Химия сабағын жаңартылған білім
мазмұны бойынша оқыту әдістері
№2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық
колледжі
Химия пәнінің оқытушысы, педагогика магистрі:
Болатбекова К.С.
Алматы, Қазақстан
Қазіргі жылдам өзгеріп жатқан заманда біздің
алдымызда жас ұрпақты болашақ өмірге және еңбек етуге тиісті
деңгейде даярлап, оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдылары деген
жалпылама атауға ие болған дағдыларды қалыптастыру міндеті тұр. Бұл
дағдылар пән бойынша білім, нақты дағдылар, сауаттылық пен
тәжірибені қамтиды.
ХХІ ғасырдың әрбір дағдысын меңгеру үшін бүкіл
оқушыларда пән бойынша академиялық білімнің болуы талап етіледі.
Пән бойынша терең академиялық білімнің арқасында адамдар сын
тұрғысынан ойланып, басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай
алады.
Пән бойынша академиялық біліммен қатар оқушылар
қазіргі заманда табысқа жету үшін талап етілетін сын тұрғысынан
ойлау, проблема шешу, қарым-қатынас жасау және бірлесіп әрекет ету
сияқты негізгі дағдыларды да меңгеруге тиіс.
Сондықтан жоғарыда аталған
мәселелер тиісті мемлекеттік білім беру стандартымен, бағалау
жүйесімен және оқу бағдарламаларымен, оқыту жүйесімен, кәсіби даму
және оқу ортасымен қабысып жатса, оқушылар оқу үдерісіне барынша
тартылып, мектеп бітірген кезде қазіргі жаһандық экономика
жағдайында еңбек етуге мейлінше дайын
болмақ.
Әр
мұғалімнің өміріндегі басты мақсаты-бәсекеге қабілетті, мектепте
алған білімдері мен біліктерін өмірде орынды пайдалану және заман
талабына сай азаматтарды тәрбиелеу, білім
беру.
Мен өзім жүргізетін сабақтар топтамасын
жоспарлауда Бағдарламаның жеті модулін сабақтарыма ықпалдастыруды
назарға алдым. Сонымен бірге әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануда
оқушылардың жас ерекшелігін міндетті түрде ескердім. Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын арттыруы мен өсуіне үлес қосатын
сергіту сәттерін де пайдалануды ойластырдым.
Қысқа мерзімді жоспарды «Блум» таксономиясы
бойынша білу, түсіну, қолдану, жинақтау, бағалау кезеңдері деп
сабағымды жоспарладым. «Блум» таксономиясы мен үшін өте тиімді
тәсіл болды. Сабағымның
тақырыбы «Тотығу-тотықсыздану
процестері. Тотығу- тотықсыздану реакцияларының түрлері» деп
аталады. СТО технологиясы мен Блум таксономиясының элементтерін
тиімді пайдалана отырып, оқушыларды топқа біріктіріп, топтық,
жұптық, жеке тапсырмалар бердім. Оқушылар диалогты әңгімелесу
кезінде бір-бірін тыңдады, пікір алмасты, ой бөлісті,
бір-бірін тыңдады, талқылады, ой жинақтады,ынтымақтастықта
білімді бірлесіп құру арқылы түсінікпен
дағдыларды қалыптастырды.
Бағалау түріне келсем:
критерийалды және формативті бағалау әдістерін қолдандым.
Төменде «Тотығу-тотықсыздану
процестері. Тотығу- тотықсыздану реакцияларының
түрлері» тақырыбында жүргізген
сабағымның қысқа мерзімді жоспарын
ұсынамын.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Топпен сәлемдесу Топтағы білімалушыларды
түгендеу.
2.
Білімалушылардың назарын сабаққа аудару.
І. «Ой қозғау»
кезеңі. Өтілген материал бойынша
білімдерін тексеру.
1-тапсырма. Терминдермен
жұмыс. К.Б. -5балл (Ауызша жауап)
1.Тотығу дәрежесі.
2.
Тотығу-тотықсыздану процесі.
3.
Электрон-баланс теңдеуі.
4.
Тотықтырғыш.
5.
тотықсыздандырғыш.
2-тапсырма. Реакция теңдеулерін
толықтырып жазыңдар: ( Жазбаша
орындау)
a) ..............= 2KOH +
H2
+ Q
b)
………….= 2HI – Q
c) ………….=
CaO +
CO2
– Q
d)
2AgNO3
+
CaCL2=
Ca(NO3)2
+
2AgCL
e) 2CO +
O2
= ………… +
Q
Дескриптор:
1.Эндотеримиялық реакция теңдеуін
таңдайды.
2.
Мына сипаттамаларға сәйкес келетін реакция теңдеулерін таңдайды:
айырылыу, эндотермиялық, химиялық элемент атомдарының тотығу
дәрежесі өзгермейді, катализдік емес.
