз: тоталитарлы коммунистік тртіптердің ыдырауы. Осыдан небәрі 10 жыл бұрынғыны адамзаттың болашағы деп көрсеткен жүйе қирады. Бұл жүйе өзін-өзі әшкерелегендігі сонша, коммунистердің өзі оны қорғай алмады. Олар бұл жүйеден мүмкін болғанша, зардапсыз құтылғысы келді. Бірақ ол мүмкін емес еді. Билеп келген коммунистік партия, ол – тоталитарлы партия. Сондықтан, өзінің шексіз идеологиясын жүзеге асыруға мүмкіндік берген саяси жүйе ыдырағасын оның биліктен айырылуы сөзсіз.

Әртүрлі елдерде ыдырау процесі түрлі жағдайда және түрлң қарқынмен жүрді. Бірақ, әрқайсысында ортақ белгілер сақталады. Мысалы, Гармания мен Чехословакияда ол тәртіп бірнеше күнде- ақ құлады. Ал Югославия сияқты елдерде ыдырау процесі орасан зор қиындықпен өтуде.

Гитлерлік Рейх небәрі 12 жыл 4 ай өмір сүрді. Германиядағы тоталитарлық жүйе өте төтенше жағдайда жойылды. Сондықтан оның біртіндеп ыдырац процесі болған жоқ.

Кеңестер Одағының тек жай ғана тоталитарлы мемлекет болмағандығы, ал империя болғандығынан оның демократияға көшуін бсақа шығыс европалық елдермен салыстырғанда қиындатады. Империялық мемлекетте демократияландыру процесі жүрген кезде ылғи да оған мемлекеттік ыдырау қаупі төнеді. Әсіресе, белгілі жағдайларда реформаны жүзеге асырамын деп бекінген саясаткер үдеп келе жатқан демократиялық процестің толқынына шыдамай өзі ойламаған нәтижелерге әкелуі мүмкін. Мұндай саяси басшыға әдетте демократияның ауқымдылығы мен батылдық жетіспейді.

Коммунистік жүйе соңғы уақытқа дейін тоталитарлы болды. Осы жүйенің тоталитарлығы өмірдің негізіне қарама-қайшы. Ал өмір дегеніміз о бастан-ақ әртүрлі, көпжақты, құбылмалы әрі қайталанбас жүйе. Сондықтан да өмір тоталитарлы жүйеге үнемі қарсыласумен болады.

Посттоталитарлы жүйені қирату үшін қанды революцияның қажеті жоқ. Ол үшін тек бұл жүйені өз психологиямыздан қуып шығаруымыз керек.












ҚОРЫТЫНДЫ


ХХ ғасырдың 20-30-жылдарында-ақ бiрқатар зерттеу­шi­лер фашистер мен больше­вик­тердiң саяси күрес жүргiзу әдiстерiн­де, өкiмет билiгiне ие болу және елдi билеу әдiстерiнде ұқсастық бар еке­нiн көрсетi. Әрине, тоталитаризмнiң екi қанаты ретiнде фашизм мен большевизмнiң ортақ элементтерi бар (өкiмет билiгiн зорлық, күш қолдану жолымен алу, саяси жауларын құрту, бiр партияның билiгiн орнату, көсемге табыну, жаппай жазалау т. с. с.). Алайда фашизм мен большевизмнiң мақсаттары және идеоло­гиясы арасында үлкен айыр­машылықтар бар. Большевиктер езiлген таптарды теңестiру, езiлген таптардың ынтымағы (интернациона­лизм) идеяларын насихаттады. Ал фашис­тер шовинизм мен нәсiл­шiлдiктi уағыздады. Фашизм демо­кратия мен либерализмдi мүлде жойды. Ал большевиктер негiзгi заңда, барлық заңдық құжаттарда теңдiк, бостандық, әдiлеттiлiк түсi­нiк­терiн сақтады. Большевиктер халықтың ғасырлар бойы аңсаған әдiлеттi қоғам құру арманын негiзгi мақсат деп жариялады, сондық­тан халық олардың соңынан өз ынтасымен ердi. Бiрақ осы жарқын мақсатты iске асыруда большевиктер қатал аяусыз әдiстердi қол­данып, жеке адамның мүддесiн таптап кеттi. Фашистер социалистiк идеяларды жұмысшы­ларды өз жағына тарту үшiн ғана, уақытша пайда­ланды. Ал боль­шевиктер социализмдi орнатамыз деп мақсат қойып, одан кейiн социализм орнады деп жариялап, социалистiк идея­лардың құнын түсiрiп жiбердi. Кеңес Одағында қалыптасқан саяси-мемлекеттiк құрылыс әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйе деген атауға ие болды. Оның мынандай өзiндiк белгiлерiн атауға болады:

Кезiнде революциялық өкiмет мекемесi болған Кеңестердiң рөлi төмендеп, бүкiл өкiмет билiгi БК(б)П басшылығының қолына көштi. Соған сәйкес барлық өркениеттi елдерде қалыптасқан заңдылық – билiктiң үш салаға (заң шығару, атқару, сот) бөлiну қағидасы iске аспай қалды.

Экономиканы дамытуда объективтi экономикалық заңдар мүлде ескерiлмедi.

Қоғамдық өмiрде күдiкшiлiк, күншiлдiк, мәнсапқорлық т. б. жағымсыз қасиеттер бiрiншi орынға шықты. Кеңес адамдарының бұқаралық санасын мереке шерулерi, съездер, ұрандар, жиналыстар, құрғақ ант-уәделер қалыптастырды. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың ой-санасын бiртектес жүйеге түсiрiп, басқаша ойлауға жол бермедi.

Ресми идеологияға қарсы болғандар немесе өз бетiнше ойлап, дербес шешiм қабылдауға әрекет жасағандардың барлығы жазаланды.

Әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйе әбден қалыптасып, дами келе, Кеңес Одағын тоталитарлық мемлекетке айналдырды. Тоталитарлық саяси жүйе ұзақ уақыт өмiр сүруi мүмкiн, өйткенi бұл қоғамда тоталитарлық саяси сана мен тоталитарлық билiкке дағ­ды­­ланған, басқаша ойлауға ұмтылмайтын жеке тұлға қалыптасады, ол бұ­рынғы билiк түрi жойылғаннан кейiн де белгiлi бiр уақыт бойында то­талитарлық қоғамның саяси мәдениетi мен практикасын жандан­ды­рып отырады. Жеке тұлғаның тоталитарлық саяси санасының мы­на­­дай өзiндiк сипатты белгiлерi бар: 1) ойлаудың дихотомистiк си­па­ты (“дос – жау”, “қызыл – ақ”, “бiздiкi – бөтен”, т. С. С.); 2) нар­цисс­­изм, өзiн-өзi жоғары ұстап (“ең жақсы ұлт”, “ең жақсы ел”, т. С. С.), басқаларды менсiнбеу; 3) бiржақтылық, бiрөлшемдiлiк (“бiр идея’, “бiр партия”, “бiр көсем”), таптаурын түсiнiктерге сын көзiмен қа­­ра­май, даусыз қабыл­дау, ойлаудың бiрегейлiк сипаты, насихат нә­ти­жесiнде тап­тау­рын көзқарастың қалыптастырылуы; 4) билiк пен күш­ке табыну, билiкке жетуге ұмтылу, сонымен қатар үнемi бағы­ныш­­тылыққа дайын тұру; 5) Ойлаудың қарабайырлығы, күрделi түсi­нiк­тер мен құбылыстарды қарапайым схема шегiне сиғызу (“Кiм бiз­бен бiрге болмаса, сол бiзге қарсы”, “Егер жау берiлмесе, оны жою қа­жет”, “Адам бар болса – мәселе де бар”, “Адам жоқ болса – мә­се­ле де жоқ”, “Ауыстырыл­майтын адам жоқ”); 6) Соқыр сенiм, фа­на­тизм; 7) Күншiлдiк, күдiкшiлдiк, өзiнiң отандастарына, әрiптес­те­­рiне, дос­­та­рына қарсы моральдық және физикалық террор; 8) бүгiн­гi күн­нiң құндылықтарын елемей, болашақтағы “жарқын күндерге” сену. Же­ке адамның санасына әбден сiңiп қалған бұл түсiнiктердi аз уа­қыт­та және үкiметтiң заңдарымен жою мүмкiн емес, демек тота­ли­та­ризм­дi жою жеке адамның саяси санасын өзгерту нәтижесiнде ғана iске аса­ды, ал сананың өзгертiлуi – рухани даму аумағында жүретiн күрделi үрдiс.

Фашистiк өкiметтер демократиялық жүйенi мүл­де жойды, азаматтардың құқықтарын әбден шектедi, сөйтiп тота­ли­тарлық диктатура орнатты. Сондықтан фашизмге қарсы барлық де­мо­кра­тиялық күштердiң бiрлесiп күресу қажеттiгi туды. Г.Димит­ров Ком­­мунистiк Интернационалдың VII Конгресiнде былай дедi: “Қазiр фа­шистiк контрреволюция еңбекшiлердiң үстiнен нағыз тағылық қа­нау мен басып-жаншу тәртiбiн орнату үшiн буржуа­зиялық демо­кра­тия­­ға шабуыл жасауда. Қазiр бiрқатар капиталистiк елдердегi еңбекшi бұ­қара алдында бүгiнгi күнi пролетарлық диктатура мен буржуа­зия­лық демокартияның қайсысын таңдау емес, буржуазиялық демокра­тия­ны немесе фашизмдi таңдау мiндетi тұр”. Бұл сөз 30-жылдардағы фа­шизмге қарсы күрестiң мәнiн өте дұрыс анықтаған. Фашизмге қар­сы күрес жүргiзудiң ең басты мақсаты демократиялық жүйенi сақтап қа­лу болуға тиiстi едi. Бұл күреске жұмысшылар, еңбек­шi шаруалар, ұсақ және орта буржуазия, зиялылар, қызмет­керлер – барлығы бiрiгiп шық­са ғана фашизм өкiмет билiгiн ала алмайды.

Бiртұтас антифашистiк майдан құру мәселесi 1935 жылы Ком­му­нис­тiк интернационалдың VII Конгресiнде қаралды. Бiртұтас анти­фа­шистiк халықтық майдан идеясы – Коминтерннiң тарихындағы ең бiр дұрыс шешiм, икемдi күрес тарихының көрiнiсi. Алайда бұл ше­шiм­­нiң iске асырылуы жеке елдердегi коммунистiк, социал-демо­кра­­тиялық және басқа демократиялық партиялардың саяси тәжiрибе­сiне, бiр-бiрiмен келiсiмге келуге қаншалықты мүдделi екендiк­терiне бай­ла­ныс­­ты болды. Халықтық майданның негiзiн бiртұтас жұмысшы май­­даны құрайды. Жұмысшылардың бiрлiгiн қамтамасыз ету үшiн ком­мунистiк және социал-демократиялық партиялар өзара ортақ тiл табысуға тиiстi.

Жеке елдердегi 30-жылдарда қалыптасқан әлеуметтiк-эконо­ми­калық және саяси жағдайларға байланысты антифашистiк халықтық майдандар әртүрлi тұрпатта құрылды. Тоталитарлық диктатура немесе авторитарлық тәртiп орнаған елдерде халықтық майдандар астыртын жағдайда немесе эмиграцияда әрекет жасады. (Германия, Италия, Орталық және Оңтүстiк-Шығыс Еуропа елдерi). Демократиялық құры­лысы неғұрлым берiк елдерде халық­тық майдандар халықтың барлық топтарын бiрiктiрдi, сөйтiп фашистердiң өкiмет билiгiн алуы­на мүмкiншiлiк берген жоқ (Франция).

Германияда нацистік диктатура кезінде мемлекеттiк реттеудiң фашистiк корпоративтiк жүйесi қалыптасты. АҚШ, Англия, Франция сияқты iрi елдер дағдарыстан әлеуметтiк-эконо­микалық реформалар жасау арқылы шықса, Германияда фашистiк диктатураның тоталитарлық экономикалық жүйе құруы нәти­жесiнде шықты. Германияда 1933-1935 жылдары фашистiк өкiмет бүкiл эконо­миканы бiр орталықтан басқару жүйесiн жасады. Бұл бiр ғана мақсатқа – елдiң экономикасын соғысқа дайындау мақсатына бағыт­талды. Экономиканы бiр орталықтан басқару және жоспарлау үшiн өндiрiстi iрiлендiру қажет болды. Сондықтан бұрын монополияларға қосылмаған жеке кәсiпорындарды бiрiктiруге мәжбүр еттi. Ал ауыл шаруашылығында бұл мiндет “Мұрагер қожалықтар туралы” заңмен iске асырылды. Шаруашылық иесi өз меншiгiн бөлшектемей, тек үлкен баласына мұраға қалдырады. Бүкiл өнеркәсiп, транспорт, сауда, қолөнер кәсiпорындары, бiрқатар салалық топтарға бiрiктiрiлдi. Осы топтарды басқаратын iрi кәсiпкерлер мен банкирлерден шыққан “көсемдердiң” билiгi шексiз болды. 1936 жылы төртжылдық жоспар қабылданды, осы жоспарды орындау елдiң экономикасын және қарулы күштерiн соғысқа дайындауды iске асыруға тиiстi едi. Нацис­тiк үкiмет Версаль бiтiмiнiң әскери шарттарын жойып, жалпыға бiр­дей әскери мiндет­керлiк енгiздi. Тұрақты армия құрылып, ол ең жаңа қару түрлерiмен жабдықталды.

Өнеркәсiптi жұмыс күшiмен, мамандармен қамтамасыз ету үшiн “еңбек кiтапшасы” енгiзiлдi. Бұл маман жұмысшыларды жұмыс күнi 14 сағатқа созылатын әскери кәсiпорындарға бекiтiп қоюға мүмкiндiк бердi. Елдiң бүкiл экономикасына, әлеуметтiк, саяси, мәдени өмiрiне мемлекетiк бақылау орнады.

Мемлекеттiк реттеудiң кеңестiк үлгiсiн негізінен мемлекеттiк социализм деп атауға болады.. Кеңес үкiметiнiң жеке меншiктi жойып, бiртұтас мемлекеттiк меншiк жасау саясаты, шаруашылықты дамытуда экономикалық әдiстердiң орны­на қатаң жоспарлау мен бұйрық-нұсқау әдiстерiнiң қолданылуы жалпы әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйенiң қалыптасуына негiз жасады. Бұл экономиканы мемлекеттiк реттеу емес, бiртұтас мемлекеттiк мен­шiкке негiзделген экономика­лық жүйе болды. 1929-1930 жылдар Кеңес Одағында әкiмшiлдiк-әмiршiлдiк жүйе­нiң қалыптасуындағы бет­бұрыс кезең болды. Экономи­каның даму қарқынын жылдамдату үшiн көтерiңкi мiндет­темелер алу, экономиканың даму заңдарын мүлде ескермеу, әмiр­шiлдiк әдiспен басқару күшейдi. Сонымен қатар партияда және елде сталиндiк идеологиялық қағидалар енгi­зiлдi.

Идеология – халықтар­дың, әлеуметтiк топтардың жә­­не жiктердiң түбiрлi мүдделерiн бейнелейтiн көзқарастар мен идея­­лар жүйесi. Идеология адамдардың белгiлi бiр топтарының та­лап­тарын, мүдделерiн, таптаурын түсiнiктерiн жүйелей отырып, олар­­дың өкiлдерiн әлеуметтiк-саяси жағынан топтастыру мiндетiн атқарады. Топтық мүдделердi идеялық жағынан қамтамасыз ету құ­ра­лы ретiнде саяси идеология оның көмегiмен саяси аренадағы әрекеттердi белгiлi бер ретпен жүйелеуге ұмтылатын таңдаулылар тобының қолында болады.

20-30 жылдары Кеңестік қоғамның тыныс-тіршілігі, партия өмірі ақиқаттан алшақ тұрды. И.Сталин бастаған партия шаруашылық жүргізудің осы кезеңдегі бірден-бір қолайлы жолы болып табылатын жаңа экономикалық саясаттан, нарықтық қатынастардан бас тартып қана қойған жоқ, оны күшпен қиратты. Орталықта И.Сталиннің оңшыл ағымға айыптау науқаны Қазақстан жағдайында «оңшыл» ағымның жоқтығына қарамастан Голощекин де жүргізді.

Партия саясаты өз алдына партия мүшелерін идеялық жағынан большевиктік тұрғыда шыңдау, ұлт саясатын большевиктік тұрғыда түсінуді мақсат етіп қойғандықтан, отаршылдар езгісінде келген қазақ халқының ұлтжанды азаматтары көтерген өзекті мәселелер Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін асыра бағалаған ұлттық ерекшеліктерді партияның жалпы міндеттерімен үйлестіру қажеттілігі ескерілмеген ауытқулар есебінде айыпталып отырды. 20-30 жж қалыптасып, күш жинап келе жатқан әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы тұрған ұлт зиялыларының тағдыры бір жағынан бүгінгі ұрпаққа үлгі болар батырлық болса, екінші жағынан ұлттық тарихымыздың қайғылы беттерінің бірі болып табылады.



































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Марченко М.Н. Лунгу Ф.П. Основы государства и права в во­про­сах и ответах.– М.,1995.

2. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. – 8 том А., 2006.

3.Игрицкий Ю.И. Концепции тоталитаризма: уроки многолетних дискуссий на Западе // История СССР, 1990, № 6

4. Оруэлл Д. В ожидании Большого Брата // Новое время 1987, № 3

5. Х. Арендт. Происхождение тоталитаризма. – М.,1951.

6. З.Бжезинский. Тоталитарная диктатура и автократия. – М., 1956.

7. Махат Д.А. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін саясаты. – Астана., 2006.

8. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы. – Алматы, 1997.

9. Норден А. Уроки германской истории. – СПб, 1979

10. Хлебник О.В. 1937-й Сталин, НКВД и советское общество. – М.: Изд. «Республика», 1992. – 263 с.

11. Фест И. Адольф Гитлер.- Пермь Т.2. 1993. – 263 с.

12. Желев Ж. Фашизм: Тоталитарного государства

13. Макаренко В.П. Революция и власть

14. Конквест Р. Большой террор. // Нева, 1989, №9, 139б

15. Баткин Л. Сон разума. О социально-культурных масштабах Сталина.// Знание сила. – 1989.№3- 83б

16. Амрекулов Н.А. Тайна культа личности и ее разоблачение: эпоха сталинизма, логика ее развития и изживания. – Алматы «Гылым», 1991. – 379 с.

17. Махат Д.А. Қазақстандағы тоталитаризм және саяси қуғын-сүргін саясаты. – Астана: Елорда, 2006. – 208б

18. Самойлов З.В. Фюреры. Общая теория фашизма. – М., 1997. – 595с.

19. Желев Ж. Фашизм: Тоталитарное государство. Пер. с болг. – М.,Изд. «Новости», 1991. – 318 с




25


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!