Материалдар / Хлорсутек қышқылы 9 сынып

Хлорсутек қышқылы 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпта "Хлорсутек қышқылы" тақырыбында сабақ өтуге арналған қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
21 Қаңтар 2024
254
12 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (VI), 14 (IV) -топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Алпысбаева Г.

Күні:


Сыныбы:

9 «В»

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Хлорсутек қышқылы.

10 зертханалық тәжірибе

«Хлорсутек ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу»


Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.10-хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын білу

Сабақтың мақсаты:

-хлорсутек қышқылы ерітіндісінің химиялық қасиеттерін зерттеу және қолдану аясын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, топтасу барысында орындайтын тапсымаларды түсіндіреді.



Оқушылар флиппити ойын алаңында кездейсоқ генератор арқылы топтасады.

Топ өзін өзі бағалау парағымен танысады.

Өтілген сабақ тақырыбы аясында оқушылар «Пирамида» әдісімен топтық жұмыс орындайды.

-ХЭПЖ галогендердің орны

-сыртқы қабатындағы валентті электрондар саны

-қандай тотығу дәрежелеріне ие

-топта тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді

-күшті тотықтырғыш

Әрбір дұрыс құрылған пирамида қатары үшін-1 бал

Мақсаты: Оқушылар бірлескен жұмысы арқылы тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Стакандар тапсырма парағы



Жаңа сабаққа кіріспе

4 мин


Белсендіру

«Ой қозғау»

сутекпен галогендер әрекеттескенде не түзіледі?

-хлорсутек суда ерігенде қандай зат түзіледі?

Жаңа сабақты түсіндіру (сабақ барысында оқушылар қажетті ақпаратты дәптерлерінде жазады)


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтап, хлорсутекті алу жолдары:

1.Өнеркәсіпте хлорда сутегін жағып ,сосын суда еріту арқылы алынады.

2.Зертханада H2SO4 +2NaCl →2HCl ↑ + Na2SO4

Хлорсутек газы суда жақсы ериді:450 көлем хлорсутек газы бір көлем суда ериді.Сынауықта тұз қышқылы түзіледі-хлорсутектің судағы ерітіндісі.

Физикалық қасиеттері

Хлорсутек қышқылы - түссіз, ұшқыш сұйықтық. 20°C температурасында сутек хлоридінің 37-38% массалық үлесі бар тұз қышқылы алынуы мүмкін. 00С кезінде 507 т HC1 1 су көлемінде еріген, бұл 45% массалық үлеске сәйкес келеді. Ылғалды ауада концентрлі тұз қышқылының қатты шамадан тыс «түтіндейді»,себебі одан өткір иісті хлорсутегі бөлінеді.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

15 мин.

10 зертханалық жұмысты орындауға нұсқау береді.

Оқушылар зертханалық жұмыстың орындалу ретімен танысады

ҚТЕ еске түсіреді.

ТҚ Тұз қышқылының шамалы буымен тыныс алу тыныс алу жолдарын қабындырады.Концентірленген тұз қышқылын эксперимент барысында қолданудың қажеті жоқ.

ТҚ Тұз қышқылының ертіндісімен жұмыс істегенде көзге қорғаныш көзілдірігін кию керек.



Әрбір топ өзіне бөлінген тәжірибені кезекпен демонстрациялайды. тақтада реакция теңдеулерін жазып,қышқылға тән химиялық қасиеттері бойынша қорытынды жасайды.

1 топ

Қышқылдың сілтімен әрекеттесуі

2 топ

Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі

3 топ

Қышқылды индикатормен сынайды


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Тәжірибені нәтижелі жасау -1 бал

Реакция теңдеуңн жазу -1 бал

Тәжірибеге қажетті реактивтер, индикаторлар мен сынауықтар

Топтық жұмыс

3 мин


Сергіту сәті

Едукаплей сайтында сұрақ жауап алады


Сайт ашылмай қалған жағдайда оқушылар тест тапсырмасымен жұмыс жасайды

7сұраққа 2бал

4 сұраққа-1бал

https://www.educaplay.com/learning-resources/17463679-learning_resource.htm


Жеке жұмыс

10 мин

«Химиялық эстафета» тапсырмасын түсіндіреді

Оқушылар тақтада өзіне тиісті бір реакция теңдеуін аяқтап жазады, теңестіреді.


Дискрипторы:

Реакцияны аяқтап жазады-1 бал

Теңестіреді-1 бал


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

6 мин.

Бүгінгі тақырып бойынша «Бір ауыз сөз» Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Бағалау парағы бойынша жалпы балы жинақталады.


Үйге тапсырманы жазып алады.

30 тақырыпты оқу №5 жаттығуды орындау

«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