3.Аяғына дейін тұнба түзіле жүретін реакцияны
табады.
4.
Орын басу реакциясы.
5.
Қайтымды, катализдік реакция.
3-тапсырма. Сәйкестік
тесті. 16 балл.
Бастапқы зат
|
Реакциядан кейін
|
1.КОН + НСІ
=
|
a)NO +
H2O
|
2.
NH3
+
O2
=
|
b)
KCL +
H2O
|
3.
Ag +
HNO3
=
|
c)
CaO +
CO2
|
4.
CaCO3
=
|
d)AgNO3
+
H2O +
NO
|
5.
KMnO4
+ HCL
=
|
e)
MgO
|
6.
CS2
+
O2
=
|
f)
KCL +
MnCL2
+
CL2
+
H2O
|
7.
Mg
+
O2
=
|
g)
CO2
+
SO2
|
8. Na +
H2O =
|
L) NaOH +
H2
.
|
ІІІ. «Мағынаны тану» кезеңі. Жаңа
сабақ
Тақырыбы: $ 19. Химияның негізгі
стехиометриялық заңдары
Сабақ жоспары:
1.Химияның стехиометриялық
заңдары:
2. Зат массасының сақталу
заңы.
3. Энергия сақталу заңы.
4. Зат массасы мен энергия сақталу заңының
бірлігі.
Блум таксономиясының Білу деңгейі. (4
балл)
Топтық
жұмыс: Түсіну
деңгейі (Бағалау түрі
формативті)
1-топ:
Зат массасының сақталу заңы.
Мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
2-топ:
Энергияның сақталу заңы.
Мысалдар келтіріп түсіндіріңдер
ФБ. Екі жұлдыз, бір тілек
әдісі
4-тапсырма.
Түсіну-10балл
Мына заттардағы элементтердің
тотығу дәрежелеін табыңдар.
О2, СО;
СО2; НСІ;
Ва3N2;
N2;
V2O5;
PCL3;
COF2;
CuCL2;
HNO3;
CaSO4;
Na3PO4;
Zn3(PO4)2;
KCLO3.
5- тапсырма. Қолдану 5
балл.
1) Реакцияларды тотығу
дәрежелерінің өзгеруіне қарай жіктеңдер:
А)
2Mg +
O2
=
2MgO
b)
CaCO3
= CaO +
CO2;
c) 2Na + HCl = 2NaCL +
H2;
d) BaO +
H2O =
Ba(OH)2;
e) 2AL + S =
AL2S3.
6- тапсырма. Қолдану 5
балл.
2) Тотығу және тотықсыздану
процестерін анықтаңдар.
a)
Ba0
………=
Ba2+;
b)
P0
…………… =
P5+;
c)
S0
…………….. =
S2-
;
d)
N-3
…………. =
N+2;
e)
Mn2+
…………….=
Mn7+
.
ІУ. «Ой
толғаныс» Бекіту
кезеңі
7- тапсырма. Талдау 20
балл
Реакцияларды электрондық
баланс әдісімен теңестіріңдер. Үлгі ретінде (А)
теңдеуі:
+1
+5 -2 +1 -1 0
А)
2КСІО3 =
2KCL +
3O2;
Э лектрон – баланс теңдеуі:
CL+5
+ 6e
CL-1; 1
тотықтырғыш
O-2
-- 2e
O0
3
тотықсыздандырғыш
b) Mg +
CO2
= MgO +
C;
c)
SO2
+
O2
=
SO2;
d) Na + HCL = NaCL +
H2;
e) Fe + Cu
(NO3)2
= Cu +
Fe(NO3)2
.
7-тапсырма. Жинақтау 20
балл.
Электрондық баланс әдісімен реакцияны
теңестіріңдер:
А)
NH3
+
SO2
=
N2
+ S +
H2O;
b) Zn +
HNO3
(конц)
=
Zn(NO3)2
+
NO2
+
H2O ;
c)
CL2
+ HI =
I2
+ HCL +
Q
d) Mg +
H2SO4
=
MgSO4
+
H2
;
Үйге
тапсырма: $43-$44.Тотығу-тоықсыздану
процестері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері.
Оқу.
2)
177беттегі - №3, 4,7 жаттығулар
3)
178 беттегі № 9, 10 жаттығуларды орындау
Қорытынды: Фишбоун «Балық қаңқасы»
әдісі
Бағалау. Баға
критерийі
90 – 100%
-5
75 -- 89 %-
4
50 – 69% -
3
0
-- 49% --2
Рефлексия. Табыс
баспалдағы
Үлгерімі төмен, сабаққа көп
қатыспай тыныш отыратын оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтары оянды. Өйткені топтық жұмыс кезінде осы оқушылар
сабаққа қалай қатысып, белсенділік танытқандарын өздері де байқамай
қалады. Дарынды оқушыларым берілген тапсырмаларды тез әрі ықыласпен
орындап, сабаққ