Материалдар / ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстандағы отаршылдық билік.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстандағы отаршылдық билік.

Материал туралы қысқаша түсінік
19 ғасырдығ аяғы 20 ғасырдың басындағы отаршылдық билік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Мамыр 2023
247
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстандағы отаршылдық билік.


Жетекші: Аға оқытушы, тарих магистрі Альдибаева А.Б.

Студент: Қуанышбек Жалғас

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


1867 жылы жарияланған «Уақытша Ереженің» негізінде Түркістан генерал-губернаторлығы құрылып, ол алғашында екі облысқа бөлінді: Сырдария (орталығы Ташкент) және Жетісу (орталығы Верный қаласы). Кейіннен жаулап алынған Орталық Азия хандықтарымен шекаралас аймақтарда уезд орнына мынадай әкімшілік-аумақтық құрылымдар енгізілді: 1868 жылы Заравшан округі (орталығы Самарқанд), 1873 жылы Амудария бөлімі (орталығы Первоалександровск (Төрткөл), 1876 жылы Қоқан хандығының жойылуына байланысты – Ферғана облысы (орталығы Жаңа Маргелан (Ферғана).

Жетісу облысының құрамында Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ уездері болды. 1882 жылы ол Түркістан генерал-губернаторлығының құрамынан шығарылды.

Сырдария облысының құрамында 1868 жылы Әулие Ата, Қазалы, Құрама (орталығы - Қойлық), Перовск, Түркістан, Ходжент, Шымкент уездері ұйымдастырылды. Ташкент қаласы дербес әкімшілік бөлімді құрады.

Ресей патшасы К.П. Кауфманға «барлық саяси, шекаралық және сауда істерін шешуге, шекаралас елдерге келіссөздер жүргізу және трактаттарға, қаулылардың алғы шарттарына қол қою үшін сенімді адамдарды жіберуге» өкілеттік берді.

Жалпы алғанда 1867 жылдан 1917 жыл аралығында Түркістанды 12 генерал-губернатор басқарған: К.П. Кауфман (1867-1882 жж.), М.Г. Черняев (1882-1884 жж.), Н.О. Розенбах (1884-1888 жж.), А.В. Вребский (1889-1898 жж.), С.М. Духовский (1898-1901 жж.), Н.А. Иванов (1901-1904 жж.), Н.И. Тевялов (1904-1905 жж.), Д.И. Суботич (1905-1906 жж.), Н.Н. Гродеков (1906-1908 жж.), П.И. Мищенко (1908-1909 жж.), А.В. Самсонов (1909-1913 жж.), А.Н. Куропаткин (22.07.1916 ж.-31.03.1917 ж.).

Жалпы алғанда Кауфман билік құрған кезеңде Ресей билігі беймәлім Түркістан өлкесіне аса сақтықпен және есеппен аяқ басты. Бұл алғашқы буын басшылар биліктен кеткен соң, оның орнына келгендердің тұсында өлкедегі жағдай біртіндеп өзгеріп, ендігі кезде патша әкімшілігі жергілікті халықтың сеніміне кіру мүддесіне емес, тезірек өлкенің табиғи байлығын игеру, сонымен бір мезгілде жергілікті жұрттың өсіп-өну жолында тұрған табиғи талаптарын шегеріп, шектеу болды.

1882 жылы К.П. Кауфман өлген соң оны М.Г. Черняев ауыстырады. Оның әкімшілік қызметі өлкені басқаруда өте нашар дайындалған болып шықты. Сонымен қатар, Черняевтың басқаруындағы әкімшілік көргенсіздігімен аты

Өлкенің көптеген мәдени мекемелеріне нұқсан келтіріліп, Черняевтің нұсқауымен Түркістан көпшілік кітапханасы таратылады да, көптеген құнды кітаптар жойылды. Сонымен қатар, Ташкент химиялық зертханасы, жібек тоқу мектебі жабылады.

Бірақ, Черняев өлкені толық басқарып үлгермейді. 1884 жылы ақпанда патша өкіметі оны шұғыл түрде, Петербургке шақыртып алады.

Түркістанға жаңадан келген генерал-губернатор Г.О. Розенбах Петербург әскери округі гвардиясы штабының бастығы болған еді. Н.О. Розен-бах граф Игнатьевтің «1886 жылғы Ереженің» соңғы нұсқасын әзірлеу жөніндегі комиссиясының жұмысына белсенді араласып қана қоймай, оның ықпалымен Сырдария облыстық статистика комитеті сияқты көптеген жаңа мемлекеттік мекемелер құрылып, сот жүйесі қайта ұйымдастырылады.

Розенбахтан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына Одесса әскери округі штабының бұрынғы басшысы барон А.В. Вревский тағайындалады. Оның басқару жылдары өлкедегі Ташкенттегі 1892 жылғы «тырысқақ» көтерілісі, Ферғана облысының болыстары мен уездеріндегі кедейлердің 1893, 1895, 1896, 1897 жылдардағы қозғалыстары сияқты көптеген халық толқуларымен танымал болды. Көтерілістердің барлығы да жазалаушы әскерлерді көмегімен қатаң және аяусыз түрде басылды.

«Түземдіктердің көтеріліске шығу» себебін Вревский «жергілікті әкімшіліктің беделінің түсуі» деп есептеп, жергілікті сот құрылысына да араласады да, жаңа «Халық судьяларына нұсқаулықты» әзірлеп, патша өкіметіне қазылар мен билер лауазымдарына сайлау жүйесін алып тастауды ұсынады. Бірақ, оның ұсынысын патша үкіметі қабылдамайды. Вревскийдің шектеулі ұлттық саясаты өлкедегі шенеуніктер аппаратының барлық сатысында қолдау тапты.

Вревскийді алмастырған Духовскийдің басқа генерал-губернаторлардан өзгешелігі, мұсылмандық мәселесін кеңінен зерттеудің негізін салды. Ол «Түркістандағы ислам» атты баяндамасында «христиандарды мұсылмандармен жақындастыру» шаралары ретінде өлкенің барлық қызметкерлеріне «мұсылмандардың діни тұрмысымен терең танысуды», мекемелердің кітапханалары мен кеңселеріне орыс тілінде ислам туралы басты анықтамалықтар мен жетекші шығармалар алуды, «Мұсылмандық туралы материалдар жинағын» тұрақты шығарып тұруды, барлық мұсылман басылымдарына цензура бекітуді ұсынады. Бірақ, бұлардың барлығы да қағаз жүзінде қалды, 1890 жылы қарашада Духовский Түркістаннан шақыртылып алынды.

Түркістандағы басқару көптеген патша шенеуніктерінің күшімен жүзеге асырылды. Отарлық билік жүйесінің жоғарғы сатысына Түркістан генерал-губернаторы мен облыстық басқармалардың кеңсесі шенеуніктері де енгізілді. Сондықтан көптеген істер оның қалай жеткізетіндігіне байланысты шешілді. Кейде өзінің лауазымын асыра пайдалану да болып тұратын.

Бұлардың ішіндегі ең бастысы 1867 жылы құрылған Түркістан генерал-губернаторының Кеңсесі болды. Ол атқарушы орган ретінде штаттық және инспекторлық тәртіп, жер, жол құрылысы мен тау-кен өнеркәсібі, Хиуа мен Бұхараға Ресейдің протектораты, шығыстың басқа да елдерімен байланыс мәселелерімен айналысты. Кеңсе арнайы құрылған үкіметтік комиссиялармен бірге одан әрі патша министрліктері мен Мемлекеттік Кеңестің қарауына түсетін барлық түркістандық заң жобаларын дайындауға қатысты.

1899 жылдан бастап Түркістандағы барлық сыртқы саяси мәселелер Сыртқы істер министрлігінің бақылауына көшеді. 1886 жылғы Ереже қолданысқа енуімен отарлық әкімшіліктің экономика саласындағы қызметтері шектеле бастайды. Оны Қаржы, Жер ісі және мемлекеттік мүлік сияқты Ішкі істер министрліктеріне бағынатын көптеген мемлекеттік мекемелердің ұйым-дастырылуынан көреміз

Облыстық басқармада басты орынды шаруашылық бөлімшесі атқарды, оған мынадай маңызды міндеттер жүктелді: отырықшы және көшпенді халықты жерге орналастыру, вакуфтар істерімен айналысу, су пайдалану жөніндегі мәселелер және жергілікті тұрғындарға алым салу, земство шығындарының сметасын жасау және шығындармен айналысу, кеден алымдарын жинауға бақылау жасау және дауларды шешу, әртүрлі келісімдерді қарау және бекіту, облыстың шикізат ресурстарын пайдалануға және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша өнеркәсіп орындары мен фирмаларды ашуға лицензияларды рәсімдеу және беру, сауда мәмілелері мен тәртіптерін рәсімдеу.

Уезд әкімшілігінің басшысына уезде орналасқан әскерлер де бағынды. Уезд бастықтарын қызметке облыс әскери губернаторларының ұсынысы бойынша генерал-губернатор тағайындап, орындарынан алды. Уезд бастығы исправник, полиция, земство бастығы, қала басшысы, жер қатынастарының төрағасы қызметін қоса атқарды.

Жергілікті халықтың патша шенеуніктерінің ұрлығы мен тартып алуларына байланысты наразылығы бұл кезде күшейіп, шегіне жеткен болатын. Бұл тақырып ресей баспасөздерінде талқылауға айналды.

Уездердің ашылуымен бір мезгілде жергілікті халық арасында болыстық және ауылдық орындарын ұйымдастыру мақсатында (реорганизационные комиссии) комиссиялар құрылып, оларды басқару уезд бастығының міндетін атқарушыларға жүктелді. Оларға көмекке бір әскери лауазымындағы немесе уездік сотқа белгіленген адамдар қосылды..

Бұл көрсетілгендерден басқа комиссия мүшелеріне қосымша түрде мынадай міндеттер жүктеледі: « а) Егерде жұмыс барысында комиссия мүшелері әлдекімнің тарапынан реформаға қарсы сөзімен немесе ісімен әрекет етушіні байқаған болса, ондай адамды комиссия уезд ортасындағы белгілі бір орында полиция бақылауында ұстайды; ә) комиссия мүшелерінің шешімімен жергілікті бұратаналар оның жұмысына тартылуы мүмкін, ондай жағдайда ол дауыссыз мүше жағдайында болады; б) комиссияға оның ұйымдастыру жұмыстарына аса белсенділікпен араласқан бұратаналарға генерал-губернатор атынан награда жөнінде уәде беру құқы жүктеледі...»..

Бастапқы кезде комиссия Самбет және Байтемір руларынан тұратын қазақтардан бір болыстық жасамақшы болған екен. Алайда сайлау кезінде қазақтар болыстыққа тек өздерінің руластарынан ғана сайлағысы келді. Сол себептен комиссия олардың өтінішін қанағаттандыруға мәжбүр болды.

Мәселен, қазақтардың бірнеше ауылы болыстарға сәйкес келмеген, қауымдастықтар, тіпті жекелеген қауымдастықтардың шаруашылығы ресми тізімдер бойынша бөлінген және әр түрлі әкімшіліктердің құрамында жүрген.

Осы кемшіліктерді жою жолында комиссия көптеген жұмыстар атқарады. Осыған байланысты бір мысал келтірсек, 1868 жылы 16 наурызда Сырдария облысының губернаторы Түркістан генерал-губернаторына былай деп мәлімдейді: «Осы уақыт аралығында Құралас-Шымыр және Жаныс болыстықтары құрылды. Жаныс болыстығына бастапқы кезде Шымкент ауданына кірген Бестамғалының Үйік бөліміне жататын 5 ауылы қосылды.

Отарлау аппаратының басты міндеті Түркістанда патша өкіметінің билік етуін нығайтуды, генерал-губернатор басқаратын шенеуніктердің шексіз билігін, патшаға жағымды тәртіпті сақтау мен режимге қарсы кез-келген қарсылықты жоюды қамтамасыз ету болды ақс. 1867 жылғы «Уақытша ережеге» және үкіметтік нұсқауларға сәйкес Түркістанның отырықшы және көшпенді халықтарын басқарудың біртұтастығы жарияланды. Әрбір уездегі көшпенді халық болыстарға, ал отырықшылар ауылдарға бөлінді.

Сұлтандар мен рубасшылардың билігін жою үшін болыстар мен ауылдар рулық ерекшелігіне емес, аумақтық ерекшелігіне байланысты құрылды. Ауылдар 200 шаңырақтан аспайтын болса, болыстарға – 1 мыңнан 2 мыңға дейін үй кірді..

Болыс басқарушысын сайлау екі сатылы жүйеден тұрды. Алдымен жиналған ауыл жиналысында әрбір 50 үй иесі бір сайлаушыны сайлайды. Содан кейін олар патша әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен өтетін болыс съезіне жиналды.

Болыс басқарушысы шаруашылық қызметінен басқа полиция қызметін де жүзеге асырды: болыстағы тәртіпті қадағалады, халық соттарының қарауына жатқызылған қылмыстар бойынша анықтау істерін жүргізді, барлық заңдар мен үкіметтің өкімдерін халыққа жеткізіп отырды.

Өлкені басқарудағы басты бағытты жергілікті тұрғындардан жаңа шенеуніктер құрылымын дайындау және барлық күшті әскери-әкімшілік жүйені нығайтуға жұмсады.

1867 жылғы «Уақытша Ереже» бойынша жаңа салық жүйесі енгізіліп, көшпенділер үшін бірыңғай әр үйден 2 сом 75 тиыннан жиналса, отырықшы халық жер салығын төлеп, оның мөлшері егіннің 1/10 бөлігіне теңестірілді,

Осылайша, ХІХ ғасырдың 60-80-жылдарының ортасына дейін басқару аппараты патша өкіметінің мүддесі мен оның отарлық саясаты үшін қызмет атқаратын бір-бірімен тығыз байланысты әкімшілік механизмнің негізгі элементтері мен оған сәйкес органдардың жүйесін көрсетті. Бұл аппараттың ерекше белгісі – оның шамадан тыс бюрократиялық орталықтандырылуы болып табылды. Сонымен қатар, басқару аппараты функцияларының бір бөлігі патша әкімшілігінің бақылауымен қызмет атқаратын жергілікті билік институттарына – ақсақалдар мен болыс басқарушыларына берілді. Түркістанды басқару мәселесін бұлайша шешу басқа жерлерде жинақталған тәжірибе мен өз мақсатына тезірек жетуге сәйкестендірілді.

Биліктің отарлық жүйесінің жалпы сипаты оның қорғаныс және жазалау нан көрінеді. Патша өкіметінің мүддесін қорғауды сот органдары жүзеге асырды. «1867 жылғы Ереже жобасы» Түркістанда сот құрылымының өзіндік жүйесін қолданысқа енгізді.

1886 жылғы Ереже бойынша уездік соттар жойылып, олардың орнына учаскелік бітім соттары Осыдан кейін 1898 жылы сот реформасы жүргізіліп, ол «Сот жарғыларын Түркістан өлкесінің облыстарына қолдану туралы Ережеге» сәйкес таратылған облыстық соттардың орнына округтік соттарды және Түркістанның барлық жері үшін басты сот инстанциясы болған Ташкент сот палатасын енгізді. Ол тек империяның жоғарғы сот инстанциясы – үкіметтік Сенатқа ғана бағынышты болды.

Осылайша, ХІХ ғасырдың соңында Түркістандағы сот жүйесін қайта құру өлкелік, уездік, облыстық деңгейдегі сот мекемелерін Ресей сот жүйесімен сәйкестендірілді.

Сонымен, Түркістанда отарлық билік органдарының қалыптасуы патша өкіметінің жаулап алу акциясының негізінде ХІХ ғасырдың 60-80 жылдарының ортасында жүргізілді. Патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асыру қолына әскери, азаматтық және сот билігін шоғырландырған әскери бюрократияның міндеті болды. Тек болыстық және ауылдық деңгейде ғана билікті ұйымдастыру жергілікті қоғамның қарауына берілді.

Басқарудың жаңа жүйесі Түркістан жерінде нашар және ауыр жағдайларда енгізілді. Ол жергілікті қоғамның даму тенденциясын айтарлықтай өзгерте алмады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Пашино П.И. Туркестанский край. СПб., 1868.- 312 с.

  2. Костенко А.Ф. Туркестанский край. Т.1. СПб., 1880. – 452с.

  3. Бекмаханов Е. Қазақстан 20-40 жж. – Алматы: Санат, 1994. - 416 б.

  4. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы: Санат, 1994. –135 б.

  5. Қойгелдиев М.Қ. Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ ғ.-1917 ж.). – Астана: Елорда, 2004. –216 б.

  6. Мұқаметханұлы Н. ХҮІІІ-ХХ ғасырдағы қазақ-қытай байланыстары. –Алматы: Санат, 1996. - 128 б.; Қытайдағы қазақтардың қоғамдық тарихы (1860-1920 жж.) – Алматы. 2000. – 336-б.


  1. Алдабергенов Қ.М. Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының бағыттары мен нәтижелері (1860-1918 ж. Мерзімді материалдары бойынша). – Алматы: Рауан, 2000.- 285 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!