Материалдар / Идеал газ. Газдардың МКТ негізгі теңдеуі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Идеал газ. Газдардың МКТ негізгі теңдеуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
функционалдық сауаттылыққа есептер мен дескрипторлар пайдаланылуы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2024
238
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Жамбыл облысы әкімдігінің басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің Николай Гоголь атындағы ОМ" КММ

Бөлім:

Молекулалық-кинетикалық теория негіздері

Сабақтың тақырыбы


§19. Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

Педагогтің аты-жөні

Даулетбаева Галия Кабакбаевна

Күні:

15.11.2022ж

Сынып: 10 Ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§19. Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

10.2.1.2 - идеал газ моделін сипаттау
10.2.1.3- молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Идеал газ моделін сипаттайды

Есептер шығаруда молекулалық кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін қолданады.

ЕБҚ: гипоактивті оқушы

ОДД

ЖОД

Бағалау критерийлері

Идеал газ моделін сипаттайды

МКТ негізгі теңдеуін пайдалана отырып есептерді шығарады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


2-3 минут

Ұйымдастыру;

Топтастыру.




"Бір қадам алға..." әдісі


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу




Мұғалім өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейіні сабаққа шоғырланады


Сынып мұғаліммен сәлемдесіп оқу құралдарын сабаққа дайындайды.



Оқушылар сабаққа жауап береді.







Өтілген тақырыпты естеріне алады





Физика 10 сынып оқулық, Нұр-Сұлтан:"Арман-ПВ"-2019

Н.А.Закирова

Р.Р.Аширов



Сабақтың басы:

(4-5 мин)

Үйге берілген тапсырмасыны


"АВС" әдісімен топтастырамын


А — сұрақ қоюшы,

В – жауап беруші,

С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.




А-сұрақ қояды.


В-жауап береді.


С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

А-сұрақты дұрыс қойды ма, ал

В-қойылған сұраққа дұрыс жауап берді ма,

С – айтқан жауаптарды бақылапан және де бағалайды.


Стикерлер







Сабақтың ортасы:

20 минут


Жаңа тақырып

«Қазына іздеу жолында» әдісі, бейнеролик көрсетіледі. Мәтін интербелсенді тақтада беріледі.

(Қосымша)



ЕБҚ: бейнеролик көреді






1 тапсырма: Топтық жұмыс:

"Кім шапшаң" әдісі арқылы есептер беріледі


ЕБҚ: "сәйкестендіру" әдісі

Ф/с тапсырмасы

Оқушылар бейнероликті бақылайды, мәтінді оқиды.


Оқушылар жасырыл ған ақпаратты тауып, тақырыпқа қатысы жоқ ақпарат бар екенін көріп, олар қажетті ма? немесе қажет емес па ақпаратты ажыратады.


ЕБҚ: видеодағы дауысты тыңдап отыру арқылы жаңа тақырыпты меңгереді



Есепті шығарады, топпен талқылап, спикер қорғайды

ЕБҚ Таблицадағы шамаларды сәйкестендіреді.


"Жарайсың, керемет, жақсы" мадақтау сөзі арқылы бағалау







https://youtu.be/L8PzK3oNOFo

теория



\10.2.pptx

Слайд





Сабақты қорытындылау

4-минут





Сабақтың соңы: (3 мин)

  • Рефлексия,

  • Ұй тапсырмасы


«Домино» әдісі арқылы сабақты қорытындылау







Үй тапсырмасы: §19, 111 бет. 19 жаттығу №3, 4 есеп.

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиып алады, ортасынан қаламмен сызыды.

Топтағы бірінші оқушы оң жақ бөлігіне сұрақ жазады, келесі оқушы келесі домино парақшасының сол жағына сол сұрақтың жауабын жазып, оң жағына өз сұрағын береді, тиісінше келесі оқушы өз доминосына осындай жазба қалдырады.

Бағалау: Оқушылар өз деңгейлерін анықтайды. Мұғалім әр оқушыны бағалайды.


Домино пішіндес қиылған қағаз қиындылары
















Қосымша 1

1 Тапсырма:

Ауырлық центрі - кез келген жағдайда денеге әсер ететін ауырлық күшінің түсу нүктесі. Идеал газ - молекулалар арасындағы өзара әрекеттесудің потенциалдық энергиясын екермеуге болатын, молекулалар арасындағы арақашықтық молекулалардың өлшемдерінен біршама үлкен болатын газдың физикалық моделі. МКТ негізгі теңдеуі тек идеал газ үшін орындалады. Масса - гравитация өлшемі.


ЕБҚ: А4 форматындағы картаны пайдаланып, қалған оқушылармен бірге топта жұмыс жасайды.


Қосымша 2

 Идеал газ деп молекулалардың өзара әсерлесуi ескерусiз аз шама болғанда айтады. Молекулалардың өзара әсерлесуi олардың соқтығысуы кезiнде серпiмдi ұрылуы түрiнде байқалады.Молекулалары шексіз аз көлем алатын серпімді шариктер болып табылатын және өзара әрекеттесуі тек олардың бір-бірімен тікелей немесе ыдыстың қабырғасымен соқтығысуы кезінде ғана білінетін газ ,  нақты газдардың қарапайым моделі  - идеал газ.

Газ молекулалары барлық уақытта ретсiз жылулық қозғалыста болады, оның мөлшерлiк сипаттамасын молекуланың сызықты жылдамдығының орташа квадраты, дәлiрек айтқанда, кинетикалық энергиясының орта мәнi бередi. Газдардың молекулалы-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі    немесе Клаузиус теңдеуі   p- газ қысымы     n- молекулалар концентрациясы   mo-молекулалар массасы -молекулалар қозғалысының орташа жылдамдығының  квадраты    


ЕБҚ: тапсырманы үлестірме материалмен жеке орындайды, кітапты тақырып бойынша қолдана алады.

Қосымша 3

Топтық жұмыс

1. Оттегінің бір молекуласының массасы қандай?

2. Төмендегі мәлімдемелердің қайсысы идеалды газдың белгілері болып табылады? Жалған (F) немесе шындық (Т) деп белгілеңіздер.

А) молекулалардың өлшемдері шамалы;

Б) Молекулалардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясы ғана ескеріледі, молекулалардың жылу қозғалысының кинетикалық энергиясы ескерілмейді;

В) молекулалар арасындағы өзара әрекеттесу ескерілмейді;

Г) молекулалардың бейберекет қозғалысының жылдамдығы концентрацияға байланысты.


3. 1 кг. Сутегінде қанша молекула бар?

4. Температурасы 77ºС су молекуласының орташа квадраттық жылдамдығы қаншаға тең?


ЕБҚ: "сәйкестендіру" әдісі


Температураның өлшем бірлігі


МКТ негізгі теңдеуі


Па

Қысымның өлшем бірлігі


Shape2 Shape1

F1= - F2

Ньютонның ІІІ заңы


0С



Қосымша 4. Функционалдық сауаттылыққа тапсырма:

Тамерланның әкесі оттық сатып алды . Ол байқаусызда оны түсіріп алып, сындырды. Оттықтың ішіндегі сұйықтық неге жерге төгілмей, жоқ болып кеткенін ойланды. Содан кейін ол оттықтың қоспасы неден тұратынын тексергісі келді. Егер көлемі 0,1 л ыдыста массасы 0,5 г газ және молекулалардың орташа жылдамдығы 500 м/с болса


а) ыдыс қабырғаларына түсетін қысым қаншаға тең ?

б) газдың тығыздығын анықтаңыздар;

в) егер бастапқы массасы 1 г тең болса, газдың концентрациялық көрсеткішін анықтаңыздар;

г) газды қыздырған кезде оның абсолютті температурасы 4 есе өсетін болса, газ молекулаларының жылу қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

д) неліктен сұйықтық жерге төгілмей, жоқ болып кетті?


Дескриптор:

- ыдыс қабырғасына түсетін қысымның формуласын жазады;

- ыдыс қабырғасына түсетін қысымды есептейді;

- газ тығыздығының формуласын жазады;

- газдың тығыздығын есептейді;

- газдың концентрациялық көрсеткішін формуласын түрлендіріп, жазады;

- газдың концентрациялық көрсеткішін есептейді;

- газ молекулаларының жылу қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өзгеруін анықтайды;

- сұйықтықтың жерге төгілмей, жоқ болып кететінің себебін жазады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!