Материалдар / Химия пәні бойынша оқушылардың пәндік олимпиада есептерін шешудің тиімді жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия пәні бойынша оқушылардың пәндік олимпиада есептерін шешудің тиімді жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні бойынша пәндік олимпада есептерін тиімді жолдарын ұсыну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2191
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

65 орта мектеп

Химия пәнінің мұғалімі

Нұрболат Саятуллаев Төремұратұлы



Химия пәні бойынша оқушылардың пәндік олимпиада есептерін шешудің тиімді жолдары.

          “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік

                                                         туғызған сайын одан әрі дами түседі”
                                                                                                      Питер Клайн

  Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу, әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі кезде балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында ғылыми пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадалардың орны ерекше.

Пәндік олимпиадалар – оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден – бір формасы.

Жалпы пәндік олимпиадалар мектеп оқушыларының  пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады. Мектеп оқушылары арасында химиядан пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты – дарынды оқушыларды іріктеу, кәсіптік бағдар бере отырып, химия мамандығын игеруге шақыру, маман - кадрлар дайындауға үлес қосу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия пәнінің оқушылардың танымдық қабілетін дамытудағы көтерер жүгі аз емес. Пәндік олимпиадаға оқушы таңдауда пән мұғалімі ең алдымен  бала бойынан пәнге деген басым қызығушылығын, оның бойынан туа біткен қабілетін көре білуі қажет. Оқушының шығармашылық қабілетін іскер де білікті мұғалім ғана шебер ұйымдастыра алады.

Шығармашылық ізденіс арқылы оқушының ойлауы, қиялдауы, сана – сезімі өседі нақты біліммен қаруланады. Өзінің шамасы келетін мәселелер мен міндеттерді шеше білу іскерлігі мен дағдылары дамиды. Осы сатыға жету үшін басты назарда оқушының белсенді әрекеті шешуші рөл атқарады. Осы орайда, мен олимпиадаға оқушыларды дайындаудағы өзіндік іс-тәжірибемді ортаға салғым келеді. Олимпиада резервтерін дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, төменгі сыныптан бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай біртіндеп күрделендіріліп отыруы керек.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегі дей ұйымдастыру және оқу – әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

1.     Ең алдымен химия пәнінің мектеп бағдарламсы шеңберінде тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол тапсырмалар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге тиіс;

2.     Химия   оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы практикалық түрде көрсетуге, логикалық есептер шығарып, салыстырулар мен талдаулар жасау  дағдыларын қалыптастыруға машықтануы керек.

3.     Оқушы алдына қойған проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі қажет.

 Қабілетті де, дарынды оқушыларды анықтау.

Қабілетті оқушыларды дайындауда әдістемелік кеңестерді басшылыққа алу. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін көрсететін диагностика жүргізіп отыру. Логикалық ойлауын берілген есептерге шолу.

Олимпиада есептерін талдау.

Тест жинағы кітабынан тест орындау.

Сыныпішілік олимпиада өткізіп отыру.

Аудандық олимпиадаға оқушыларды таңдау және даярлау.

Аудандық олимпиадаға қатыстыру.

Шығармашылық тапсырмалар беру.

  Оқыту барысында түсіндіру, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс істеу секілді сөздік әдістер, иллюстрация және демонстрация сияқты көрнекі, сондай – ақ зертханалық, практикалық, жаттығу жұмыстары іспетті тәжірибелік әдістер қолданылады. Оқушының іскерлік пен дағдыларын қалыптастырудың ең тиімді жолы – логикалық есептер мен тапсырмалар беру арқылы оқушының логикалық қабілетін дамыту.

Химия пәнінен есеп шығару – оқу үрдісінен бөліп алуға болмайтын бір бөлігі болып табылады,  ойлау қабілетін дамытуға, білімдерін нақтылауға, оны практикада қолдана білуге үйретуде маңызы зор. Есептер шығару кезінде химияны оқып – үйренуде, тереңірек және нақты білім алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді болуына, химия пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде табаңдылыққа, өзіндік жұмыс істеу, өз бетімен білім алу дағдысына ие болуға көмектеседі.

Химия есептерінің оқу үрдісін  ұйымдастыруда алатын орны ерекше. Химия пәнінде олимпиадаға келген есептер бәрімізге мәлім, күрделі болады.
Олимпиадаларда келетін есептерді шығару үшін оқушы есептің шартын, яғни есепте не сұрап тұрғанын дұрыс түсініп алу керек. Берілген есептердің шығару жолдары көп болғандықтан, олимпиадаға қатысушы есепті шығару, есептерді ең тиімді жолдармен шығару үшін олимпиадаға қатысушыдан және оның ұстазынан үлкен тәжірибені, аса білгірлікті және көп еңбекті талап етеді. Оқушыларға есептерді шығартып үйретудің мынандай тәсілдерін беруге болады.

1. Мұғалім есепті оқып, талдау жасап, әр түрлі сұрақтар беру арқьлы сыныпты есеп шығаруға жұмылдыра отырып, тақтаға есепті өзі жазып, берілгенін жазып көрсетеді. Мұндай тәсіл жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін қолданылады. Мұғалім орташа қиындықтағы есепті таңдап алғаны дұрыс.

2. Есепке талдау жасап талқылау мұғалімнің басшылығымен бүкіл сынып болып талқыланып, одан кейін бір оқушыны тақтаға шығарьп, қалғандары орындарында шығару. Мұнда тақтаға орташа оқитын оқушыны шығарғаны дұрыс. Себебі жақсы оқитын оқушы есепті тез шығарады да, қалғандары оған ілесе алмайды, ал нашары тіптен шығара алмайды.

3. Мұғалім қандай есепті шығару керектігін айтады, оқушылар оны өзінше орындайды. Мұнда мұғалімнің әр есептің түріне қарай кететін қателерге кеңес беріп отырғаны жөн. Мұнда оқушыларға әр деңгейдегі есеп кеспе қағаздарға жасап, өздік жұмысты сол арқылы орындаса да болады.

Бұл үш тәсілден басқа есепті шығаруды сыныптан тыс уақытта химия пәніне қызығатын оқушылардың есеп шығару үйірмесін ұйымдастыру арқылы шығаруға болады.

Олимпиадаға қатысушыларға жаднама:

1. Барлық есепті оқып, алдымен шығаратыныңызды белгіле.

2. Егер сіз үшін есеп оңай шығарылса, онда сіз есеп шартын түсінбедіңіз немесе қателестіңіз.

3. Егер  есеп  шықпаса, онда  оның  шартын  ықшамдап  алыңыз, немесе соңынан басына қарай шығарыңыз.

4. Бір  есеппен  отырып   қалмаңыз, егер   кішкене  табысқа  жетсеңіз,  онда шығару жолын іздеңіз.

5. Бірден есепті  шығарып, оның  толық шешуін жазыңыз.

6. Жұмысты өткізбес бұрын, оны жақсылап тексеріңіз

  Қорыта келгенде, білімді ұрпақ – Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Ал, жас ұрпақты жан – жақты терең білімді жеке тұлға етіп тәрбиелеу біздің ұстаздар қауымының алдына қойылған ауыр жүк. Сондықтан, қиындығы мен қызығы мол осынау ұстаздық еңбек  жолында мен барша ұстаздар қауымына тек қана шығармашылық табыстар тілеймін. 

65 орта мектеп

Химия пәнінің мұғалімі



 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!