Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні бойынша мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Садирова Гульбостан Тохтасуновна

Ұйғыр ауданының білім бөлімінің

«Шырын орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» КММ

химия пәнінің мұғалімі

Ғылымды күшті меңгерген және оны

сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне

жемісті ықпал жасайтын болады.
Дмитрий Менделеев


Химия пәнін оқытуда ойын технологиясын қолдану.

Адам, табиғат, қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның дамып жетілуіне мүмкіндік туғызатын орта болса, сол қоршаған орнаның табиғат байлықтарын, табиғи жағдайларын мектепте оқытып үйрететін пән – химия.

Химия жаратылыстану ғылымының цикліне жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Химияның басты жетекші компоненті, әрі оның оқу пәні ретінде атқаратын қызметін анықтаушы – пәндік ғылыми білім болып табылады.

Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Педагогикалық ойындар қарекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық, еңбектік, психологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді. Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:

· Оқыту,жаттығу,бақылау және талдап қорыту.

· Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

· Репродуктивті,продуктивті,шығармашылық;

· Коммуникативті(қатынас), диагностикалық хабардар ету.Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.

Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары,пәнге деген

қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді. Ойынмен ұйымдас-

тырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.

Химия пәні бойынша ойын типтері: жаттығу, танымдық, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық т.б. болып бөлінеді, қолдану мақсатына қарай: білімді қабылдау мен бекіту кезінде, білімді белсенді меңгеруге оқушыларды ынталандыру үшін, білімді үйлестіру,өз бетінше білім алуға және оларды шығармашылықпен қолдануға ынталандыру үшін қолдануға болады.

Химия пәнін оқытуда жиі қолданылып жүрген рөлдік ойын түрлері: ( іскер-ойын сабақ, КВН, сот-сабақ, интеллектуалдық ойындар т.б.), тренажер –ойындар ( логикалық тізбек, жұмбақтар, жұмбақ есептер, «ойлан тап», «көрші-көрші», «сандар сыры», «артығын тап» т.б.)

«Көрші- көрші» ойынының мақсаты: элемент валенттіліктерін есте сақтау. 7-сынып оқушыларына әрбіріне 25 элементті карточкаға жазып әкелу тапсырылады.Мұғалім

1-үйде тұратын элементтер бір қатарға жылдам тұрсын дейді, 1валентті элементтер жазылған карточкасы бар оқушылар алдыңғы қатарға шығады. 2-ші үйде тұратын –

2 валентті элементтер, 3-үйде тұратын -3валентті элементтер т.б.

Жұмбақ есептер. Мыс атомы қатысатын реакция тізбегін шеш, химиялық реакция теңдеулерін жаз. 64→80→135→98→80 →160

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1 Жауабы: Cu CuО CuCl2 Cu(OH)2 CuO CuSO4 

 «Ойлан тап» ойыны

1. Тоңазытқышқа немесе тартпаға көмір кесектерін уақытша адсорбент есебінде салады. Неге? (Ауаны тазарту, сіңіру үшін)
2. Тамақ өнеркәсібінде суды газдандыруға пайдаланады, «құрғақ мұз» деген атауы бар. Бұл не? (Көмір қышқыл газы)
3. Жазылмай жүрген жарақатқа қант себеді. Неге? (Себебі, ауадағы және микроағзадағы суды тез тартып алады)


«Тізбекпен шығып қалма» ойыны

(Химияға қатысты сөзді бастап соңғы әріпі арқылы жалғастыру)

Мысалы: Зинин-неон-неодим-мышьяк-күміс-сода-алмас-селен-нейтрон....

«Сандар сыры» кезеңі

(Әр санға қатысты оқиғаларды мәлімдейді)

1869 ж – Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінің ашылған жыл.
2007 ж - Павлодарда алюминий зауыты ашылған жыл.
1865 -  Н.Н.Бекетовтің металдардың кернеу қатарын жасаған жыл.
22,5 -  Қ.ж. газдың бір молінің көлемі.
1776 ж - Сутегінің ашылған жылы.
6,02*1023 - Авагадро саны.
1834 ж - Д.И.Менделеевтің туған жылы.


Қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А. Мырзабаев. Н. Тұрбекова. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар, 1993

2. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары», Алматы,2009ж

3.Химик анықтамалығы журналы 2020ж

4.Ғаламтор материалдары.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.05.2021
754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі