Материалдар / Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2021
778
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


1

Автордың толық аты-жөні,тегі

(жеке куәлік бойынша)

Джумаева Гульлола Джулдашовна

2

Мекеме атауы, қызметі, лауазымы

Казалы аудандык кешкі мектебінің

Химия пәні мұғалімі

3

Баяндама тақырыбы

Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

4

Жұмыс бағыты

Химия-биология пәнінің секциясы



Химия сабақтарында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Казалы аудандық кешкі мектебінің химия пәні мұғалімі

Джумаева Гульлола Джулдашовна


Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2030 бағдарламасында «Елімізді ілгері жылжытатын, экономикасын көтеруге өз үлесін қосатын біздің келешек ұрпағымыз, қазіргі жастарымыз»- деп жастарға үлкен үміт артады. Елімізді барысқа айналдыратын осы жастардың қолында деп атап көрсетті. Ал бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттерді жүктейді. Ол міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» мен басқа мемлекеттік білім беру стандартында нақты көрсетілген.

1. Бұған Елбасымыз Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел.

2. Қай жерде жұмыс істесекте, әр мұғалімнің алдында қойған мақсаты: жан – жақты білімді, кез келген қиындықтардан өзін алып шыға алатын, ақылды да, парасатты бойында адамгершілік қасиеті мол, тәрбиелі оқушыны мектеп қабырғасынан оқытып шығару.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан еді. Себебі ертеңгі келер күннің бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын –білім. Тек білімді ұрпақ қана қоғамға қозғаушы болатыны сөзсіз. Қазіргі заман талабына орай білім беру жүйесінің алдында қоғамдық құндылықтарды, мәдениетті, қоғамдық белсенді шығармашылыққа бейімделген міндеттерді атқара алатын тұлғаларды дайындау міндеті тұр.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.[1]

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда ұстаздар жаңа технологиялар және интерактивті әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. (2 слайд) «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер” Ж. Аймауытов айтқандай қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр.

Сондықтан да бүгінгі мектеп мұғалімдерінің бойында шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдерінің ұстаздық қызметіндегі шығармашылық жұмыстарын зерделеу қажеттілігі туындайды.

Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалау жоғары нәтиже береді деген болжам жасап, өзіміз оқып, үйреніп, үш жылдан артық уақыт бойы тәжірибемізде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит және Чарльз Темпл жасаған «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы бүгінгі күні Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінікке айналып отыр.

Қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын екшеп, пән ерекшелігіне қарай қолдана білсек, ұтарымыз көп. Жаңартылған бағдарлама - білім бүгінгі заман талабы, қажеттіліктің қайнар көзі болса, нәтижеге жету жолында іздену әрбір мұғалімнің азаматтық борышы. Жаңа әдіс-тәсілдер сапалы білім беруде үлкен рөл атқарады.

«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Мектеп - ол шеберхана. Шеберханада шебер мұғалімдер жұмыс жасауы қажет. Ал шеберхана барысында мұғалім тек бағыт-бағдар беруші, бақылаушы ролінде болады. (Слайд 5)

Сол себепті де біз баланы оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландырамыз. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Блум таксономиясы танымдық ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. [2]

Қазір Блум таксономиясы әдісі бойынша өткізген бір сабағымды ұсынғалы отырмын. (Слайд 6-8)

Кесте 1.

САБАҚ: Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

9 зертханалық тәжірибе

СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Оқу

мақсаты

7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау

7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

«Сутекке сапалық реакция»

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Физика, география,тарих.

Алдыңғы тақырып

Табиғи қышқылдар мен негіздер.Индикаторлар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут



3 минут



Топқа бөлу2 минут

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

  • Сұрақ- жауап: 1. Қышқылдар дегеніміз не?

2. Қышқылдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережесі қандай?

3.Қышқылдарды қалай залалсыздандыруға болады?

4. «рН» көрсеткіштің мәні неде?

5. Индикатор деген не?

1-топ «Сары кәмпиттер»

2-топ «Көк кәмпиттер»

3-топ «Қызыл кәмпиттер»


Ортасы

15 минут

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма: (Мәтін бөліктерін тарату)

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.

-1 ереже «Заттардың дәмін көруге болмайды»!

-2 ереже «Қышқылға су құюға болмайды»!

- Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%-к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек!

9 зертханалық тәжірибе

«Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі».

10 зертханалық тәжірибе

«Сутекке сапалық реакция»

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойылады: HCl, H2S, H2SO4, H2SO3, H3PO4. Формулалар жазылып, атауларымен сәйкестігін табады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар топтасып сұрақтарға жауап береді.

Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар:

HCl, H2SO4, KOH, CuSO4 , H2CO3, NaCl, H2SiO3

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады.

Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!» би билеу

«Қыдырып қайтайық!» биі


Аяқталуы 15минут

Иттің мысықты тістелеп ойнап жүргенін көрдіңіз бе?

Мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы, ит ауыз қуысындағы қышқылды тазартып, құныс, мешел ауруын болдырмайды.

Тауықтың,құстардың құмырсқа илеуіне шомылып аунап жатқанын көрдіңіздер ме?


Ауырған аңға кім рецепт жазып береді?


Синтез

Рефлексия

  • Бүгін мен сабақта білдім…

  • Мен үйрендім…

  • Маған түсініксіз болғаны…

  • Мен үшін бұл сабақ…

  • Мені қызықтырған …

  • Мен үшін қиын болғаны…

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Суретпен жұмыс.


Оқушылар кестемен жұмыс жасайды



Жауабы: - құмырсқа қышқылы паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар терісін тазартады.

Жауабы: - ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміреді екен, бірнеше күндерден кейін аңдар жазылып кететін көрінеді (хинин қышқылы бар ағаш Мексика, Бразилия елінде өседі)

Қосымша ақпарат




Рефлексия

Сабақ оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Оқушылармен оқу- білім беру жұмыстарын ұйымдастырғанда оқытудың жеке, ұжымдық түрлерін көбірек пайдаланамын. Рефлексия кезеңінде «Ыстық орындық» әдісі бойынша жаңа тақырыпты бекітуге пайдалануға болады.

Мерсер сипаттағандай оқушылар білімді бірлесіп алуға немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады деген. [2. 40 бет]

Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңаша бағалауға қызыға қарайды. Білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырады. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір - біріне баға қоюға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір - бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы тығыз қарым қатынасты нығайтты. Алғашқы сабақтарда бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек», үш шапалақ, әр түрлі жетон, арқылы бағалауын ұсындым.Бұл бағалауды қолданғандағы ең негізгі мақсатым-өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. Сыныптағы бағалау Александер айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [2. 56-бет] (Слайд 8)

Бүгінгі таңда оқушы қабілетін қанағаттандыра алатындай білім беру үшін оқыту үрдісінің сан алуан түрлерін пайдаланып отырғандығымыз белгілі. Жаңа әдістерді қолдану кезінде педагогикалық-психологиялық талаптарды біріктіре отырып, оқушының оқу материалын терең игеруіне жағдай жасау қажеттілігі көрініп отыр. Оқыту кезеңінде көп жолығатын қиыншылық - баланың өзіндік ой қорыта алмауы. Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару - мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістері, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады

Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, ол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. ( слайд 9)

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді. 

Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады.  

Функционалдық сауаттылықтың негізгі бір тетігі-оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау дегеніміз - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIBLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты.

Функционалдық сауаттылықтың тағы бір тетігі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мәнез-құлық, әдеттерден арылуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. «Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты кәрілік, қате тәрбие біздің келешектегі сорымыз, біздің көз жасымыз» деген С.А.Макаренконың сөзін ата-аналарға берілген кеңес деп есептеймін.

      Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын, қабілетінің дамуын ескере отырып, функционалдық сауаттылығына қол жеткізуді қамтамасыз етіп, жан-жақты дамыған, мектепте алған білімін өмір бойы пайдалана алатын тұлға өсіру – білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет деп түсінгеніміз жөн. [4]

Қорытынды. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті - рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. 
Оқушылардың өз бетімен жасаған нәтижесі білім ұстанымының тұрақты болуына әсерін тигізеді. Ұлы ойшыл қытай философы Конфуции:
«Естігенімді ұ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!