Материалдар / Химияны оқытудың интербелсенді әдістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Химияны оқытудың интербелсенді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Сәуір 2018
1470
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Арал қаласы, Т.Г.Шевченко атындағы 3 орта мектептің химия пәні мұғалімі Аймбетова Жанагуль Сериковна

Химияны оқытудың интербелсенді әдістері

«Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез – келген азаматы елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады».Н.Ә.Назарбаев

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала ертеңгі – азамат. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Әрбір ұстаз алдындағы міндет – өзі оқытатын пәнінен көкірегінде сәуле бар, талантты шәкіртті тани біліп, оқушы дарынын ашып, оған бағыт – бағдар беріп, оны дамыта білу. Сол тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, танымдық іс – әрекетті қалыптастыру үшін интерактивті оқыту үрдісін пайдалану қажет. Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден химия пәнін интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады. Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушымен мұғалімнің қарым – қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивті оқытудың мақсаты - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету.Химия пәнін интерактивті әдістермен оқыту ешқандай жағдайда дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез – құлық машығын қалыптастырады. Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактвті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Интерактивтік оқыту –бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын – ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылықтарын арттыратын оқытудың жинақы шарттарын жасау. Интерактивтік оқытудың тиімділігі сол, сыныптағы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді:
  • Әр оқушы өзіне тән ерекше еңбегін сіңіреді;
  • білім;
  • идея;
  • әрекет ету тәсілдерін алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, мұнда
өзара қолдау және бір – біріне деген жанашырлық қалыптасады. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық ой – өрістері дамиды, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді. Интерактивті оқыту технологиясы мен тәсілі (ағылш. Interaction – өзара әсер, бір – біріне әсер ету) құбылысына негізделген. Оқу барысында жеке тұлғалар арасында танымдық қарым – қатынас орнап, оның субъектілерінің бәрі өзара қатынасқа түседі. Әр оқушының жеке жұмысы мен оның жеке тұлғасын дамыту адамдардың бір – бірімен сөйлесу және өзара пікіралмасу барысында жүзеге асады. Осы тәсілді қолданудың ыңғайлы түрі – оқу ойындары болып табылады. Химияны интерактивті оқыту әдісіне әртүрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, лабораториялық жұмыстарды видео арқылы көрсету т.б жатады.Ойындар мұғалімге оқытудың (білім, білік, дағды) қолданылуын, жаттығу мен өңделуін, әркімнің мүмкіндігін ескеруді, білім деңгейі әртүрлі оқушыларды ойынға тең дәрежеде қатыстыру нәтижелерін көрсететін мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойындарда барынша эмоциялық – тұлғалық әсер ету, коммуникативті біліктілік пен дағды қалыптастыру, қарым – қатынас құндылығы сияқты мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп оқушыларының жеке және тұлғалық сапаларын тәрбиелеуге қолайлы. Химияны оқытудың интерактивті әдіс үлгілері: «Ми шабуылы», «ми штурмы» - бұл әдіс, берілген сұраққа кез – келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы, айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. «Ми шабуылы» - оқушылардың белгілі бір сұраққа жауап беруі кезінде қолданылады және сол сұрақ бойынша оқушының өзінің ойын айтуға ұсыныс жасау. «Ми шабуылы» - қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады:
  • даулы мәселелерді талқылауда
  • қысқа мерзім ішінде идеяны көптеп жинау.
Интерактивтік оқу технологиясы – оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезінуді тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым – қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс – әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз. Интерактивтік оқу технологиясын қолданатын оқу процесінің құрылымында мына кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
  • Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен сараптаушыларды дайындау
кезеңі. Мұғалім жұмыс тәртібін ұсынады, оқушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
  • Ойын сабақты өткізуге дайындық. Бұл жағдайлар, нұсқаулар,
қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі.Мұғалім жоспар құрады, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне түсінік береді. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен ақылдасады, ойын барысын және мазмұны туралы өзара талқылайды.
  • Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын
басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініші бойынша оның жұмысына көмектесу.
  • Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау
кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында сарапшылар сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз ұстанымдарын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, ойын барысында туындаған қиындықтары, ой – пікірлері туралы әңгімелейді. Интерактивті құралдарды химия сабағына пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
  • Химия пәні бойынша базалық білімді меңгеруі;
  • Алған білімді жүйелеу;
  • Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
  • Жалпы химия пәнін оқуға деген ынтасын арттыру;
  • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігімен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек беру.Бұл оқу материалын қабылдау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпараттарды игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс – әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады. Интерактивті әдістерді қолдануда оқушыларды сапалы дайындықпен қамтамасыз ету оқу процесінің нәтижелігіне тікелей байланысты. Интерактивті әдістерді сабақ барысында қолданудың басты құрылымы мынады: сабақ басталысымен оқушыларға белгілі бір тақырыпты беру және осы тақырыптың әрі қарай дамуына септігін тигізетін іс - әрекеттерді уақытылы жинақтай білу. Осындай интерактивті оқыту әдістерін қолдану арқылы химия пәнің оқушыларға жете меңгертуді сонымен қатар мамандықтарын меңгеруде осы білімдерін кеңінен қолдануына жете мән беру керек. Ал менің алдыма қойған мақсатым –интерактивті әдіс арқылы оқушыны химия пәніне баулу және осы әдіс арқылы химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру. Химияны меңгертуде формуланың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі. Интерактивтік тақтаны химия сабағында қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады.Мысалы: Бейорганикалық химия пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сонымен қатар дедактикалық ойындар (ойлан тап), топпен жарыстыру – берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері, ребус шешуге үйретуге болады.







Химия сабағында интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады.Осындай әдіс – тәсілдер арқылы әр химия сабағында жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Информатиканы оқытуда интерактивтік тақтаны қолдану.
  • «Ақпараттық технология» Мұхамбетжанова С.Т п.ғ.к.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!