Материалдар / Химиялық тұрғыда тағамның пайдасы мен зияны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химиялық тұрғыда тағамның пайдасы мен зияны

Материал туралы қысқаша түсінік
Химиялық тұрғыда тағамның пайдасы мен зиянын қарастыру. Тағамның химиялық құрамын анықтау, пайдасы мен зияны. Какао түрлі сусындарар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2022
1381
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ

«Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі» МКҚК











«Тағамдардың пайдасы мен зияны химиялық тұрғыда »

тақырыбында дөңгелек үстел



Химия пәнінің педагогі: Г.П.Алимкулова















Т.Рысқұлов – 2022 жыл




«Тағамдардың пайдасы мен зияны химиялық тұрғыда »


Өткізілетін күні: 03.03.2022 жыл

Жауапты педагог: Г.П.Алимкулова

Қатысушылар: ЖТ-111 ТӨ-111

Өтетін орны: кітапхана

Мақсаты:

Студенттерді адамгершілігі мол, жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу, ой - өрістерін, сана сезімдерін, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар

Дәйексөздер:

«Ас адамның арқауы».


Жүргізуші: Адам денсаулығына зиянды тағамдарды анықтау

Әлемдік диетологтар адам ағзасына өте зиян тағам түрлерін анықтады. Әрине, олардан адам уланып өлмейді. Алайда, жиі пайдаланған жағдайда түрлі ауруларға шалдығары сөзсіз. 1. Чипсы мен лимонад Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыштар мен дәмдеуіштер де көп мөлшерде кездеседі. Оны дайындау кезінде адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын көптеген канцерогендер түзіледі. Ал, майлар болса қан құрамындағы холестериннің деңгейін арттырып, инфаркт пен инсульт сынды аурулардың туу қаупін арттырады. Лимонадтың құрамында аспартам (Е951) бар. Сусынды көп ішкен жағдайда күйзеліске және ашушаңдыққа алып келуі мүмкін. Чипсы мен лимонадты көп тұтынған адам семіздікке шалдығады. 2. Фастфуд Тез әзірленетін тағамдар - фри, шаурма, гамбургерлер және қуырылатын өзге де тағамдар денсаулыққа өте зиянды. Өйткені, мұның барлығын бірнеше рет пайдаланылған майда қуырады.3. Дүкеннің шұжықтары, кептірілген ет өнімдері Шұжықтар, тұшпара, тартылған ет - бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш сынды қоспалар көпетеп кездеседі. Құрамында канцоргендер жоғары мөлшерде болғандықтан мамандар кептірілген ет пен балықты да қауіпті тағамдардың қатарына жатқызып отыр. 4. Маргарин, тәтті тоқаштар Ең зиянды майлардың барлығы маргариннің құрамынан табылады. Көшеден сатып алынған торт пен тәтті тоқаштарды көп жеген жағдайда семіздіктен құтылу мүмкін емес. 

5. Кофе мен энергетикалық сусындар Ересек азаматқа күніне екі бокал кофеден артық ішуге болмайды. Әсіресе, адам ағзасына ерігіш кофе аса зиянды. Ол асқазан қыжылына жиі алып келеді. Ал, энергетикалық сусындардың құрамында кофеиннен бөлек қант, бояуыш, химия және газдар бар.  6. Шоколад батончигі, сағыздар Бұл - түрлі химиялық қоспалар қосылған өте үлкен мөлшердегі колория. Оған адам тез үйренеді және әдетке айналдырады 7. Майонез бен кетчуп Майонездің де құрамында холестеринді арттыратын зиянды майлар көп. Әсіресе пластик ыдыстарындағы майонез адам ағзасына зиянды. Ал, кетчуп құрамында үлкен көлемде консерванттар мен реттеуіштер бар. 8. Йогурт пен балмұздақ

Біздің ойымызша, йогурттың сүттен жасалғандықтан адам ағзасына пайдасы үлкен деп есептейміз. Бірақ олай емес. Йогурттың құрамы реттеуіш, қоюландырғыш, иістеуіш сынды қоспаларға өте бай. Балмұздақ та ағзадағы зат алмасуын баяулататын күшке ие. Оны көп жеген жағдайда артық салмақ қосуыңыз мүмкін.





Зиянды тағамдардың қысқаша тарихы

1920 жылдары ең бірінші зиянды тағамдар Америкада қолданысқа ие болды. 1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. Тоқсаныншы жылдары гамбургер кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам ресторандарға жол тартты.Өткен ғасырдың 80 – 90 жылдары жүгіріп жүріп қоректену деп аталатын тағам бүкіл әлемге тараған. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет McDonald's ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы зиянды тағамға 6 миллиард доллар жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд долларға өсті. Солтүстік Кореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен компаниялардың бірі болып саналады. Фри картофельдерінің көпшілік арасында кең етек жайғанығы соншалық, оның сатылымының көлемі шикі картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы қазақстандықтар 3 миллион тонна фри картофелін жеді. Зиянды тағамдардың кең етек алуы қазақстандықтардың күрт семіруіне әкелді. Ауруларды бақылау орталығының есептеуінше, семіздіктен жылына 248 мың адам өледі екен.

Ежелгі дәуірдің өзінде зиянды тағамдар айрықша сұранысқа ие болған. Егер ежелгі әйелдер өз отбасы - ошақ қасында ас пісіруді дұрыс деп санаса, ежелгі римдіктер тағам дайындаудан мүлдем бас тартқан, тіпті кейбіреуінде ас үй болмаған. Оның орнына әр қалада тіскебасар сататын орындар мен базарлар болған деседі. Ол жерде асқазанға не керектің бәрі табылған. Ашытқымен иленген қамырдан пісірілген шелпектер үлкен сұранысқа ие болыпты. Оның бетіне зәйтүн майын жағып береді екен. Көп жылдар өте келе бұл шелпектің беті шұжық, көкөніске толтырылып, ірмшік ерітіліп, итальяндық пиццаға айналды. Басқа елдерде де зиянды тағамға құштар болыпты. Қытай елінде «Доширак» пайда болардан бұрын базарларда тез дайындалатын ыстық кеспе сатылатын. Ал Үндістанда ащы соусы бар чапати деп аталатын тағам берген. Еуропада да әртүрлі тіскебасарлар болған, кейбір елдерде, мәселен, Ресейде бәліштер сұраныспен қолданылған.

Адам денсаулығына зиянды тағамдардың құрамы және адам ағзасына әсері.

Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», «Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін. Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты «Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид көміртекке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм. 
Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей болдық. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлеттер грилде дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий. 
Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды. 
Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге ұнай ма, ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды жеп тауысады екен .Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің құрамында болады. 
Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр. 
Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында «Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға тиым салынған. 
Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына (этикетка) қараңыздар!!! 

Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары

Кока-кола сусынында ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.

Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.

Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.

Кока- кола дақты және иісті  жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.

Зиянды тағамдар тақырыбын зерттеу барысында, мен бұл құбылыстың оң жақтарын тапқым келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадым. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедім. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.

Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгенім, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – олардың ойынша жылдам тамақтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.

Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.

Жылдам дайындалатын тамақ өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.

Зиянды тағамдар майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.

Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.

Зиянды тағамдарды көп қолданғаннан пайда болатын аурулар

«Ауру – астан» десек те, оған өзіміз мән бере бермейміз. Қазақстандықтар соңғы жылдары зиянды тағамның тұтқынына айналды. Жеңіл асқа жерік көп. Бұл тағам түрі - ағзаға аса қауіпті дейді елдегі гастроэнтерологтар. Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Соның салдарынан ел арасында ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, асқазан ісігі сынды дертке шалдығушылар саны көбейген. Өкініштісі сол, соңғы кезде асқазаны ауыратындардың дені жастар. Асқазан ісігіне жетпесе де, ішек қабаттарының қабыну, ойық жараның асқынуы секілді дерттер.

Қазіргі адамдарға тағамның сапасы емес, тез дайындалатындығы маңызды.Кез – келген тағамға қосымша дәмдеуіштер қосылады. Соның бірі - натрий глутанаты. Ол аллергиялық әсерлер береді. Жүйке жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, тыныс алуды қиындатады. Республикалық диагностикалық орталықтың бөлім меңгерушісінің айтуынша, күніне қаралуға 60- 70 адам келеді екен. Жас мөлшері 5 жастан жоғары қарай. Барлығы да жоғарыда айтылған асқазан дертінің себебінен бас сұғады екен. Оның себебі дұрыс тамақтанбау.Тамақтану академиясы бастаған отандық гастроэнтерологтар шала піскен тамақпен күресті күшейтуге мәжбүр. Тіпті тамақтану пирамидасын да ұсынып отыр. Пайдасы сол, қарныңызға ел қондырып, көңіліңізді толтырады демесеңіз, жылдам әзірленетін тағамдардың зияны көбірек. Ол көптеген аурулардың бастауы.

Антисанитарлы жағдайда дайындалған, оған қосылатын заттардың қайда және қанша уақыт тұрғаны белгісіз тағамдар холестерин деңгейін арттырып, аш – ішек пен жүрек – қантамырларында түрлі аурулар туғызады.

Нәрлік құндылығы төмендеген өнімдер адам ағзасында олар ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады. Бұл әртүрлі ауруларға, яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге алып келеді. Сапасы төмен, канцерогені өте жоғары өнімді пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцерогендік заттардан туатынын ғылым дәлелдеп отыр.

Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге ұшырайды. Ал геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл – күйінің құлдырауына әкеп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына себепкер осы канцерогендер.

Студенттерге жүргізілген сауалнама қорытындысы

Колледж студенттеріне төмендегі сұрақтар бойынша сауалнама -алынған еді:

1.Жылдам тамақ өнімдерін күнделікті қолданасың ба?

2. Кириешки мен чипсы өнімдерін және “коко-кола” сусындарын аптасына неше рет қолданасыз?

3.Жылдам тамақ өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?

4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?

Сауалнамаға барлығы 150 дей стдент қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе көзіміздің жеткені, біздің колледж студенттері 100% күнделікті, 70% аптасына 5- 6 рет, 11% айына – бірнеше мәрте 9% мүлдем қолданбайтындығы анықталды. Студенттердің 82% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Студенттердің 70% олардың құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал студенттердің 87 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін білмейтіндігі анықталды. Студенттердің арасында жүргізілген сауалнама қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды. Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып , ыңғайлы болуы.

Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық реакция

Жылдам тағам өндірісінің дамуы мен шығу тарихымен таныса келе, кафелерде сусын ретінде салқын газдалған сусын ұсынатынын білдік. Салқын газдалған сусын ағзаға майдың сіңуін баяулатады, сондықтан аз уақыт ішінде біз қайта ашығу сезімін бастан кешіреміз.

Сонымен қатар, біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден газдалған сусындардың біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз.

Мен бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдім.

Мен 2 түрлі су түрін алдым – кәдімгі жай су, коко – кола. Тәжірибе нысаны ретінде тот басқан шегені, тауық етін алдым.

Осы барлық сынақ үлгілерін әртүрлі суға батырдық.

Коко – колаға жасалған тәжірибе. Жай су құйылған стаканға және коко – кола сусыны құйылған стаканға бір кесек тауық етін салып қойдым. 3 сағаттан кейін ет көлемі коко – кола сусынында бүрісіп, кішірейіп кеткен. Екіншіден тағы бір қасиеті тотты оңай кетіре алуы. Кока – колаға салынып қойылған тот басқан шегенің ешқандай тоты қалмаған. Толығырақ айтар болсам коко – коланың мынадай қасеттері бар:

1.Ауруды уақытша тоқтататын қасиеті. Осы сусынның құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар

2.Темірдегі тотты кетіреді

3.Терезені, автокөлікті жақсы жуады.

4.Тамақ дайындағанда кез – келген соусқа араластырып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді

5.Үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға коко – коланы құйып, еденді сүртіп шықса жағымсыз иістің орнына ароматты иіс пайда болады

6.Ыдыстың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы, сыртында сызылған, қарайған дақтар болса, оны коламен ысқылап жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа келеді

7.Киімдегі дақтарды да және киімге сіңген қанды да кетіреді

Коко – кола компаниясы өкілдерінің айтуынша сусынның негізгі құпиясы кошениль құртынан алынатын азық – түлік қоспада екен. Әдетте оның құрамында қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген. дегенмен кока – коланың адам ағзасына келтірер залалы күннен күнге дәлелденіп отыр.

Кириешки мен чипсы өнімдерінің зияны. Чипсы мен кириешки өнімінің құрамындағы майларды анықтау тәжірибесі.

Екінші іс - тәжірибемде мен ақ қағазды алып, оған чипсы мен кириешкиды ұнтақтап ездім. Қағазымды алып жарыққа қарап едім, майдың ізі қалған. Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы мен кириешки өнімдерінің құрамында майдың үлесінің шамадан тыс көп болуы. Сонымен қатар оның құрамындағы қоспалардың барын анықтау үшін жетекшімнің көмегімен чипсиды жақтық. Чипсы тез тұтанып жанады екен. Жанған уақытта пластмассаның иісі шығып, құрамындағы майы еріді. Бұдан қорытынды шығарсам, чипсы өнімінің құрамында май мен әртүрлі қоспалардың бар екендігін көрсетеді.

Чипсылар май мен көмірсутектің қосындысынан жасалады екен. Кейін химиялық бояғыштармен боялып, арнайы дәм беретін Е 621 және Е – 637 консерванттары қосылады. Бұл заттар адамның қан қысымына әсер етіп, тамырдың жұмысын нашарлатады.

Тәжірибе барысында және зерттеу жүргізгенде зиянды тағам қоспасының кодтарын анықтадық. Олар :

Тиым салынғандар:т Е 103, Е 105, Е 111, Е 121 , Е 123, Е 125, Е 126, Е 130, Е 152

Қауіптілер: Е 102, Е 110, Е 120, Е 124, Е 127

Күмәнділер: Е 104, Е 122, Е 141, Е 150, Е 171, Е 173, Е 180, Е 241, Е 477

Ісік тудыратындар: Е 131, Е 210-217, Е 240, Е 330

Теріге зияндылар: Е 230-232, Е 239

Қысымның өзгерісін тудыратындар: Е 250, Е 251

Бөртпенің пайда болуына әсер ететіндер: Е 311, Е 312

Холестеринді жоғарылататындар: Е 320, Е 321

Асқазан ауруын тудыратындар : Е 338-341, Е 407, Е 450, Е 461- 466

Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары

Қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізген екен. Нәтижесінде, оқушылардың сүт өнімдерімен өте аз тамақтанатыны анықталып отыр. Ал небір тәттілер, жылдам даярланатын тағамдар балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Бүгінгі таңда әрбір үшінші оқушының салмағы артық. Балалар денсаулығына алаңдаған мамандар шоколад пен газды сусынның орнын жеміс пен сүт өнімдеріне алмастыруға кеңес береді. Өйткені жасөспірімдер ағзасында кальцийдің жетіспеуінен сүйектің морт сынғыштығы белең алуда. Уақытында дұрыс тамақтанбаған баланың есте сақтау қабілеті де нашарлайды екен.

Қорытынды

«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».

Зиянды тағамдарды тұтынушыларға кеңестер:

  • Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн

  • Өзіңізді жылдам тағам орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз

  • Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз

  • Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.

  • Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.

Менің ұсынысым:

  • өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз

  • өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз

  • ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз

  • құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді


Барлығымыздың пайдалы және зиянды азық-түліктер бар екенін білеміз, біз барлық өнімдерді жаман және жақсы деп бөлеміз, және бұл шынымен де, өйткені олардың бәрі де адам ағзасына пайдалы емес және көптеген зиянды және кейде қауіпті. Зиянды және пай

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!