«№2Ақсуат орта мектебі»
КММ
Ашық сабақ
жоспары
8 –
сынып
Тақырыбы: ХІХ ғасырдың І-жартысындағы
материалдық мәдениет
Пән
мұғалімі: С.
Сырлыбаев
2017
–
2018
оқу
жылы
Күні:
19.10.2017
жыл
8-сынып. Қазақстан
тарихы
Сабақтың
тақырыбы: ХІХ ғасырдың І-жартысындағы
материалдық мәдениет
Сабақтың
мақсаты:
Білімдік: Қазақ халқының ХІХ ғ. І
жартысындағы материалдық мәдениет үлгілері туралы, қазақтың көне
баспанасы саналатын киіз үйі жөнінде кеңінен мәліметтер бере отырып
білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: Оқушылардың қазақтың дәстүрлі
ұлттық мәдениеті туралы көзқарастарын қалыптастыру, бірлесіп жұмыс
жасай алу дағдыларын дамыту, қайталау, сұрақ қою арқылы есте сақтау
қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Ұлттық өнерді бағалай білетін,
ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, дәстүрлі өнерге құрметпен
қарайтын азаматтар мен азаматшалар
тәрбиелеу.
Сабақ
түрі: Аралас
сабақ
Әдісі: СТО элементтері: жұптық жұмыс,
сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайд, суреттер, қоржындағы
асықтар, киіз үйдің макеті
Сабақтың
барысы
І.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып,
түгендеу
Сергіту сәті: «Қара жорға
биі»
Қаламсаптары арқылы
жұптастырамын.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау.
«Қоржындағы сұрақтар»
ойыны. (қоржында нөмірленген 15 асық
болады)
«Қазақстанның Ресейге қосылуы»
тарауын қорытындылау
-
Қазақстанның Ресейге қосылуына
қандай тарихи оқиға ықпал етті? (Жоңғар
шапқыншылығы)
-
Ресейге қосылу үрдісі қай жылы
басталды? (1731
жылы)
-
Ресей билігін мойындауда
Әбілқайыр хан қандай мақсат көздеді деп
ойлайсыңдар?
-
Қазақ жері Орта Азияға кіретін
«қақпа және кілт» деп орыстың қай патшасы айтты? (І
Петр)
-
Патшалы Ресей қазақ жерін
отарлау үшін қандай шаралар жасады? (Табиғи байлықтарын, халқының
тұрмысын зерттеді, бекіністер салды)
-
Хандық билікті жою үшін Ресей
имериясы қандай шаралар жасады? (1822,
1824 жж. Реформаларды
жасады)
-
К. Қасымұлы бастаған
көтерілістің мақсаты қандай болды? (Округтік билеуді жою, хандық
билікті қалпына келтіру, отаршылдыққа
қарсы)
-
Кіші жүздің соңғы ханы кім?
(Шерғазы хан)
-
Орта жүздің соңғы ханы кім?
(Уәли хан)
-
Оңтүстік Қазақстан жерлерінің
Ресей империясықұрамына қосылуына қандай оқиға ықпал етті? (Хиуа,
Қоқан хандықтарының үздіксіз басқыншылық
жорықтары)
-
Оңтүстік Қазақстанды отарлау
үшін салған Ресей бекіністері? (Сергиополь, Лепсі, Ақтау, Алатау,
Қапал)
-
Ресейдің экономикалық және
саяси мүдделері тұрғысынан көз тіккен аймақтары? (Жетісу, Іле
өңірлері)
-
1847
жылы салынған бекініс?
(Қапал)
-
1854 жылы негізі қаланған
бекініс? (Верный)
-
1855 жылы Сібірден 400 отбасы
көшіп келді, осы сияқты көшіп келушілер көбейіп кетті, салдары не
болды деп ойлайсың? (Қазақстанның көп ұлтты мемлекетке айналуына
әкеп соқты)
Үй тапсырмасын
қорытындылау. Сонымен патшалық Ресейдің 200
жылға жуық жүргізген отаршылдық саясатының салдары бүгінгі егемен
Қазақстан мемлекетінде байқалама? Байқалса қандай жағдайда?
(Тілдік, демографиялық жағдайда айқын
байқалады)
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Кіріспе ретінде ой тастау.
Оқушыларға тақырыпқа кіріспес бұрын «МӘДЕНИЕТ» деген сөзді қалай
түсінетіндігін сұраймын. Оқушылар әр түрлі жауаптарын айтады.
Толықтыру ретінде оқушыларға мәдениеттің 2-ге бөлінетінін айтамын
яғни, материалдық және рухани мәдениет. Сосын тақтаға «Киіз үйдің»
суретін шығарамын. Оқушыларға бұл қандай мәдениетке жатады? - деген
сұрақ қоямын.
Күні: 19.01.2017
жыл.
Жаңа
тақырып: ХІХ ғасырдың І-жартысындағы
материалдық мәдениет
«Сөздікпен
жұмыс» тақырыпта кездесетін негізгі
сөздерді талқылап, дәптерге жазу.
Материалдық мәдениет
– халықтың күнделікті тұрмыс
қажеттілігін өтейтін бұйымдар және оны керекті
құрал-жабдықтар.
Ұста
– металды балқытып, одан әртүрлі
бұйымдар жасайтын шеберлер.
Киіз үй
– ежелгі сақтар мен ғұндардың
заманынан келе жатқан көшпелілердің
баспанасы.
«Жұптық әңгіме» стратегиясы
арқылы мәтінді талдау.
Жұптағы әр 1 оқушы 10
сұрақтың жауабын тауып жұбына айтып береді. (Мәтін бойынша
жиыны 20
сұрақ
беріледі)
-
Қазақ халқының материалдық
мәдениетінің негізі? (мал шаруашылығы)
-
Қазақ халқында дамыған қолөнер
саласы? (тоқымашылық, сырмақ, текемет, тұскиіз, киіз басу, ағаш,
металл, сүйек, мүйіз өңдеу)
-
Жіңішке кесілген теріден
жасалатын бұйым? (қамшы)
-
Уығы да жоқ, шаңырағы да жоқ
тек киіз үй керегелерін бір-біріне сүйеп жасайтын уақытша баспана
қалай аталады? (Итарқа)
-
Қазақ халқы металды балқытып,
одан әртүрлі бұйымдар жасайтын шеберлерді қалай атаған?
(Ұста)
-
Ежелгі сақтар мен ғұндардың
заманынан келе жатқан көшпелілердің баспанасы? (Киіз
үй)
-
Киіз үй бөліктерін ата?
(Кереге, уық, шаңырақ)
-
Қазақтар үшін ерекше мереке?
(Наурыз) Неліктен қазақтар өімірінде наурыз мерекесі ерекше орын
алды?
-
Киіз үйдің қабырғасын құрайтын
айқасқан сүйектер қалай аталады? (Кереге)
-
Керегеден жоғары қарай
шаңыраққа барып тірелетін ұзындығы 2,5 – 5 метрге дейін жететін
сырықтар қалай аталады? (Уық)
-
Киіз үйдің ең жоғарғы күмбезді
бөлігі қалай аталады? (Шаңырақ)
-
Киіз үйдің жабындылары нешеу?
(Үшеу)
-
Керегенің етегінен бастап
уықтың иініне дейін киіз үйді айналдыра жабатын тұтас киіз қалай
аталады? (Туырлық)
-
Уықтың етек жағын туырлықпен
айқастырып, жоғары жағы уықты түгел жабатын киіз қалай аталады?
(Үзік)
-
Ең жоғарыдағы шаңырақты
жабатын төрт бұрышты киіз қалай аталады?
(Түндік)
-
Киіз үйдің есігі қалай
аталады? (Сықырлауық)
-
Киіз үйдің есігінің екі
шетіндегі жақтау ағаштар қалай аталады?
-
Екі босағаны қосатын төменгі
кіре берістегі көлденең ағаш қалай аталады?
(Табалдырық)
-
Киіз үйді тіккенде жиі
қолданылатын шаңырақты ортада көтеріп тұратын ашамай ағашты қалай
атайды? (Бақан)
-
Қос дегеніміз не? (Керегесі
жоқ, ұзын жуан уықтармен ғана тұрғызылған киз
үй)
Жаңа сабақты
қорытындылау. Суреттерге қарап әңгіме құрау
(Киіз үй, уық, кереге, шаңырақ, түндік, сықырлауық суреттерін
беремін).
ІV. Сабақты
бекіту.
-
«Блиц сұрақтар» бойынша өткен
тақырыпқа байланысты қорытынды сұрақтар қоямын. Сұрақтар жоғарыда
мәтін талдауға байланысты берілген сұрақтардан
болады.
V.
Бағалау. Бағалау парағы бойынша әр
оқушыға қорытынды бағаларын қоямын.
№
|
Оқушының
аты-жөні
|
Үй
тапсырмасы
(«Қоржындағы»
сұрақтар)
|
Жаңа
сабақ
(«Суретті
әңгіме»)
|
Бекіту
(«Блиц
сұрақтар»)
|
1
|
|
|
|
|
VІ. Үй
тапсырмасы. Киіз үйдің бөліктеріне,
түрлеріне анықтама жазу.