Материалдар / "Ибалы адам" ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ибалы адам" ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқушыларға, сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2020
334
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

17 орта мектеп психологы

Жиенкулова Майша



Тақырыбы: «Ибалы адам, иманды қоғам» Мақсаты: Мақсаты: Білімділік. Оқушыларға діни экстремизмге қарсы күрес жолдары туралы ақпарат беру, өз отанын, елін, жерін сүюге, жеке басының адамгершілік қасиеттерін сақтай білуге, алдына мақсат қойып,сын сәттерде шешімін таба білуге, азаматтық ұстанымын жоғары бағалай білуге баулу.

Дамытушылық. Сана-сезімді ояту, өмірге дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Білімділік. Оқушылардың бойына адамгершілік, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ата-баба дәстүрін құрметтеу, шетелдік, жат-жұрттық әсерден бойды әсте аулақ ұстауға баулу; Дамытушылық. Ұлттық салт-санасын дамыту; Тәрбиелік. Имандылық тәрбие беру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Коррекциялық: Көзге ауыртпалық түсірмей, көзге арналған жаттығу жасау арқылы көру қабілетін арттыру.

Әдісі: Әңгіме.

Шараның барысы: Тәрбиеші: Армысыздар, ел ертеңіне жанашыр (оқушылар) жастар мен ұлағатты ұстаздар! Еліміздің егемендік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып, өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да ұрпақ тәрбиесі, имандылық, мәдениеттілікті, тіл мәселелерін екінші орынға қоюда. Сондықтан да, бүгінгі күні жас ұрпақтың әлеуметтік бейнесі туралы мәселе бәрімізді де толғандырады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің келешегі-бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты»-деген. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Олай болатын болса, біз бүгінгі жастардың бойынан ұандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер қазіргі жастардың бойында бар ма?-деген мазмұнда әңгіме өрбіткіміз келеді. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әректіндегі бізлің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегң жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі. Осындай әрекетке не итермелеп отыр? Менің ойымша, осындай әрекетке баруымыз мейірімсіздіктен туып отырған сияқты. Ал сіздердің пікірлеріңіз қандай?

1 оқушы: Дұрыс айтасыз! Шынында да қазіргі жастар мейірімсіз болып бара жатыр Бірақ бес саусақ бірдей емес. Иә, көпке топырақ шашуға болмайды. Десекте, жаңа өзіңіз айтып кеткендей,жастардың мейірімсіз екендігінен балалар үйіндегі тастанды балаларды көргенде және қарттар үйіндегі ақ жаулықты әжелерді көргенде байқауға болады. Сол балалар үйіндегі, қарттар үйіндегі балалар мен ата-аналар бәрі қара көз қазақтар. Ал, қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды сыйлай білген Оларды құдай санаған. Ал енді сол сыйластық қайда? Қазір ол сыйластық емес-мейірімсіздік. Сонда мейірімсіздік қайдан шығады деген сұраққа сен өзің қалай жауап берер едің?

2 оқушы: Менің ойымша, біздің ұлттық санамызды батыс елінің жаман әрекеттері елітіп бара жатыр. -«Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деп аталарымыз айтып кеткендей, бүгінгі қоғамдағы жастарымыздың саналы, тәрбиелі болуы кімдердің қолында деп ойлайсыз? Сіздер ойлайсыздар ол мектептен, ата-анасының берген тәрбиесінен деп. Қандай ата-ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелейді. Ал, мектепке келсек, әрине мектепте балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге ұстаздар қауымы ат салысуда. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші мектептен тыс жерде интернеттерде отырады, яғни батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ағынына әуестігі басым батыстың кинофильмдерінің ықпалы зор, мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдіреттілігі албырт та, аңғыл жастардың санасын улайды. Сондықтан олардың сана-сезімі уланғандықтан, психикасына әсер етіп, әр түрлі қылықтарға барады. Міне, соны бірі-мейірімсіздік осыдан келіп шығады.

3 оқушы: Менің ойымша «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-демекші, әр бала кішкене кезінде ата-анасынан не көрсе, соны істейді. Мысалға алсақ, ата-анасы ұрлық жасаса, арақ ішіп баласын ұрып-соқса, сол бала өскенде жақсы, тәрбиелі азамат бола алмайтыны мәлім.

4 оқушы: Мейірімсіздік өз ортасына да байланысты болады. Егер бірге жүрген достары анаша тартып, темекі шегетін болса , қанша тартпаймын деп тұрса да, бірте-бірте ол балада соған бой ұрады.Арақ ішіп, темекі шегіп, анаша тартып қатыгез, мейірімсіз бола бастайды. Психолог: «Қоғамды жасаушы-жастар»,-демекші, «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздың пайдасы жоқ». Мектептегі тәрбиеден басым болып отырған теледидардағы, компьютерлердегі қантөгіс ойындардың әсері мықтырық. Бізді осы мәселелер қатты толғандырады. Осы жерде менің ойыма мынадай сұрақ келіп отыр. «Жетім балалардың жетімдер үйін паналауы ата-ананың кінәсі ме? Әлде заман кінәлі ме?

Көзге арналған жаттығу.

  1. Көзді қаттты жұмып, үлкен етіп ашу;

  2. Көзді жоғары-төмен, солға-оңға айналдыру;

  3. Кірпіктерді жылдам қағу.

Оқушылардың пікірі:

Оқушы : Әрине менің ойымша, мұндай жағдайда ата-ана кінәлі деп ойлаймын, Ата-аналар баланы дүниеге әкелген соң, ол балаларға өз махаббаттарын сыйлап, дұрыс тәлім-тәрбие беріп өсірулері керек. Ата-аналардың жауапкершіліктері болмаса осындай жағдайлар жиі кездеседі деп ойлаймын.

Оқушы: Ата-ана баланы дүниеге әкелместен бұрын оны бағып-қағып өсіре алама екенін ойлау керек.Балалардың жетімдер үйін паналауына ата-ананың кінәсі бар деп ойлаймын.

«Тастанды бала толғауы»

Көрініс. Осы келеңсіз мәселелердің алдын алуға бола ма, қалай ойлайсыздар?

Көкейлеріңізде жүрген түйінді ойларыңыз болса ортаға тастаңыздар. Бүгінгі жаһандандыру үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін көрсетуге тырысуда. Келешек ұрпақты тәрбиелеуде осында жаңа айтылған атадан қалған өлмес мұра, мол қазынамыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды насихаттау арқылы келеңсіз мәселелердің алдын алуға болады деп ойлаймын. Неге десеңіз, өткенге көз жүгіртсек, біздің қазақ қоғамымызда ата-анаға қарамай кету, баланы тастау, шет елге сату деген болмаған. Ұлттық тәрбие деңгейі өте маңызды, жан-жақты жүргізілді. Бір баланы бір ауыл болып тәрбиелеген. Бала тәрбиесі көзден тыс қалмаған. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының өрескел мінез-құлықтарына ұрысып, зекіп тыйым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да қақысы болған. Қазіргі таңда осындай қарттар жоқтың қасы. Осындай ата-дәстүрімізді бүгінгі жастар жадына сақтап, жалғастыра білуі қажет.

Психолог: Пікіріңе рахмет, осы ойды түйіндеу үшін сіздерге мынандай сұрақ қояиын. -Жастардың жат қылықққа бой алуы мейірімсіздіктен бастау алып отыр дегенге келісесіздер ме?

Қазақта ақын қыз да. Батыр қыз да көп болған. Кезінде атақты философ Платон қыз бала тәрбиесінің маңыздылығын былайша пайымдаған екен: «Егер ұлтыңды сақтаймын десең-қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең-ұлыңды тәрбиеле!» Бұл тұжырымның тамыры өте тереңде. Үлкенге құрмет, кішіге ізет танытып, саналы, өнегелі, отансүйгіш, рухы асқақ ұрпақ тәрбиесінің басты қаруы-халық тәрбиесінің қайнарының күретамырында екенін естен шығармайық.

Қорытынды. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік-адам бойындағы қасиетті сезім, халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеген. Қатыгездіктен қойып, қаталдыққа да тәрбиелеп отырған. Еліміз ер азаматтарын мейірімді болса деген ниетпен Мейірман, Мейіржан деген есімдер берген. «Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деген өсиет айтқан ата-бабамыз мейірімділік негізі сенім екенін көрсетті. Қазіргі заман адам емес, ақша билейтін заман. Адам уақыттың құлы болған заманда уақытты үнемдеп, оңай жолмен ақша табуды көздейді. Тіпті қазіргі ата-аналар өз балаларына уақытын бөлуден гөрі, ақша тапқанды дұрыс көріп, көндіз-түні жұмыс істейді. Осының әсерінен жастарға дұрыс тәрбие берілмейді. Барлық пікірлер айтылды, сұрақтар қойылды. Ендігі кезекте ой пікірді қорытындылайық.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!