Материалдар / І дыбысы және әрпін жазу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

І дыбысы және әрпін жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді жоспар 0 сынып сауат ашу І дыбысы және әрпін жазу тақырыбына Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды. Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы і дыбысының орнын ажыратады. і дыбысына сөз ойлайды. І дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды. Дауысты дыбыстардың санын анықтайды. Жазу жолына і əрпінің элементтерін жазады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
487
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: _______________

Білім саласы: Коммуникация Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

ТАҚЫРЫБЫ: Айналамдағы үлкен жəне кіші бейнелер. І дыбысы мен əрпі

Мектеп/МДҰ: 12 орта мектеп

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/топ: Г тобы

Қатысқандар саны:


Қатыспағандарсаны:

ҰОҚ оқытылу

мақсаты

0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) 0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру. 0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нәтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды. Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы і дыбысының орнын ажыратады. і дыбысына сөз ойлайды. І дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды. Дауысты дыбыстардың санын анықтайды. Жазу жолына і əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Сюжетті суреттен таныс ақпаратты табады.

Тақырып аясында диалогке қатысады.

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

І дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі).

Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

І дыбысының бейнесіне ұқсатып жасайды.

І əрпін жазып, қолдарын жаттықтырады

Тілдік мақсат

Сабақтағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сөздер неге бөлінеді?

Сөздерді буынға бөл.

Сөздер қай дыбыстан басталып тұр?

Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді?

Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

Өткен ҰОҚ алған

білім

Дыбыстарды ажыратады. Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Жыл мезгілдері туралы білімдерін кеңейтеді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0-2 минут








ІІ. Мақсатты болжам.

3-5 минут

ҰОҚ ортасы
















ІІІ. Тақырып бойынша

жұмыс.

6-27 минут

Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құрады.

Балалар бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.

Мына сұлу əлемде

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сəулесін төгеді.

Балаларға əртүрлі дыбыстар тыңдап, ненің дыбысына ұқсайтынын табады.

Дыбыстарды балалар ым-иширамен қайталайды.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс.

1-тапсырма

Сурет желісімен педагог балаларға сұрақ қояды.

Сұраққа жауап беріп, əңгімелейді.

Балалар өз ойларын айтады.

2-тапсырма. «Дүрбі» өлеңі оқып береді. Дүрбі, тиін, кірпі сөздеріне дыбыстық талдау жасату.

І дыбысы естілген сөздерді буынға бөледі.

Жұмсақ таңдай көтеріледі де, мұрын ауа жолымен жабылып тұрып, і дыбысы айтылады. І – жіңішке, дауысты дыбыс.

(Ұ) Сергіту сəті.

Педагог балаларды орындарынан тұрғызып, өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтқызады.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үп-үлкен боп өседі.

3-тапсырма. Педагог өлең жолдарын оқиды. І əрпінің бейнесін түсті қағаздармен құрастырады.

4-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. І əрпі бар сөздерді сөмкенің суретімен сəйкестендіреді.

Мысалы: өшіргіш, кітап, кірпі, түлкі. Осы жерде «Не артық?» ойынын ойнатып жіберуге болады. Балалар кірпі мен түлкіні сөмкеге салуға болмайтынын, яғни екеуі артық екенін табады. Бірақ осы сөздерде і дыбысының бар екенін айтады.

І əрпінің баспа түрін жазады.





Үнтаспа.










Əліппе-дəптер.









Үнтаспа.

І əрпі жазылған плакат.





Суреттер.

IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қатынасуын талқылайды. (Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау. Балалар өз білімдерін смайлик арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!