400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химия Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні 7 сынып "Атомның құрамы мен құрылысы.Изотоптар" тақырыбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Бұл сабақта білім алушылар атомның құрамы мен құрылысын біледі. p+, n0, e протон, нейтрон, электрон сандарын ажырата алады. Изотоп түсінігін сипаттай алады. Ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылар элементтер аттарын, сиволдарвн есте сақтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Бөлім:

7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар


Педагогтің аты-жөні:

Мамыркулова У.К.

Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.2.5 –протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу

7.1.2.6 –алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;

7.1.2.7 –изотоп түсінігін білу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Атомның құрамы мен құрылысын біледі.

Білім алушылар p+, n0, e протон, нейтрон, электрон сандарын ажырата алады. Изотоп түсінігін сипаттай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

3 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Атомдар мен молекулалар» тренингі ойнатылады.


«Атомдар мен молекулалар» тренингі Оқушылар сынып ішінде еркін қозғалыста болады. Мұғалім атом дегенде жеке – жеке, 2 атомнан, 3 атомнан молекула құрылсын дегенде бір – бірімен тез топтаса қалулары қажет.

«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық,

Жұмыс дәптері


Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин



Өткен сабақтағы алған білімдерін қайталап, бекіту мақсатында «Мен кіммін?» ойыны ойнатылады. Оқушыларды шеңберге тұрғызу, мұғалім карточкалар таратады. Карточкада химиялық элементтің таңбасы беріледі.

Өткен сабақтағы алған білімдерін қайталап, бекіту мақсатында «Мен кіммін?» ойыны ойнатылады. Сағат тілі бойынша оқушылар өзіндегі карточканы көрсетіп, «Мен кіммін?» деген сұрақ қою қажет, сол кезде көршісі ол элементтің атауын айтады, осылайша жалғаса береді. Мұғалім сырттарынан бақылап,бағалап жүреді.

Әр дұрыс жауапқа 1 балл

үлестірмелер

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

10 мин.

Атомның құрамы мен құрылысы туралы бейнебаян көрсету.

Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақты талдау.


Бейнебаян көреді.Тыңдағандарын ортаға салады.

Атом құрамы мен құры-

лысын біледі;

изотоп ұғымын білетін

болады.

бейнеролик

Жеке жұмыс

10 мин

Тапсырма

Оқулықтағы 20-сурет. Атомның

планетарлық моделі сызамыз

Оқушыларға изотоптар туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында жұптық жұмыс беріледі.

126С , 136С, 146 С көміртегі изотоптарының атом құрамын моделдеңіздер



электрон


протон нейтрон


Дескриптор:

-Атомның планетарлық моделін сызады-1б


-нейторонды анықтай алады-1б


-электрон мен протон сандарын таба алады-1б

ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері

Топтық жұмыс

10-12 мин

Оқулықтағы кесте бойынша протон, электрон, нейтронның салыстырмалы массасы және зарядын кестеге толтырыңыз:

Элем.бөлшек

Заряды

Массасы

p

+1

1

n

0

1

e

-1

1/1836


N = Ar – Z,

Àr — химиялық элементтің салыс-

тырмалы атомдық массасы, Z — оның рет тік

нөмірі (протон саны), N — нейтрон саны.

Дескриптор:

-Формулаға салып кестені толтырады-2б

-мәнін жазады-1б


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

6 кесте

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5-7 мин.

«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.







Рефлексия

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

-маған ерекше ұнағаны..... сабақтан соң маған........келді

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.



Мұғалім оқушыларды

1-10 баллдық жүйе бойынша бағалайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.01.2023
357
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі