Химия пәнінен функционалдық тапсырма дайындау тақырыбындағы дөңгелек үстел. семинар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия пәнінен функционалдық тапсырма дайындау тақырыбындағы дөңгелек үстел. семинар

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінен функционалдық тапсырма дайынду тақырыбындағы дөңгелек үстел. семинар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «Атамекен жалпы білім беретін мектеп» КММ

















«Жаратылыстану пәні бойынша функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар дайындау»

Педагогтарға арналған дөңгелек үстел







Жауапты: Амангалиева Фариза

Тұрмамбетова Марал













2022-2023 оқу жылы

Мерзімі

26.01.2022 ж

Дөңгелек үстел тақырыбы

Жаратылыстану пәні бойынша функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар дайындау

Жалпы мақсаты

Оқушылардың функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыратын тапсырма дайындау.

Оқыту нәтижесі

Жаратылыстану бағытындағы білімдерін ұштай біліп және логикалық ойлау қабілеттерін арттыратын оқушылардың санын көбейту

Түйінді идеялар

Жоспарлау –әрекет- нәтижесін бағалау

Топқа бөлу:

1. Салемдесу.

2. «Жарық» әдісі арқылы топқа бөлу.

Кіріспе тапсырма

Умаждалған қағаз таратылады. Әр топ өз идеясы бойынша кез-келген нәрсе жасайды. Екінші тапсырма, таза қағаздан адамның бейнесін жасау.

Мағынаны ашу

Бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруды қажет ететін білім – функционалдық сауаттылық деп аталады

Оқу ақпараты

Білім алушыларға фунционалдық тапсырмаларды дайындауда мұғалім төмендегі мәселелерге көңіл бөлуі қажет. Функционалдық тапсырмаларды өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:

  1. Пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

  2. Таңдалған оқу мақсаты бойынша Блум таксономиясына сүйеніп бағалау критерийлерін құрастыру;

  3. Тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;

  4. Бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

  5. Әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.


1-тапсырма




Әр топқа мәтін беріледі. Осы мәтін бойынша тапсырма дайындайды. Тапсырма түрлері ашық немесе жабық болуы мүмкін.

1 Мәтін. Жаз мезгілі. Күн ыстық. Айжан демалысын белгісіз бір аралда өткізіп жатыр. Бірнеше түрлі улы жәндіктер мен жорғалаушылар мекен ететін арал екеніне қарамастан демалысын жалғастырды. Шіліңгір жаздың ыстық желіне шөлдегеннен кейін, дәмханаға тоқтады. Даяршыны шақырып, сусын әкелуін өтінді. Сусын ішіп, айналаның әсемдігіне көз жүгіртіп отырғанда кенеттен басы айналып, есінен танып қалды. Даяршы жедел жәрдем шақырып, Айжанды ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер Айжанның уланғанын айтты. Оның қабылдаған тағамдарын зерттеуге жіберді.

2 Мәтін. Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. 19 ғасырдың 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. СО2ауасутопырақтағы қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет. Бөлме өсімдігін өсіруді жақсы көретін Әлия гүлдің бірнеше түрін өсірді. Бөлме жөндеу жұмыстарын қажет еткендіктен, өсімдіктерді келесі бөлмеге көшіруге тура келді. 2-3 күн өткеннен кейін, олардың сарғая бастағанын байқады.

2- тапсырма

Тәжірибеге арналған сұрақтарға жауап береді

Бағалау

Бағалаушылар ,топ идеясын қорғаушыларды бағалайды.

Рефлексия

«Ұшақ» әдісі арқылы мұғалімдер бір-біріне тілек жазып, ұшырады.

Кері байланыс

Стикерлерге өз ойларын жазып тапсырады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2024
217
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі