Материалдар / «ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы болайық» 11- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы болайық» 11- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ -ға дайындық тарауды қайталау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
590
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

16.03.2017ж

жоғары

орташа

төмен


Shape2

«ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы болайық»

(ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыптарды қайталау) Республикалық семинар-онлайн ашық сабағы

Shape3

Өткізген: Демеубаева Г.С.

36 мектеп-гимназиясының химия-биология пәні мұғалімі



Пәні:биология Сыныбы:11 сынып


Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы болайық»

(ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен

тақырыптарды қайталау)


Сабақтың мақсаты:

ҰБТ-ға  дайындық  мақсатында биология пәнінен өткен тақырыптарды еске түсіріп пысықтау, тереңдету. Оқушылардың  ойлау және таным қабілеттерін үнемі жетілдіру, өткен  материалды еске түсіре отырып, биологиялық терминдерді, биолог ғалымдардың ашқан жаңалықтарын, тірі ағза мүшелері суреттерін талдай білуге үйрету.


Сабақтың типі:білім мен дағды, іскерлікті қолдану
Сабақтың түрі:қайталау

Сабақтың әдістері:топтық жұмыс; дәптермен жұмыс; тест жұмысы, интерактивті тақтамен жұмыс

Оқыту технологиясы:ақпараттық технология

Сабақтың көрнекілігі:Биология 6 - 11 сынып, Шың оқулық-тесті, интерактивті тақта


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (Психологиялық тренинг)

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Бүгінгі таңда сендер мектеп бітіруші түлектерсіңдер! Алдарыңда тұрған бірінші мақсат Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мемлекеттік емтиханды ойдағыдай тапсыру. Екінші мақсат, таңдаған мамандығыңа оқуға түсу.

Елбасымыз айтқандай, «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз қажет». Олай болса балалар, ХХІ ғасырдың білімді ұрпағы болайық тақырыбындағы сабағымызды бастаймыз. Сабақтың мақсаты ҰБТ-ға дайындық мақсатында биология пәнінен өткен материалдарымызды еске түсіріп пысықтаймыз, биологиялық терминдер мен биолог ғалымдар туралы, тірі ағза мүшелерінің суреттерін талдай білуге үйренеміз. Сабағымызға бірден кіріспес бұрын, барлықтарыңды ортаға шақырамын.

  • Мына ілініп тұрған ақ жүрек. Кеңпейіл, ақкөңіл адамды ақ жүрек адам екен дейміз. Осы тақтаға жапсырылған жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрқайсысың жүректен шыққан жылы сөздеріңмен үлкен жүрекке өмір бере аласыңдар. Бұл сіздің топтың жүрегі болады. Тілекті кімге арнайсың, әрі қысқа болсын.

Осындай сәттілікпен сабағымызды жалғастырайық.

Оқушыларды 2 топқа бөлу: ассоциациялық сөздер арқылы

1-топ: қызыл: Өмірге қызығушылығы мол, қиындықтан қорықпайтын белсенді топ (мальпигий, плакоидты, эктодерма, амеба, тақтұяқты, қауырсын)

2-топ: жасыл: Ұстанымы нақты, мақсаты айқын, үнемі ізденістегі еңбекшіл топ (қауашақ, спора, түлкіжем, симбиоз, самырсын, пластидтер)


Сабақ кезеңдері:

Бүгінгі күннің жадын жазыңыздар. Өткен бөлімдерді қайталау.

Блум таксономиясының 6 баспалдағынан өтеміз.

І. «Білім баспалдағы» - Мен – саған, сен – маған деп аталады.

І-топ:

1.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым – ботаника

2. Бактерия жасушасына енетін вирус – бактериофаг

3. Зең саңырауқұлағынан алынады – пенициллин

4. Жануарларды зерттейтін ғылым – зоология

5. Өздігінен тозаңдану – аталық тозаңның сол гүлдің өз аналығының аузына түсуі

6. Алғашқы құрлық өсімдігі – псилофиттер

7. Саңырауқұлақ жасушасында болмайды – пластидтер

8. Ашық тұқымдылардың тұқымы дамитын орын – бүр

9. Барлық өсімдіктер дүниесі – флора

10. Бүршік дегеніміз не – өркеннің бастамасы

11. Бір жасушалы талшықты балдыр – хламидомонадо

12. Бір жасушалы талшықсыз балдыр – хлорелла

13. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі – аталық пен аналық

14. Гүлді өсімдіктерге тән ұрықтану – қосарланып ұрықтану

15. Қос жарнақты өсімдіктің тамыры – кіндік тамыр

ІІ-топ:

  1. Жабық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшесі – гүл

  2. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ – өркен

  3. Жапырағы тікенге айналған өсімдік – сарыағаш, кактус, кәріқыз

  4. Жасушалары ұдайы бөлінетін ұлпа – түзуші

  5. Дара жарнақтылардың тамыры – шашақ

6. Амебаның пішіні – тұрақсыз

7. «Адымдап» немесе «төңкеріліп» қозғалады – гидра

8. Балықтың тыныс алу мүшесі – желбезек

9. Өздігінен құйрығын үзу – автотомия

10. Автотрофты организм – жоғары садағы өсімдіктер, балдырлар, бактериялар

11. Бунақденелілердің кең тараған дәуірі – кайнозой

12. Жануарлар крахмалы – гликоген

13. Жануарлардың құрлыққа шығу дәуірі – палеозой

14. Жасыл эвглена қозғалады – талшығымен

15. Жойылған дене бөлігінің қалпына келуі – регенерация


ІІ. “Түсіну баспалдағы” – таным мен түсінік.Термин сөздер мен ғалымдар туралы ойларын ортаға салады.

І-топ:

С.Г.Навашин – өсімдіктердегі қосарлы ұрықтануды ашқан ғалым.

Т.Шванн – 1839 ж ядро тек өсімдікте ғана емес, жануарда да болатындығын ашты.

И.М.Сеченов – 1862 ж орталық жүйке жүйесінің тежелу құбылысын анықтады.

1.Альгология – балдырларды зерттейді

2. Ихтиология – балықтарды зерттейді

3. Орнитология – құстарды зерттейді

4. Гельминтология – паразит құрттарды зерттейді

5. Арахнология – өрмекшітәрізділерді зерттейді

6. герпетология – бауырмен жорғалаушыларды зерттейді

7. Хромотофор – балдыр жасушасындағы хлоропласт

8. Гирудин – сүліктен бөлінетін зат

ІІ-топ:

И.П.Павлов – 1901 ж шартты рефлекс туралы ұғымды қалыптастырды.

Г.Мендель – 1865 ж тұқым қауалау заңдылықтарын жарыққа шығарды.

Ж-Б.Ламарк – 1809 ж органикалық дүниенің алғашқы эволюциялық теориясын қалыптастырды.

1.Гигрофиттер – ылғал жерлерде өсетін өсімдіктер

2. Микология – саңырауқұлақтарды зерттейді

3. Бриология – мүктерді зерттейді

4. Гипертония – қан қысымының жоғарылауы

5. Гемофилия – қан ұйымайтын ауру

6. Барахнология – қосмекенділерді зерттейді

7. Ароморфоз – органикалық дүние дамуының негізгі эвол/қ бағытының бірі

8. Диетология – тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым


ІІІ.“Қолдану баспалдағы” – «Зейін».Анатомия саласы бойынша суреттерге зеін қойып қарап, сипаттап беру.

БShape4 ассүйек, бұғана, жауырын, тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан-саусақ сүйектері, омыртқа жотасы, қабырғалар, төссүйек, ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, табан сүйектері мен башпай сүйектері.



1-бауыр, 2-өңеш, 3-асқазан, 4-ұйқыбез, 5-ұйқыбездің өзегі,

6-ұлтабар, 7-өт қабығының өзегі



1-қолқа доғасы, 2- өкпе артериясы, 3-сол жақ жүрекше,

4-қан тамырлары, 5-сол жақ қарынша, 6-оң жақ қарынша

7-төменгі қуысты вена тамыры, 8-оң жақ жүрекше құлағы,

9 – жоғары қуысты вена тамыры

ІV. “Талдау” баспалдағы “Мағынаны таны” өсімдіктер формулаларын жазып талдау. Алғашқы 3-уін тақтада орындап, қалған екеуін екі топ орындарынан орындайды.


1. Орамжапырақ гүлінің формуласы

Т2+2К4А2+4Ж(2)

2. Итмұрын гүлінің формуласы

Т5К5А*Ж*

3. Асбұршақ гүлінің формуласы

Т(5)К1+2+(2)А(9)+1Ж1

4. Бақбақ гүлінің формуласы

Т0К(5)А(5)Ж(2)

5. Лапыз гүлінің формуласы

К3+3А3+3Ж1


V. “Жинақтау” баспалдағы– тестпен жұмыс. Оқушылар 15 сұрақтан тұратын тестіні КАХОТ әдісі бойынша орындайды.

  1. Дәнекер ұлпасына жатады:

А) текшелі

Ә) безді

Б) май

В) сезгіш

2. Мойын омыртқаларының саны

А) 7

Ә) 9

Б) 15

В) 5

3. Адамның денесінің 1 пайызын құрайтын заттар

А) нәруыздар

Ә) майлар

Б) көмірсулар

В) ферменттер

4. Гүлдің қорғаныштық қызметін атқаратын бөлімі

А) түйін

Ә) тостағанша жапырақша

Б) аталық

В) аналық

5. Тұқымның ең негізгі бөлігі

А) қауыз

Ә) тамырша

Б) сабақша

В) ұрық

Shape5

6. Май алу үшін өсірілетін мәдени дақыл

А) күнбағыс

Ә) жүзім

Б) алма

В) бақбақ

7. Қозғалыс қызмет атқаруға қатысатын нәруыз

А) миозин

Ә) альбулин

Б) глобулин

В) антидене

8. Адамның омыртқа жотасы ... иілімнен тұрады

А) 7

Ә) 6

Б) 5

В) 4

9. Қарапайымдылар қоректенген кезде түзіледі

А) кіші ядро

Ә) асқорыту вакуолі

Б) үлкен ядро

В) жиырылғыш вакуолі

10. Жұлыннан таралатын жүйкелер саны

А) 10 жұп

Ә) 25 жұп

Б) 31 жұп

В) 19 жұп

Shape6

11. Кеуде қуысының қаңқасы

А) жауырын

Ә) бұғана

Б) шыбық сүйек

В) қабырға

12. Көздің ортаңғы қабығы

А) торлы қабық

Ә) тамырлы қабық

Б) ақ қабық

В) нұрлы қабық

13. Ортаңғы құлақтағы дыбыс сүйекшесінің саны

А) 3

Ә) 4

Б) 5

В) 6

14. Генетиканың негізін салушы

А) Т.Шванн

Ә) К.Линней

Б) Ч.Дарвин

В) Г.Мендель

15. Тіршіліктің жасушалық емес формасы

А) вирус

Ә) жануар

Б) адам

В) өсімдік

Shape7

VІ. “Бағалау” баспалдағы–оқушылар бүгінгі сабақтан алған ойларымен бөліседі.


VІІ. “Жетістік” баспалдағы – кері байланыс.Балалар, бүгінгі сабақта өздеріңізді қандай деңгейде көрсете білдіңдер. Сабақта білмеген тұстарың көп болды ма? Өзіңді көрсете алдың ба?

Shape8

Қорытынды:Міне, балалар, бүгін сендер ХХІ ғасырдың білімді ұрпақтары екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушылар:

Үйге тапсырма:Генетика және селекция негіздеріне қайталау жұмыстарын жүргізу.

Кім көп еңбектенсе, сол жеңіске жетеді деген сөз бар. Сондықтанда сіздерге тек сәттілік тілеймін. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!