Материалдар / ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Білімді реформалаудың басты міндеті мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сэйкес деңгейге көтеру,жеке тұлғаның білім алу жэне рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескере отырып қанағаттандырып қалыптастыру. Адам білім үшін емес, білім алам деген үшін оқу тәрбие процесін ізгілендіру, ізгілік принциптерінің кайта түлеуі арқылы жүзеге асырылуы тиіс, сонда ғана білімнің беделін арттыруга, білім беру саласының мемлекет пен коғам өміріндегі басым мэртебесін нақты орнатуға болады.

Реформаның негізгі бағыттары қандай болу керек дегенге келсек: жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың оңтайлы кезеңі, білім берудің жаңа мазмұны мен технологиясына көшу, жеке тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасайтын білім дайындығының базалық компонентін анықтау; орта мектептің қалыптасқан жағдайға тезірек бейімделу үшін оның құрылымын өзгерту, жалпы орта білім алудың қорытынды кезеңінде бейімдік даярлыққа жол ашу; мектептің өзгермелі жағдайларына сай жэне дер кезінде бейімделуіне мүмкіндік туғызуы; өз бетінше даму механизмін қалыптастыру, тағы басқасы болып табылады.

Қазіргі білім беру реформасына сай оқу тэрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін шешуді мектептен бастау өте орынды. Себебі, қазіргі оқушылар келешекте ел тізгінін үстайтын болашақтың барыстары. Қоғамда болып жатқан саяси элеуметтік жэне экономикалық өзгерістер орта мектеп жағдайында білім берудің қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағыттағы қол жеткен табыстарға сын көзбен саралай отырып бағалауды, оқушылардың шығармашылық элеуетін дамытып, осы бағыттағы оқу процесін ұйымдастырудың тэсілдері мен әдістерін, нысандарын іздестіруді талап етеді.

Қазіргі кезеңде алты жасар балаларды мектепте оқыту заман талабына сай туындап отырған өзекті мэселе қоғам алдында тұрған мақсат: білім беру жүйесін түбегейлі жаңарту, 21 ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде оқушының жеке тұлғасын дамытуға байланысты жаңа үлгісін таңдау. Сонымен бірге, бес сатылы үздіксіз білім жүйесін кұру жэне орта білім беретін 12 жылдык мектептерге көшу мәселелері туындалуда.

Осыған орай жеке тұлғаның сүраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нэтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқаңда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы үлттық базалық компетенциялар айқындалып, білім аймақтары нактыланып, түйінді жэне пэндік компетенциалар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұндық өзгерістер енгізілуде.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындарында дарын студенттерді іріктеп, даярлау қажеттілігі - басы ашық мәселе. Бакалаврды оқытудың базалық бағдарламасы магистратурада оқуын жалғастырғысы келетін эрі онда оқуға қабілетті, сондай - ақ осы негізінде - аспирантура мен доктурантура бағдарламаларын игере алатын дарынды жастарды даярлауға ықпал етуі тиіс.

Қазіргі таңда Еуразия елдерінде студент алдағы диплом есебіне оқыған кезеңінде кредиттер жинақтай алады. Кредиттер жинақтау студентке үнемі біліктілігін жоғарылатып отыруға мүмкіндік жасайды.

Жаңа жүз жылдыктың басында білім беру жүйесі бүкіл элем денгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғам негізін құрайтын басты тетіктердін біріне айналды. Сондықтан да бүгіні күні сапалы білім алу адамның рухани қажеттіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы болып отыр. Сапалы білім беру арқылы білікті маман даярлау халыкаралык білім кеңістігіне енуіне өркениеттілік белгісі эрі заман талабы десек, артық емес.

Әлемнің ұстазы Аристотель: «Білім алушы жас жетістікке жетем десе, артында қалғанды күту емес, алдағыны қуып жетумен айналысу керек», деген екен. Әлемдік практикада осы салада да оқу орындарының мәртебесін халыкаралық тәжірибеге көтеру, бэсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадамдар жасалуда.

Елбасы үстіміздегі жылы Қазақстан халқына кезекті Жолдауы елімізде жүріп жатқан реформалардың қарқынды да жүйелі дамуына айрықша серпін берді. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік жэне саяси жедел жаңару жолында атты бұл Жолдауда ел өміріне елеулі оң өзгерістер әкелуге бағытталған саяси - экономикалык және әлеуметтік саладағы аткарылар жүмыстарды жеделдетудіц жаңа тетіктері көрсетіліп, білім беру мен кәсіптік мамандар даярлаудағы жаңа міндеттер айқындалады.

Бүгінгі күні алдымызда түрған ауқымды міндеттердің бірі - сапалы білім беру арқылы үздіксіз білім берудің үлттық моделін жасап, жаңаша ойлайтын жас буынды қалыитастыру. Осы орайда Әбу Насыр әл Фарабидің: «Білім мен тәрбие жас ұрпақтың кос канаты», - деген өнегелі сөз ойымызға оралады.

Дяча халқымыз сан ғасырлар бойы төл тарихында жас ұрпакка саналы тәрбие берудің баи ^эжіоибесін жинақтап, ұлттың өзіндік салт - сана рәсімдерін қалыптастырады. Жас жеткіідцекті еңбек сүйгіш, ата салтын сақтай білетін ұлтжанды азамат болуға баулудағы тәрбие мұратыпл гйнаттады.

Ел мүддесін ең жоғары қою - шынайы ықылас, адалдық сияқты касиеттермен қатар жүретін касгерлі ұғым. Ата - бабаларымыз ұлттық санамен орнықты тэрбиенің елдігіміз үшін қандай қымбат екенін, оған ешқандай байлктың да, биліктің де балама бола алмайтынын көне жазбаларда кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған.

Білім сапасы тэрбиемен ұштасқанда ғана үлт, мемлекет және халық мүддесіне қызмет етіп, коғам өзінің рухани дамуында үлкен серпіліс жасамақ. Тэрбие мен білім - бірегей, қатар жүретін процесс. Сондықтан жас буынды ұлтжандылықты қалыптастыру - жаппай жаһандану заманында ұлттық үрдістерімізді сақтап қалудың бірден - бір жолы.


Жастар жайлы сөз болғанда тағы бір мәселеге тоқталмай кете алмаймыз. Қазақстан Республиксының ұлттық білім беру жүйесін реформалауды табысты жүзеге асыру барысында студент жастардың жұмысын барлық бағыттар бойынша жандандырудың маңызы зор. Осы орайда жұмыспен қамту орталықтармен бірігіп, оқу орнында жастар клубтарын және әлеуметтік қызметке ұйымдастыруға ұйытқы болатын еңбекпен қамту орталықтарын кұру, студенттік өзін - өзі баскаруды жетілдіру, студенттік ғылымды, денешынықтыру, спорт, көркемөнерпаздар жұмысын дамыту бағытында отандық оқыту орындары арасында өзара байланыс орнататын уақыт жетті.

Қазіргі жас ұрпақ өкілдері заманның қозғаушы күші - шын мэнінде жастар екенін түсінді. Жастар саясатының рөлі мен маңызын қоғам да мойындап отыр. Елімізде жастар саясаты туралы заңның қабылдануы әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы, олардың құқықтары мен бостандықтары, олардың жұмыспен қамтылуы, жас отбасыларды мемлекеттік қолдау мәселелері айқындалған. Сонымен қатар талантты жастарға, мемлекет тарапынан жасалатын жеңілдіктер ауқымы көрсетілген.

Қорыта айтқанда, 21 ғасырда білім беру жүйесіндегі алдағы оқу жылы білім гранттарының көбеюі, әсіресе техникалық мамандықтарға көңіл бөлу, шетелдермен студенттер алмасу сиякты шаралар жастарға жасалатын жеңілдіктердің бір қыры ғана емес, Елбасымыздың кемеңгер саясатының қисынды жалғасы. Нурсултан Әбішулының сөзімен айтсақ: «21 ғасыр - білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі». Бұл - нағыз эділ де дәл айтылған пікір. Жастарға берілген білім олардың ақыл - парасатымен ұштасқанда ғана құнды болмақ. Өскелең өрендердің жаналыққа ұмтылысын орынды бағыттай білу - эрбір устаздың кәсіби қызметінің міндеті, қоғам алдындағы парызы, абыройлы борышы.



Әдебиеттер:

1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазахстан халқына жолдауы, Астана 2005 ж.

2. XXI ғасыр университетгері: инновациялары, реформалары. Е.Мәмберкызы, 2002 ж.

3. 5.Бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы тәжірибе мен басым бағыттар. К-Бисенов, 2007 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!