Материалдар / Химиялық реакция жылдамдығы 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық реакция жылдамдығы 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық реакция жылдамдығы 11 сынып 2 тоқсан бөлім Кинетика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қараша 2023
372
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығы

Бөлім:

10.2.В Кинетика

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакция жылдамдығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу;

10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу

10.3.2.3 реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолданылатындығын түсіну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Химиялық реакция жылдамдығын қарастыра алады

Көпшілік оқушылар үшін:

Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін реакция жылдамдығының теңдеуін біледі

Кейбір оқушылар үшін:

реакциялар үшін әрекеттесуші массалар заңының қолдана отырып, реакция жылдамдығының өзгеруін түсіне алады

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.

ә). Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

б). Топтастыру.








Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.

І-топ:

ІІ-топ

Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.



Тоқыма жіп


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Оқушылар дәптерлеріне күн мен сабақ тақырыбын жазып алады. Оқушылар сабақта күтілетін нәтижелерді айтады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

18 мин.

Оқушылардың өткен сабақтағы алған білімдерін еске түсіріп, бүгінгі тақырыпқа байланысты алғашқы білімдерін анықтау мақсатында әр оқушыға тест сұрақтары үлестіріледі. Бүгінгі күннің тақырыбы мен оқу мақсаты және сол оқу мақсатын меңгеру үшін жасалатын іс-әрекеттер таныстырылып, талқыланады.




Кәсіби сөздердермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!».

ДК экраны

10-сынып оқулығы.


Жеке жұмыс

8 мин

Тест

1.Бір фазадан тұратын жүйе:

А) гетерогенді В) жанасу беті

С) гомогенді Д) лимиттеуші саты

2.Келтірілген формулалардың қайсысы масса әрекеттесу заңының математикалық өрнегі:

А) V=1/C.В) V=∆C/t

С) V=k[A]m·[B]n Д) C=1/V

3.Вант – Гофф формуласының математикалық өрнегі?

A) V=1/CB) V=k[A]m·[B]n

С)Д)

4. Әртүрліфазадантұратынжүйе:

А) гетерогенді В) жанасу беті

С) гомогенді Д) лимиттеуші саты

5. Гомогенді реакцияға мысал келтір:

А) С(қ) + О2(г) ↔ СО2(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)

С) 4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3 Д) 4Al(қ) + О2(г) ↔ 2Al2O3

6. Әрекеттесуші және түзілетін заттар бірдей агрегаттық күйде болатын реакция:

А) гетерогенді В) қайтымды

С) гомогенді Д) қайтымсыз

7. Әрекеттесуші және түзілетін заттар әртүрлі агрегаттық күйде болатын реакция:

А) гетерогенді В) қайтымды

С) гомогенді Д) қайтымсыз

8. Гетерогенді реакцияға мысал келтір:

А) Н2(г) + I2(г)→2НI(г) В) 2NО(г) + О2(г) ↔ 2NО2(г)

С)4Fe(қ) + 3О2(г)→2Fe2O3Д) 2СО(г) + О2(г) ↔ 2СО2(г)


Берілген тапсырма бойынша тест тапсырмасын орындайды. Өзіндік ойын тұжырымдайды сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

Тест тапсырмасы бойынша берілген тапсырманы толық орындайды-8б.




Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

12 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

image6.png



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!