Материалдар / Химиялық бәйге
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық бәйге

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс 8-9 сыныптар аралығында өтеді. Екі топ бойынша сұрақтар тапсырмалар беріледі. Мақсаты: Оқушылардың бойындағы білімділік және белсенділік қасиеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін арттыру. Шығармашылық белсенділіктерін және танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, химия пәні бойынша алған білімдерін анықтау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2022
1106
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сыныптан тыс жұмыс





Тақырыбы: «Химиялық бәйге»

(8,9 - сыныптар)





Дайындаған: Химия пәні мұғалімі

Р. Куандыкова













2020-2021 оқу жылы



Сайыстың тақырыбы: «Химиялық бәйге»

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы білімділік және белсенділік қасиеттерін дамыта отырып, ой-өрістерін арттыру. Шығармашылық белсенділіктерін  және танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып, химия пәні бойынша алған білімдерін анықтау.

 Көрнекілік: интерактивті тақта


Жүргізуші: Отанымыздың саяси, мәдениеті дамуына үлес қосатын, әлемдік өркениетке көтеретін білімді де, мәдениетті, парасатты, денсаулығымыз мықты болып өссек, егемен елімізді әлемге танытарымыз анық.

Сондықтан «Химиялық бәйге» ойының ашық деп жариялаймызЕнді қатысушы топтарды ортаға шақырып, әділ-қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Сайысқа түсуші оқушыларға сабырлық пен жеңіс тілей отырып, ұлы Абай атамыздың өлең жолдары бастайық

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.

Жастықтың оты қайдасың,

Жүректі түртіп қозғалмай.

Ғылымның білім пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай.



Сайыстың бөлімдері

1-бөлім. «Кім жылдам?»

2-бөлім. «Химиялық өрмек»

3-бөлім. “Жұмбақтар аралы”

4-бөлім.“Формулалар сыры”

5-бөлім.“Химиялық портрет”



1-бөлім. «Кім жылдам?»

Ережесі: 1 минут ішінде лездік сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа бір балл)



І топқа қойылатын сұрақтар

1.Периодтық заңды кім және қашан ашты? (1869 жыл, Менделеев)

2.Валенттілік дегеніміз не? (химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті)

3.Химиялық реакция типтерінің қанша түрі бар? (төрт)

4.Сүзу әдісімен бөлінген ерітіндіні қалай атайды? (сүзінді)

5.Химиялық реакцияның қандай белгілерін білесің? Атаңыз. (жылудың бөлінуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі, т.б)

6.Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі (молекула)

7.Берилий, мырыш, кальций, магний валенттіліктері (тұрақты екі валентті)

8.Химиядағы басты ұғым (химиялық элемент)

9.Формуланың алдына қойылатын сан (коэффициент)

10.Химиялық реакция типтерін атаңыз (қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу)

11.Авогадро тұрақтысының мәні (6,02*1023)

12.Заттардың өзара әрекеттесетінін көрсететін таңба («+» қосу таңбасы)

13.Алмасу реакцияна қандай заттар қатысады? (екі күрделі)

14.Зат мөлшерінің белгіленуі, немен өлшенеді? (ню, мольмен өлшенеді)

15.Қосылу реакциясы дегеніміз (екі немесе бірнеше заттар өзара әрекеттесіп, бір күрделі заттың түзілуін айтады)



ІІ топқа қойылатын сұрақтар

1.Реагенттер дегеніміз (әрекеттесуші заттар)

2.Әрбір газ қанша көлем алады (22,4 л/моль)

3.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі (атом)

4.Темірдің валенттіліктері қанша? (2, 3)

5.Химиялық әрекеттесуге кіріскен заттардың массасы одан түзілетін заттардың массасына тең қандай заң тұжырымдамасы? (заттар массасының сақталу заңы)

6.Алюминийдің атомдық массасы қандай? (27)

7.Химиялық элементтердің горизонтал қатары (период)

8.Металл атомы мен гидроксо тобынан тұратын қосылыс қалай аталады? (негіздер)

9.Бейэлектролиттерде болатын химиялық байланыс (коваленттік полюссіз байланыс)

10.Латынша диссоциация ұғымы нені білдіреді? (ыдырау)

11.Диссоциациялану дәрежесі 3% бен 30% аралығында болатын электролиттер (орташа)

12.Сулы ерітіндіде дисссоциацияланғанда анион ретінде ОН иондарын түзетін қосылыс (негіздер)

13.Иондық реакциялар қандай жағдайда толығымен жүреді? (тұнба түзілсе, газ бөлінсе, су түзілсе)

14.Литий, натрий, күміс валенттілігі (бір валентті)

15.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)



2-бөлім. «Химиялық өрмек»

Ережесі: Cіздерге 1-20 ға дейін сандар беріледі». Әрбір топ 7 сұрақтан таңдайды. Таңдалған сандары бойынша әрбір топ өрмектегі санды таңдап, Жүргізуші өрмектегі дөңгелекті алып, оның артындағы жасырын тапсырманы оқиды.

Кейбір нөмерлердің астында жасырылады:

- «өрмекші» : ойының келесі кезеніне өту ;

- «Інжу»: бұл топ 1 ұпайды ие болып, ойынды әрі қарай жалғастырады;

- «су тамшысы»: 10 ұпай «жуылып кетеді».

4. Әрбір дұрыс жауапқа топтар 10 ұпайға ие болады, ал егер жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топтар жауап бере алады және дұрыс жауап үшін 10 ұпайға ие болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар.

1. Ғаламшарда ең көп таралған элемент (сутек)

2. «Өрмекші»

3. Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)

4. Зертханаға оқушылар кірген кезде ақ ұнтақ салынған СаО формуласы жазылған, банкені көреді. Сырым: «бұл үлпілдек әктас»-деді, ал Қайрат: «иә, бұл әктас, бірақ күйдірілген әктас»-деді, ал Әділ: «бұл сөндірілмеген әк»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? (барлығы)

5. «Өрмекші»

6. Керосин құйылған құтыға металл калийді салған кезде не байқалады? - деп мұғалім сұрады. Сырым: «калий активті металл болғандықтан, сондықтан керосинге салынған кезде ол лапылдап жанады»-деді. Қайрат: «ештенеде болмайды, себебі калий ауамен жанасқан кезде жанады, сондықтан ол керосині бар құтыға салынбайды»-деді. Әділ: «металл ыдыстың түбіне түсіп, сол қалпы жатады, химиялық реакция жүрмейді»-дейді. Қайсысы дұрыс айтып тұр? ( Әділ, себебі калийді керосинің астында сақтаймыз)

7. «Інжу»

8. Қандай зат үш агрегаттық күйде болады ? (Су)

9. «Өрмекші»

10. Маған бұрынан назар аударылған, бірақ мені ешкімде ұстай алмады. Швед ғылымы К.Шееле және ағылшын химигі Джозеф Пристли мені толығым зерттеді. 1774 жылы олар мені ашты, бірақ К.Шелее Джозер Пристлиден 5 жылдан кейін мені алғаны туралы хабарлағандықтан атақ Джозер Пристлиге берілді. Шееле мені «жанғыш газ» деп , ал Пристли – «дефлогистирлі ауа» -деп атады. Екеуіде қателесті. Өзім туралы айтып кетейін, атмосферада- 21% , литосферада – 28% құраймын. Гидросферада 89% құраймын, ал 50 км биіктікте менім мөлшерім 10%, ал 100 км биіктікте 0,1% құраймын. Адам ағзасында мен 45 кг мөлшерде кездесемін. Тәулікте адам мені 750 литр көлемінде қабылдайды, ешқандай қоспасыз. Мен қандай газбын ? (Оттегі)

11. Мені 16 ғасырда Парцельс темір шегені күкірт қышқылына салған кезде алған. 17 ғасырдың соңында мені Роберт Бойль зерттеді. Ол мені темір ұнтақтарына тұз қышқылын құйған кезде алды. Ол мені шыны ыдысқа жинаған және мені ауа деп есептеген. Роберт Бойльдің шәкіртті Лемери мені құтыға жинап, оның ауызына майшамды апарған кезде жарылыс пайда болды, осы жарылыстан Лемери шыны сынықтарынан мерт бола жаздады. Ең соңында ағылшын химигі Генри Каведиш 1766 жылы мені ашты. Сол кезде мені «жанғыш газ». Мені таза күйінде 1783 жылы Лавуазье судан алды. Солай мен химиялық элементтердің қатарына ендім. Жерде менімен мөлшерім 1%, ал күнде мен 80% . Қалған элементерге қарағанда менің атомдарым қосылыстарда көп мөлшерде кездеседі. Менің молекулаларым атмосфераның жоғарғы қабатарында жиналады. Мен кіммін ? (сутегі)

12. «Інжу»

13. «Су тамшысы»

14. «Химия және география». Қандай химиялық элемент грек тілінде жер қыртысы деген мағынаны білдіреді (Жер қыртысы- литосфера, грек тілінде lithos – тас ; литйдің атауы осы сөзден шыққан)

15. d деңгейшесінде қанша электрон болады? (10)

16. «Химия және тарих». А.Македонский Индияға жорық жасаған кезде, офицерлері сарбаздарға (солдаттарға) қарағанда ішек-асқазан ауруларын сирек шалдыққан. Олардың ішкен астары мен сусындары бірдей болған, бірақ ыдыс-аяқтары әр түрлі болған. Офицерлердің ыдыстары қандай металдан жасалынған? ( күмістен, себебі күміс бактерицидті қасиетке ие)

17. Су тамшысы

18. Реакцияның белгілері қандай? (Газ, тұнба, иіс, жарық, түсінің өзгеруі)

19. Аталған затты тап:

а) Газ күйінде ол тыныс алу жүйесіне және көзге қатты қоздырғыш қасиет көрсетеді, сұйық күйінде ол күйдірігш.

б) Ол кейбір гербицидтер, инсектицидтер, пестицидтер құрамында болады.

в) Тұздар электролизі нәтижесінде оны алуға болады. г) Антант және Германия әскерлері оны әскери шабулдарда қолданған д) Оны суды және су қоймаларын дезинфекциялау мақсатында қолданады.

(хлор)

20. Су тамшысы

3-бөлім. “Жұмбақ аралы”

Ережесі: химиялық элементерге қатысты жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақша оқылуын айтасыздар. Әр сұраққа 10 балмен есептеледі. Толық болмаса 5 балмен есептеледі.

І топ

1.Күміс түсті металл өзі

Ақ бор, әктас, мәрмәр еді

Жер металы десек те

Сан құрылыстың өзегі (кальций, кальций)



ІІ топ

2.Жануарда да адамда да болатын

Талай снаряд, бомбаларды ж аратын.

Полиграфияда да сенім артып,

Жапырақта хлорофилді түзетін (магний, магний)



І топ

3.Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат құрал жасар соны құйып (сынап, гидраргирум)



ІІ топ

4. Тағады оны төсіне

Алтыннан басқа алдына

Салмақты та сабырлы

Теңеу айтып оған да (күміс, аргентум)

І топ

5. Иісі, дәмі де жоқ ұсталмайды,

Ол болмаса тіршілік өмірде жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

Қалады қарауытып көмір боп шоқ (оттек, о)

ІІ топ

6.Алғаш болды белгілі

Күнде қандай элемент?

Одан кейін біз оны

Жерден зерттеп тауып ек? (гелий, гелий)

І топ



7. Қолданамын электр желісінде

Осы менің негізгі ж еңісім де

Ж арқыратып үй – үйге ж арық берем

Бағалымын адамға сол үшін де (алюминий)

ІІ топ

8.Өзі сұйық, иісі де жағымсыз,

Ғалымдар да сондықтан

Сасық деген ат беріп,

Қолданады дәріге (бром, бром)

І топ

9. Өзім газбын, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттегі)



ІІ топ

10. Су бетінде қалықтап қандай металл жүзеді

айтшы ойланып денеңде жетпейтін қандай тұз еді? (натрий, ас тұзы)



4-бөлім. «Формулалар сыры»

І, ІІ топқа
Формулаларын жаз

1. Күкірт (ІV ) оксиді - SO2

2. Кальций оксиді - CaO

3. Магний гидроксиді - Mg(OH)2

4. Азот қышқылы - HNO3

5. Кальций силикаты - CaSiO3

6. Натрий дигидрофосфаты - NaH2PO4

7. Магний гидрокарбонаты - MgHCO3

8. Аммиак - NH3

9. Фосфин - РH3

10. Метан - CH4

11. Күкірт қышқылы – H2 SO4

12. Натрий гидроксиді - NaOH



5-бөлім. «Химиялық потрет» тапсырмалары



І топ

Швед ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты, 1887 жылы электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидаларын ұсынған ғалым кім? (Сванте Аррениус)



ІІ топ

Орыс химигі, Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1876). 1834 ж. 27-қаңтарда Ресейдің Тобольск қаласында дүниеге келген. Химиялық элементтерді ретке келтіріп 35 жасында өзінің атақты ғылыми жаңалығын паш еткен, математика мен физиканың әдістерін химияның күрделі мәселелерін шешуге қолданған орыстың ұлы ғалымы, педагог және қоғам қайраткері (Д.И. Менделеев)

І топ

Радиоактивтілік және атом құрылысы жөніндегі ілімнің негізін салушы. Оның негізгі ғылыми жұмыстары атом ядросын зерттеуге арналған. Ол 1911 жылы атом құрылысының Күн жүйесіне ұқсайтын планетарлық моделін ұсынған ағылшын физигі (Эрнест Резерфорд)



ІІ топ

Шығармашылық қызметі өзінің қызығушылық өрісінің кеңдігімен және табиғат сырларына терең енуімен ерекшеленеді. Оның зерттеулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1748 жылы атом-молекулалық ілімінің негізін жариялаған және де химиялық реакция кезіндегі массаның сақталу заңын ұсынған орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, суретші, тарихшы (М.В. Ломоносов)



І топ

Француз ғалымы 1755-1826 жылы заттың массалық құрамын анықтаумен айналысты. Химияның жеке ғылым ретінде дамуына құрам тұрақтылық заңын ашуға өз ықпалын тигізді. (Ж.Пруст)

ІІ топ

1811 жылы жай газдардың молекуласы бiр немесе бiрнеше атомдардан тұрады деген жорамал жасап, осы жорамал негiзiнде ол негiзгi идеал газ заңдарының бiрiнiң айтылуын (өрнектелуiн), атомдық және молекулалық массаны анықтау әдiсiн анықтады. Ол өз есiмiмен универсалдық тұрақты сан (6,02*1023) – идеал газдың 1 молiндегi молекулалар саны деп атаған итальян физигi және химигі (Амедео Авогадро)



Жүргізуші: ал енді әділ-қазылар алқасына сөз берейік.

 

Жүргізуші: «2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды, әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін,

Химия оқу парызымыз » -деген өлең жолдарымын ойынымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!