Материалдар / І деңгей А есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

І деңгей А есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
І деңгей бағдарламасының негізгі мақсаттары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2018
1908
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Калдыбаева Айдын Асанбековна « ПҚ мұғалім көшбасшылығы» А есесбі

ПШО филиалы Шымкент қ Мұғалім портфолиосы


Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу


ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Бүгінгі заман талабына сай дәстүрлі оқудың деңгейінде ғана шектелмей, білім саласына еніп жатқан өзгерістер көңіліме қонымды. Міне, ХХІ ғасырда өмір сүруге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін, білім саласының өзі өзгеруді талап етеді, яғни оқыту мен оқуға өзгеріс енгізіп,оқудағы қиындықтарды ең алдымен анықтап, сол кедергілерді ұжыммен бірлесе жою керек. Қазіргі таңда балаға нені үйрету керек? қалай үйрету керек?- деген екі сұрақ мені осы оқуға жетеледі. Бұл тұрғысынан қарағанда мен өзгеру керекпін. Себебі қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті,қарым-қатынасқа ашық,әрі ықыласты,өзіне сенімді қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім тұлғаны қалыптастыру үшін өзгеру керекпін. Неліктен өзгеру қажет? Оқушыларға білімді толық әрі шынайы беру үшін, қиядан жол,қиыннан сөз табатын оқушы дайындау үшін, үнемі көшбасшылыққа талпынатын, өмірлік жағдайда оқушы бойында белгілі дағды қалыптастыру үшін өзгеру керекпін. Сонымен қатар, біліктілік курсына келу арқылы бір байқағаным баланы ешқашан тексермеу және шектемей, сонымен бірге іздену керек екенін ұққандаймын .Тағы бір байқағаным, біз оқыту мен оқудағы кедергілерді анықтап жатпай, тек қана жоспарды қатаң орындауға тырысады екенбіз. Жоспар өзіміз үшін ғана маңызды болып табылады, ал оқушы нені оқу керек, қалай оқу керек ,ондағы құзыреттілік, міне оқыту барысында осыған баса назар аудару керек екенмін. Оқушының метатанымына ,тану тұжырымдамасына және оқуына қандай фактор әсер ететінін біліп, соған сай іс әрекет үйлесімді болғанда ғана сабақ көзделген мақсатына жететініне толық көзім жетті. Мен мынаған кәміл сенімдімін. Оқушыларды бар ықыласпен, үлкен үмітпен, нық сеніммен қол үзбей үйретсем күтілетін нәтижем де оң болмақ. Міне, оқу үдерісіндегі жаңа әдістерді пайдалану арқылы тізбектелген сабақтар топтамасына жеті модульді ықпалдастыра кіріктірдім. Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді кіріктіре отырып , түрлі әдістер арқылы сабақ өту балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететінін түсіндім.

Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруіне «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді» қолдану арқылы қызығушылығын ояту қажет. Ал мұндағы әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Ғалым Александер: «Баланы дилогқа,пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын айтқан болатын». Әрине, келісемін оқушыны сабағымда жиі дайындықсыз диалогқа түсіре отырып, өзара қарым- қатынас жасауға,пікірталасқа тарта отырып,қоғамда ашық, әрі ықыласты болуға кейбір мәселелерді бірлесе талқылауға , ой қозғауға, пікір алмасуға байланысты тапсырмалар дайындаймын.

Білім беру саласында білім, білік, дағды оқушыларға тең дәрежеде берілу керек. Яғни, білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды өмірлік жағдаятта тиімді пайдалануға үйретемін. Бұл үшін маған Қазақстандағы ең маңызды болып табылатын педагогикалық тәсіл «сын тұрғысынан ойлау» модулін қолға алу маңызды болды. «Сын тұрғысынан ойлау» модулі арқылы оқушының метатанымына, тану тұжырымдамасына сай тапсырмалар дайындап, қажет жағдайда ЖАДА қалыптастырамын. Э.Глейзердің сын тұрғысынан ойлау қабілеттілігін «проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру»,- деп тұжырымдайды . Міне , осы сөзді негізге ала отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың сабақ үстіндегі іс әрекетін, өзіндік пайымдауын, дағдысын, өз бетінше ізденісін, зейінін жан-жақты ашып, нақты дәлелдерге ұмтылдырамын. Өмірлік жағдаяттармен байланыстыра отырып, өз тәжірибесін пайдалану арқылы қорытынды жасауға, дәлелдерді сын тұрғысынан талдау арқылы, өз болжамдарын айтуға дағдыландырамын. Оқушыны үнемі көшбасшылыққа талпындырып, шеберліктерін дамыту, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге,әркезде де шешім қабылдай білуге, топты үнемі алға тарту үшін оқудағы көшбасшылық модулін кіріктірдім. .

Қандай да бір сабақты реттілікпен, жүйелі түрде ұғындыру керек. Оқушылар көзбен көру арқылы 30 пайыз қабылдайтын болса, мен де мүмкіндікке орай сабақта АКТ-ны жиі қолдануға тырысамын. Технология қарыштап,күн санап дамып келе жатқанда оны неге тиімді пайдаланбасқа. Мұндағы бірден-бір мақсатым оқушылардың танымдық әрекетін дамыту, оқуда жаңалық жасауға ықпал ету. Тірек -сызбалар, аудио-визуалды көрсетілімдер, видеороликтер көрсету арқылы, болжамдар ұсынамын. Сонымен қатар әлеуметтік желілерден қажет ақпаратты өңдеп алуға,оны өмірде қалай пайдалану керектігін үйретемін. Сабағымда тыңдалым дағдысын қалыптастырып, сандық сауаттылығын арттырамын. Білім саласында педагогикалық ,технологиялық және пәндік білім үшеуі біртұтас жүзеге асқанда ғана білім толық меңгерілетінін түсіндім.

Дәл бүгінгі ХХІ ғасырда мотивациясы төмен оқушы жоқ дер едім. Бұлай айтуыма себеп, баланың кез- келген бір іске қызығушылығы немесе икемі болуы сөзсіз, яғни дарынды немесе талантты болып келері анық. Міне, осы топтағы балаларды дер кезінде анықтап, жұмыс жасау үшін маған дарынды және талантты балаларды оқыту модулі қажет болды. Дарынды және талантты балалар қайсыбір сала бойынша белсенді,қабілеттері жоғары деңгейде дамыған,талантты, әрі табанды болып байқалып тұрады. Менің тұжырымымда, дарынды бала тек қана үздік бағаға оқиды деген түсінік қалыптасқан болатын. Бірақ бұл ойымды жоққа шығарған Гарднер, Макэлпейн мен Ридтің зерттеуі болды. Бұл ғалымдардың айтуы бойынша дарынды балдар барлығында да жоғары нәтижеге ие болмауы мүмкін, яғни кейбіреулерінен ақсауы мүмкін дегендігін алға тартқан. Сонымен қатар, қабілетін, ынтасын өшіріп немесе сенімін жоғалтып алмас үшін тиімді әдістерді қолданамын. Жас ерекшелігіне қарай оқыту мен оқу модулінде «метатану» ұғымын ендірген Флейвелл және оның әріптестері метатану қабілеті жасқа байланысты жоғарылап отырады деп тұжырымдаған. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу өте маңызды дүние. Тапсырма дайындау барысында жас ерекшелігіне орай оқушылардың не білетінін және қандай жаңа ақпарат қосу керектігін аңғарып алып,тапсырманы дайындау барысында оқушының жеке қабілетіне, жас ерекшелігіне, метатанымы мен тану тұжырымдамасына, түсінігіне орай тапсырмалар дайындаймын. Барлық жастағы балдарды әлеуметтік ортада,ЖАДА қалыптастырып, қолдау көрсетіп білім мен білік, дағды қалыптастырамын.

Міне, оқушыларға үйреткен білімді бағалап,саралай келе оқыту үшін және оқуды бағалау модулін қолданып оқушыларға тиімді кері байланыс ұсынамын. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны бойынша «бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бұдан келді бағалау сабақ барысында үздіксіз, үзіліссіз өн бойында жүріп отыру деген сөз. Мұнда мұғалім оқушыны, оқушы-оқушыны және оқушы өзін-өзі бағалай алады. Мұғалім сабақ барысында оқушыға тиімді кері байланыс беру арқылы,оқуға деген ынтасын, ішкі уәжін өшіріп алмай, терең ықпал етіп,мойындата отырып жетілдіру,алға ілгерілету. Тиімді кері байланыс арқылы оқушылардың сабаққа деген талпынысын, табандылығын ,ішкі уәжін өшіріп алмау керекпін.Бағалау мен үшін оқушыны ілгерілету үшін,қай деңгейде тұрғанын анық білу үшін керек. Қалыптастырушы бағалаудың қолайлы бірнеше түрін қолдандым .Атап айтар болсам: «Табыс баспалдағы», «Бас бармақ» әдісі, «Екі жұлдыз,бір тілек», «Блум ағашы» әдістерін қолданамын.

Міне,бүгінгі күні білім саласына енген біршама өзгерістер ,яғни «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді» саралай келе, өзім сабақ беретін 5-сыныбымның қазақ тілі пәні бойынша «Адам және табиғат» тақырыбында сабақ жоспарладым. Оқушылардың дербес ізденуіне жол ашу үшін, соның арқасында тәуекелшілділікке баруға, өз ойы әрдайым құнды екеніне көзін жеткізу мақсатында сын тұрғысынан ойлау модулін алдым. Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушының тану тұжырымдамасын, метатанымын, оқушылардың сабақ үстіндегі іс әрекетін, дағдысын,өз бетінше ізденісін, түйсігін,зейінін жан-жақты ашып,нақты дәлелдерге ұмтылдыруға өте тиімді модуль.

Бұл сабағымда Сын тұрғысынан ойлау мен оқу үшін бағалау модульдері басымдырақ болды. Негізінде біршама ғалымдардың пайымдауынша сын-бұл ақылдан гөрі төзімді, қабілеттен гөрі ынтаны, дарындылықтан гөрі дағдыны көп қажет етеді. Міне , мен осы сөзді негізге ала отырыпындарлы оқыту арқылы оқушылардың сабақ үстіндегі іс әрекетін, дағдысын,өз бетінше ізденісін, түйсігін,зейінін жан-жақты ашып,нақты дәлелдерге ұмтылдырамын.

Нақтырақ айтар болсам, «Жүректен жүрекке», «Сұрақ- қою»әдісі, «Сөзден сөзді ізде» , «Қос жазба»әдісі арқылы сыни ойлануына мүмкіндік беремін. Осы арқылы, ақпараттарды өздігінен іріктеуге,ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізуге және т.б танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал етемін. Ғалымдар: «Сабақта оқушыға білім ешқашан дайын күйінде берілмеу керек»,-деген , яғни мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді өздігінен игеруіне қолайлы жағдай туғызу керек»-десе. Осы сөзді негізге ала отырып, «Жүректен жүрекке» әдісі бойынша шеңбер бойында тұрғызып, көрсетілген иллюстрация арқылы табиғат туралы мәтін құрастырады. Жаңа сабақты оқушылардың өздеріне табуға мүмкіндік беремін. Жоспарға орай әрі тапсырмалар топ бойынша талқылауды қажет еткендіктен, топқа бөліп аламын.

«Сөзден сөз ізде» сергіту сәтін ұйымдастырып, аңшылық, саяткерлік сөздеріне сөз құрастырамын. әрі ойы ұшқыр, тілі таза, өздерін бір сәт ерекше сезініп, жүректеріне сенім ұялайды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Попс формуласын» қолданамын.

Бүгінгі таңда жеті модульді сабақтарыма кіріктіре отырып, оқушылардың ойлау деңгейіне, еркін пікір алмасуына, асқан құлшыныспен, шабыттануына және т.б асыл қасиеттерінің нышан көрсетуіне атсалысатын боламын.































Коучинг -сабақ арқылы әріптестердің тәжірибелеріне өзгеріс енгізу

Біліктілік курсына келген күнімнен бастап, менде біршама өзгерістер болды. Бүгінгі күні бетпе-бет кездесу барысында коучинг үдерісі туралы таныстырылым кезінде коучинг үдерісін мектеп тәжірибесіне енгізудің маңыздылығына тағы да басқа қырынан көзім жетті. Менің пайымдауымша, коучинг ынтымақтастықта, ұйымшылдықпен, бірлескен түрде, бір-бірімізбен қарым-қатынас жасай келе, өзара талқылау арқылы тәжірибе алмасып, кәсіби дамуларына жан-жақты қолдау көрсету. Енді осы тұста коучинг сабақты қалай жоспарлаймын? -деген сұрақ туындайды. Ең алдымен мектеп әкімшілігі мен сынып оқушылары арасында кәсіби сұхбат жүргіземін , сауалнама аламын, бірнеше әріптестерімнің сабақтарына енемін. Мектепте ішінара зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы қажеттіліктерін алдын ала анықтаймын. Ары қарайғы іс әрекетім маңызды мәселені қалай? шешу керек. Сол мәселе төңірегінде жоспар құрамын, шешу жолдарын іздестіремін. Сонымен,коучинг үдерісі арқылы әріптестеріме оқу мен оқытуды жақсартуға жаңа идея тастайды. «Оқушыларды ынталандыруда ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша әріптестеріммен бетпе-бет коучинг сабақ жоспарладым. Ондағы мақсатым әріптестердің оқыту мен оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді оның ішінде АКТ-ның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға үйрету . Әріптестеріме сабақ барысында үнемі АКТ-ны қолдануға дағдыландыру, сол арқылы оқушылардың танымдық қабілетін, сандық сауаттылығы мен әлеуетін арттыру. Коучингті саналы ересек адамдарға өтетін болғандықтан,немесе кәсіби білімі бар әріптестерге өтетіндіктен жоспарлы түрде ұйымдастыр керек. Коучинг барысында әріптестер арасында көзге көріне бермейтін, құпия байланыс болады. Сол сәтте сенімділікті жоғалтып алмас үшін ештеңе назардан тыс қалмау керек,нақты дәлелдерге тоқталып өту керек. Бірінші мақсатты өзің нақты өзің түсініп алу керексің, екінші әріптесіңнің көзін сол нәренің дұрыс екеніне көзін жеткізу керексің,содан кейін қолданып көруіне ықпал жасау керек.

Коучинг сабақ барысында әріптестер арасында психологиялық ахуал туғызамын.Онда шеңбер бойы тұрғызып лентаны бір-біріне ұзатып тілек сөздер айтып, «Өрмекші торы» әдісі арқылы желілік байланыс, яғни өзара қарым-қатынас орнатамын. Топқа бөліп орналастырамын. Ой қозғау үшін «Бүркіт» туралы бейнеролик көрсетемін. Сол бойынша «Мен өзгеру керекпін бе?» деген сұрақ қойып, әріптестердің жеке-жеке ойын тыңдап аламын. Осы тұста презентация ұсынылады. Сұрақты қорытындылап кету үшін. Келесі тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша тұжырымдамалық картаға барлық білетін АКТ құралдарын түсіреді. Жеке орындайды,жұппен талқылайды, топпен бөліседі.Ортақ шешімге келеді.

Сұрақтар:

  1. Қандай АКТ құралдарын білеміз?

  2. Сабақта немесе жалпы мектеп жүйесіне қайсы АКТ құралдарын пайдаланған тиімді?

Мектеп жүйесіне тиімсіз деп санаған АКТ құралдарын сызықпен қоршаңыздар. SWOT әдісін пайдаланып АКТ туралы ақпарат жинақтаймын.

S – күшті жақтары

W - әлсіз тұстары

O - мүмкіндіктері

T - қауіпті жақтарын анықтап кластер арқылы топтық жұмыста қорғайды.

«Мұғалім сабақты керемет түсіндірген» бейнеролик көрсетемін.( АКТ қолданылмаған.) Сонымен қатар, АКТ арқылы өтілген бір сабақты көрсетемін. Сұрақ: Осы екі бейнеде оқушылар қаншалықты тыңдады, меңгерді. Сіздің пікіріңіз? Бұл білім оқушыға қаншалықты тиімді болды, қаншалықты миында сақталды.салыстыра отырып дәлел келтіреді.«Кім қалай түсінеді?» әдісі арқылы «пәндік, технологиялық,педагогикалық білім» осы үш аспекті жайында өз ойларын айтады. Өзара талқылау жұмысы жүреді. «Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптардың» мазмұнына тоқталады. Сабақты қорытындылау барысында «Білімді ақпараттандыру»  дегенді қалай түсінесіздер? Ақ параққа өз ойларын жазып қалдырады. «Жaңбыр тaмшылaры» әдісі арқылы кері байланыс aламын. Коучингтен кейін бақылау ұйымдастырып, сабақтарына енетін боламын. Ақпараттық технология құралдарын тиімді жағына пайдалану жағын бақылаймын. Ол арқылы оқушының оқуға деген ынтасы артады; Әр оқушының танымдық қабілеті айқындалады; қашықтан олимпиадаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады; Мотивациясы төмен оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады; Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады; Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады; Өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып,уақыт үнемдейді. Әрі әлеуметтік желілерді, оқулықтарды кез келген уақытта қолдана алады. Нәтижесінде әріптестерімде алға қарай серпіліс болады. Яғни, АКТ-ні оқытудың қай кезеңінде пайдалануға болатындығын, сонымен қатар сабақта АКТ-ні  пайдалану арқылы оқушының танымдық қабілетін дамытуды, АКТ құралдарымен жұмыс істеудің жолдарын үйренеді.











Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп


«Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын,тәлімгер мен тәліп арасындағы сенімді қарым-қатынас үдерісі",- екенін айтады бірқатар ғалымдар. Тәлімгерлік алдын -ала анықталған жеке тұлғаға бағытталады. Менің пайымдауымша,тәлімгерлік үдеріс үздіксіз,үзіліссіз жүріп отыруы керек екен. Тәлімгерлік ету барысында тәліптің кәсіби дамуына, еңбек жолында биіктерден көрініп,жетістікке жетуіне қолдау көрсетемін. Оқыту мен оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін өз тәжірибесін, білім,білік,дағдысын пайдалана отырып шешуге ықпал етемін. Тәлімгер мен тәліп арасында көзге көріне бермейтін өзара сыйластық пен жарасымды қарым-қатынас болу керек. Нақты мақсат қойып соған сай жұмыс жасау үшін дағды қалыптастырамын. Тәлімгерлік үдерісінде тәліппен кәсіби сұхбат жүргізіп, бірлескен түрде,белсенді жұмыс жасаймын. Тәлімгерлік үдеріс дұрыс жүзеге асырылғанда ғана оқыту мен оқудың сапасы артады. Тәлімгерлік үдерісінде тәліппен бірге ізденісте болып, барлық әріптестермен белсенді қарым- қатынас жасау керекпін. Еgan 1998 жылы көмек көрсетуге арналған үш сатылы құрылым ұсынады. Бірінші тәліптің іс әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтау, екінші тиімді шешім таңдау, үшінші өзгерістерді енгізуді мақсат ету. Яғни, тәліптің дәстүрлі сабағына еніп, қажеттілігін анықтап алу керекпін,нақты мақсатын анықтап, соған қарай үйрету керекпін. Сонымен қатар,тәлімгерлікті алдын ала жоспарлау кезінде алдымен сабақтың мақсатын қалай анықтағанын, оқушының қажеттіліктеріне сәйкес келе ме? Бағалау критерийлері анық па? Бастапқы талқылауда осы мәселелерді анықтап алу керекпін. Ал сабақ барысында оқушының іс әрекеті қалай, әдістері тиімді ма,оқушыны зеріктіріп алмайды ма? Топтық жұмыс кезіндегі сыныпты аралап, оқушылардың іс әрекетін,реакциясын барлығын назарға алып бақылап,керек жағдайда түртіп отыру керекпін. Кері байланыс кезінде барлығын ескеру керек, жоспардың қаншалықты көмектескенін, тіпті оқушының үніне де құлақ түру керекпін. Бақылаудан кейін тәліптен мақсатына жеткен-жетпегенін сұрап, оқу стратегияларының тиімділігіне тоқталып саралау жұмыстарын жүргіземін. Келесі сабақтарында ескерілетін әрекеттеріне қорытынды бағамдау арқылы өз-өзіне кері байланыс аламын. Әдістемелік бірлестік деңгейінде қажеттілікті анықтап, коучинг сабақ ұйымдастырып, Тәлімгерлік үдерісінде әріптестерге ой салатындай ,ары қарай өз тәжірибесінде түрлендіріп қолдана алатындай, тың идеялар ұсыну керекпін.

Мектептегі тәжірибе кезінде тәлім алушымен кездесу ұйымдастырамын, ондағы мақсатым: тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, өз мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт бағдар беру. Дәстүрлі сабағына енемін, сауалнама, кәсіби сұхбат жүргіземін, оқушы үнін тыңдай келе қажеттіліктерін анықтаймын. Мақсатым оқыту мен оқу сапасын арттыру, өз бетінше шешуіне ықпал ету. Ары қарай тәліппен тәлімгерлік жұмыс жүргізуге кірісемін. Яғни, жағдайға сәйкес үйретемін, өз сабағыма немес коучингке қатыстырамын,сабақты бірлесе отырып жоспарлаймыз. Тәліппен тұрақты байланыс жасау арқылы тәжірибе алмасып, бірлесе қажеттіліктерін толықтырып,сабақты мақсатына сүйене отырып дұрыс жоспарлаймыз. Сонымен қайта сабағына еніп, қандай өзгерістер болғанын бақылаймын, міндетті түрде оқушы үнін тыңдаймын. Тәлімгерлік үдерісінда тағы ескере кететін жағдай тәліпке, оқушыға тиімді сұрақ қоя білу керек. Алдын ала жоспарлы түрде нақты мақсатқа жетелейтін,қажеттілікті анықтайтын,айқын қолжетімді, шынайы болу керек. Тәлімгерлік үдерісінде бірлестік отырысын ұйымдастырмас бұрын тәліптің орындауға тиіс іс әрекетін анықтап алу керекпін. Нені? қалай? үйрету керектігін, қандай стратегияларды қолданатыныңызды анықтап алу керекпін. Отырыста тәліпке өзін-өзі еркін ұстауға жағдай жасап, күн тәртібіндегі мәселені тәліптің жоспарымен байланыстыра отырып, алға ілгерілеу қалай болып жатыр,жетістіктер қалай? Оқушыларда қандай өзгеріс орын алды егжей-тегжейлі отырыста талқылау керек. Сонымен қатар тәліптің сабағын бейнежазбаға түсіремін, ол нақты факті,сосын ол жазбаны бірлесіп қараймыз, назардан тыс қалған тұстарын бірлесе талқылаймыз. Тәлімгерліктің барлық үдерісінде тәліптің кәсіби маман иесі екенін, салихалы тұлға екенін назарда ұстау керек. Ол нағыз маман тек қана өз мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт-бағдар беру керекпін. Сонымен тәлімгерлік үдерістің барлық кезеңінде тәліптің барлық іс әрекетіне кері байланыс беріп отырамын. Мұндағы мақсатым сын айту емес, шын айту арқылы, тәліптің кәсіби дамуына ықпал ету.


















Мектептегі педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау


Әрбір мұғалім көшбасшы болуы мүмкін, өйткені әрбір адамда көшбасшылық әлеует бар. Тек оны дамыту керек-дейді А.К.Тихонов атақты көшбасшылардың тарихын зерттеп нақты шешімге келген. Ол өз тәжірибесінде көшбасшылықтың өсу сатыларын көрсетіп өтті. Көшбасшылықта алдымен мұғалім өзін –өзі іштей реттеп, соған дайын болу керек екендігін түсіндім. Қоғамдастық дегеніміз- жаңа ұғым емес, бұлай айтуыма себеп қоғамдастықты кез- келген ортамен өзара қарым- қатынас орнату арқылы күнделікті өмірде қолданып жатамыз. Бірлесе талқылау, әңгімелесу,тәжірибе алмасу, өз көзқарасын білдіру арқылы жүзеге асып жатады. Қоғамдастық бізге керек пе? деген сұраққа жауап іздеп көрдім. Нәтижесінде мынадай шешімге тоқталдым. Бұл үлкен қозғаушы күш екен. Бұл дегенім өзара қарым қатынас орнату нәтижесінде, индивидуалды болудан сақтайды екен. Жекелеген проблемаларды бір ортада қарастырып, шешімін бірге табу үшін қажет екен. Сонымен қатар тағы ескере кететін жағдай қоғамдастықта бірқатар кедергілер орын алуы мүмкін. Әріптестер арасында ынтымақтастықтың болмауы, қарсы пікірлер болуы мүмкін ондай жағдайда әріптестерді мойындататындай стратегия қолдану керекпін, қызықтыра алатындай шеберлікте жұмыс жасап, сенім ұялату арқылы өзімді тыңдата алатындай әдіс тәсілдерім болу керек. Кәсіби қоғамдастықта мектептегі деңгейлік курсынан өткен әріптестеріммен бірге жүйелі түрде жұмыс жасаймын.

Кәсіби қоғамдастықта жауапкершілікті сезіне біліп серіктес мектептермен, әріптестермен, оқушылармен бірлескен түрде өзара қарым-қатынас орната отырып, бастама жасап көтерілген мәселені соңына дейін жеткізу керекпін. Жағдайға байланысты орта жолда қалдырмау қажет. Ендеше нақты мақсатқа негіздеп жұмыс жасаймын болашақты болжай отырып, бүгінгі күнмен ғана емес,алдын ала ұйымдастыра отырып стратегиялық көшбасшылық құрамын. Үнемі өз ұжымымды алға ілгерілетіп, шабыттандыра отырып, болашаққа бағыттап жоспар құра отырып, ертеңгіге жол салуым қажет. Мықты көшбасшы болуым үшін менде біршама қасиеттер болу керек сияқты. Атап айтар болсам, қандай да бір істе табандылық таныта біліп, батыл шешім қабылдап, болашаққа болжам жасай алу керек. Яғни, мәселем өзекті мақсатым айқын, нақты, қолжетімді болып, өз -өзіме деген мықты сенімге ие болу керекпін. Қоғамдастық жобасын жүзеге асырғанда кедергілер орын алған жағдайда, келіссөз жүргізу арқылы, сөйлесу мен бейімделу арқылы дағдыларын дамытып, ынталандыру керек. Көп жағдайда қоғамдастықты басқарушы комитет пен үйлестіруші топ айналысады.

Болашаққа ешқашан күмәнмен қарамай, нық сеніммен жол бастау керекпін. Менің көшті бастап жүре алатындай шеберлігім болып, уақытында нақты іс әрекетке көшіп отыру қажетпін. Әрбір серпілісте дәлелдерге ұмтылып, саралай отырып, өз –өзіме кері байланыс беріп, артқа шегініс жасап, өз іс әрекетіме сыни көзбен қарап отыру керекпін. Көшбасшы болғанда әріптестеріме сын айтпай, шын айтып, яғни әділетті болып, әріптестерімнің сенімін жоғалтпауға тырысамын. Тағы бір айта кететін нәрсе қоғамдастықта үнемі қарапайым болу керекпін, ол менің әлсіздігім немесе білімсіздігім емес, басқалардың іс әрекетіне байыппен, ойлана қарап тиісті шешім қабылдау.

Кәсіби қоғамдастықта ұжымда жағымды орта қалыптастырып, кінәліні іздеп жатпай, нақты шешу жолдарын қарастырамын. Өзара қарым қатынас берік болу керек. Нақты көшбасшылықты тұжырымдай келе, ұжыммен бірлескен түрде қоғамдастық жүйелі түрде құрылғанда көшбасшылық дұрыс жүргізілгенде ғана оқыту мен оқудың сапасы артады. Міне, жоғарыдағы үдерістер мектепте өз дәрежесінде болса, жүйелі қоғамдастық жүзеге асады. Қоғамдастықта ылғи әріптестерімнің талабы мен талантын ұштап, шабыттандырып отырамын. Сабақ барысында байқағаным көбінесе көшбасшылық топтық жұмыстың барысында айқын байқалады екен. Онда бірлескен оқу, өзара талқылау барысында оқушылардың бәрі де топта көшбасшы болуға, яғни көш ілгері жүруге ұмтылады. Ол әрине қуантарлық жағдай. Бұл топтағы оқушылармен жұмыс жасау мұғалім үшін де анағұрлым тиімді болары анық. Осындай тұста бірлескен түрде, оқушылардың бойында «біз» деген метасананы қалыптастыру керек болады. Ортамен қарым-қатынас жасауда, өзара талқылау арқылы ақпарат алмасуда, ортақ шешім қабылдауға, бірлескен түрде белсенді жұмыс атқарып жатқан оқушыларды байқасам үнемі қолдау көрсетемін.

Мұғалімнің әлеуетін арттыру арқылы, оқыту мен оқу үдерісіндегі олқылықтардың орнын жою. Бұл үдеріс тек мектепішілік емес, серіктес мектептермен бірге ойлау, байланыс жасау үшін қажет екен. Әдетте, біз аудандық мектептер семинар мен тамыз отырысында ғана жиналып жатамыз, онда да мәселе үстірт қаралып өтіледі. Ал ай сайын немесе желі арқылы үнемі байланыста болсақ, көп мәселенің жолы шешілері анық. Бұл жағдайда желілік қоғамдастық құрып, алдын ала ұйымдасқан түрде жүзеге асыруға болады екен. Желілік қоғамдастық үдерісінде барлық жағдайлар назарға алыну керек. Желілік қоғамдастықта тағы да ескере кететін жағдай көпіршелер тұрғызу қажет. Жером Брунердің пайымдауынша, көпірше тұрғызу- қолдау көрсету, түрткі болу, бағыттау, тиімділігін қамтамасыз ету.

Кәсіби қоғамдастықта басшылық етуші топтар болады.Олар жоспар құру үшін жауапты болады. Ал үйлестіруші топтар іс шараларға қатысты шешім қабылдайды. Дамытушы топтар оқыту мен оқу үдерісіне баса назар аударады,бағдарламарды әзірлеп дамытуға өз үлесін қосады. Тиімді қоғамдастық жоспардың нақты болуы мен бақылау мен басқаруды талап етеді.

Менің пайымдауымша, мектепте барлық проблеманы басшылық ғана шеше алады деген түсінік болатын, міне бүгін мен олай емес екеніне көзім жетті. Кәсіби қоғамдастық мүшелерімен бірлескен түрде байланыс жасай отырып шешеді.

Мектептегі қоғамдастық жұмысын жоспарлау үшін алдымен мектепішілік зерттеу жұмыстарын жүргіземін. Әріптестерімнің дәстүрлі сабағына ену арқылы оқыту мен оқу үдерісін бақылаймын, мектеп ұжымынан, оқушылардан сауалнама аламын, сыныпты бақылаймын, әріптестеріммен кәсіби сұхбат жүргіземін барлығын назарға алып қажеттіліктерін анықтаймын. Ондағы мақсатым ішінара зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мектептің қажеттіліктерін анықтаймын. Оқушылардың метатанымына, тану тұжырымдамасына назар аудару. Өзекті мәселе бойынша тренинг сабақ ұйымдастырамын, өзіме бір тәліп алып, кәсіби дамуына қолдау көрсетемін. Тренинг сабағыма қатыстырып, сабағын бірлесе жоспарлаймын. Сабағына үнемі кері байланыс ұсынып отырамын. Тізбектелген төрт сабағыма әріптестерді қатыстырамын. ІІ деңгей мен ІІІ деңгей бойынша біліктілік курсынан өткен әріптестерімді назардан тыс қалдырмаймын. Әріптестер де АКТ туралы өз сабақтарында қолданып ашық сабақ ұйымдастырады. «Жаңашылдыққа жаңаша көзқарас» тақырыбында әріптестермен кәсіби сұхбат ұйымдастырамын. Желілік қоғамдастық бойынша серіктес мектептерден қажеттілікке орай мықты мамандар болса шақырып, шебер сынып ұйымдастырамын. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаймыз. Қолда бар ресурстарды пайдаланып, жоспарлы түрде ұйымдастырамын. Lesson Study зерттеуі бойынша бір сыныпты немесе оқушыны зерттеуге кәсіби қоғамдастық мүшелеріне ұсыныс жасап көремін. Бір сабақты екі, үш мұғалім сабақты жоспарлайды. Сол бойынша зерттеу жұмыстары жүзеге асады. Онда 40 минут бойы бақылаудың қажеті жоқ, бір фокус жасап, сол сәтті ғана назарға алуға да болады екен. Оқушылармен міндетті түрде сұхбаттаса отырып, талқылау жұмыстарын жүргіземіз.. Әріптестердің сабақтарындағы өзгерісті бақылаймын. Ондағы мақсатым әріптестеріме жаңа идея ұсыну, мұғалімнің өзгеруінің қажеттілігі жайлы, өзінің жұмысы туралы бір сәт ойландыру. 10-11 сынып оқушыларымен пікірсайыс ұйымдастырамын «Әлем жаһандануда» тақырыбында. Бұл арқылы оқушылардың өзін өзгерістерге дайындау, оқушы үніне де құлақ түру. Мүмкіндікке орай желілік қоғамдастық шеңберінде аймақтық семинар, ұйымдастыра отырып, серіктес мектептермен тәжірибе алмасамын. Ары қарай іс шара ата-аналармен жиналыс ұйымдастырамын. Ондағы мақсатым мектеппен байланысқа қырсыз ата-аналардың өздерін ерікті түрде араластыруға тырысамын. ХХІ ғасырда әлем жаһандануда соған сай білім саласындағы өзгерістерге ата-аналарды да тартып, еніп жатқан жаңашылдыққа жаңаша көзқарас қалыптастыру. Барлық іс шараларды қорытындылай келе, ұжыммен бірлесе оқыту мен оқу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді талқылаймыз. Мектертегі тәжірибе кезеңінде сапалық зерттеу жүргіземін.














































Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: Амангелді атындағы ж о м

Күні: 06.11.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қалдыбаева Айдын Асанбекқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Адам және табиғат

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

(5.Т/А 6); Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

(5.Ж 2). Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

Сабақтың мақсаттары

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданады

Оқушылардың басым бөлігі: диалогқа даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіре алады

Кейбір оқушылар: Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазады

Бағалау критерийлері

Ақпараттарды іріктейді, ішінара ізденушілік жұмыстарын жүргізеді

Құндылықтармен байланыс

«Мәңгілік ел» құндылығы. Тіл және мәдениет


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Идеяларды салыстыру

Осыған дейін меңгерілген білім


Коммуникативтік жағдаятқа сай одағай сөздерді біледі. диалогқа қатыса алады.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт 40 минут

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер


Сабақтың басы



4 минут










Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал туғызу

Шаттық шеңберге тұрып «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар ұсынылған иллюстрация арқылы одағай сөздерді еркін қолданып мәтін құрастырады. Суретке қарап, бүгінгі тақырыптың не болатынына болжам жасайды.

Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы табиғаттың суреттерін құрастыра отырып топқа бөлінеді. Топтың атын суретке қарап оқушылар топ мүшелерімен ойласып қояды.


Сабақтың ортасы

10 минут




7 минут












2 минут


































Сабақтың соңы


5 минут

1 тапсырма. Тыңдалым

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге ат қояды.

Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.«Түз тағысы» дегенді қалай түсіндіңдер? Түз тағысына (жабайы аңдарға) қандай аңдар жатады?

2.Үй жануарларына ше?

Қандай жануарларды киелі деп атайды? Неге? Себебін анықтаңдар. диалогқа даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіре алады

Дескриптор

-Мәтінді мұқият тыңдап, ат қояды

-Сұрақтарға өз көзқарасын білдіріп жауап береді

-диалогқа даярлықсыз қатысады

ФБ

«Бас бармақ» әдісі арқылы

2 тапсырма (жеке жұмыс) (Айтылым)

Бейнеролик көрсетіледі. Табиғат пен адамның егіз ұғым екендігі туралы. Көрсетілім бойынша диалогқа даярлықсыз қатысып, одағай сөздерді еркін қолданады , өз пікірін білдіре алады.

Дескриптор

  • Диалогқа даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдереді.

Сергіту сәті: «Сөзден сөзді ізде» әдісі


арқылы аңшылық, саяткерлік сөздеріне қысқа сөздер құрастырады.


3 тапсырма (жұппен жұмыс)

Мәндес аңшылық, саяткерлік сөздерінің мәнін сөздіктен тауып, айырмашылығын,ұқсастығын «Қос диаграмма» әдісі арқылы көрсетеді

Дескриптор:

-сөздердің мәнін сөздіктен табады.

-айырмашылығын көрсетеді

-ұқсастығын көрсетеді


4 тапсырма (топтық жұмыс)

«Мәтін алаңы» әдісі арқылы

Үш топқа жұмыс беріледі. Лагерьдегі досына хат жазады, «ақ маржан» күріш өнімін жарнамалайды. «Мерейлі отбасы» байқауына хабарландыру жазады

Дескриптор

-Жанрлық ерекшелігіне сай,құрылымын сақтап хат, хабарландыру, жарнама жазады

ҚБ

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сабақты қорытындылау мақсатында «Бір сөйлеммен түсіндір» әдісі бойынша аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Жан-жануарлардың төлдері қалай аталады? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазып, сөйлем құрайды.


АКТ









Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Қауіпсіздік ережелері












Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



























Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Осыған дейін меңгерілген білім: тура және ауыспалы мағыналы сөздер, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдер туралы лексикалық білімдерін ары қарай жалғастырып көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады


Контекст: Осы тарау бойынша оқушылар адам мен табиғаттың егіз ұғым екенін түсінеді. «Адам және жыртқыш аң», «Жеміс жидектердің пайдасы», «Ғажайып ағаштар» туралы мәлімет алады ,әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге дағдыланады, оқушылардың сөздік қорын жетілдіру, әртүрлі мәтіндер, ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру мақсаттарымен ұштастырылады.


Осы бөлімдегі « қазақ тілі » пәнінің тілдік мақсаты

Пәндік мақсат

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты лексика және терминология

Диалогқа /жазылымға қажетті тіркестер

5.Т/А6); Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

(5.Ж2). Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1).

Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану (5.ӘТН4.3).

Оқушылар орындай алады:

Тыңдалым:

Тыңдалған мәтін аясында пікіралмасу жүргізіледі.

берілген мәтіннің мазмұнын түсіне алады

Айтылым : Мәтінде берілген мәліметті қорытып, дайындықсыз диалогқа қатыса алады. Ұсынылған иллюстрациялар

арқылы тақырыпты болжай алады

Жазылым: Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыра алады

Оқылым :

Мәтіннің тақырыбын беріп, болжам жасату, мәтін не туралы болуы мүмкін екенін түртіп жазып

газет журналдар мен материалдардан қажетті ақпараттарды алады

Антоним, омоним, синоним, орфография,

полисемия, аңшылық, саяткерлік. Түз тағысы. Бөлтірік, нан ағашы, сүт ағашы. Фруктоза,калий, мәуелі және миуалы ағаштар

Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз.

Сіз неге ... ойлайсыз?

Сіз неге ... деп есептейсіз?

Мысал келтіре аласыз ба?

Мен мынадай қорытындыға келдім,

Менің пайымдауымша.мен бұл пікірмен келіспеймін.
















Тақырыбы

Оқу мақсаттары

Ұсынылатын оқыту іс әрекеттері

Бағалау

Ресурстар

Табиғат және адам

(5.Т/А6); Коммуникативтік жағдаятқа сай, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогқа даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру

(5.Ж2). Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу

«Жүректен жүрекке әдісі» арқылы оқушылар шеңбер бойы тұрып ұсынылған иллюстрация арқылы одағай сөздерді қолданып мәтін құрастырады (СТО)

Суретке қарап, бүгінгі тақырыптың не болатынына болжам жасайды.

Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы табиғаттың суреттерін құрастыра отырып топқа бөлінеді. Топтың атын суретке қарап оқушылар топ мүшелерімен ойласып қояды.

1 тапсырма. «Ойлан жұптас, бөліс» әдісі арқылы

(жеке,жұптық,топтық жұмыс

Мәтінді мұқият тыңдап, мәтінге ат қояды.

Ойтүрткі. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.«Түз тағысы» дегенді қалай түсіндіңдер? Түз тағысына (жабайы аңдарға) қандай аңдар жатады?

2.Үй жануарларына ше?

Қандай жануарларды киелі деп атайды? Неге? Себебін анықтаңдар. диалогқа даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіре алады

Сергіту сәті: «Сөзден сөзді ізде» әдісі арқылы аңшылық, саяткерлік сөздеріне қысқа сөздер құрастырады.

2 тапсырма (жеке жұмыс) (Айтылым)

Бейнеролик көрсетіледі. Табиғат пен адамның егіз ұғым екендігі туралы. Көрсетілім бойынша диалогқа даярлықсыз қатысып, одағай сөздерді еркін қолданады , өз пікірін білдіре алады.

3 тапсырма (жұппен жұмыс)

Мәндес аңшылық, саяткерлік сөздерінің мәнін сөздіктен тауып, айырмашылығын,ұқсастығын «Қос диаграмма» әдісі арқылы көрсетеді

4 тапсырма (топтық жұмыс)

«Мәтін алаңы» әдісі арқылы

Үш топқа жұмыс беріледі. Лагерьдегі досына хат жазады, «ақ маржан» күріш өнімін жарнамалайды. «Мерейлі отбасы» байқауына хабарландыру жазады

ҚБ

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сабақты қорытындылау мақсатында «Синквейн» стратегиясы бойынша. табиғат пен адамға бес жолды өлең шығарады.

Үйге тапсырма: Жан-жануарлардың төлдері қалай аталады? Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазып, сөйлем құрайды.

3 тапсырма (жұппен жұмыс)

Мәндес аңшылық, саяткерлік сөздерінің мәнін сөздіктен тауып, айырмашылығын,ұқсастығын «Қос диаграмма» әдісі арқылы көрсетеді

3 тапсырма (жұппен жұмыс)

Табиғат аясындағы аңшылық пен саятшылық туралы қысқа бейнеролик көреді.

Мәндес аңшылық, саяткерлік сөздерінің мәнін сөздіктен тауып, айырмашылығын «Венн диаграммасы» арқылы көрсетеді

Ойтүрткі сұрақ арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді диалогқа даярлықсыз қатысып, өз пікірін білдіре алады

(ДО)

топтық жұмыс)

«Мәтін алаңы» әдісі арқылы

Үш топқа жұмыс беріледі. 1 топ досына хат жазады, 2 топ өнімді жарнамалайды. 3 топ мектепке хабарландыру жазады . ҚБ

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сабақты қорытындылау мақсатында «Попс формуласын» пайдаланып табиғат және адам туралы өз ойларын жазады.


ОүБ

«Бас бармақ» әдісі,смайликтер, «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірін бағалайды. топпен бағалайды.


Мұғалім тарапынан әрдайым бақылау мен ауызша кері байланыс орнатылады.


https://www.youtube.com/watch?v=ToueETPS7ns

https://www.youtube.com/watch?v=oBEDcJ7x76w

Р.Сыздықованың « Сөздер сөйлейді» кітабы

Қазақ тілі пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Астана 2016ж

«Адам және жыртқыш аң»

(5.Т/А1). Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау

5. (ӘТН4.).Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану


Шаттық шеңберге тұрып өзінің есіміне сын есімдерді қатыстырып тілек айтады. «Пазл» әдісі арқылы суретті құрастырып үш топқа бөлінеді. Топтың атын бірлескен түрде қояды.

1 тапсырма ( жеке жұмыс)

«Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар ұсынылған тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы мәтін құрастырады. Суретке қарап, бүгінгі тақырыптың не болатынына болжам жасайды. Венн диаграммасы арқылы адам мен жыртқыш аңның айырмашылығы мен ұқсастығын табады.

2-тапсырма.

(Дәптермен жеке жұмыс) Мәтінді мұқият оқып, тақырып қояды. Қою түспен берілген сөздерді мәндес сөздерімен (синонимдерімен) жазады.

Топтық жұмыс. «Кластер» әдісі арқылы ең қауіпті бес аң жазады.

Бейнеролик көрсетілім. Жыртқыш жануарлар туралы.

Сергіту сәті: «Сөзден сөзді ізде» әдісі арқылы Көксерек. Бөлтірік. Бөрібасар сөздерінен сөз құрастырады.

Таныстырылым сын есімдердің, шырай түрлері бойынша.

3 тапсырма. (жеке жұмыс). Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін қолданып шағын әңгіме, мәтін құрастырады.

ҚБ

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Сабақты қорытындылау мақсатында «Синквейн» әдісі арқылы бес жолды өлең жазады.

Үйге тапсырма: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша түсірілген фильмді көріңдер. «Көксерек жауыздығының себебі неде?» деген тақырыпта достарыңа хат жазып, өзара ой бөлісіңдер .

ОүБ

«Бес саусақ» әдісі арқылы

жұпта, топта бірін-бірі бағалайды

Мұғалім тарапынан әрдайым бақылау мен ауызша кері байланыс орнатылады.


ОӘК материалдары

http://45 minut.kz

Қазақстан Республикасы жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Астана 2016ж

«Ғажайып ағаштар»

(5.Ж6);Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

(5.О6). Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу

«Жүректен жүрекке әдісі » арқылы ұсынылған иллюстрация арқылы мәтін құрастырады. Суретке қарап тақырыптың неболастынына болжам жасап көреді. «Пазл» әдісі арқылы суретті құрастырып үш топқа бөлінеді. Суреттері бойынша топқа ат қояды. Ғажайып ағаш бейнежазбасын көріп, тақырыпты болжайды.

1 тапсырма «Сканерлеу» әдісімен Мәтіннен орфографиялық норманы есте сақтап жазады.

2 тапсырма. Топтық жұмыс. «Кластер» әдісі арқылы мәтінді графикалық мәтінге түсіреді. Оқылым стратегияларын қолданып, жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды.

Сұрақтар

Мәтінге ат қойыңдар

1 топ. Нанды біз қайдан аламыз?

2- топ. Адамдар қай жануарлардың сүтін пайдаланады?

3-топ Халық арасында нан мен сүттің қаншалықты маңыздылығы бар?

Мәтіндегі «ағашты сауу» деген тіркес дұрыс па? Бұл сөз қандай мағынада қолданылған?

Сергіту сәті: «Константинополь» әдісі берілген негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді «Ғажайыптар» сөзінен сөздер құрастырады

( Көш)

3 тапсырма (жеке жұмыс ) «Жүгіртпе диктант» әдісі әр топқа бір мәтін беріледі. Оқушылар топта бір жазушы сайлайды, қалғандары сөйлемді бір-бірден оқиды. Жазушы орфографиялық қателерсіз жазу керек. Топтар бір-бірін өздері тексереді (ДТ)

Сабақты қорытындылау мақсатында. «Бір сөйлеммен түсіндір» әдісі арқылы Мәтіндегі нақты ақпаратты табады. (ЖЕ)

Үйге тапсырма: Еліміздің аумағында әулие ағаштар бар ма? Табиғат ағаштарындағы ерекшеліктер туралы хабарлама жазамыз. (Сөз саны -30сөз

ОүБ

«Екі жұлдыз,бір тілек» Смайликтер әдісі арқылы топ бір бірін бағалайды



Мұғалім тарапынан әрдайым бақылау мен ауызша кері байланыс орнатылады.














Әлімов А «Оқытудағы интербелсенді әдіс тәсілдер»Астана 2014

https//www.уоutube.com/watch?=32g6bmZL4R4 бейнежазбасы

«Жеміс-жидектің пайдасы»

(5.Т/А2); Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру

(5.Ж3) Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру

«Сурет бойынша әңгімеле» әдісі арқылы Қазақстан жерінде өсетін пайдалы өсімдіктердің суретін көрсетемін.. Берілген суреттер бойынша ой қозғап, болжам жасайды. Әңгіме құрастырады. (ЖЕ)

«Құпия зат» әдісі арқылы жеміс жидекті жасырын ұстап, бес сұрақ қояды, сол сұрақтар арқылы жасырын сөзді немесе суретті табады (CТО)

«Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне ән мәтіні, хабарландыру, жарнама,хабарландыру лақтырады, мәселен түсіндіреді. егер білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі (ДТ)

«Сөздер тізбегі» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты айтпастан сабақтың әрбір негізгі сөзін айтады оқушыларға бір минут беріледі. (Көш)

Тікелей радиоэфир (РАФТ) әдісі арқылы диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) тыңдалады. Түсінгені бойынша көтерілген мәселені айтады. Мәтін не туралы болуы мүмкін?(ДО)

Сабақты қорытындылау «Сұрақты тап» әдісі арқылы оқушыларға бірнеше диалог, монологтер ұсынылады, оқушылар жауапқа қарап ажыратады. (ДТ)


ОүБ

«Табыс баспалдағы» әдісі арқылы топ бір бірін бағалайды.

«Блум ағашы» арқылы топтар бағалайды

Мұғалім тарапынан әрдайым бақылау мен ауызша кері байланыс орнатылады.


http://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/16336/





Күні:

Коуч: Қалдыбаева Айдын Асанбекқызы

Коучингтің тақырыбы:

Мұғалімдерді ынталандыруда ақпараттық технологияларды қолдану

Мақсаты:

Әріптестердің оқыту мен оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді АКТ-ның мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану арқылы үйрету . сабақ беру барысында АКТ-ны қолдануға дағдыландыру;

Түйінді идея:

Сабақ барысында AКТ-ні қолдану оқу процесінің тиімділігін арттырады және оқушылардың танымдық қабілетін ,сандық сауаттылығы мен әлеуетін арттырады

Күтілетін нәтиже:

АКТ-ні оқытудың қай кезеңінде пайдалануға болатындығын, сонымен қатар сабақта АКТ-ні  пайдалану арқылы танымдық қабілетін дамытады, АКТ құралдарымен жұмыс істеудің жолдарын үйренеді

Дерек көздер

Shulman. L.S (1986) Кім қалай түсінеді: оқу үдерісіндегі білімнің өсуі. Mishra.P Koehler M .J (2006)

Ресурстар

АКТ.

Сабақтың барысы


Коучтің іс әрекеті

Қатысушының іс әрекеті

Сұрақтар


Ұйымдастыру кезеңі

2минут




Топқа бөлу

3 минут




Пікірлесу

15 минут



Бағалау 3 минут







стратегияларды пайдаланып ой бөлісу

15 минут











Кері байланыс 3 минут



Талқылау 15 минут


Кері байланыс

5 минут

Психологиялық ахуал туғызамын. Шаттық шеңберінде тұрып лентаны бір-біріне ұзатып тілек сөздер айтып, «Өрмекші торы» әдісі арқылы желілік байланыс орнатамын. «Телефон», «Компьютер», «Интернет» болып топқа бөлінеді . Ой қозғау үшін «Бүркіт» туралы бейнеролик көрсетемін. «Мен өзгеру керекпін бе?» деген сұрақ қойып, әріптестердің жеке-жеке ойын тыңдап көремін . Топтар бірін-бірі бағалайды.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша тұжырымдамалық картаға барлық білетін АКТ құралдарын түсіреді. Жеке орындайды,жұппен талқылайды, топпен бөліседі.Ортақ шешімге келеді.

Сұрақтар:

  1. Қандай АКТ құралдарын білеміз?

  2. Сабақта немесе жалпы мектеп жүйесіне қайсы АКТ құралдарын пайдаланған тиімді?

Мектеп жүйесіне тиімсіз деп санаған АКТ құралдарын сызықпен қоршаңыздар.

SWOT әдісін пайдаланып АКТ туралы ақпарат жинақтау.

S – күшті жақтары

W - әлсіз тұстары

O - мүмкіндіктері

T - қауіпті жақтарын анықтап кластер арқылы топтық жұмыста қорғайды.

«Мұғалім сабақты керемет түсіндірген» бейнеролик көрсетемін.( АКТ қолданылмаған.) Сонымен қатар, АКТ арқылы өтілген бір сабақты көрсетемін. Сұрақ: Осы екі бейнеде оқушылар қаншалықты тыңдады, меңгерді. Сіздің пікіріңіз? Бұл білім оқушыға қаншалықты тиімді болды, қаншалықты оқушыда сақталды.салыстыра отырып дәлел келтіреді

«Кім қалай түсінеді?» әдісі арқылы «пәндік, технологиялық,педагогикалық білім» осы үш аспекті жайында өз ойларын айтады. «кәсіпқой мұғалім» деген сөзді түсінеді. Презентация арқылы көрсетілім қойылады.

Тапсырма: Ертеңгі өтетін сабағынан бір тапсырмаға АКТ қолданып көрсетіңіз. «Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптардың» мазмұны жайлы АКТ-дан көрсетілім болады. Сабақты қорытындылау. «Білімді ақпараттандыру» дегенді қалай түсінесіздер? өз ойларын жазып қалдырады.

«Жaқсылық тaмшылaры» кері байланыс aламын.



Жағымды атмосфера орнайды.





Мұғалімдер мұғалімнің өзгеруінің қажеттілігі жайлы,

өзінің жұмысы туралы ойланады.



Пікір алмасады.Ой талқы болады

Берілген сұрақты топта талқылап, өз ойларын тұжырымдамалық картаға түсіреді.




Әріптестер теорияға, дәлелдерге жүгінеді.



АКТ туралы маңызды ақпараттар ұсынады.




Мұғалім сыни көзқараспен қарайды,өз пікірін ортаға салады, салыстырмалы түрде өз тәжірибесінен мысал келтіреді



«пәндік, технологиялық,педагогикалық білім» туралы топ болып ойланады. «кәсіпқой» мұғалім деген сөзді түсінеді.


Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптардың» мазмұнын түсінеді

«Білімді ақпараттандыру» дегенді қалай түсінесіздер? өз ойларын жазып қалдырады.


«Жaқсылық тaмшылaры» әдісі арқылы кері байланыс береді.
















Әріптестердің бірінің тәжірибесін дамыту үшін жасалған тәлімгерлік үдерісінің жоспары


Мақсаты: Тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсету, оның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне, кәсіби дамуы мен қажеттіліктерін өз бетінше шешуіне ықпал етіп, бағыт-бағдар беру.

Күтілетін нәтиже: Тәлім алушы сабағын тиімді жоспарлай алады, ақпараттарды ізденіп , орынды қолдана білу шеберлігі артады, оқыту мен оқу үдерісіне өзгеріс енгізеді.

Тәлімгер: А. Қалдыбаева

Тәлім алушы: К.Нысанбаева

Атқарылатын іс-әрекеттер

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мерзімі

1

Тәлім алушымен кездесу


Тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсету, өз мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт бағдар беру.

Тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсетіледі, өз мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт бағдар беріледі


2

Қажеттіліктерін анықтау

А) сауалнама

Б) сұхбат

С) сабағына ену

Д) оқушы үнін тыңдау

Оқыту мен оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін тәліптің өз тәжірибесіне сүйене отырып анықтау, өз бетінше шешуіне ықпал ету

Оқыту мен оқу үдерісінің қажеттіліктерін өз бетінше анықтап, түзетулер мен толықтырулар енгізе алады.


3

Тәліппен тәлімгерлік жұмыс жүргізу

А) үйрету

Б) тәлімгердің сабағына енгізу

С) кәсіби сұхбат

Д) коучингке қатыстыру

Е сабақты жоспарлау

Тәліппен тұрақты байланыс жасау арқылы тәжірибе алмасу, қажеттіліктерін толықтыру,сабақты мақсатына сай дұрыс жоспарлау мен тапсырмаларды ұйымдастыруына бағыт бағдар беру

Әріптестермен үздіксіз, үзіліссіз байланыс жасату, өзара тәжірибе алмаса отырып, бірлескен түрде байланыс жасайды.


4

Сабағына ену

А) бақылау

В ) оқушы үнін тыңдау

С ) өзгерістерді анықтау

Қажеттіліктерін толықтыру, жаңаша көзқарас қалыптастыра отыру, оқушының үнін тыңдау арқылы сабағына өзгерістер мен толықтырулар енгізу,

Қажеттіліктерін толықтырады, оқушыларының үнін тыңдау арқылы сыни ойланады





5

Ашық сабақ 7-сыныпқа физика пәнінен «Күш» тақырыбында Сабаққа талдау жүргізу


Үнемі сабағына саралау жұмыстарын жүргізіп, тиімді, тиімсіз жақтарына саралау жұмыстарын жүргізуге үйрету , өз- өзіне және оқушыларға кері байланыс жасауға дағдыландыру,

Әр сабағының тиімді, тиімсіз жақтарына саралау жұмыстарын жүргізуге үйренеді , өз- өзіне және оқушыларға кері байланыс жасауға дағдыланады

























Мектептегі қоғамдастық жұмысын жоспарлау


Өзекті мәселе: Оқыту мен оқу үдерісінде АКТ-мен жұмыс жасау өз дәрежесінде емес, сынып бөлмелері жаңа технология жабдықтарымен қамтамасыз етілмеген, оқушылар әлеуметтік желілерді тиімді жағына пайдалана бермейді, электронды оқулықтар жоқ , компьютерлер жеткіліксіз, интернет жоғары жылдамдықпен жұмыс жасамайды.

Тақырыбы: Оқыту үдерісінде мұғалімдерді ынталандыруда ақпараттық технологияларды пайдалану

Мақсаты: Оқыту мен оқу үдерісіне АКТ-ны пайдалануына ықпал ету, сабақ беру барысында үнемі АКТ-ны қолдануға дағдыландыру; оқушыларға әлеуметтік желілерді тиімді жағына пайдалану керектігін үйрету

Күтілетін нәтиже: АКТ құралдарымен жұмыс жасауды үйренеді, көп түрлілігімен танысады. Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту,технологияны қажетілігіне орай пайдалануға үйрету

Табыс критерийі: Оқыту мен оқу үдерісінде АКТ-ны пайдаланады, сабақ беру барысында үнемі АКТ-ны қолдануға дағдыландыру; оқушыларға әлеуметтік желілерді тиімді жағына пайдалану керектігін үйрету


Апта саны

Атқарылатын іс шара

мақсаты

Жұмыс түрі

жауапты

І апта

Мектеп әкімшілігін жоспармен таныстыру , ішінара зерттеу жұмыстарын жүргізу

А) Әріптестердің сабақтарына ену

В) мектеп ұжымынан,

оқушылардан сауалнама алу

Е) сыныпты бақылау

С) әріптестермен кәсіби сұхбат жүргізу

Д ) Қажеттіліктерін анықтау

Ішінара зерттеу жұмыстарын жүргізіп, мектептің қажеттіліктерін анықтау

Оқушылардың метатанымына, тану тұжырымдамасына назар аудару

Сауалнама

Кәсіби сұхбат


Мектеп әкімшілігі

Қоғамдастық мүшелері

ІІ апта

Коучинг сабақ ұйымдастыру

Тәлімгерлік жұмыстарын жүргізу

Әріптестердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, қажеттіліктің нақты мақсаты бойынша жұмыс жасау. Тәжірибе алмасу

Тренинг сабақ

Тәлімгер

Кәсіби қоғамдастық

ІІІ апта

Мектепішілік «жаңашылдыққа жаңаша көзқарас» тақырыбында әдістемелік бірлестікте дөңгелек үстел ұйымдастыру

Әріптестердің сабақтарындағы өзгерісті бақылау

Шебер сабақ ұйымдастыру

Әріптестеріме жаңа идея ұсыну. Мұғалімнің өзгеруінің қажеттілігі жайлы,

өзінің жұмысы туралы ойландыру



Кәсіби сұхбат

Шебер сабақ

Тәлімгер

IV апта

Пікірсайыс ұйымдастыру «Әлем жаһандануда» тақырыбында (10-11 сынып)

Серіктес мектеп ұстазымен шебер сынып ұйымдастыру

Оқушылардың еркін пікір алмасуына, жаһандану үдерісі бойынша оқушы үніне құлақ түру


Әңгіме -дебат

Тәлімгер

Мектеп әкімшілігі

V апта

Желілік қоғамдастық шеңберінде аймақтық семинар ұйымдастыру

Ата - аналармен жиналыс ұйымдастыру

АКТ-ны тиімді қолдану туралы

«Жаңашылдыққа -жаңаша көзқарас» тақырыбында мақала жазу

Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу . Ата-аналарға жаңашылдық туралы түсіндірме жүргізу

Семинар


Шебер сынып

Мектеп әкімшілігі Желілік қоғамдастық мүшелері

Тәлімгер


VI апта

Оқыту мен оқу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерді талқылау

Кері байланыс

Мектепке өзгеріс енгізу. Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту


Тәлімгер

Мектеп әкімшілігі













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!