400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
"ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры"
Материалдың қысқаша нұсқасы

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры

Жалелова Мереке Оңталапқызы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, «Балдырған» санатория бөбекжай бақшасының тәрбиешісі



Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

 Ыбырай Алтынсарин

ХХI ғасырдың бет-бейнесі- Жаңартылған білім беру мазмұны –жаңалыққа ұмтылу, білімге деген жаңаша көзқарас. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.

Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі оқытудың, мектепке дейінгі тәрбиенің әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Бұл-біздің міндетіміз.Себебі, біз педагогпыз, осы мамандықты қаладық. Енді сол мамандықтың тағы да бір қырынан жемісін көрер, сыналар сәт туған сияқты.Тәрбиеленуші -жас өскін, біз бағбанбыз.Бағбан бағындағы өскінін қалай баптаса, солай өсері анық. Ыбырай атамыз айтпақшы, мектепке дейінгі балалар тәрбиесінде аса маңызды жайттарға назар аударған жөн. Баланың тұлға болып қалыптасуына бөбекжай тәрбиешілерінің ықпалы зор.

Жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры келешек ұрпақтан инновациялану мен жаңашылдықты талап етеді. Бұл талапқа сай болу дегеніміз – тәрбиеші тарапынан тәрбиеленушіге көрсетілген жаңашылдықтар, сонымен қатар жаңа технологияларды пайдалана отырып олардың қызығушылығын, ой-өрісін дамыту.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. 

Уақыт өзгерді. Уақытпен бірге жер-жаһан және адамзат, балалар. Бұл «қазіргінің балалары» деген ұғымға тікелей қатысты. Себебі балалардың қазіргі қызығушылықтарын дамытып, қажеттіліктерін қанағаттандыру өте қиын жұмысты талап етеді. Бұл кезде көмекке жаңа технологиялар, жаңа идеялар көмекке келері сөзсіз. Сондықтан заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу, олардың сана-сезімін жетілдіру, қатарынан қалдырмау балабақшадан қаланған іргетастың мықтылығына және ата-ана берген тәрбиеге тікелей байланысты деп білемін.

Қазіргі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтың қызметтік жетістігін бағалау да өте қиын. Бірақ, жақсы тәрбиешіні балалар да, ата-аналар да тани біледі. Менің педагогикалық ұстанымым – кішкентай бүлдіршіндерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың айтқанындай бала бойына күніне түймедей болса да, жаңа бір білімді сіңіртіп сенім артқан үміттерін ақтау. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.05.2018
1012
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі