Материалдар / Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ, Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары
Авторы:
16 Қазан 2024
250
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары

Бөлім:

8.2В Стехиометриялық есептеулер

Педагогтің аты-жөні:

Қайыркелді Қуандық

Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.3.7 -газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздық бойынша есептеу

8.2.3.8 -газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынас заңын қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Химиялық реакциялардағы газдардың көлем қатынасы туралы жан-жақты түсінік береді

Көпшілік оқушылар үшін:

Көлемдік қатынастар заңын қалыптастырады

Кейбір оқушылар үшін:

Газдардың көлемдік қатынастары бойынша есептеулер жүргізеді.









Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жақсы сөз жарым ырыс...» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы бір ауыз сөздер айтады.


Топқа бөлу




Оқушылар ұстазымен амандасады, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы психологиялық ахуал туғызады.


Кеспе қағаздар таратылып, оқушылар заттардың агрегаттық күйі бойынша «Сұйық заттар», «Газдар» топтарына бөлінеді.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.





«Дұрыс-бұрыс» әдісі

арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

1. Қалыпты жағдайда (қ.ж.),яғни 00С температурада, 1 атмосфералық қысымда (101,325 кПа) кез келген газдың бір молі 22,4л көлем алады. +

2. Газдардың күйін көлем, қысым,температура сипаттайды. +

3. Оттектің мольдік көлемі 34 ке тең. – 4. Vm=6.02*1024 - 5. М (СО2) =44 г/моль +

6. «Бірдей жағдайда алынған газдардың тең көлемдерінде молекула саны бірдей болады.» Бұл зат массасының сақталу заңы –

7. 64 г оттектің моль саны 3 моль - 8. 2 моль сутек газының көлемі 22 ,4 л + 9. 2 моль оттек газының көлемі 22,4 л + 10. 0,5 моль озонның молеула саны 6.02*1023 +




Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау 3 минтуттық видео көріп берілген сұрақтарын ұжымдық талқылау. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.







1.Коэффициент дегеніміз?

2.Газдардың көлемдік қатынас заңын түсіну?

3.Газ тәрізді заттардың мольдік көлемі?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

https://smk.edu.kz/Course/Topic/16/7918?lang=2

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықтан «Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынастары» тақырыбын «ІNSERT» әдісі арқылы оқып шығыңыздар.



Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру

Мәтінді оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасалады:

W- білемін;

+ жаңа ақпарат;

- білмеймін;

?- білгім келеді;

кесте жүйесі бойынша жұмыс жасайды.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Көлемдік қатынастар заңын қалыптастырады.

Презентация

Жеке жұмыс

5 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырма

«Есебін тауып, есептей біл» әдісі ТЖ

Әр топқа өткен тақырып бойынша есептер беремін. Топпен шығарады. Шығарылған есептерді келесі топ тексереді. Соңында есептердің дұрыс шығарылған жолын мұғалім тексереді.


І-топ

1 есеп:

Көлемі 10л пропанды жаққанда атмосфераға қанша көлем көмірқышқыл газы таралады?


Жауабы:

2 есеп:

Берілген реакция теңдеулеріндегі газдардың көлемдік қатынастарын табыңыз

H2    +     Cl2   =   2HCl

C2 H2    +     3H2   =   2CH4

Жауабы:

H2    +     Cl2   =   2HCl 1:1:2

 моль     1моль      1моль   2 моль

V, л       22,4л       22,4л 44,8л


C2 H2    +     3H2   =   2CH4   1:3:2

моль     1моль      3моль   2 моль

V, л       22,4л        67,2л 44,8л



2-топ

1 есеп:

Берілген реакция теңдеулеріндегі газдардың көлемдік қатынастарын табыңыз

2NH3    +    4O2   =   2NO + 3H2O


Жауабы:

2NH3    +    4O2   =   2NO + 3H2O 2:4:2

моль     2моль      4моль  2моль

V, л       44,8л        89,6 л 44,8л



2 есеп:

Әрекеттесетін газдардың көлемдерінің қатынасы әртүрлі есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Көлемі 3л пропанды жағуға қанша литр оттек қажет?

3л хл

C3H8 + 5O2 = 3CO2 + 4H2O + Q

1көлем 1(л) 5көлем 5(л)


х=  3 * 5 = 15л

         1


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Реакция теңдеуін теңестіреді

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс

6 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырма «Карусель» әдісі.


«Карусель» әдісі.

Тапсырманы орындау үшін топтағы әр оқушыға 1 минуттан беріледі. Уақыт өткен сайын оқушылар тапсырма алмастырып отырады.

Топтарға сұрақтар:

1 оқушы:

  1. Бірінші газдың екінші газ бойынша салыстырмалы тығыздығы ........ деп белгіленеді.

  2. Стандартты жағдайда О2, СО2 газдарының тығыздығын қалай анықтайды?.

  3. Газдың тығыздығын ....................... формула бойынша есептейді.


2 оқушы:

  1. Ауаның орташа молярлық массасы ..........

  2. Газдардың «салыстырмалы тығыздығы» деген не?

  3. Мынадай газдар қоспасы 0,3 моль Н2, 0,4 моль СО2 стандартты жағдайда қандай көлем алады?




3 оқушы:

  1. Сутек газы ауадан ............. есе жеңіл.

  2. Төмендегі газдардың а) СО2, б)NH3 қалыпты жағдайдағы тығыздығын табыңдар.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Талдау жасап айырмашылықтарын анықтайды.

.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

12 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма: Тарауды қайталау, №5,6 есеп

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!