Материалдар / ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайны.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайны.

Материал туралы қысқаша түсінік
Техник-механик мамандарын даярлауға әдістемелік көмек. ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайны тақырыбында зертханалық сабақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2022
378
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайны.

Жұмыстың мазмұны: Оқушыларға  ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайнының құрылысын, жұмысын және реттеулерін тәжірибе жүзінде үйрету.

Негізгі құралдар мен материалдар: ХМП-1,8 мақта жинайтын комбайны, құрал саймандар жиынтығы, жиналатын ұзындық өлшегіш, сызғыш комбайнды қолдану туралы зауыттың нұсқаулығы, плакаттар мен нұсқаулар.

Сабақ жүргізетін орын: колледж ұстаханасы.

Техника қауіпсіздігі. Трактордың қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде агрегатты жөндеу, техникалық қызмет көрсету және реттеу жөніндегі кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Көтерілген бункердің астында кез келген жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. Көтерілген бункермен агрегаттың қозғалуына тыйым салынады. Трактордың түтін шығару құбырында ұшқын сөндіргіш орнатылмай жұмыс істеуге тыйым салынады. Қысымдағы гидрожетек элементтерін жөндеуді жүргізбеңіз! Электр беру желілері аймағында машинаға техникалық қызмет көрсетуге және тексеруге тыйым. Трактордың оталдыру кілтін орнынан алып қою керек.

Теориялық мәлімет. МТЗ-80Х тракторымен агрегатталатын ХМП-1,8 мақта жинайтын машина (ТУ BY 101483199.585 бойынша шығарылады), 90 см қатарлар арасы бар суармалы мақта шаруашылығы аймақтарында егістікте мақтаның ашық қораптарынан орташа талшықты сортты шитті мақтаны жинауға арналған.

1-трактордың рамасы; 2, 4, 5, 12 – тіректер; 3 – тартпа; 6 – тіреуіш; 7-мақта жинайтын машина-

8, 11, 14-болттар; 9-пластина; 10, 15-саусақтар; 13-қамыт; 16 гайка;

17 контргайка

Жұмысты орындау реті.

Мақта жиятын машинамен тракторды агрегаттау.

1. Мақта жиятын машинамен тракторды агрегаттау алдында соңғысынан: ВОМ қоршауының қаптамасын, кабина жабындыларында орналасқан жарық қайтарғыштары бар артқы фонарьларды алып тастаңыз.

2. Трактордың кабинасының басқышын сол лонжерондағы басқышты шешіп алу.

3. Мақта жинайтын машинаны қатты жабыны бар тегіс көлденең алаңда орнатыңыз.

4. Тіректердің биіктігін өзгерте отырып, оның көлденең жағдайын реттеңіз.

5. Тракторды мақта жинайтын машина рамасының астына трактордың жартылай осьтерінің қаптамасына сол және оң жақтарына бекітілген тіректері мақта жинайтын машинаның рамасының тіректерімен сәйкес келетіндей етіп орнатыңыз.

6. Алдыңғы және артқы жақтарынан жетекші доңғалақтардың астына бұруға қарсы тіреулерді орнатыңыз.

7. Тіректердегі үшаяқтарды алып тастаңыз. 6 тіреулердің бұрамаларын айналдырып бұрай отырып, машинаның қаңқасын төмен түсіріп, машинаның 12 тіреуінің ойық тесіктерін трактордың 5 тіреуішіне 10 саусақ арқылы жалғау. 10 саусақтарды 9 планкасымен бекітіңіз,планкаларды 8 болттармен (М16×40) шайбалармен (16 65Г 06) бекіту.

Сол және оң жақтарымен 6 бағандарын бөлшектеңіз. 17 контргайкаларын 3 тартпалардан толығымен бұрап шешіп алыңыз, сол және оң 3 тартпаларды 13 қамыттарымен 4 тірекке орнатыңыз және гайкаларды бұраңыз. 2 тіректердегі тесіктерді 1 трактор рамасындағы тесіктермен үйлестіріп, 2 тіректерді 14 (М16×40) болттармен шайбалармен (16 65Г 06) бекітіңіз.

8. Трактордың алдыңғы бөлігінің астына биіктігі 580-600 мм тіреуіші бар домкрат орнатыңыз және трактордың бұрылмалы білігінен бар алдыңғы дөңгелектің айырын доңғалағын шешіп алыңыз.

3 тартпалардың ұзындығын 16 гайкамен реттей отырып тегіс алаңның бетінен биіктігі бойынша 960 мм қашықтықты қамтамасыз етіп, трактор рамасының құйма брусының төменгі алдыңғы бөлігінде өңделген құймалардың бетіне дейін туралап тартпаларды 16 гайкалармен қысып 17 контргайкалармен бекітіңіз.

9. Жұмыс органдары жетегінің кардан білігін бір шеті мақта жинайтын машинаның тарату редукторының кіріс білігіне, екінші тракторға орнатыңыз. Шанышқылар бір жазықтықта жатуы керек.

10. Машина гидрожүйесінің жоғары қысымды жеңдерін жалғаңыз .

11. Басқару дөңгелектеріндегі қозапая көтергіштерді орнату.

12. Трактор дөңгелектеріндегі қозапая көтергіштерді орнату.

Комбайн желдеткішінің белдігінің керілуін ретте. Шкивтердің симметриялық жазықтықтағы айнуы 1мм-ден кем болуы керек. Белдіктің орта тұсындағы майысуы 150Н болғанда 10-15мм.

Басқару дөңгелектерінің жинақтылығын (сходимость) реттеу. Ол 1-2 мм болуы керек.

Жұмыс нәтижесі бойынша есеп жаз.

1

Машинаның транспорттық өлшемдері

Ұз.8360, ені 3500, биік.4070мм

2

Машинаның жұмыс жылдамдығы, км/сағ

-бірінші терімде


-екінші терімде


-көліктік


3

Пайдалану уақытындағы сағаттық өнімділігі, га/сағ

-бірінші терімде


-екінші терімде


4

Машинаның конструкциялық массасы, кг


5

Машинаның трактормен бірге пайдалану массасы, кг


6

Қызмет ету мерзімі, жыл


7

Желдеткіштің түрі


8

Желдеткіштің саны


9

Бункердің көлемі, м3


10

Мақтаны төгу биіктігі, мм


11

Гидросистемадағы қысым, МПа көп емес


12

Минималды бұрылу радиусы, м






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!