Материалдар / Химия пәнін оқытуда озық технологияларды қолдану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия пәнін оқытуда озық технологияларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Өсер еліміздің өскелең ұрпағы – бүгінгі жастар.Біздің мақсатымыз – бүкіл әлемдік құндылықтарды сіңіретін, өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі әлеуметтік жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын адамзат тәрбиелеу, оның өзін белсенді жағдайға жеткізетін жеке тұлға қалыптастыра отырып оқыту озық технологияларды тиімді пайдалана алумен тікелей байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химия пәнін оқытуда озық технологияларды қолдану

ОҚО, Сайрам ауданы

Химия пәні мұғалімі Жубаева Жанара Раушанбековна

Өсер еліміздің өскелең ұрпағы – бүгінгі жастар.Біздің мақсатымыз – бүкіл әлемдік құндылықтарды сіңіретін, өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеу.
Қазіргі әлеуметтік жағдайдағы өмір сұранысына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын адамзат тәрбиелеу, оның өзін белсенді жағдайға жеткізетін жеке тұлға қалыптастыра отырып оқыту озық технологияларды тиімді пайдалана алумен тікелей байланысты.
Дәстүрлі оқытуда мұғалім дайын ақпаратты беріп, оқушы соны ғана қабылдау арқылы білім алса, қазіргі технологияның ерекшелігі де сонда, оқушылар өздері ізденіп, еңбектенулерін талап етеді. Мұғалім тек бағыт-бағдар беруші және басқарушы міндетін атқарады. Бұл жерде белсенді рөлде мұғалім емес керісінше оқушы болып табылады. Оқушының қызметі көптеген қасиеттеріне қарай бағаланады. әрбір оқушының дамуы басқа оқушымен емес, өзімен салыстырылады. Оқушының өзін-өзі бағалауға мүмкіндігі болады және өзіне дұрыс баға беруге үйренеді.
Ақпараттық- коммуникативтік технология – мұғалім жұмыстарының әдіс-тәсілдерін өзгертуге, оқушылардың қабілетін дамытуға, пәнаралық байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияның негізгі талабы – жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, оларды компьютердің, интербелсенді тақтаның көмегімен жүзеге асырса, оқушылардың қызығушылығы, ынта-жігері арта түсері анық. Жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтын мазмұнын дайын түрде бермей, оқушылардың өздігінен ізденуіне бағыт-бағдар беріп отыру керек. ХХІ ғасыр әрбір адамның өз мүмкіндігінше білімін пайдалануға кең өріс ашқан технология құралдарымен жұмыс істеуге мол мүмкіндік туғызған ғасыр болып отыр. Сондықтан республикамызда білім беру жүйесі бойынша білімді тексеру мақсатында ақпараттық технологияларды енгізу елеулі мәселеге айналып отыр. Химия пәнінің материалын әлдеқайда әсерлі түрде жеткізудің формасына мультимедиялық презентацияларды жатқызуға болады. Мультимедиялық презентацияларды сабақтың кез-келген сатысында тиімді райдалануға болады. Презентация мұғалімге сабақты жаттанды үлгіде өткізуден гөрішығармашылықпен өткізуге мүмкіндік береді. Оқу материалын мультимедиялық презентация түрінде беру ең алдымен уақытты үнемдейді. Сол себепті орта және жалпы білім беретін оқу орындарының оқытудың интерактивті технологияларына баса назар аударып, шығармашылық мәселелердің белсенділігін арттыру қазіргі уақытта қолға алынып отыр. Химияны оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану балалардың оқуға деген қызығушылығы мен білім сапасын арттырады.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор көмегі тиеді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. әрбір оқушы тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі – аудиохабарлар. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс және музыка тыңдатып, көрсетуге болады. Әрине, бұл мұғалімнің тақтаға жазып, түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген оқушының құштарлығы оянады деп ойлаймын. Электронды оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыбына немесе қажет ақпарға сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Электронды оқулықтар оқушылардың:
- білім деңгейін тереңдетуге;
- ауызекі тілде сөйлей білу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға
- оқушылардың сөздік қорының артуына
- сабақта өзін еркін ұстап, өз мүмкіндігін кеңінен пайдалана алуына
- өз ісіне талдай алуға көптен-көп көмегін тигізеді.
Бүгінгі күннің тиімді әдістерінің бірі – топпен жұмыс. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйренеді. Топтық жұмыс оқушылардың ұжымдық іс-әрекетінің көрінісі болып табылады., сабақ барысында топ мүшелері өз функцияларын орындап, бірлескен оқуға дағдыланады. әркім өзі үшін және басқалар үшін жауапкершілікті сезінеді. Мұндағы негізгі мақсат – интерактивті сабаққа қатысушыларды бір-бірімен араластыру, сабақтың өтілуіне ыңғайлы жағдай жасау.
Топтарды үнемі тұрақты топ мүшелерімен отырғызуға болмайды, әр оқушының орнын үнемі мейлінше өзгертіп отыру керек. Сонда ол топтағы адаммен араласуға мүмкіндік алады. Егер мұғалім топтарға өз нұсқауымен бөлсе, ол тыңдаушыға қызықты болмайды. Олар еріксіз біреудің бұйрығын орындағандай болады. Топқа бөлгенде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы: 1) Химиялық элементтерді периодтық орны бойынша (сілтілік металдар, сілтілік жер металдар, халькогендер, галогендер, инертті газдар). 2) Химиялық реакцияның типтері бойынша (қосылу, айырылу, алмасу, орынбасу, тотығу-тотықсыздану). 3) Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары бойынша (оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер). 4) органикалық қосылыстардың жіктелуі бойынша топтау (алкандар, алкендер, алкиндер, циклоалкандар, спирттер, көмірсулар т.б.).
Топтық жұмыстың мәні – нәтижемен бірге, топтағы ортақ іс-әрекеттерімен байланысты бәрін бастан кешіру процесі маңызды болуында. Егер топ өзін-өзі басқара алатындай болса, мұғалім жұмыс қорытындысын бағалауда ғана араласуына болады. Мұғалім топтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың жұмысын қадағалайды, топтардың келісе жұмыс жасауына ықпал етеді және жеке топ мүшелеріне кеңес бере алады.
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын – ұстаздар екені аян. Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне жеткізу – біздің міндетіміз.
Қорыта айтқанда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады. Оқушылардың белсенділігі артады, келесі сабақты асыға күтеді. Олардың химияны оқуға деген қызығушылығы мен қажеттілігі қалыптасады. өз пікірін айта алатын, өз көзқарасын қалыптастыра алатын, ұлтын сүйетін оқушы ертеңгі өмірдің ағымына да төтеп бере алатын азамат болатынына мен сенемін


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!