Материалдар / Химияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың кәсіби өздік анықтаудың білім беру ортасын жобалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Химияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың кәсіби өздік анықтаудың білім беру ортасын жобалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалідеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2021
282
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ















ЖОБА ЖҰМЫСЫ

Химияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың кәсіби өздік анықтаудың

білім беру ортасын жобалау





Орындаған: Сарсенова У.Е





































АҚТАУ 2021ж



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»
                                   Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе

      Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Ақпараттық құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады. Қазіргі білім беру саласында әлемдік білім кеңістігінде бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнынын ұйымдастыруды, өзгертуді, жаңартуды талап етеді.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру; яғни оқу үрдісінде ақпаратты- коммуникациялық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.

Жаратылыстану пәндерінде ақпаратттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтырды және ғаламтор ресурстарын пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға зор мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.











Жобаның тақырыбы: Химия мен биологияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың кәсіби өздік анықтаудың білім беру ортасын жобалау



Болжам: Егер оқушыларды химия мен биология пәндерін оқыту үдерісінде кәсіби өздік анықтауда жобалау жұмыстарын жүргізсек, онда болашақта жақсы мамандар шығар еді, (білікті дәрігерлер, ауылшаруашылық мамандары, ветеренарлар, лаборанттар және т.б)

Өзектілігі: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. Сабақта ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Мақсаты: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың ақпараттық білім беру технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.





























Тақырыбы: Химия мен биологияны оқыту үдерісіндегі оқушылардың кәсіби өздік анықтаудың білім беру ортасын жобалау


Қоғамның мамандардың білімімен қатар біліктіліктеріне негізделген ғаламдық ақпараттық ортаға айналуы білім беру үдерісін ұйымдастыруға инновациялық тұрғыдан келу мәселесінің өзектілігін арттырды. Нәтижесінде қазіргі кезде білім беру жүйесіне барынша жоғары талаптар қойылады: ол ауқымды, қарқынды, жылдам өзгеретін әлемде кәсіби қызметке даяр мамандарды дайындауы тиіс, мұнда адам алдында үнемі бейстандартты міндеттер туындайды, олардың шешімі өз қызметін құру және талдау машықтары мен дағдыларының болуын болжайды. Жоғары білім беру жүйесінде білікті маман дайындаудың инновациялық әдістері жетекші орын алады, олар болашақта қоғам дамуын іске асыруды қалыптастыру мен қамтамасыз етуге тікелей қатысады. Қазіргі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі оқу әдістері мәселесі болып табылады, теориялық, сондай-ақ тікелей іс-тәжірибелік тұрғыда. Оқытушы белгілі білім беру мен талап етуге дағдыланған дәстүрлі әдістемелермен салыстырғанда оқытудың интербелсенді формаларын қолдануда оқушы білімге апарар жолды өзі ашады. Студент басты әрекет етуші тұлға болады. Аталған жүйеде оқушыға білім беру траекториясын құруға белсене қатысатын оқытушының алатын орны да маңызды. Оқытудың интербелсенді формалары білім беру бағдарламаларының сәтті іске асуына мүмкіндік береді. Оқытудың интербелсенді әдістері имитациялық және рөлдік ойындардан, пікірсайыстардан, үлгілеуші жағдайлардан құралады. Интербелсенді – әрекеттестік қабілетін немесе бір нәрсемен (мысалы, компьютермен) немесе әлдебіреумен (адаммен) әңгімелесу, диалог режімінде болуды білдіреді. Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен, диалогты оқыту, оның барысында оқытушы мен студенттің әрекеттестігі, танымдық қызметті ұйымдастырудың арнайы формасы жүзеге асырылады. Ол барынша нақты және болжамды мақсаттарды білдіреді. Осындай мақсаттардың бірі оқытудың жайлы жағдайын жасаудан тұрады, мұнда студент сәттілігін, зияткерлік қабілеттілігін сезінеді, ол оқу үдерісінің өзін өнімді етеді. Білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу мен болашақ мамандардың негізгі кәсіби біліктіліктерін қалыптастырудың тиімді формаларына төмендегілер жатады жобалар құру, көпшілік алдына баяндама әзірлеу; кәсіби маңызды мәселелерді пікірсайыстық талқылау; серіктестікте оқыту; мәселелі жағдайлар құру; кәсіби бағытталған бейнефильмдер мен презентациялар және т. б. дайындау. Оқыту дербес үдеріс емес, керісінше әлеуметтік, ұжымдық үдеріс екендігін басшылыққа ала отырып, интербелсенді әдістер жүйесіндегі әсер ету құралы топтық оқыту әдістерімен ұсынылды. Белсенді топтық әдіс (бұдан әрі – БТӘ) деп қойылған міндеттердің (оқу-танымдық, шығармашылық, психологиялық-түзетушілік) мазмұнына қарамастан оқу тобында коммуникативтік үдерістерді жоспарлы белсендендіру тәсілі түсініледі. БТӘ-ті шартты түрде 3 негізгі блокқа біріктіреді: пікірсайыстық – топтық пікірсайыс, іс-тәжірибедегі жағдайларды саралау, рухани таңдау жағдайын талдау, іс-тәжірибелік жағдайларды үлгілеу, кейс әдісі және т. б.); ойын – дидактикалық, имитациялық және шығармашылық ойындар, соның ішінде іскер (басқарушылық); рөлдік ойындар (мінез-құлық тағылымы, ойын психотерапиясы, психодраматикалық түзету); ми шабуылы; контройын (коммуникативтік іс-қимылды ұғынудың транскактілік әдісі); сезімтал тренинг – тұлғааралық сезімталдықты жаттықтыру және өзін психофизикалық бірлік ретінде қабылдау. Интербелсенді әдістер бірлескен белсенді оқу қызметі нәтижесінде шығармашылық қабілеттердің дамуын ынталандырады. Белсенділік – бұл тұлғаның спонтанды көрінісі емес, керісінше қарым-қатынас пен қызметтегі ресурстарды жинастыратын  әлеуметтік білім болып табылады. Бірлескен қызмет оқушылар үшін тек ақпарат алмасып, тәжірибе жинақтау үшін ғана емес, бастысы адамның өзге адамға айнаға қарағандай «қарайтыны» аса қажет. Осыған байланысты оқытудың интербелсенді әдістерінің әлеуметтік қызметін атап өткен жөн. Оқушылардың белсенділігі әлеуметтік маңызға ие, ортақ істің сәттілігі де осыған байланысты. Бұл оқушылардың бәсекелестік пен көшбасшылыққа, адамдармен қарым-қатынасына, кәсіби және жеке мәселелерді шешуге байланысты алаңдаушылықтар шоғырын оятатын ұжымдық қарым-қатынастар мектебі. Соңғы кездері оқытудың ойын әдістері кеңінен таралуда. Іс-тәжірибеде психологиялық-педагогикалық қағидаттарға негізделген имитациялық іскер ойындарды сәтті қолдануда. Іскер ойын (бұдан әрі – ІО) болашақ кәсіби қызметтің пәндік және әлеуметтік мазмұнын құруға бағытталған шартты ортадағы қызмет түрін білдіреді. Оқуда нақты шарттар имитациясы мен кәсіби қызмет қарқынын, сондай-ақ мамандар қызметі мен қарым-қатынасын қалыптастыра отырып, ІО теоретикалық және іс-тәжірибелік ойлау, өзектендіру, білімді қолдану және бекіту, болашақ мамандардың кәсіби нормалар мен арақатынас қағидаларын меңгеру құралы болып табылады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған ІО оқытудың тиімді құралы болып табылады. Оларды дәріс материалын баяндаудың алдында өткізуге болады, одан кейін немесе ІО негізінде тұтас оқу үдерісін ұйымдастыру қажет. Меңгерген білімдерге сүйенген жағдайда ІО барынша сапалы әрі мазмұнды болып өтеді. Сценарийлер, ойын жағдайы мен регламент ІО-ның құрамдастары қызметін атқарады. Сценарий ойынды ұйымдастыру сипаттамасынан, ойын ережелері мен кәсіби жағдайды сипаттаудан құралады. Ережелерде ойынға қатысушылардың құрамы мен олардың рөлдерінің сипаттамасы, ойыншылардың қызметін регламенттейтін материалдар: әдістемелер, бұйрықтар, әр рөл бойынша лауазымдық нұсқаулықтар тіркеледі. Қатысушылардың іс-қимылы ойын құралы болып табылады. Уақыт режімін дұрыс таңдау және шынайы орта құру аса маңызды. Регламент өткізу режімі мен нұсқаулықтарға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды. Қойылған оқу міндеттеріне жету үшін ІО-ды әзірлеу және іске асыру кезеңінде өзара негізделген психологиялық-педагогикалық қағидаттарды сақтау керек кәсіби қызметтің мазмұнын, нақты шарттар мен өндіріс қарқынын имитациялық үлгілеуді; кейбір қарама-қайшылықтардан тұратын және студенттерде қиындықтар тудыратын ойын тапсырмаларының жүйесі арқылы аталған кәсіби қызметке тән мәселелі жағдайларды жаңғыртуды; ойында имитацияланатын мамандардың өндірістік қызметтерінің субъект-субъектілік арақатынасы жағдайындағы қатысушылардың бірлескен қызметін; оқу міндеттерін шешудің, келісілген шешімдер дайындау мен қабылдаудың қажетті шарты ретінде серіктестердің диалогтық қарым-қатынасы мен әрекеттестігін; ойындық оқу қызметінің қосжоспарлылығын. Күрделілік деңгейі бойынша олар мынадай түрге бөлінеді: нақты өндірістік-кәсіби жағдайларды талдау; рөлдерді ойнау; кәсіби қызмет пен қабылданған шешімдердің салдарын имитациялайтын кең ауқымды ойын. Жоғары оқу орындарында (және мектептерде) жинақталған тәжірибе көрсеткендей, оқу ойындарын әртүрлі пәндерді меңгеру барысында сәтті қолдануға болады. ІО-дың өзіндік артықшылықтары, кемшіліктері, қолданылатын белгілі салалары бар. Оқу қызметінің ойын формасы оқытудың дәстүрлі формасымен салыстырғанда көптеген басымдықтарға ие. Бұл оқу үдерісінің аса тиімділігі, сонымен қатар студенттердің жоғары белсенділігі мен жұмысқа қабілеттілігі, және де тұлғааралық қарым-қатынас қарқынының артуы, жарқын эмоционалды алаңдаушылықтардың болуы, сондай-ақ тұлғаның танымдық-кәсіби уәждемесі мен шығармашылық бағытын айқындау жағдайын қамтамасыз ету. Бірақ кәсіби қызметтің кез келген мазмұны ойын үлгілеуіне жарамайды, керісінше ол тек мәселеліктен құралатын және жекелей меңгерілмейтін мазмұны сай келеді. ІО жағымсыз жағы олардың мәнін жеткілікті дәрежеде терең түсінбеуге байланысты, ең алдымен, педагогикалық құбылыс ретінде, мұнда бастысы – сыртқы формасы емес, керісінше ол арқылы және оның арқасында әсер ететін күрделі психологиялық-педагогикалық факторлар. Қолдану оқытушыдан арнайы салалардағы маңызды дайындықты талап етеді. Кейс-әдіс – нақты міндет-жағдайларды шешу арқылы оқытуға негізделген белсенді мәселелі-жағдайлық талдау әдісі (кейстерді шешу). Мақсаты: оқушылар тобының бірлескен күші арқылы істердің нақты күйінде туындайтын жағдайды талдау, іс-тәжірибелік шешім қалыптастыру; үдерістің аяғы – ұсынылған алгоритмдерді бағалау және көтерілген мәселеге қатысты үздігін таңдау. Ерекшеліктері: үдерістің міндетті зерттеушілік кезеңі; ұжымдық оқу немесе топтағы жұмыс; жеке, топтық және ұжымдық оқытуды біріктіру; жобалау технологиясының өзіндік ерекшелігі; жетістікке жету үшін оқушылардың қызметін ынталандыру. Технология – белгілі қағидалар бойынша шынайы өмірде орын алған нақты жағдайдың үлгісі әзірленеді және оқушылар меңгеруі тиіс білімдер мен іс-тәжірибелік дағдылар кешені көрініс табады. Жіктелім: иллюстрациялық оқу жағдайлары – кейстер, олардың мақсаты – белгілі іс-тәжірибелік мысалмен оқушыларды нақты жағдайда дұрыс шешім қабылдау алгоритміне машықтандыру; мәселені қалыптастыру  –нақты уақыт кезеңіндегі жағдай сипатталады, мәселелер айқындалады және нақты тұжырымдалады; мақсаты – жағдайды болжау және өз бетімен шешім қабылдау; мәселені қалыптастырмастан – барынша күрделі жағдай сипатталады, мұнда оның міндеті нақты айқындалмаған, керісінше статистикалық деректерде, қоғамдық пікірлердің, басқару органдарының бағаларында және т. б. ұсынылған; мақсаты – қолдағы ресурстарды талдау арқылы оны шешудің балама жолдарын өз бетімен айқындау  және көрсету; қолданбалы жаттығулар – нақты өмірлік жағдайды сипаттау, одан шығу жолдарын табуды ұсыну; мақсаты – мәселені шешу жолдарын іздеу. Жобалар әдісі – негізін студенттердің танымдық және эксперименттік дағдыларын, өз зерттеулерін өз бетімен жоспарлау машықтарын дамыту, ақпараттық кеңістікке бағдарлану, сыни ойы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту құрайды. Оқушылардың өзіндік қызметіне бағдарланған: жеке, жұптық немесе топтық, оны студенттер белгілі уақыт аралығында орындайды. Аталған әдіс химия және биология мұғалімдерін оқытуда ерекше орын алады, себебі жаратылыстану ғылымдарының дамуы эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу машықтарына тікелей байланысты. Жобалар әдісі үнемі кейбір мәселелерді шешуді қарастырады, ол, бір жағынан, оқытудың әртүрлі әдістері мен құралдарын қолдануды, басқа жағынан – ғылымның, техниканың, технологияның, шығармашылық қызметтердің әртүрлі салаларындағы білімдер мен машықтарды біріктіруді болжайды. Зерттеушілік әдіс – ғылыми зерттеу барысын түсінуге, алған деректерді әртүрлі баяндауға және ақиқатқа сәйкес дұрыс пікірді табуға мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл оқушылардың оқу үдерісінің аясынан тыс қандай да бір сауалды немесе өзекті мәселені жүйелі зерттеу саласындағы талдамалы қызметінің дербес түрі. Мұндай жұмыс жалпы ғылыми іргетасты қалап, зерттеу дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді. Зерттеушілік әдістің негізгі идеясы қандай да бір оқу тапсырмасын шешуге ғылыми тұрғыдан келуді қарастырады. Оқушылармен бірге ғылыми зерттеу өткізудің мақсаттары мынадай: жаңа білім жинау үдерісіне тарту; танымдық қызметтің бейстандартты түрінің бірін меңгеру; нормативтік, оқу, монографиялық әдебиеттерді, іс-тәжірибелік материалдарды, статистикалық деректерді, Ғаламторды қолдануға машықтандыру; негізгі компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу машығын қалыптастыру; көпшіліктің алдына шығуға, пікірталас өткізуге, тыңдаушыларға өз пікірін жеткізуге, оны негіздеуге, аудиторияны өз идеяларымен бөлісуге тартуға мүмкіндік беру. Зерттеушілік әдістің артықшылығы ынтымақтастық дағдыларын оқушылардың бойына сіңіру болып табылады. Қатысушылар тұлғалық мүдделеріне тұйықталмайды, өз серіктестерінің қиындықтары мен мүдделерін көре біледі, және олардың зерттеулерінің нәтижелері алған деректерді талдау мен қорытынды жасауға қолданылатындығын түсінеді. Тәрбиеленушінің тұтас, үйлесімді және бастамашыл тұлғасын қалыптастыру үшін оқу үдерісінде зерттеушілік әдісті барынша жиі қолданған дұрыс. Бұл әдістерді қолдану оқу үдерісі сапасын белсендендіруге және арттыруға: оқушылардың ақпараттық технологияларды қолдану білімінің, машықтары мен іс-тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейін қалыптастыруға; студенттер мен оқытушылар үшін ақпараттық білім беру ресурстарына қолжетімділікті қалыптастыру мен қамтамасыз етуге; оқушылармен жеке тіл табысу тәсілдерін қолдануға; студенттердің өзіндік жұмыс мүмкіндіктерін кеңейтуге; білімді бақылаудың заманауи тәсілдерін қолдануға; шынайы үдерістерді үлгілеуге және т. б. мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде сабақ өткізудің белсенді әрі интербелсенді формаларын қолдану негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыру шартына қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Іс-тәжірибе көрсеткендей, болашақ химия және биология мұғалімдері қолданатын оқытудың инновациялық әдістері кәсіби қызметті ұғынудың шығармашылық, инновациялық тәсілін қалыптастыруға, өзіндік ойлауды дамытуға, белгілі жағдайларда оңтайлы сыни шешімдер қабылдау машықтарын дамытуға ықпал етеді.













































Қорытынды

Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.Сабақта әдістер мен техникалық жетістіктерді, оның ішінде интерактивті тақтаны пайдалану- сабақ өтудің тиімділігін арттырып, оқушы білімін тексеру жолын жеңілдететін, білім- білік дағдыларын дамытуда таптырмайтын құралдардың бірі болып саналады.









Ұсыныс

  • Ақпарат құралдарындағы ойын түрлерін, білім алуға негізделген ойын түрлеріне ауыстырылса

  • Химиялық реактивтердің құрамын, оларды сақтау шараларын білетін оқушыларды болашақта білікті лаборанттар дайындауды мектеп қабырғасынан бастау.

  • Химиялық технологияға оқушыларды қызықтыратын қолданбалы курс жүргізу



































































Пайдаланған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы.

2. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. Химия мектепте №5,2014

4.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»

5. Қазақстан мектебі. 2009 ж. №4 «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері»

6. Қазақстан мектебі.2009 ж №8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері»

7. З. Бержанова. Оқу үдерісін технологияландыру мәселелері / Химия мектепте/ №1 2014 19-22 бет

8.Б. Ибраимова. Ақпараттық технология – нәтижелі білім берудің көзі.

// Қазақстан мектебі, №6,2012 ж-3 бет

9. Химик анықтамалығы №4,2015 ж 33- бет.

10. О.Бужеева. Электронды оқулықтың пайдасы.

11. Ә. Жүнісбек. Жаңа технология негізі – сапалы білім. Қазақстан мектебі. №4. 2008



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!