Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия - Терминалогия

Материал туралы қысқаша түсінік
Термин сөздік
Материалдың қысқаша нұсқасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ЖШС «Мейірбике» колледжі





«Келісемін» «Бекітемін»

Директордың ӘІЖ орынбасары Директор Сағынбаев Ә.Ү

__________Құлекешова Ә.М __________

« ______ »________ 2021 ж. « _____ »________ 2021ж.






Терминалогия


Пән: Жалпы химия










Курс: І, ІІ

Оқытушы: А.Ж. Токтасинова













Ақтау 2021ж



Химия – элементтерді (атомдарды), жай және күрделі заттарды, олардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, химиялық өзгерістер мен оған әсер ететін жағдайлар мен өзгерістер кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейді. Химиялық жеке заттар бір-бірінен химиялық құрамы мен қасиеттері бойынша ажыратылады. Әр зат белгілі жағдайдағы физикалық қасиеттері (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.

Бейорганикалық химия немесе анорганикалық химия – барлық қалған химиялық элементтер түзетін қосылыстардың құрылысы мен қасиеттерін және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттейді.

Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.

Атом (көне грекше: ἄτομος) Химиялық элементтерді құрайтын, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сақтайтын ең кішкене бөлінбейтін бөлшек.

Молекула (лат. moles – масса) – жай немесе күрделі заттың негізгі химиялық қасиеттерін сақтайтын және өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлінетін бөлшек

Ион (грек. iоn – жүріп келе жатқан) кристалдардың дербес бөлігі ретінде немесе ерітінді құрамында, кейде газ түрінде ұшырасатын он (катион) немесе теріс (анион) зарядталған атом (кешенді ион, яғни атомдар тобы).

Катион (гр. kata kata – төмен және гр. іon – қозғалу) – оң зарядты ион; электр өрісінде теріс электродқа (катодқа) қарай қозғалады. Бос күйінде плазманың газ фазасында және аниондармен бірге көптеген тұздардың құрамында болады. Бейтарап бөлшектерден бір немесе бірнеше электронды қатты қыздыру, электрлік заряд, иондаушы сәуле, тағы басқа нәтижесінде айырып алады. Электролиттердің электролизі кезінде катодқа қарай тартылады. Құрамында катионы бар және жұпталмаған электрондары бар бөлшектер катиондар-радикалдар деп аталады.Катион — оң зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында катод, яки теріс зарядталған электрод төңірегінде шоғырланатын ион.

Анион – бір немесе бірнеше атомнан тұратын теріс зарядты бөлшектер (иондар). Аниондар химиялық реакцияларда катализатор рөлін атқарады, электр өрісінде электр тогын оң электродқа (анодқа) қарай тасымалдайды. Соңғы құбылыс ерітінділердің электролизі кезінде де байқалады. Аниондар (катиондармен бірге) геохимияда, технология және тірі организмде болатын процестерде үлкен маңыз атқарады. Анион теріс зарядталған, сондықтан электролиз жағдайында оң зарядталған электрод не анод төңірегінде шоғырланатын ион.

Масса массадағы заттардың саны. Ол әдетте граммен есептеледі.

Моль – Авогадро саны (6.02 х 10-23) кез келген нәрсе.


Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) — Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.

Химиялық элементтер ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Элементтер химиялық әдістер арқылы әрі қарай қарапайым затқа бөліне алмайтын химиялық заттар болып табылады. Олар белгілі атом саны бар біртекті атомнан тұрады.

Сілтілік метал - сілтілі метал кестенің І топтағы металл. Сілтілік металдар: литий, натрий және калийді қамтиды. сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған.

Сілтілік жер металдар –екінші ІІ топта орналасқан металдар.

Инертті газдар, асыл газдар элементтердің периодтық жүйесінің VIII тобындағы химилық элементтер. Олар: гелий, неон, аргон, криптон, ксенон, радон. Инертті газдар – түссіз және иіссіз, молекулалары бір атомды, сұйылу, қату температурасы өте төмен. Аздаған мөлшерде ауада, минералдар құрамында, табиғи газдарда, еріген күйінде суда кездеседі.

Период – сілтілік металдан басталып инертті газбен аяқталатын элементтер тобын айтады. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.

Периодтарда араб сандарымен белгіленген 10 қатар кіреді. Үлкен периодтардың жұп қатарларында (төртінші, алтыншы, сегізінші және оныншы) тек металдар тұр және бұл қатарлардағы элементтердің қасиеттері аздап қана өзгереді. Үлкен периодтардың тақ қатарларындағы (бесінші, жетінші, тоғызыншы) элементтің қасиеттері қатардағы типтік эдменттердегі сияқты солдан оңға қарай өзгереді.Менделеев II және III период элементтерін типтік деп атады. Бұл элементтердің қасиеттері типтік металдан екідайлы элементтерге одан бейметалл мен инертті газға қарай заңдылықпен өзгереді. Сонымен қатар периодтарда элемент қосылыстарының қасиеттері және формалары да заңдылықпен өзгереді.

Тігінен орналасқан элементтердің қатарын топтар деп атайды. Периодтық жүйеде сегіз топ бар, олардың нөмері рим сандарымен белгіленген. Топ нөмері элементтің ең жоғарғы тотығу дәрежесіне сәйкес келеді. Фтордың тотығу дәрежесі әрқашан -1-ге тең, мыс, күміс,алтынның тотығу дәрежелері +1,+2,+3-ке тең, ал VIII топ элементтерінен +8 тотығу дәрежесі тек осмий, рутений, ксенонға тән.

Әрбір топ-негізгі(A) және қосымша (Б) деп екі топшаға бөлінеді. Негізгі топшаны табиғи ұялас элементтер құрайды;оған типтік элементтер (II және III период элементтері) және химиялық қасиеттері соларға ұқсас үлкен периодтардың элементтері кіреді. Қосымша топшаны үлкен периодтың элементтері –металдар ғана құрайды.

Нейтрон (ағылшынның neutron, латынның neuter – ол да емес, басқа да емес), (n) – спині 1/2 және массасы протон массасынан аз ғана артық, электрлік бейтараптанатын; адрондар класына жататын бариондар тобына енетін бөлшек.

Протон (грекше prоtos – бірінші) (р) –атом ядросының элементтік құрамбөліктерінің бірі, сутек атомының, оның ішінде ең жеңіл сутек изотопының яки атомдар ішіндегі ең қарапайымының — протийдің ядросы; ядролардың бөліну процесі кезінде дараланады; болмашы оң зарядпен сипатталады.

Валенттілігі - атомның сыртқы электрондары. 

Химиялық қасиет - химиялық зат - химиялық өзгерістер орын алған кезде ғана байқалатын қасиет. Жанғыштық химиялық қасиеттің мысалы болып табылады , өйткені сіз оны жанатын зат (жануардың химиялық байланысын жасау / бұзу) қалай жанатындығын өлшей алмайсыз.

Өнім - өнім химиялық реакция нәтижесінде жасалған нәрсе

Химиялық теңдеу - Химиялық теңдеу - химиялық реакцияның сипаттамасы , соның ішінде реакцияға, не шығарылатынына және реакцияның қандай бағыты (ларына) әсер ететіндігі.

Химиялық реакциялар — заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы.Химиялық реакциялар масса сақталу заңы мен эквивалент заңына негізделген. 

Айырылу реакциясында бір зат екі немесе одан да көп затқа айналады; мысалы:2HgO=2Hg+O2.

Орын басу реакциясында бастапқы жай және күрделі заттардан жаңа жай не күрделі зат түзіледі; мысалы: Zn+H2SO4=ZnSO4+H2.

Алмасу реакциясында екі күрделі зат құрам бөліктерімен алмасады; мысалы: BaCl2+H2SO4= =BaSO4+2HCl.

Катализатор - катализатор реакцияның активациялау энергиясын төмендетеді немесе оны реакциясыз тұтынусыз жылдамдатады.

Тепе-теңдік - реакцияның алға жылдамдығы реакцияның кері жылдамдығымен бірдей болғанда, рецирленген реакцияларда тепе-теңдік байқалады.

Ставкалық заң

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2023
434
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12