Химия пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасын үш тілде жүзеге асырудың ұтымды тұстары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Химия пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасын үш тілде жүзеге асырудың ұтымды тұстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасын үш тілде жүзеге асырудың ұтымды тұстары жайлы толық ақпарат беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала авторы: Досмуханбет Мөлдір Арыстанбекқызы

Химия пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасын үш тілде

жүзеге асырудың ұтымды тұстары


Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы. Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Үштілдік туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі–ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі–жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» - деген болатын. Қоғамның бүгінгі әлеуметтік тапсырысы–жаратылыстану бағытындағы-пәндер бойынша ғылыми дайындықтың әлдеқайда жоғары деңгейін қамтамасыз ету, сонымен қатар білім беруде осы бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру. Сондықтан үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінгі күні орта мектептерден бастама алып отыр. Химия пәнін үш тілді ұштастыра оқыту үшін кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру қажеттілік болды. Кіріктірілген оқытуды ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін еске ала отырып, оларды тұлға ретінде дамытуға және олардың шығармашылық ойлауын қалыптастыруға тірек болатын түрлі білімнің тоғысуы арқылы әлемнің сан түрлі болмысын таныту мүмкіндігі пайда болады. Мектептегі пәндердің кіріктіру үдерісін ұйымдастырудың басты формасы – кіріктірілген сабақ. Ал сабақтың мұндағы ерекшелігі – оны бір немесе екі, тіпті үш мұғалім жүргізуіне болатындығында. Психологиялық-педагогикалық тұрғыдан алғанда, кіріктірілген сабақ шәкірттердің танымдық әрекетін белсендіруге ықпал етеді, ынталандырады, оқу пәнін жемісті меңгеруінің шарты болып табылады және оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырады. Кіріктірілген сабақты өткізуде, барлық сабақты өткізу сияқты, оқыту әдістемесі маңызды орын алады. Бүгінгі күні CLIL пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту білім беру әдістемесінің ең жемістісі болып саналады (сурет 1).

Сурет 1

Бұл әдіс екі пәнді, оның бірі шет тілін, кіріктіре оқытуға мүмкіндік береді. Ерекше, осы пәнге тән терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды, оқып-біледі, пәндік терминология арқылы оқушының сөздік қоры да байып, дамиды. Кіріктіре оқыту барысында ойлаудың жаңа деңгейі яғни кең арналы, кіріктірілген ойлау қалыптасады. Мұндай ойлауда бір пән арқылы ғана қалыптасатын ойлаудың тар шеңберіне тысқары шығатын, пәнаралық байланыс аясын кеңейтетін, оқу материалдарын қайталаудан сақтайтын деңгей пайда болады. Соның барысында оқушылардың ойлау әрекеті белсендіріліп, алатын ақпараттың аясы кеңи түседі, сөйтіп, оқушының оқып, білім алсам деген мотивациясы тереңдей түседі. Кіріктіре оқыту, түптеп келгенде, білім беру үдерісіндегі оқушы мен мұғалімнің өзара дидактикалық қатынасында жаңа психологиялық жайлы қатынас қалыптасады. Практикада, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер (информатика, физика, химия, биология) мен тілді кіріктіре оқыту оқу үдерісінің сапасын жоғарылатып қана қоймайды, сонымен қатар, мектептегі білім берудің маңызды міндеті – оқушылардың пәнаралық байланыс негізіндегі ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуді көздейді.

Кіріктіре оқытудың тиімділігін зерттеу үшін Lesson Study қолданылды. Зерттеу сабағын жүргізу үшін ағылшын тілін кіріктіре оқытатын, бір сыныпта жұмыс жасайтын ұстаздардан топ құрылды, мақсат айқындалды және зерттеу нысаны ретінде А,B,C деңгейіндегі үш оқушы да белгіленді. Сабақты зерттеудің арнайы циклі арқылы жұмыстар жүргізілді (сурет-2).

Сурет-2


Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір деңгейі анықтап алынды және әр оқушының Lesson Study-дің аяғында қандай нәтижеге жететіні туралы қысқаша мәліметтер жазылды. Сабақ жоспарлары жаңартылған оқу бағдарламасы аясында CLIL әдісіне негізделіп құрылды. Бақылаудағы әрбір оқушыдан күтілетін нәтижелер жазылып отырды, сабақты игеру қарқынын көтеру мақсатында әр оқушы әр кезеңде не істейтіні туралы нақты ақпарат жазылды. Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтаға не жазатындығын барынша дәл анықталып отырды. Әрбір кезең үшін уақыт белгіленді. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны қадағалайтыны келісілді. 1-ші суретте Lesson Study-ді жоспарлау сызбанұсқасы берілген. Оны ұтымды пайдалану үшін А3 форматына дейін үлкейтіп, сабақ барысында Lesson Study-дің әр мүшесіне беріледі, өйткені олар бақылау барысында оған түсініктемелер жазып, кейін талқылау кезінде өз жазбаларына сүйеніп объективті пікір ұсына алады. Lesson Study аяқталғаннан кейін оқушылардың пікірін есту мақсатында сұхбат алынады. Сұхбат ұзаққа созылмайды (5 минуттан аспаны дұрыс), зерттеудегі оқушылармен бір уақытта немесе әрбір оқушымен жеке-жеке жүргізу керек. Оқушы жауаптарын талдауда қолдану үшін жазылады немесе видео түсіріледі. Оқушы пікірін талдау төмендегі кестеге сай жүргізіледі.

Кесте -1. Сабақты талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте



Сабақ қорытындасы бойынша талқылауды жазу


Бақылаудағы А оқушы

Бақылаудағы В оқушы

Бақылаудағы С оқушы

Оқушының әрқайсысы қандай прогресске қол жеткізді?

Ол жеткілікті болды ма?

Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?




Енгізіліп отырған әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді?

Қандай тосын оқиғалар болды?





Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспектілері түзетуді қажет етеді?




Келесі циклдерінде біз не істеуге тырысуымыз керек?




Бақылаушы аты-жөні:

Мерзімі:


Зерттеу тобындағы ұстаздардың зерттеу сабағын талдау кестесі

Мұғалімнің іс-әрекетінің оң тұстары


Оқушы іс-әрекетінің оң тұстары


Мұғалімнің іс-әрекетінің теріс тұстары


Оқушы іс-әрекетінің теріс тұстары


Зерттеу сабағы бойынша алынған нәтижелер мұғалім үшін өте тиімді. Себебі ұстаз бұл зерттеулерде - рефлексивті практик, яғни үнемі ізденісте және оқушы қажеттіліктері немесе «оқушы дауысы» арқылы жұмыс атқарып, үнемі педагогикалық шеберлігін шыңдауда болады.






2


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2022
532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі