Материалдар / ХХІ- білім мен ғылым дәуірі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХІ- білім мен ғылым дәуірі

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ білім мен ғылым дәуірі тақырыбындағы бұл эсседе еліміздегі білім саласындағы реформалау жұмыстарын практикаға ендіру туралы айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2022
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Бәйдібек ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі

Жүзімдік жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі





«Тәуелсіздіктану» жобасы

Тақырыбы: «ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі»

«Ұлағат пен ұстаным» бөлімі










Дайындаған: физика пәнінің мұғалімі

Сартбайқызы Ақсәуле







2021 оқу жылы

Білім мен тәрбие әрқашан күн тәртібіндегі басты өзекті мәселе болып келгендігі баршамызға белгілі. Қазір заман өзгерді, талап өзгерді. Бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы. Ондай болса, білім деңгейі мен шығармашылық қабілеті жоғары шәкірттерді тәрбиелеу ұстаздардың басты міндеттері екендігін ұмытпауымыз қажет. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлемнен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет - білім, білімді ұрпақ»,- деп ХХІ ғасырды ғылым мен білімнің ғасыры атады.

Біздің басты міндеттеріміздің бірі - отансүйгіштікті, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрмет ететін азамат тәрбиелеу. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кірісті. Мұндай іс-шараның басты принциптерінің бірі-құқықтық білім берудің сапасын арттыру.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы отандастарымызды өткен жолдарымызға нақты талдау жасауға, келешек бағыт – бағдарымызды айқындауға шақырған аса маңызды құжат болды. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада еліміздің өткені, қазіргісі мен болашағы жайлы айтылған. «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» дейді ел Президенті. Президентіміздің мақаласында айтылған осындай мағыналы ойлар жастарды ғылым-білім, тіл үйренуге шақырып, көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятуға жетелейді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. Көреген көшбасшы Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігін беріп отыр. Тұңғыш Президент өз сөзінде: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады. 

Білім мен білік ұғымдарын жан жақты таратып жазар болсақ, білім — адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады. Ал, біліктілік дегеніміз – бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік болып табылады. Сонымен қатар, біліктілік – тиісті кәсіби қызмет шеңберінде жұмыстарды орындау үшін қажет кәсіби білім, іскерлік, дағды және жұмыс тәжірибесінің жиынтығы. Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту? (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту? (құрылымы), қалай оқыту? (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Бүгінгі дүние күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде.Физика пәнінің мұғалімі ретінде физика пәнінің мектепте оқытудың алдына қойған мақсаты бар екені айқын екенін айтқым келеді. Себебі, оқушы өзі білетін физикалық ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз жағдайларды қарапайым физикалық өмірлік фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса, күрделі мәселені қарапайым бөліктерге жіктей отырып жалпы ережеден дербес жағдайға және керісінше дербес жағдайдан жалпы физикалық заңдылыққа көше білсе, сондай-ақ, физикалық демонстрациялық эксперименттер мен зертханалық жұмыстар қорытындысын ала білсе, әрі  өзінің қажет сұрақ туралы біртұтас қорытындыға келе алатын деңгейге жетсе, физика пәнін оқыту өзінің ең басты мақсатына жетті деп айтуға болады.

XXI ғасыр - ізденісті талап ететін ғасыр. Яғни, біз, педагог ретінде оқушыдан көп білуіміз қажет. Сол үшін педагог күнделікті ізденуді талап етіп отыратын мамандық болып табылады. Қазіргі дамыған ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабы. Біз өзіміздің елімізді дамыту үшін, өзіміздің болашағымызды құрастыру үшін, дамыған елдермен тереземіз тең болуы үшін біз олардың ғылымын білімін өзімізге алуымыз керек. Ал сол білімді алудың ең негізгі жолы ағылшын тілін үйрену болып саналады қазіргі жастарымыз ағылшын тілін үйрену арқылы болашақта сол шет елмен тәжірбие алмасуды одан әрі дамытып сол елдің технологиясын елімізге сіңіру арқылы бізде өзіміздегі бар байлықты пайдаланып осындай жаңа технологиялар бәсекеге қабілетті жоғарғы компьютерлер,түрлі телефондар, ноутбук жасап шығара алатындай боламыз. Қазақстандағы ең көп көңіл бөлініп отырса да, дамуы жағынан нашар болып келе жатқан бұл IT саласы яғни технология жасау, нанотехнологя деген салалар болып табылады. Осы салалардың болашақта өсіп өркендеуі үшін біз осы үш тұғырлы тілді оқыту үшін жәнеде ағылшын тілін әрі қарай жалғастырып оны одан әрі қолданысын дамыта беруіміз қажет. Болашақта жастарымыздың сол болашаққа деген қызығушылықтары жолында кедергілердің болмауы қазіргі таңдағы біздің білім беруімізге байланысты болып табылады яғни қазіргі жаһандану кезеңінде біздің жастарымыз көбі еліктеушілікке, белгілі бір нәрселерді жаңалықтарды ашуға құмар болып келе жатыр біз олардың алдынан есікті айқара ашып беруіміз қажет. Сол үшін заманауи көп тілде білім берудің Қазақстан үшін тиімділігі көп болмақ. Мен өзім педагог ретінде осы нәрселерді қолдаймын. Себебі: қазіргі таңдағы жастардың қызығушылығы тек қана біздің Қазақстанның ғана шеңберінде емес осы шет елде болып жатырған оқиғалар, әртүрлі нәрсеге қызығуы олардың болашақта үлкен азамат болып саяси аренада болсын елімізді танытуда болсын олардың үлесі өте жоғары болатындығын біз байқай аламыз. Жастар біздің болашағымызды қалаптастырушы яғни біздің қазіргі таңда әлемге аяғымыз нық басып, нық басқан күйімізде қалуымызға себепші осы жастарымыз болып табылады. Қазіргі таңда физика, биология, математика,химия салаларында ағылшын тілінде оқыту, Осы біздің жоғары технологияларда қол жеткізу көптеген кедергілерді жояды. Мысалы: болашақ дәрігер болғысы келетін оқушы ол қазірден бастап биологияны ағылшын тілінде оқып осы болашақта шыққан технологияларды емін еркін меңгеріп кетуге қабілетті болады. Кем дегенде үш тілді меңгеру – заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимəдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды [3]. Көптілді білім – көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.Маманға шет тілін меңгеру кез келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады.Əр адамның түрлі əлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нəтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай,сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады,оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» жəне «нақты жағдаяттарда қарым–қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ. Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің жылдағы дəстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мəдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мəн береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою – бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл жобаның еліміздің əлемнің бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік деп жүргенде өз тілімізді соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы əбден мүмкін. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Əр адамның рухани адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-əдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, əлемдік ілгері тəжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, əлем аренасына шығу үшін көп тіл білу қажет. Оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мəдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Көптілді мемлекеттер арасында əлеуметтік-мəдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мəдениеті, əдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мəдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мəдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру-өмір талабы. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет - халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тəрбие беретін мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мəдениетті танитын, өзінің төл мəдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Əлемдік білім беру іс-тəжірибесінде көптілді жəне билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, əсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді жəне билингвалды білім берудің халықаралық іс-тəжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу - жаңа педагогикалық проблема,себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс [4].

Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында»,- деп болашақтың бағдарын атап көрсеткендей, бұл жолда ұстаз алдында үлкен жауапкершілік тұрғаны сөзсіз. Осы бағытта білімді, білікті ұрпақ тәрбиелеу жолында тамшыдай болса да үлес қосу парызым деп білемін.

Білімнің түпкі мақсаты білім алу, үйрену және дағдылану ғана емес, осыларға негізделген жеке және әлуметтік құзыреттілікті, алған мәліметтерін болашақта кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалана білу, талдай білу және өз алдына дербес білім ала білу, әлемнің үнемі өзгеру жағдайына байланысты ұтымды және тиімді өмір сүріп, ұнатқан мамандығы бойынша өзіндік дамуда қызмет жасауы. Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтсақ «ХХІ ғасыр – білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі». Олай болса, білім – мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен елдің бәсекелік қабілетін анықтаушы факт және қауіпсіздік кепілі деген сөз. Ал түптің түбінде жеңіске білімділер ғана жетпек.





Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр


  1. Прeзидeнт Қ.Ж. Тoқaeвтың «Eгeмeн Қaзaқcтaн» гaзeтiндe жaриялaнғaн «Тәуeлciздiк бәрiнeн қымбaт» aтты мaқaлacы. 05 Қaңтaр, 2021ж.

  2. Н.Ә.Нaзaрбaeв Тәуeлciздiк дәуiрi. – Acтaнa, 2017 ж. – 508 б.

  3. К.Ж.Қoжaхмeтoвa Этнoпeдaгoгикa. Oқу–құрaлы. — Aлмaты: Қaрacaй, 2012. — 248 б.

  4. Ә.Кeкiлбaйұлы Ұлттық рухaниятымыздың өзeгi // Қ.Жұбaнoвтың 100 жылдығынa aрнaлғaн «Мeмлeкeттiк тiл: тeрминoлoгия, ic қaғaздaры мeн бұқaрaлық aқпaрaт құрaлдaрының тiлi» рecпубликaлық ғылыми-тәжiрибeлiк кoнфeрeнция мaтeриaлдaры. –Acтaнa, 1999. –30-34-бб.

  5. Ә.Дeрбicaлин , Ыбырaй Aлтынcaрин. - Aлмaты. 1976. - Б. 148-165.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!