Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Химия пәнін оқытуда элективті сабақтардың маңызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Химия пәнін оқытуда элективті сабақтардың маңызы
Дүйсехан Диана Асқарқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің химия және химиялық
технология факультетінің 3 – курс студенті,
Ғылыми жетекші – Рысқалиева Р.Г. – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
Университетінің химия және химиялық
технология факультетініңдоценті
Біз ғылыми-техникалық прогресс, жаңа медициналық және биологиялық жаңалықтар заманында өмір сүріп жатырмыз. Мұның бәрін химия ғылымынсыз және өз ісін жетік білетін, шығармашыл ойлайтын мамандарсыз мүмкін емес. Жыл сайын жоғарғы оқу орындар жаңа, жас және перспективалы мамандар даярлап шығарады. Алайда, оның барлығы ғылыми жаңалық ашуға қабілетті ме? Адам баласы өмір бойы дамиды және оның дамуында мектеп, өзі оқыған пәндер үлкен рөл атқарады. Әрбір сабақ, әрбір зерттелген тақырып ең алдымен оқушы бойында осы пәнге деген қызығушылығын ояту керек. Ал бұл жайт қазіргі кезде педагогика саласында орын алып тұрған өзекті мәселелердің бірі екені белгілі.
Мектеп оқушылары химия курсын 7 сыныптан бастап оқиды. Бірақ, курстағы алғашқы тақырыптар оқушылардың көпшілігі үшін қызықсыз, құрғақ болып көрінеді. Сондықтан, пәнге деген қызығушылықты ояту, дамыту және қолдау мақсатында мектептерде 7-8 сыныптарға арналған элективті сабақтарды енгізген жөн.
Элективті курстар – оқу бейінінің құрамына кіретін білім беру мекемесінің компоненттерінен оқушыға таңдауға берілетін міндетті курстар. Бұл курстар басқа ғылымдармен байланысты көрсетуі, табиғатты тану әдістерін зерделеуге арналуы, негізгі пәнге қызығушылығын оятуы, оқушыларды білімді практикада қолданудың маңызды жолдары мен әдістерімен таныстыруы, оқушылардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамытуы және болашақ мамандық таңдауға ықпал етуі тиіс. 7-8 сыныптарға арналған элективті курстардың мынадай ерекшеліктері болуы мүмкін:
-
Оқытудың белсенді түрлерін қолдану: практикалық жұмыстар, ойындар, зерттеу жұмыстары.
-
Басқа пәндермен интеграция.
-
Материалдың қолжетімділігі. Барлық зерттелген материал оқушыларға түсінікті жеңіл, сонымен қатар ғылыми болуы керек.
-
Өзектілігі. Мүмкіндігінше оқушыларға химия саласындағы жаңа және актуалды ғылыми жаңалықтар туралы хабарлап отыру.
-
Практикалық маңыздылығы.
-
Өмірмен, қоршаған ортамен, өндіріспен байланысы.
-
Элективті курстың атауы. Дәл осы параметр бойынша оқушылар элективті курсты таңдайды, сондықтан оның атауы анық, қызықты болуы шарт.
ХІХ ғасыр - техника мен инновация заманы болғандықтан, оларды тек сабақта ғана емес, элективті курстарда да қолданаған жөн. Мысалы, элективті курстарда мұғалімнің мүмкіндігін кеңейтетін қызықты химиялық эксперименттердің бейнежазбаларын көрсету, химиялық түрлендірулерді модельдеу, зерттелетін материалды көрнекі түрде көрсету, қиын тақырыптарды ойын түрінде қызықты етіп түсіндіру.
7-8 сыныптарға мынадай элективті курстар енгізуге болады:
Химия адам организмінде. Аталған курс адам организмінде кездесетін химиялық элементтер жайлы, олардың қандай мөлшерде болатыны және олар организмге жетіспеген жағдайда қандай ауру тууы мүмкін екені жайлы болмақ. Мәселен:
Көптеген ғалымдар тірі организмде барлық химиялық элементтер кездеседі және әрқайсысы белгілі бір биологиялық функция атқарады деп санайды. Адам организмінде 30-ға жуық химиялывқ элемент бар, бұл элементтер өмірлік маңызды деп саналады.
Адам организмі 60%-і судан, 34%-і органикалық және 6%-і бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттардың негізгі компоненттеріне көміртегі, сутегі және оттегі жатады. Бейорганикалық заттардың құрамында міндетті түрде 22 элемент бар, олардың құрамына Na, Mg, Cl, Zn, және тағы басқалар жатады. Сондай-ақ, элементтер организмде кездесу мөлшеріне қарай макро, микро және ультрамикро болып жіктеледі. Әрбір элемент адам организмінде маңызды қызмет атқарады. Мысалы, кальций белгілі бір мөлшерде сүйекте кальций гидроксофосфаты
түрінде кездеседі. Ал, ағзаға цинк жетіспесе, адамның тәбеті болмайды, тері зақымдалады және жарақаттың жазылуы кешеуілдейді. Магний зат алмасу процесіне өз ықпалын тигізеді, бауыр, сүйек, жүйке жүйесі, қан, сондай-ақ мидың құрамында болады.
Бұл курстың мақсаты: оқушылардың бойында химия пәніне қызығушылығын ояту, химияның өз организмдеріндегі маңызды рөл атқаратынын ұқтыру.
Химиялық экология. Химиялық экология ЖОО-да элективті курс ретінде өтіледі. Қазіргі кезде жаһандық экологиялық мәселелерді білеміз. Оның ішінде химиялық факторларға байланысты туып отқан мәселелер де бар екені белгілі.
Мәселен:
Қышқыл жауындардың түзілуі:
+ =
+ O =
2NO + =
+ O + =
Озон қабатының жұқаруы, фотохимиялық тұман.
Курстың мақсаты: «Тәрбие тал бесіктен» демекші, осындай мәселелердің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына, жас буынға экологиялық тәрбие беру, табиғатқа жанашырлықпен қарау қасиетін ояту.
Химия – қызықты әлем. Бұл курста химия ғылымы, элементтер, олардың ашылуы жайлы қызықты мәліметтер, сондай-ақ таңғажайып зертханалық жұмыстар көрсетілетін болады. Мәселен:
Жыландардың уында мырыш көп болады, сол арқылы жылан өз уынан қорғанады; Көптеген зерттеулер ванадийдің адамның психикалық жай-күйімен байланысын анықтады.
Қызықты эксперименттерге сынап тиоционатының жануы, алюминий мен сынаптың өзара әрекеттесуі немесе п-нитроанилиннің полимеризациясы сияқты зертханалық жұмыстарды бейнежазба түрінде көрсетуге болады.
Курстың мақсаты: оқушыларды қызықтыру, химиялық эксперименттер жайындағы көзқарастарын кеңейту, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту.
Химия күнделікті тұрмыста. Курс екі бөліктен құралады: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімде күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар (жуғыш заттар, косметика, әтірлер) мен тұтынылатын заттардың (сүт өнімдері, балмұздақ, шоколад, жылдам дайындалатын тағамдар) құрамы жайлы, адамға тигізер жағымды/жағымсыз әсерлері жайлы айтылса, практикалық бөлімде осы заттардың құрамын зерттеу қарастырылады. Барлық жүргізілетін реакциялар қауіпсіз, қызықты және жарқын болады. Әр практикалық бөлім теориялық бөлімнен басталып, соңы қызықты эксперименттермен аяқталады.
Курстың мақсаты: химия саласына қызығушылықтарын қанағаттандыру, химияның күнделікті тұрмыстағы маңызын көрсету, білім алушыларды еңбексүйгіштікке баулу.
Қорытындылай келе, аталған элективті курстар оқушылардың бойында бірқатар қасиеттерді, атап айтқанда, ізденімпаздық, еңбексүйгіштік, шығармашылық қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді. Қазіргі таңда, оқушылардың жаратылыстану пәндеріне аса қатты қызығушылықтары жоқ, бұл өз кезегінде педагогика саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр, сондықтан мектеп қабырғасында негізгі пәндерден бөлек, сол пәннің қызықты тұстарын теориялық және практикалық тұрғыда ашып көрсететін, өзге пәндермен байланыстыра отырып, адам өміріндегі маңызын ұғындыратын элективті пәндерді білім беру үрдісіне қоссақ, бұл оқу үдерісі тиімділігінің артуына кепіл болатыны сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Большая Советская энциклопедия. Том 27 – М.: Изд-во Советская энциклопедия, - 1977. -195с.
-
Габриелян О.С. Теория и практика элективных курсов.// Химия в школе,.-2006,№4. -2-4с.
-
Лебедев О.Е. Роль элективных курсов в создании нового поколения учебных материалов.
-
Ермаков Д.С. Элективные курсы для профильного обучения // Д.С. Ермаков // Педагогика. – 2005. - №2.
-
Элективные курсы в профильном обучении / Министерство образования РФ. – Вита-Пресс, 2004. – 144с.
-
https://bilim-all.kz/article/6578-Himiyalyq-elementterdin-adam-agzasyndagy-roli
-
http://www.college.ru///