400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Химиялық формулалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Химия

Мұғалімнің аты-жөні: Бегалыева Нуржайна Кунградбай кызы

Күні: 17.09.2020ж

Сынып: 8 «А»

Оқушы саны: 26

Сабақ тақырыбы

Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

Сабақтың оқыту мақсаттары

- Химиялық формулалар жаза білу

- Заттардың химиялық формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массаны есептеу

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

«Химиялық формула» ұғымын біледі

Көпшілік оқушылар:

Заттардың химиялық формуласын жаза алады

Кейбір оқушылар:

Заттардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептей алады

Құндылықтарды дарыту

-Шапшаңдылық, өзара түсіністік, сыйластық қабілеттерін дамыту;

- Жауапкершілікке үйрету, әрбір берілген тапсырманы тиянақты орындауға бағыттау;

- Оқушының ақыл-ой ізденістерін ынталандыру;

Бағалау критерийлері

- Химиялық формула жаза алады

- Заттардың химиялық формуласы бойынша

салыстырмалы молекулалық массаны есептей алады

Тілдік мақсаттары

Химиялық формула, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, коэффициент, индекс, салыстырмалы атомдық масса

Алдыңғы оқу

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы туралы не білеміз?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7минут
















































7-20минут

Түсіндіру әдісі:






















































































Сабақтың ортасы

20-25минут

Бағалау әдісі: +, - қою арқылы

5 балл

































25-30минут

Бағалау әдісі: +,- қою арқылы



































Сабақтың соңы

30-40минут

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау әдісі: +, - қою арқылы




1.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу;

-Оқушыларды түгендеу

-Сергіту сәті «Жылы алақан» әдісі. Жұптар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бас бармақтан бастап саусақтарын тигізіп, келесі сөздерді айтады:

- Барлық істе саған сәттілік тілеймін! Рақмет!

Үй тапсырмасын бекіту

«Почта» әдісі

1. Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз

2. Салыстырмалы атомдық масса ........ деп белгіленеді.

3. 1 м.а.б. = ..... кг

4. Салыстырмалы атомдық масса қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

5. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесінен оттегінің салыстырмалы атомдық массасын табыңдар


Жауаптары:

1. Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы деп – берілген элементтердің атомдық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігіне қатынасын айтады.

2. Салыстырмалы атомдық масса Ar деп белгіленеді.

3. 1 м.а.б. = 1,66*10-27кг

4. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама.

5. Ar (O) = 16


Дескриптор:

- Салыстырмалы атомдық масса туралы тапсырмаларды орындайды

- Химиялық элементтердің периодтық жүйесі кестесін қолдана алады.


Қ.Б. Мұғалім қолпаштау сөздері арқылы бағалайды. Тамаша, жарайсың, жақсы


Топқа бөлу: (Оқушылар қима қағаз таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді)

1- топ «Металдар»

2-топ «Бейметалдар»



Жаңа сабақ

Заттардың құрамын таңбалар арқылы

өрнектеп, оның химиялық формуласын

жазуға болады. Жай заттың химиялық

формуласын жазу үшін оны құрайтын

элементтің таңбасын жазу жеткілікті.

Мәселен, жай зат күкірттің формуласы S,

қорғасындікі Pb деп жазылады.

Жай заттардың құрамына екі не одан да көп атом кіруі мүмкін.Ондай жағдайда элемент таңбасының оң жағынан төменіректе атомдардың санын көрсететін индексті қоса жазады.

Күрделі заттардың химиялық формулаларын жазу үшін, ең алдымен, оның құрамына кіретін элементтерді және олардың атомдарының санын білу қажет. Мысалы, су молекуласының құрамына сутектің екі атомы, оттектің бір атомы кіреді, сондықтан оның химиялық формуласы H2O деп жазылып, "аш-екі-о" деп оқылады.

Егер заттың формуласының алдына сан қойылса, ол молекулалардың санын көрсететін коэффициент (цифр) болып саналады. Формуланың алдына "1" коэффициенті жазылмайды.

Заттардың химиялық формуласы бойынша нені білуге болады? Ең алдымен, кез келген заттың құрамына кіретін элементтің саны арқылы оның жай зат не күрделі зат екендігін ажыратамыз. Олардың құрамындағы элементтердің атомдар санын айта аламыз.

Заттың химиялық формуласы арқылы оның салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарады. Ол үшін заттың құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық массалары пайдаланылады.

Массаның атомдық бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы - берілген заттың молекулалық массасы деп аталады.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, оның молекулалық массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігін қатынасын көрсетеді.

Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз шама, өйткені оны құрайтын элементтердің салыстырмалы атомдық массасының да өлшемі жоқ. Салыстырмалы молекулалық масса Мr деп белгіленеді.

Химиялық есептеулерде заттың салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін, оның құрамына кіретін элементтер атомдарының барлығының салыстырмалы атомдық массаларының жиынтығын табады. Іс жүзінде әр элемент атомдарының санын ескере отырып, оның салыстырмалы атомдық массаларын жеке-жеке тауып алып, сонан соң өзара қосады. Мысалы, судың салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарайық:

Мr (H2O)=( 2*1) +16=18

Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:

1) жай немесе күрделі зат (бір немесе бірнеше атом түрлеріннен құралғандығын);

2) сапалық құрамы (яғни, әр атом түрінің қаншасы кіреді);

3) сандық құрамы (яғни, әр атом түрінің қаншасы кіреді);

4) салыстырмалы молекулалық массасы (яғни, берілген молекула масасы м.а.б-нен неше есе көп);

5) элементтердің массалық қатынастары (яғни, әртүрлі элемент атомдары өзара қандай массалық қатынаста тұр).

Сонымен химиялық формула - химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептелінеді, себебі ол заттың химиялық құрамын ажыратып береді.



«Түртіп алу» әдісі

Бұл әдіс арқылы оқулықпен жұмыстанады.

Оқулықтан алған мәліметтерін түртіп алып отырады.


1-тапсырма

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 қаңтар
469
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі