400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері тақырыбына тапсырмалар, 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері тақырыбына дүниежүзі тарихынан 10 сыныпқа арналған тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниежүзі тарихынан практикалық жұмыс №27

ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері, (50-51)

Аты-жөні:_____________________Тобы:______Күні_______________

1-тапсырма. Ялта – Потсдам жүйесі мен Версаль – Вашингтон жүйесі туралы әңгімелеңіз.

Shape1

2-тапсырма. Соғыс туралы ақпаратпен жылдарын сәйкестендіріңіз.

1

Тамыз айында Мазурск батпағында өткен кескілескен ұрыста тас-талқан болып жеңіліске ұшырады. 2-орыс әскерінің қолбасшысы генерал А.В.Самсонов штабымен бірге қоршауда қалады.


1915 жылғы соғыс

2

Батыс майдандағы тыныштықты пайдаланған Германия мен Австро Венгрияның негізгі күштері орыс әскерлеріне жойқын шабуыл жасап, майданды бұзып өтеді. Орыстар Польшаны, Галицияны және Литваны тастап кері шегінуге мәжбүр болды.


1917 жылғы соғыс

3

Антантаның Батыс және Шығыс майдандарында бір уақытта шабуыл бастауы Галициядағы майданның ыдырауына әкелді. Орыс әскерлері генерал А.Брусиловтың қолбасшылығымен шабуылға шығып, 11 күннің ішінде 70-75 шақырым жер алға жылжыды.


1914 жылғы соғыс

4

Төрттік одақтың стратегиялық басымдылығы әлсіреп, бұрынғыдай қарқынды болмады. Антантаға мүше мемлекеттер барлық майданда шабуылға шығып, қарсыластарын біржолата жеңуді жоспарлады.


1918 жылғы соғыс

5

Түркияның иелігіне Кавказдағы Карс, Ардаган және Батуми өтті. Украина мен Финляндия дербес, жеке мемлекеттілікке ие болды. Келісімшартқа сай Ресей өзінің бір миллион шаршы шақырым аймағынан айырылды.


1916 жылғы соғыс


3-тапсырма. Еуропада тұтанған соғыс өрті әлемдік деңгейге ұласып, үш кезеңді қамтыды. Кезеңдерімен болған жылдарын және нәтижесін схемаға толтырыңыз. Shape2



4-тапсырма. Оқитғалардың жылдары мен күндерін нақты жазыңыз.

1


Германия соғыс жарияламастан Кеңес Одағына басып кірді.

2


Одақтастар Нормандияға 3 млн адам түсіріп, Францияда фашистерге қарсы Екінші майдан ашты.

3


Берлинде, Германия, Италия және Жапония әскери одақ құру мен өздерінің ықпалдарын арттыру келісімін бекітіп, Үштік пактіге қол қояды

4


Германия Францияға шабуылға шығып, оның жерінің 2/3 бөлігін басып алады, бұдан соң Германия Бельгия, Нидерланд және Люксембургті өзіне қаратады.

5


Германия Польшаға басып кіреді.

6


Германия қол қойған Версаль бейбіт келісімі 1914-1918 жылдары болған бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын көрсетті.

7


Брест-Литовскіде Кеңестік Ресей Германия, Австро-Венгрия, Болгария және Түркиямен бейбіт келісімге қол қойды.

8


Шайқаста орыстың 1-әскерінің қолбасшысы генерал П.К.Ренненкампф жеңіске жетті.

9


Сараево Қаласында австро-венгрия тағының мұрагері Франц Фердинанд қастандықпен қаза тапты.

10


Батыс майданның қолбасшысы француз маршалы Ф.Фош Германияның жеңілгенін білдіретін келісімге қол қойды.


5-тапсырма. Төменде берілген шарттардың анықтамаларын жазыңыз.

Shape3 6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1

Версаль жүйесінің қандай сипаттамасы оны құрушылардың Германияға қатынасынан көрінді.


2

1920 жылы болған қандай келісімге орай Түркия өзінің тәуелсіз мемлекет дербестігін жоғалтып, ұлы державалардың жартылай отарына айналды?


3

1919 жылы қандай конференция шақырылып, оған 27 мемлекеттің өкілдері қатысты?


4

Версаль жүйесінің қандай сипаттамасы шағын мемлекеттердің халықтарымен қарым-қатынаста көрінді?


5

Қай жылы Түркия Тәуелсіз республика болып жарияланды?


6

Қай жылы Ипромның түбінде немістер ағылшын-француз әскерлеріне қарсы улы газ қолданды.


7

Қай ел белсенді соғыс жүргізе алмайды деп санаған Германия өзінің негізгі күшін Батыс майданға алып кетті?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
19.11.2024
386
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі