Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Химия ғажайыптары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Химия ғажайыптары»
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін көрсете білуге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін дамыту. Тәжірибе жасай отырып, пәнге баулу.
Көрнекіліктер: плакаттар, нақыл сөздер, периодтық жүйе, ыдыстар.
1-Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырылып отырған «Химия ғажайыптары» атты білімділер сайысына қош келдіңіздер!
2-Жүргізуші: Химия – қиында қызықты пән. Оның қиындығы бастауышта 42 әріпті жаттасақ, химияда 113 элементті жаттаймыз, реакция теңдеулерін жазып үйренеміз. Ал қызықтысы әр түрлі тәжірибе жасаймыз.
Химия- жыр әніміз, шаттанамыз,
Табысын пайдаланып, мақтанамыз.
Кең байтақ кенге толы – Қазақстан
Қойнауы алтын-күміс, жатқан аңыз, -дей келе сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.
1 –топ «Кальций» тобы-9 «а» сынып
2-топ «Алюминий» тобы-9 «ә» сынып
3-топ «Темір» тобы-9 «б» сынып
1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз мынадай кезеңдер арқылы өтеді.
Сайыс жоспары:
1 кезең «Ойлы болсаң,озып көр» - әр топқа сұрақтар беру.
2 кезең «Мықты болсаң,тауып көр» - химиялық формуланы айту.
3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» - жұмбақтар шешу.
4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» - химиялық есептер шығару.
5 кезең «Сен білесің бе?» қызықты мәлімет
Жүргізуші: Сайыстың әділ бағасын беріп, сайыскерлерімізді бағалайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар
1. ___________________________________________________
2. ____________________________________________________
3. ____________________________________________________
2- жүргізуші: Сергіту сәті: « Найзағай, ураган, жер сілкінісі» 2оқушы бір бірінің қолынан ұстап үйшік болып тұрады. Үшінші кісі тұрғын болып есептеледі. Содан кейін тұрғын үйге келіп топ болып тұрады. Жүргізуші найзағай дегенде тұрғын шығып басқа үйшікке барады. Бірақ үйшіктер қозғалмай тұрады. Ал ураган дегенде тұрғындар сол қалпында тұрады, ал үйшік өздеріне басқа тұрғындар іздейді. Жел сілкінісі деген кезде үйшіктерде тұрғындарда жаңа топ құрайды.
1-Жүргізуші:Олай болса, сайысқа түсушілерге сабырлық пен жеңіс тілейміз.
Химия ғылымдардың бұл төресі,
Оза алмайды жарыста тар өресі.
Біліміңді көрсетер кезің келді
Басталмақшы кезеңіміз келесі –дей отырып
1-кезең. «Ойлы болсаң,озып көр»- әр топқа сұрақтар беру. Әр жауап -1 ұпай.
9 «а» сынып «Кальций» тобы
-
Қосылыстарында +2 тотығу дәрежесін көрсететін металл (Кальций)
-
Шойын өндіретін пеш(домна)
-
Темірдің физикалық қасиеті(жылтыр,күміс түсті,ақ металл,пластикалығы жоғары,ол созуға,созуға,иілуге бейім)
-
Алюминийді өнеркәсіпте алу (Бокситтермен электрохимиялық әдіспен)
-
Темірдің құймалары(шойын,болат)
-
Алюминий сульфаты ерітіндісінде лакмус индикаторының түсі? (таңқурай түсті)
-
Темірдің периодтық жүйедегі орны(4 периодтың,8 топтың қосымша топшасының элементі.Атомдық нөмірі 26,ядросында 26 протон,30 нейтрон бар )
-
Кальцийдің табиғатта таралған қосылыстарын ата (Ғаныш, доломит, фосфарит, апатит, флюорит)
-
Алюминий оксидінің өте қатты кристалдық формасы (корунд)
-
Алюминийдің минералы (слюда )
2- жүргізуші: 9 «ә» сынып «Алюминий» тобы
-
Екідайлы қасиет көрсететін металл?(Алюминий)
-
Гипс құрамында қандай металл болады? ( кальций)
-
Сүйек пен тісте кездесетін металл (Кальций)
-
Табиғаттағы металдардың ішінде таралуы бойынша 1-орын алатын металл? (Алюминий)
-
Суда ерігенде оған кермектік қасиет көрсетеді( кальций тұздары)
-
Темір жетіспегенде қандай ауру байқалады?(анемия)
-
Сиыр мен қой етінде , сүт тағамдарында, қара бидай наны, жұмыртқаның сары уызында мол металл ( кальций)
-
Темірдің табиғи минералдары(гематит,магнетит,лимонит,пирит,сидерит)
-
Сүйек қатайтатын элемент ( кальций)
-
Алитирлеу дегеніміз қандай ? (Шойын мен болаттан жасалған бұйымдарды жемірілуден сақтау)
1-жүргізуші: 9 «б» сынып «Темір» тобы
-
Магниттік қасиеті бар металл(Fe)
-
Қосылыстарда +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл? (Алюминий)
-
Азот қышқылымен әрекеттеспейтін металл? (Алюминий )
-
Сөндірілмеген ізбестің формуласын көрсет (CaCO3)
-
Кальцийдің периодтық жүйедегі орналасуы (ІҮ период, ІІ топ негізгі топша)
-
Бокситтің балқу температурасын төмендету үшін қосылатын зат (криолит)
-
Күмістей ақ, өте белсенді металл (Кальций)
-
Қанға қызыл түс беретін металл?(темір)
-
Пириттің құрамында бар металл?(темір)
-
Мүмкін болатын валенттілігі(II,III)
2-Жүргізуші:
Тыңайтқыш молайған соң ауылымда,
Дән өсті туған өлке сауырында
Ішсең ас, кисең киім, үй жиһазы,
Химия дәру болған болған сауығуға – келесі кезең
2 кезең «Мықты болсаң, тауып көр» - химиялық формуланы оқу.
Химиялық формуланы оқылуы және атауы. Әр жауап 1 ұпай
«Кальций» тобы
Na2SO4, HCl, CaCO3, СuSO4, BaCI2, HNO3, Р2О5, NaNO3, MgO, H2SO4
«Алюминий» тобы
FeSO4, ZnCl2, KNO3, NaCl, NaOH, BaSO3, H3PO4, Na3PO4, Al2O3, H2S
«Темір» тобы
СаН2, гидриді, Н2SO3, FeS2, Fe(OH)3, Al(OH)2Cl, ZnSO4, KFeO2, NaAlO2, CaC2, Ba(OH)2
1-Жүргізуші:
Химия – ел ырысы, ғасыр үні,
Ғылымға қазіргі зор басын иді.
Талай жыл адамзатқа жұмбақ болған
Ашылды табиғаттың жасырыны-дей келе келесі кезең
3 кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр» - мақал, жұмбақ шешу. Әр топқа төрт мақал, 4 жұмбақ оқылады. Аяқталмаған мақал, аяқтау керек және де химиялық атауын атау керек. Жұмбақты да шеше отырып, химиялық атауын атау керек. Әр жауап 3 ұпай
Мақалдар
1-топ: 1. 1. Ескі мата сөз болмас, ескі ТЕМІР біз болмас. (феррум)
2. Қойдың сүті- ҚОРҒАСЫН ( плумбум
Жұмбақтар:
-
Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді?
Айтшы ойланып, денеңде жетпейтін қай тұз еді? (натрий, ас тұзы)
-
Ертеден белгілі жетеудің бірімін,
Электроника саласында ірімін,
Көптеген құймаларға ірімін,
Әдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс)
-
Өзім газбын, менімен демаласың,
Жоқ болсам ауа жетпей қиналасың. (ОТТЕК, ОКСИГЕНИУМ -O2)
2-топ: 1. От көмір жейді, тот ТЕМІР жейді. (феррум)
2. Арпа бидай ас екен, АЛТЫН –КҮМІС тас екен. (аурум, аргентиум)
Жұмбақ
-
Ақ түйір айналады тыным таппай
Жүргендей су бетінен орын жақпай
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады
Оқушым кім ойланғын қойма таппай (натрий)
-
Менделеев ауылының алтыншы көшесінде тұрамын
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын
Мені балқыта алмай қиналады көбісі
Қазақстан әлемде кенім жөнінен бірінші (вольфрам)
-
Адам мен жануардан бөлінеді,
Өсімдіктін торына ілігеді. (КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ -CO2)
3-топ: 1. Шебердің қолы АЛТЫН, шешеннің сөзі АЛТЫН. (аурум)
2. ТЕМІР тоттанып тозар. (феррум)
Жұмбақ
-
Алғаш болды белгілі
Күнде қандай элемент
Одан кейін біз оны
Жерден зерттеп тауып ек, (гелий)
-
Табылса бұрын там-тұмнан
Қазір көп әр өлкеде
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде (алюминий)
-
Осы затпен ескі үйді аластайды
Түріне қарасақ алтынға ұқсады (күкірт)
2- жүргізуші: 4 кезең «Зерек болсаң, шешіп көр» - химиялық есептер шығару. Әр жауап 5,4,3 ұпай
Кальций тобы
CaCO3→CO2 →CaCO3→Ca(HCO3)2
↓
CaCl2
2. Массасы 4,4г сілтілік жер металы сумен әрекеттескенде 1,12 л сутек (қ.ж) бөлінді. Металдардың салыстырмалы атомдық массасын тауып, қай металл екенің аңықтандар.
3. Массасы 10г кальций және кальций оксиді қоспасы сумен өңдегенде 1,12л (қ.ж) газ бөлінген: а) бастапқы қоспадағы кальций оксидінің массалық үлесін,
ә) алынған ерітіндідегі өнімнің массасын есептеңдер
«Алюминий» тобы
-
Al→Al2O3→Al2(SO4)3→Al(OH)3→AlCl3
↓
NaAlO2
-
Массасы 10 г мыспен пен алюминий қоспасын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде 6,72 л сутек (қ.ж) бөлінген. Қоспаның құрамын анықтаңдар?
-
Алюмотермия әдісімен темір алғанда массасы 20 г темір (ІІІ) оксидімен массасы 50 г алюминий әрекеттестіргенде қанша грамм темір шығады?
«Темір» тобы
-
Fe→FeCl2→Fe(OH)2→FeO→FeSO4
-
Массасы 18г темір (ІІІ)сульфатынан қанша темір (ІІІ) гидроксидін алуға болады?
-
Массасы 120г темір(ІІІ)оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда,темірдің қандай массасы түзілетінін есептеңдер?
-
Жүргізуші: Есепке уақыт береміз. Осы уақытта көрермендермен лотарея ойнайық.
«ЛОТАРЕЯ»
Құрметті көрермендер сіз отырған отырғыштың арқасында элементтердің атаулары берілген қазір біз мына қорапта сол элементтерді араластырып таңдап біреун көрсетеміз. Сол элемент тапқан кісі сыйлыққа ие болады. Сыйлықты құр бермейміз сізге қояр бір сұрағымыз болады.
-
Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады (фтор, F)
-
Сұйық металл (Сынап, Hg)
-
Екі газдан тұратын ең қажетті сұйық зат (су)
-
Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл (йод)
-
Сүйекті қаптайтын элемент (Кальций)
-
Қандай элементтер материктердің атымен аталады (европий, амерций)
-
Ең қиын балқитын металл (вольфрам)
-
Қандай металл адам қолында балқиды (цезий)
-
Консерві қалбыры жасалатын металл (қалайы)
-
Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды (гелий)
-
Мұхит суында кездесетін элемент? (марганец)
-
Ағаш кессең ұзын кес қысқартуың оңай, ТЕМІР кессең қысқа кес ұзартуың оңай. (феррум)
-
Ең жеңіл элемент саналады,
-
Периодтық жүйе осыдан басталады. СУТЕК, АШ – H
-
Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады ҚОРҒАСЫН, ПЛУМБУМ – Pb
-
Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді.
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. күміс
Жүргізуші: Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Молшылық көзі-химия
Тылсым ғылым бұл - химия!
Жүргізуші:
Жайна да гүлден жер, қия,
Көңілге шабыт-нұр құя
Беделің артып өркенде
Аймақты қамтып химия,
Өркенде, шалқы химия! – дей келе келесі кезең
Жүргізуші: 5 кезең «Сен білесің бе?» - үй тапсырмасы. Қызықты мәліметтер жинақтау. Бағалауы: 5, 4, 3 ұпай
Жүргізуші:
Жұлдызды боп туғандар аз өмірде,
Болғанымен әркімнің де көңілінде.
Дарындылық адамзатқа жарасқан,
Ұтып алған алқа тұрса өңірде
«Химия ғажайыптары» кешінің қорытындысын айту үшін сөз қазылар алқасына беріледі. (Әділ қазылар құттықтап болғаннан кейін)
Жүргізуші:
Құтты болсын ұтып алған бас бәйге,
Сіздер үшін бұл әлі де жас бәйге.
Алла оңдап, халқың қолдап әрқашан
Ала берің жарыс сайын бас бәйге, - деп бүгінгі жеңімпаздарды құттықтаймыз.
- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.
- Сау болыңыздар!
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
Сыныптан тыс шара
«Химия ғажайыптары»
(9 «а,ә,б»)
Өткізген: Орынбасар Әсембота