«Химияның қызығы» атты интеллектуальды сабақ

Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Химияның қызығы» атты интеллектуальды сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың сабақ оқуға деген мотивациясын оятамыз....... »Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»,ал баланың оқуға ынтасын кім оятар? Кім оятқаны былай тұрсын,қалай оятамыз. Міне, сонда ғой мәселе.Баланы ойын форматында оқытыңыз. Соған сәйкес тапсырма беруде соны ескеріңіз.Соған орай 9 сынып оқушыларына «Химияның қызығы» интеллектуальды сабақ жұмыс жоспарымен таныстыра отырып дайындалу тапсырылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы № 185 жалпы білім беретін мектеп Химия пәні мұғалімі,педагог –зерттеуші.



Баланың сабақ оқуға деген мотивациясын оятамыз....... »Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»,ал баланың оқуға ынтасын кім оятар? Кім оятқаны былай тұрсын,қалай оятамыз. Міне, сонда ғой мәселе.Баланы ойын форматында оқытыңыз. Бала-ойын.Өзгермейтін ереже жоқ.Ережені қабылдап, сабақты ойын түрінде оқытыңыз.Интеллектуальды ойындар, блиц -турнирлер ,тренингтер,коучингтер,қызықты тәжірибелер..Іштегі өткен шақты қайта лапылдатады.Балаға хоббиіне қарай тапсырма тауып беріңіз. Әр балада бір қабілет бар.Өзіңіз қалаған емес, өзі сүйетін ісіне қолдау көрсетіңіз.Бала еркіндікті,өз қалауы бар екенін түсінгенде, жаңа дүниелерді үйренуге мотивациясы оянады. Соған сәйкес тапсырма беруде соны ескеріңіз.Соған орай 9 сынып оқушыларына «Химияның қызығы» интеллектуальды сабақ жұмыс жоспарымен таныстыра отырып дайындалу тапсырылды.

Тақырыбы: «Химияның қызығы» атты интеллектуальды сабақ Мақсаты: **Химия пәнінен алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өз бетімен іздене отырып білімдерін жетілдіріп және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алған білімдерін күнделікті өмірде тұрмыста қолдану.

Міндеті:оқушылардың жаратылыстану-ғылымитанымын, табиғатты аялау, сын тұрғысынан ойлау және зерттеу дағдыларын дамытуды қалыптастыру.

Ресурстары: Интерактивті тақта мүмкіндіктері. 1. «Химияның қызығы» атты слайд 2.Қажетті-құрал жабдықтар, реактивтер, сынауықтар.

Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі . ІІ.Қатысушылармен таныстыру.\9 сынып оқушылары\ ІІІ.«Бүгінгі сабақта» видео тәжірибелер.\Онлайн мектептен-көрсету\ ІV.«Химияның қызығы» атты сиқырлы тәжірибелер .\жасап көрсету\ V.«Химияның қызығын» сіз білесің бе? \Үй тапсырмасы\ VI.Рефлексия.

І.Сабақ барысы. Құрметті қонақтар, әріптестер, оқушылар ! Бүгін біз химияның қызығын өздеріңізбен бөліскелі отырмыз. Мұндағы мақсатымыз оқушылардың теориялық білімдерін практикада ұштастыра ұштастыра отырып, шығармашылық ізденістерін арттыру.

Көруге бұл ғажайыпты жиылғандар, Химияның ғажайыбына сыйынғандар. Қош келдіңіздер, бүгінгі ғажайыпты Тамашалау бақыты бұйырғандар! ІІ.Қатысушылармен таныстыру.\9 сынып оқушылары\ ІІІ.«Бүгінгі сабақта» видео тәжірибелер.\Онлайн мектептен-көрсету\ Тапсырма:Қазіргі көрсетілетін тәжірибені мұқият қарап отырып, 1-ші жұмыс барысын жазу. 2-ші не байқалғандығын анықтау. 3-ші реакция теңдеуін жазу. 4-ші қорытынды. IV. «Химияның қызығы» атты сиқырлы тәжірибелер .\жасап көрсету\ 1. Сіріңкесіз жағылған от. 2.Суретті от. 3.Отсыз түтін. 4. Стол үстінде атқылаған «вулкан» 5.Шақпақ қантты қалай жағуға болады ? 6. Сиқырлы жалын 7. Жанбайтын орамал 8.Сүттің суға айналуы V.«Химияның қызығын» сіз білесің бе? \Үй тапсырмасы-шығармашылық іздену\ 1. «Қышқыл жаңбыр» туралы .Сіз білесіз бе? Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі- қышқыл жаңбырлар.Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары –SO2 және NO атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттсіп,күкірт және азот қышқылдары түзіледі.Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады,әдетте Рн мәні 5,6 > тен төмен жауын-шашынды қышқыл жаңбыр дейміз. Ал қышқылды жаңбырдың денсаулыққа әсеріне келсек,зиянды. 2. «Кірпіге алма не керек ?» . Сіз білесіз бе? Кірпілердің тікеніне көп мөлшерде әртүрлі шөп, ағаш жапырақтары қадалады да, оларға қонған улы насекомдардың шағуынан денесі дуылдап қышиды. Сондықтан үй кірпілері, орман-тоғай кірпілері бау- бақша ішінде төгіліп жатқан алмаларды тікендеріне жапсырып, қорғану амалын жасайды. Алманың қышқылы насекомдарды өлтіріп,жаны жай табады, міне кірпілер соны біледі.Міне,табиғат таңғажайыбы? 3. «Формальдегидтің үйдегі зиянын оның алдын алу жолдарын» . Сіз білесіз бе? Осы заманғы құрылыс материалдарынан үздіксіз бөлінетін зат- формальдегид .Міне зерттеушілер ауаға тарайтын осынау зиянды затты шайдың босаған пакеттері\фольгасы\ мен шайдың самасының тез сіңіре алатынын анықтап отыр.Ендеше, шайдың босаған пакеттері мен шайдың самасын тиімді пайдаланыңыз? 4. «Алқаның буы, сырғаның сыры неде ?» . Сіз білесіз бе? Аруларды магниттей тартқан бұл тастарда нендей құдірет күш бар. Аспанда айдың өкімі,яғни химия патшасы алтынды сағадат күннің нұры,күмісті бақыт түнінің құмары деп бағаланған.Сондықтан бетінде ою-өрнек,айдың ,күннің суреті құйылған жүзіғ сырғаларды таққан. Бағалы тастар туралы не білесіз? 1.Жарыққа шағылысып әр түрлі түске құбылып тұратын тас.\александрит\ 2.Көк,жасыл,түсті тас.\изумруд\ 3.Көкшіл түсті тас.\нефрит\ 4.Гаухар тас.\бриллиант\ 5.Көк түсті тас\сапфир\ 6.Көгілдір\бирюза\ 7.Лағыл \рубин\ 5.Алтын жүзігіңіздің қасиетін сіз білесіз бе? Көзіңізге теріскен шықты.Алтын жүзігіңізді теріскен шыққан көзіңізге жиі-жиі басып отыру керек. Өйткені, бағалы металл құрамындағы иондар көздің айналасын қабындырған бактерияны жойып жібереді. 6.Ағзадағы Менделеев кестесі.Сіз білесіз бе ? Ересек адамның ағзасында 3,5 кг минералды заттар бар деседі. Иә, солай. Бір адамның ағзасында шамамен 3,5 кг минералды заттар болатыны ақиқат. Ол салмақтың 5% құрайды.Адам ағзасында Д.И.Менделеев кестесіндегі элементтердің бары шындық. Олар – макроэлементтер мен микроэлементтер. 7.Рефлексия. 8. Қорытынды. Ұстаздар дарынды оқушылармен үздіксіз жұмыс жасау қажет, электрондық оқулықтар байқау материалдарымен, интернетте Дарын сайтында жарияланатын ақпараттарды пайдалану, кітапханамен тығыз байланыс орнату қажет деп ойлаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2021
565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі