Материалдар / Химия сиқырлы әлем
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химия сиқырлы әлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара: "Химия сиқырлы әлем", 8-10 сынып оқушыларына арналған. Қызықты химиялық тәжірибелер, тапсырмалар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
642
18 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Химия - сиқырлы әлем»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру.

Тәрбиелік: Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуге дамыту.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, жаттығу тапсырмалары

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, оқулықтар, презентация, плакаттар.

Жүргізуші:

Армысыздар, бүгінгі кешті көретіндер

Химия десе жанын беретіндер

Химия кереметін жыр ғып айтам

Сөзіме сенетіндер,көнетіндер!

Көруге химия кешін жиылғандар

Менделеев кестесін ұғынғандар

Хош келдіңдер бүгінгі ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар! - дей келе, «Химия – сиқырлы әлем» атты сыныптан тыс іс-шарамызды» бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайысымыздың жоспарымен таныстырып өтейін:

I. “Полиглот”

II. “Қызықты тәжірибелер

III. “Шытырман

IV. “Мақал сөзде де металл жүреді”

«Полиглот».
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.
1. Отқа жанбас суға батпас (Мұз, лед, айс,)
2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
(ауа, воздух, air)
3. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..... жоқ (Темір, железо, iron)
4. Сыйлап берген..... да тәтті (су, вода, water)
5. Құрғақ жерде сақтайсың, Онсыз тамақ татпайсың (тұз, соль, solt)
6. Сабыр түбі сары… (алтын, золото, gold)
7. Иісі, түсі, өңі жоқ
Табиғатта онсыз өмір жоқ
Өсімдіктен аламын
Өміріме нәр қыламын.
Жауабы: Оттек, кислород, oxygen
8. Алтын ....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
Жауабы: Күміс, Серебро, silver



Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым - зия

Жаңалып бірі жаралған.

Өмірдің бірақ керегін,

Осылар тауып берер ме?

Табар ма ешкім дерегін,

Телмірмей, сірә, тереңге – қызықты тәжірибелерге кезек берейік

Демонстрациялық тәжірибе: «Хамелеон». (Күкірт қышқылының бірнеше тамшысымен қышқылдандыратын стаканға калий хроматының ерітіндісін құйыңыз. Шыны таяқшамен ерітіндіні араластырыңыз, сутегі асқын тотығының ерітіндісін қосыңыз: көк түс пайда болады, ол көп ұзамай жасылға айналады.)

Демонстрациялық тәжірибе:  «Сиқырлы жазу» (Ақ қағаздың бетіне H2SO4 – ң ерітіндісімен жазу жазыңыз. Қағаз кепкен кезде жазу ғайып болады. Содан соң 15 -18 см ара қашықтықта спирт шамның жалынына ұста. Біраз уақыт өткеннен кейін қағаз бетінде қара түсті жазу пайда болады.)

Демонстрациялық тәжірибе: «Отқа төзімді орамал». (Орамалды суға шайыңыз, сосын аздап қысып, спиртпен жақсылап сіңіріңіз. Тигель қысқышпен орамалды ұстап, отқа жағыңыз. Спирт тұтанады, бірақ орамал жанбайды.)

Демонстрациялық тәжірибе: «Жарақат және ем». (Қолыңызды темір (III) хлоридінің ерітіндісімен ылғалдандырыңыз. Осыдан кейін затты (пышақты) калий тиоцианат ерітіндісімен ылғалдандырыңыз және бұл затты қолыңызбен оңай сүртіңіз. Қанда қызыл із пайда болады.)

Демонстрациялық тәжірибе: «Фараон жыланы»

Демонстрациялық тәжірибе:  «Пілдің тіс пастасы»

Демонстрациялық тәжірибе: «Отты қолдар»


Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте «Шытырманды» шешу


Химия — ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз-нұр сәулет
Аялдама,алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық,сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой – . “Мақал сөзде де металл жүреді„ металл қадірін халқым біледі кезеңі бойынша металдар туралы мақал мәтелдердің жалғасын табу.

Ескі металл бөз болмас, .......... (ескі темір біз болмас)

Қойдың сүті - .............. (қорғасын)

.....-ді қызған кезде соқ (темір)

От көмір жейді, тат ....... жейді (темір)

Арпа – бидай ас екен, .......-.......тас екен (алтын-күміс)

Мылтықтың ...... – ін айтпа, тиісін айт (күміс)

Аз сөз - ........, көп сөз - ......... (алтын, күміс)

....... кессең ұзын кес, соға келе ұзарарар,

Ағаш кессең ұзын кес, шаба келе қысқарар (темір)

Өнерлінің қолы .........,

Өлеңшінің сөзі ........ (алтын)

......... шыққан жерді белден қаз (алтын)

Ақыл байлық – азбас байлық, ........ байлық – тозбас байлық (темір)

Асы жоқ ......... аяқтан, айраны бар тостақ артық (алтын)


Алтындай ардақты,

күмістей салмақты,

суға жүзген балықтай бүгінгі кеш қонақтары,

көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын

cіздерге темірдей қатты,

болаттай мықты денсаулық,

көмірдей қара көздеріңіз бен,

алмаздай өткір сөздеріңізбен жанды жадыратып.

Өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпін.

Менделеев белгілі ірі тұлға,

Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.

Еліктеумен ізденіп мен де келем,

Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға.

Бүгінгі «Химия – сиқырлы әлем» атты сыныптан тыс іс-шарамыз өз мәресіне жетті.

Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!