І деңгей С есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

І деңгей С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе кезіндегі рефлексивті есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өз тәжірибесі мен мектептегі өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп.

Бүгінгі заман талабына сай дәстүрлі оқудың деңгейінде ғана шектелмей, білім саласына еніп жатқан өзгерістер көңіліме қонымды.Технология қарыштап,күн санап дамып келе жатқанда оны неге тиімді пайдаланбасқа. Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ өте бастағаннан сабағым қызықты өте бастады деуге де болады. Талап бәріне бірдей болып, болашаққа сеніммен аттанатын уақыт келді.

ХХІ ғасырда барлығы оқу жайын көп сөз етеді. Бала оқытқан адам оның ішкі сырын ұғынуы керек. Міне, мен де жаңартылған бағдарламадағы жеті модульді, оның ішіндегі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді пайдаланып, сабағымды өттім.Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында Блум таксаномиясы бойынша оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып,бір-бірімен еркін пікір алмасуына,сыни тұрғыдан ойлануына және өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік беремін. Үнемі сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар беріп, өзекті мәселелерді шешуге дағдыландырдым. Сабақ өту барысында жетістіктер мен кемшіліктер орын алды. Жаңа әдіс тәсілдің тиімді жағы оқушының сабақ үстінде өзін-өзі басқарып, еркін пікір алмасып , ойын анық жеткізуіне ықпал етеді. Және топпен жұмыс барысында бәсекелестікке емес, ынтымақтастыққа жол салады. Топта сабаққа араласпаған оқушы болмады, бәрі де белсене атсалысты, ережені жатқа айтпаса да, біршама қарапайым мысалдар келтіріп, өз ойын жеткізуге тырысып жатты. Өткен сабақты жиі қайталап, кіріктірілген тапсырмалар арқылы ойды тиянақтап тұрамын. Жаңа әдіс тәсілдер оқушыға өзін-өзі дамытуға ,тұлғалық белсенділігін арттыруға, шығармашылық іс әрекетін қалыптастыруда жоғары нәтижеге жеткізді. Бүгінгі күн талабына сай, білім беру жүйесіне енген жаңалықтар мен жетілдірулер болашақ ұрпақтың қамы. Оқушылардың әрі қызығушылығы артты. Шаттық шеңбері де сабаққа кіріспес бұрын,оқушылардың ойын жинақтауға, бір-біріне тыңдап, сыйласуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ынтымақтастық орта құрдым. Әсіресе, әдебиет сабағында «Джигсо» әдісі мен үшін өте қолайлы болды. Топтарға көлемді шығармаларды беру арқылы, уақытымызды үнемдейміз,пікірімізді ортаға саламыз.Сабақ бойынша бір мәселені ортаға тастап, соны жан-жақты айқындау үшін барлық оқушылардың пікірі маңызды. Бір-біріне проблемалық сұрақтар қоя біледі, сол проблеманы шешу барысында топ болып ойласады. Ең бастысы балалар бағаға бола оқымайды, керісінше барлығы топта бірдей деңгейде болады. Оқушыларды көшбасшылыққа тәрбиелейді. «Константинопель» әдісі бір сөзден бірнеше сөздер құрау болса, ол арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту үшін таптырмас әдіс болып тұр. «Өрмекші» әдісі менің тәжірибемде тиімсіз болды. Ол үшін маған көп уақыт керек, ал менің сабағым негізгі пән болғандықтан жаттығулар тез орындалып отыру керек. Әр сабағымда шапшаңдық бен ұқыптылыққа, мұқияттылыққа баса назар аударамын. Сабағымда критериалды бағалаумен бағалаған кезде, оқушылар өз ойын стикерге ашық,әрі толық жаза алмауда. Әлі де болса, жасқанушылық бар. Сол үшін оқушыларды көпшілік алдында өзін өзі ұстауға, өз ойын ашық білдіруге әлі де болса үйрету керек. Біздің оқушылардан бір байқағаным үнемі өз ойын жасырады, дұрыс емес болып қалады-ау деген қорқыныш, үрей бар.Оқушыларға сабағымда тапсырмаларым жетерліктей болды, алайда уақыт жағынан үлгере алмай қалдым. Менде өткен сабақты пысықтауға арналған тапсырмалар саны көбейіп кетті. Сондықтан бағалап үлгергенше қоңырау болып қалды. Келесі сабағымда уақытпен санасып, бәрін жүйелі түрде ұйымдастырамын. Сонымен қатар, болашақтың еншісінде біліктілікті арттыру орталықтарына барып, жаңа технологияны жаңа технологияны пайдаланып аудан көлемінде іс тәжірибе таратамын,оқушыларды ылғи көркем әдеби тілмен сөйлеуге үйретіп отырамын. Интербелсенді тақтаны жиі қолдануға тырысамын,ол арқылы оқушылардың есте сақтау мен көру арқылы визуалды қабылдайды.

Болашақта критериалды бағалауды қолдану арқылы мектеппен байланысқа қырсыз ата-аналардың өздерін ерікті түрде араласуға міндеттейміз. Келешекте ұлы ұстаз болу үшін оқушыларды оқытуда сапалы, оңтайлы әдіс тәсілдерді пайдаланып білім көшін алға жылжытамын.Кітап оқуға қызықтыру мәселесін де алғашқылардың бірі болып қолға алмақпын. Мектепте ай сайын кітап оқу марафонын ұйымдастырамын. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында,жас ұрпақтың болашағы біз , ұстаздардың қолында екенін ұмытпақ емеспін!...





















Терең тарихтан- жарқын болашаққа

Бүгінгі заман талабына сай дәстүрлі оқудың деңгейінде ғана шектелмей, білім саласына еніп жатқан өзгерістер көңіліме қонымды. Талап бәріне бірдей болып, болашаққа сеніммен аттанатын уақыт келді. ХХІ ғасырда барлығы оқу жайын көп сөз етеді. Бала оқытқан адам оның ішкі сырын ұғынуы керек.

Технология қарыштап,күн санап дамып келе жатқанда оны неге тиімді пайдаланбасқа. Жаңартылған бағдарлама бойынша оқушылардың жеке мүмкіндігі мен жас ерекшелігін ескере отырып, мүмкіндікке орай сабағымда АКТ-ны жиі қолдануға тырысамын. Жаңартылған бағдарламадағы жеті модульді, оның ішіндегі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдерді тиімді пайдаланып, SMART мақсатта сабағымды өтемін. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында Блум таксаномиясы бойынша оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттырып,бір-бірімен еркін пікір алмасуына,сыни тұрғыдан ойлануына және өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік беремін. Үнемі сыни тұрғыдан ойландыратын сұрақтар беріп, өзекті мәселелерді шешуге дағдыландырдым. Ең бастысы төрт тілдік дағдыны (тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым ) қалыптастырамын. Жаңартылған білім мазмұны бойынша аудандық семинар өтсем,ары қарай ғылыми жоба қорғасам деген ниет бар. Яғни , тың бір тақырып қарастырудамын. Әрине ол келешектің еншісіндегі іс болмақ.

Болашақта критериалды бағалауды қолдану арқылы мектеппен байланысқа қырсыз ата-аналардың өздерін ерікті түрде араласуға міндеттеймін. Келешекте ұлы ұстаз болу үшін оқушыларды оқытуда сапалы, оңтайлы әдіс тәсілдерді пайдаланып білім көшін алға жылжытамын.

«Болашақта компьютер алдында отырған адамды, кітап оқыған адам басқарады»,- деген сөзді ұстанып,кітап оқуға қызықтыру мәселесін де алғашқылардың бірі болып қолға алмақпын. Мектепте ай сайын кітап оқу марафонын ұйымдастырамын. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында,жас ұрпақтың болашағы біз , ұстаздардың қолында екенін ұмытпақ емеспін!...

Ұсыныс: Біздің мектептің оқушыларының ең бір ақсайтын сәті айтылым дағдысының төмендігі. Әрбір ұстаз өз пәнінің академиялық тілінде оқушылардың айтылым дағдысынжетілдіріп , бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра білсе.



Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: А.Қалдыбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2018
876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі