жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Химия және биология сабақтарында модельдеу әдісін қолдану
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей орта білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дуние жағдайларында терең білімді, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру /1/. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшілікткрі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, инновациялық білім беруді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Қазіргі заманның оқушысы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне үлкен мән береміз.Өйткені осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Жеке тұлғаның қалыптасуы - үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап,оның өзіне тән санасы,еркі,өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастарды білімге, ғылымға ықыласын арттыру,олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу қажет.
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінен бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Сабақтарда инновациялық технологияны пайдалану оқытушының ұтары мол болады.Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жақтары - оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады,танымдық қабілеттілігін қалыптастырады,әлеуметтік мәдени тәрбиені қалыптастырады,оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды,оқытушының уақытын үнемдейді, қосымша мәліметтер береді. Жаңа технологиядан пайдалану оқытушыға оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға, білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқаруға көмектеседі.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру, таным қабілеттілігін оянуына түрткі болу- оқытудың негізгі мәселелерден бірі. Оқушылардың танымдық белсенділігін өз кезінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістерімен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы,ынтасы,құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап етеді.
Қазір мұғалімдер оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдаужасай алатынжекетұлғаны қалыптастыруғабағытталғанқағиданы ұстанады.
Сонымен қатар, оқыту мен оқудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, биология мұғалімдері өз бойларында төмендегі қасиеттерді дамыта алады:
-әрбір оқушының пікірін тыңдаужәне оқушылардың бар білімдерін дамыту мақсатында оларды қолдану маңызын мойындау;
-мұқият таңдалған тапсырмалар мен жаттығулардың көмегімен
оқушылардың оқуға деге
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген