Материалдар / ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 курс Қазақстан тарихы пәнінен "ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы" тақырыбындағы сабақтың әдістемелік дайындамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Маусым 2022
288
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

Сабақтың мақсаты:

  • ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы Жоңғар билеушілерінің Қазақ хандығына қарсы басқыншылық саясатының себептері мен салдарын анықтау.

  • Жоңғар шапқыншыларына қарсы қазақ халқының жанқиярлық күресін жүйелеп кезең- кезеңдерімен көрсету. Тарихи маңызын ашып көрсету. Басқыншылық зардаптарына баға беру

Бағалау талаптары:

  • Қазақ хандығының сыртқы жағдайын сипаттайды

  • Жоңғар билеушілерінің басқыншылық саясатының салдарын анықтайды

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл» стратегиясы, топтық жұмыс, кластер құру, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан б.з.б. VII-б.з. VI ғасырларында картасы, Қазақстан Республикасының саяси картасы, Оқулықтар, үлестірмелі материалдар, мультимедиялық жабдық, А-4 қағазы, фломастер

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, география


Сабақтың барысы.


І. Ұйымдастыру бөлімі: Студенттерді түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасы сұрау:

  1. Қазақстан жеріндегі зороастризм орындары қай жерде ашылды? (Тараздағы Тектұрмас жерлеу орны)

  2. Отқа құлшылық ету діні (зороастризм)

  3. «Бір тәңір» деп көк аспанға табыну діні (Тәңірлік дін)

  4. Шаманизм дінінің негізгі қағидасы (дүние түгелмен рухтардан тұрады)

  5. Қазақ халқының тотемі (қасқыр)

  6. Мұқан қаған қабылдаған дін (Буддизм)

  7. Христосты «құдай емес – адам, құдайдың жердегі өкілі» деген кім? (Римдік діндар Нестор)

  8. Манихейлік діннің негізгі қағидасы (Дуализм, қарама-қарсы күштердің күресі)

  9. Құранда жазылған уағыздар, шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіретін дін (Ислам)

  10. Х ғасырда қай мемлекеттің ресми дініне айналды. (Қарақан)

ІІІ. Өткен білімдерін бекіту:

Студенттерге «Орбұлақ шайқасы» фильмін көрсетемін.

- Бұл кино қандай оқиға туралы? Бұл шайқастың маңызы неде? (Қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі)

«Тәуелсіздік» сөзі нені білдіреді? Стикерлерге жазуды ұсынамын.

Сөздіктерде,

ТӘУЕЛСІЗДІК - Саяси тәуелсіздік, бағыныштылықтың жоқтығы, егемендік деп түсініктеме беріледі.

Ата бабаларымыздың, тәуелісіздік жолындағы шайқастарының бірі- ХVІІ- ХVІІІ ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі (сабақтың тақырыбын жазу)

ΙV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Топқа бөлу:«Хронология», «Хандар», «Батырлар»

Тапсырма бойынша топпен жұмыс

1 топ. «Шайқастар» кестесін толтыру және баяндау.

2 топ. «Жоңғар шапқыншылығының зардаптары» кластер құру.

3 топ. «Халық құрылтайы» кестесін толтыру және баяндау.

Тапсырма. «Шайқастар» кестесін толтыру.

Шайқастар

Болған жылы

Қай жерде болды?

Ұрыс жүргізу тактикасы

Тарихи маңызы?

Орбұлақ шайқасы





Бұланты шайқасы

1727 жылы

Бұланты өзені маңындағы Қарасиырда. Бұл жер тарихта Қалмаққырылыған деген атпен қалды

Жауды өзінің кең байтақ жеріне тереңірек кіргізіп алып, оң қанатынан да сол қанатынан да ойсырата соққы берді. Ту сыртынан қайта тұрмастай шабуылдады.

Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Қазақтар ұрыс барысын қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.

Аңырақай шайқасы

1730 жылы

Балқаштың оңтүстігінде Аңырақайда

Дәстүрлі далалық тактикасын қолданды.

Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатары аз сияқты көрсетуге тырысты. Содан кейін қаша ұрысып, дұшпандарды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соққы берді

Қазақ-жоңғар шайқасындағы шешуші шайқас. Жоңғар әскері жеңіліп, қазақтар жау басып алған бір сыпыра аймақтарды азат етті












Тапсырма. «Жоңғар шапқыншылығының зардаптары» кластер құрыңыз.

Shape1

Ақтабан шұбырыңды , Алқакөл сұлама



Shape2

Үштен екі бөлігі қырғынаға ұшырады

Shape3

Әбден әлсіреп, қалжыраған Қазақ хандығы Ресей империясына оңай олжа ретінде орталап алуымен аяқталды.





Shape4

«Қайын сауған» аман қалу үшін қайынның сөлін ішкен



Shape6 Shape5

Shape7

Қазақтардың Орал казактармен де, Батыс Сібірден орыстармен де өзара қарым қатынастарын шиеленістіріп жіберді



Shape10 Shape9 Shape8

Жоңғар шапқыншылығының зардаптары

Shape11

Далалықтардың көші көші-қон бағдарламалары быт шыты шықты



Shape13 Shape12



Shape14 Shape15

Бұл қарақалпақтармен, түркімендермен, өзбектермен, башқұрттармен, қалмақтармен жерге таласқан дау-дамайларға алып келді.



Shape17 Shape16

Shape18

Көршілермен сауда-саттық байланысы уақытша үзіліп қалды



Shape19

Халық шекаралас жатқан мемлекеттерге тарап, босып кетті













Тапсырма. «Халық құрылтайы» кестесін толтыр.

Құрылтай

Қашан?

Қайда?

Кімдер қатысты

Қандай мәселе көтерілді?

Қабылданған шешім

Тарихи маңызы

Қарақұм құрылтайы

1710 жылы


Қазақ сұлтандары, билері, рубасылары

Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі

Шапқыншылармен қасық қаны қалғанша шайқасу.

Қолбасшы –Бөгенбай батыр

Ақылшысы – Тәуке хан


Ордабасы жиыны

1726 жылы


Қазақ рулары мен тайпаларының жиыны

Біртұтас халықтық қарсыласу мәселесі

Біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылды.

Қолбасшы – Кіші жүз ханы Әбілқайыр



Жауап

- топтардың сөз сөйлеуі.

- өзара бағалау.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту:

«Бұл кім». Жоңғар шапқыншылығы қаупіне орай айтылған пікірді кім, қай жерде, қай жылы, қандай жиында айтылған.

« ... Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен өлеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар мұны мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз ....» (Бөгенбай батыр)

7 тапсырма. «Ұяшықты аш» интеллектуалды ойын сайысы

Қайраткерлер

10

20

30

Шайқастар

10

20

30

Оқиға

10

20

30

«Қайраткерлер» 10-ұпай

1643 жылы 600 жауынгерлермен жоңғарларға қарсы аттанған хан –Жәңгір

«Қайраткерлер» 20-ұпай

1726 жылы құрылған тұтас халықтық қарсыласу жасағының қолбасшысы кім?

«Қайраткерлер» 30-ұпай

«Өңкей батыр жиысты, Абылай салды жарлықты» - деп жырлаған кім?

«Шайқастар» 10-ұпай

1643 жылы қазақ жерінде болған шайқас.

«Шайқастар» 20-ұпай

1727 қандай шайқас болды және қалай аталды? (Бұланты шайқасы, қалмаққырылған)

«Шайқастар» 30-ұпай

1729 қандай шайқас болды, тарихи маңызы қандай?

«Оқиға» 10-ұпай

1723 жылғы қасіретті қайғыға толы апат

«Оқиға» 20-ұпай

Қарақұмдағы құрылтайда, Бөгенбай батыр қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастай салып не деді?

«Оқиға» 30-ұпай

1993 жылы 350 жылдығын мемлекет көлемінде атап өткен шайқас

V. Сабақты қорытындылау және рефлексия

Осы екі шешімнің қайсысын қолдайсыздар? Егер а нұсқасы таңдалса не болар еді?

  1. «Жоңғар мемлекеті күшті әрі соғыс тәжірибесі мол, сондықтан жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз әбден қалжырады.»

  2. «.. Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен өлеміз...»

VΙ. Үй тапсырмасы/ Домашнее задание/ Hometask

Оқулықтан §1 оқу, «Елім-ай» әнін жаттап келу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!