Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін дамыта отырып білімді, жан-жақты, озық ойлы болуға тәрбиелеуді мақсат ету. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интелектуалдық оқушылардың дарындарын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер жабдықтары, слайдтар.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар, біздің мектебімізде математика апталығының онкүндігіне байланысты «Білім беру үрдісінде білім алушылардың математика пәнінен функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбына орай ұйымдастырылыып отырған ХХІ ғасыр көшбасшысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі ойынымызға қатысатын 11 сынып оқушыларын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.Құрманбек Айнұр (алтын белгіге үміткер)
2.Хасанов Алишер
3.Қойлыбай Гүлназ (алтын белгіге үміткер)
4.Ермахан Эльмира (үздік аттестатқа үміткер)
5.Хамза Айгерім (үздік аттестатқа үміткер)
6.Орынбасар Сандуғаш
7.Аталикова Алтынай
8.Рүстем Әсел
9.Тұрдыбек Назерке
Бүгінгі сайысымыздың «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын» анықтап, әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Жүнісбекова Гүлнар – оқу ісі жөніндегі орынбасар
2.Киізбаева Анар – қосымша білім беру педагогы
3. Әділбекова Райхан – ғылыми жетекші
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады,
Баға берер алқамызда ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.
Барысы:
-
«Бәйге»
-
«Жалғасын тап»
-
«Дода»
-
«Жұмбақ сандық»
-
«Жорға»
-
«Тәжірибе жасау»
І кезең «Бәйге»
«Бәйге» сайысының шартымен таныстырып өтейін. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 18 сұрақ беріледі. Әрбір дұрыс сұраққа 10 ұпай беріледі.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз,-деп
«Бәйге» кезеңін бастаймыз.
1.Квадраттық функцияның графигі (парабола)
2.Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан 3-есе үлкен, ал периметрі 28 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап.
(12см, 12см, 4см)
3.«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? (М.В.Ломоносов)
4.300 санының 25% неге тең? (75)
5.Ең кіші жай сан. (2)
6.Бірінші мүшесі -4-ке, ал он сегізінші мүшесі 13 тең болса, арифметикалық прогрессия құрайтын тізбектің айырмасы неге тең? (1)
7.у + 5 функциясының туындысы неге тең (3 + )
8.Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері 5 және 12. Гипотенузаға жүргізілген медиананың ұзындығын табыңдар.(6,5)
9.Есептеңіз. )dx (-8 )
10.Теңдеуді шешіңдер. -20 (-2;2)
11.Құрамында әріппен белгіленген белгісізі бар теңдік не деп аталады? (теңдеу)
12.Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қой мен бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (сегіз)
13.Көрсеткіштік теңдеуді шешіңдер. `(1)
14. неге тең? (5)
15.sin мәні неге тең? ( )
16.Қабырғалары 6,8,10 болатын үшбұрыштың түрі? (Тік бұрышты үшбұрыш)
17.Барлық қабырғалары тең параллелограмм? (ромб)
18.Ең ұзын хорда? (диаметр)
Сайысқа қатысушылардың ұпайы есептеледі.
ІІ кезең. «Дода»
Сайыскерлердің ұпайы аз оқушы бастайды.
Математика
10 балл. Бағытталған кесінді (вектор)
20 балл. Тең бүйірлі үшбұрыштың төбесіндегі бұрыш , қалған екі бұрышы неге тең? ( )
30 балл. Ауладағы тауықтар мен қойлардың бастарының саны 24, ал аяқтары 66. Аулада неше тауық, неше қой бар? (15 тауық, 9 қой)
40 балл. Жұмбақ. 104 қойды бір қораға қамаған, есепшілер соны күнде санаған. (есеп шот)
Қазақ тілі
10 балл. 3 арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ)
20 балл. Жаз шыға бәріміз әпкелерімді айтам серуенге шығамыз. Қандай тыныс белгі қойылады? \Жаз шыға бәріміз (әпкелерімді айтам) серуенге шығамыз\
30 балл. Шешендік ақыл мен билеу өнері авторы кім? (Платон)
40 балл. Айнұрдың әкесі бүгін мектепке келді. Сұрақ сөйлемдегі анықтауыш қай сөз табынан тұрады? (Айнұрдың зат есімнен тұрады)
Тарих
10балл. Азаматтығына дәлел құжат (куәлік, төлқұжат)
20 балл. Түркістанның 1500 жылдық мерей тойы қай жылы тойланды? (2000ж)
30 балл. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» еңбегін қай ханға тарт еткен. (Абдрашид ханға)
40 балл. Шымкент қорғасын зауыты қай жылы орденмен марапатталды. (1939 жылы І орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды.)
Инфортамика
10 балл. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
20 балл. Дүниежүзілік желі? (интернет)
30 балл. Келесі жолға өту пернесі? (enter)
40 балл. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (60-70см)
«Дода» кезеңінің балы есептеледі. Екі кезеңнен аз балл жинаған 3 оқушы ойыннан шығарылады.
ІІІ кезең. «Жалғасын тап»
Мақал мәтелдің жалғасын табу керек. Дұрыс жауапқа 10 балдан беріледі.
1.Бір кісінікі – мақұл.
(Екі кісінікі – ақыл)
2.Ер бір рет өледі,
(Ез мың рет өледі)
3.Екі кісі ығысса,
(Бір кісілік орын бар)
4.Бір адам-самал,
Екі адам-амал,
Үш адам-жамал,
(Төрт адам-қамал)
5.Бір күндік жолға шықсаң,
(Үш күндік жол азық ал)
6.Әуелгі байлық-ден саулық
Екінші байлық – он саулық,
(Үшінші байлық – ақ жаулық)
7.Жеті жұрттың тілін біл,
(Жеті түрлі білім біл)
8.Мыңның түсін танығанша,
(Бірдің атын біл)
9.Бір көрген – біліс,
(Екі көрген – таныс)
10.Екі қошқардың басы
(Бір қазанға сыймайды)
11.Бір теңге бие болмайды,
(Екі теңге түйе болмайды)
12.Екі аяқтыда – бажа тату,
(Төрт аяқтыда – бота тату)
Оқушылардың ұпайлары есептеліп, ұпайы аз екі сайыскер ойыннан шығарылады. Келесі кезең басталады.
IV кезең «Жұмбақ сандық»
Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Төрт қатысушыға төрт есеп беріледі. Есепті шығаруға 1 минут беріледі. Есепті ұпайы аз оқушы таңдайды. Дұрыс шығарған оқушыға 30 ұпай беріледі.
1-есеп.
Ғ(-1) 5 болса f(х) 12 - 5 функциясы үшін алғашқы функцияны табыңыз. (2 )
2-есеп.
Теңдеуді шешіңіз. `(x=6)
3-есеп.
Бөлшекті қысқартыңыз. ( )
4-есеп.
Егер = 10, =19 болса, онда арифметикалық прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар. (-125)
«Жұмбақ сандық» кезеңінің балы есептеліп, ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шығарылады.
V кезең. «Жорға»
Бұл кезеңнің шарты әр оқушыға 1 минут беріледі. 10 сұраққа жылдам әрі нақты жауап беру керек. 1 сұраққа 1 балл беріледі.
Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасап.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қалма
Ойын деген нарталас,
Жеңілемін деп ойлама!
Басталады жорға деген сайысың
Бұл сайыстан озып шығар қайсысың,- деп жорға кезеңін бастаймыз. Ұпайы аз оқушы бастайды.
1-оқушыға
1.ІІ ғасырда неше жыл бар? (200 жыл)
2.tq мәні неге тең? ( )
3.Жылдан құр қалған жануар? (түйе)
4.Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға (президент)
5.Ең үлкен уақыт өлшемі (ғасыр)
6.Ауданды қалай есептейміз? (ұзындыығы мен енін көбейтеміз)
7.Біржан мен айтысқан ақын қыз? (Сара)
8.Дәм сезу мүшесі (Тіл)
9.Абай Құнанбаевтың әжесі (Зере)
10.Мұғалім сөзінің синонимі (Ұстаз)
2-оқушыға
1.Шеңбер сызатын құрал? (циркуль)
2.Сиырдың пірі (Зеңгі баба)
3.Қазақ халқы жаңа жылды қашан тойлайды? (22 наурызда)
4.2000 жылғы жазғы олимпиада қайда болды? (Сиднейде)
5.Зиянкес программа (вирус)
6.Еліміз өз тәуелсіздігін қашан ресми түрде жарияланды? (1991 жылы 16 желтоқсан күні)
7.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
8.Бір жылда неше күн бар? (365-366 күн)
9.Қазақ балаларына тұңғыш мектеп ашқан ағартушы кім? (Ыбырай Алтынсарин)
10.5 санына кері сан (1\5)
VІ кезең «Тәжірибе жасау»
Кез келген ыдыс алып, су құю арқылы литрмен өлшемей оның жартысын табу керек. Осыны бос ыдыстар арқылы дәлелдеп жасап, көрсету керек. Тәжірибені дұрыс дәлелдей алса 50 ұпай беріледі. Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
І орынды Орынбасар Сандуғаш
ІІ орынды Хамза Айгерім
ІІІ орынды Ермахан Эльмиралар жеңіп алды.
Сонымен ХХІ ғасырдың көшбасшысы анықталып, марапатталады.