Материалдар / «[Іі] дыбысы мен әрпі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«[Іі] дыбысы мен әрпі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«[Іі] дыбысы мен әрпі» туралы білімдерін толықтыру. Баларға жаңа әріппен таныстырып, жазвлуымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2021
287
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№7 «Ақ бота» бөбекжайы» КМҚК

Мерзімі:

Тәрбиеші: Турсынбекова Айжан Турсынбеккызы

Тобы: №13 «Балбөбек» мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «[Іі] дыбысы мен әрпі»

Мақсаты: балаларды [Іі] дыбысымен таныстыру

Білімділік: [Іі] дыбысының оқылу түрімен, жазылу түрімен таныстыру. Кедергісіз айтылатынын түсіндіре отырып, жуан дауысты дыбыс екенін айту. Сөздің басында, ортасында, аяғында қалай дыбысталатынын түсіндіру. Бас әрпімен, кіші әрпімен дыбыстық талдау жасап үйрету.

Дамытушылығы: балалардың тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелілік: балаларды сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға, сұраққа толық жауап бере отырып, ойларын толық жеткізе білуге, татулыққа, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: [Іі] баспа, түрі, «Сиқырлы кітап» видеосы, жануарлардың ізінің суреті, ілгіш, ірімшік, ін, іргетас, інжігүл, ішік, кірпінің суреттері.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, сипаттау, салыстыру

Кіріктірілген оқу қызметі: Математика негіздері

Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері:

Шұғылалы таңымыз,

Қазақ жері бағымыз.

Қайнауымен мөп-мөлдір.

Сусындайды жанымыз,

Қазақ жері сәніміз.

Сәулесі мол бағымыз.

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз.

Қайырлы таң бәріңе!

Доброе утро всем!

Good morning to you!

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар өздеріне ұнаған қызыл, сары және көк түсті шараларды таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.


-Қар жауғанда орманға барсаң, қардың беті толған жазу. Ол жазуды кез-келген адам оқи алмайды. Ол жазуды ормандағы аңдар мен құстар жазады. Ол не жазу? (Із)

-Алыстан түлкі кетіп бара жатыр еді, кенет жоқ болып кетті. Ол қайда кіріп кетті екен? (ініне кірді)

-Із, ін сөздерінде қандай дыбыс естіп тұрмыз?

-[І і] дыбысын дыбыстап көрейік. [і] дыбысын әндетіп айтып көрейік.

Ендеше дауыстылар қатарына тағы бір дыбыс қосып, оған қызыл көйлек кигіземіз.

Дыбыс пен әріп айырмашылығын еске түсіру.

Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті жазамыз, көреміз.

-Ендеше, [І і] дыбысының әріп таңбасымен танысайық. ([І і]әрпін көрсету.)

Теледидарға назар аударту «Сиқырлы кітап» [Іі] дыбысына видео көрсету


Тіл ұстарту жаттығуы:

Кі, кі, кі айлакер қу түлкі

Пі, пі, пі тікенекті кірпі

Ін, ін, ін жаңғақ жейді тиін

Жаңылтпаш мнемо кесте арқылы:

Кірпі, кірпі

Тоның түрпі

Кірпі, кірпі

Әне түлкі

Теледидардан слайд арқылы көрсету:

Дидактикалық ойын: «Шатыспақ»

Мақсаты: өтілген дыбыстарды қайталап, пысықтау.

Ойын шарты: әріптер қалтасына әріптер ретсіз салынады.

Мысалы: [Іі] дыбысына байланысты суреттерді шатасқан әріптерге ретімен қою, «Жүзім» т.б сөзін буынға бөлдіріп, онда екі буын бар екенін, төрт дыбыстан тұратынын, оның екеуі (о, а) дауысты, (с, н) дауыссыз екенін балалардың сұрап біліп, әр сөзге жеке-жеке дыбыстың буындық талдау жасалады.

Сергіту сәті: «Қазақ әліппесі»

Теледидар арқылы: https://youtu.be/hsGs1mEms4I

Орманға саяхат: Жолда тиін кездеседі, тиін балаларға тапсырма береді.

1-ші тапсырма: «Кім жылдам?»

Мақсаты:балаларды үйренген әріптерді қайталап дұрыс айта білуге дағдыландыру. «С», «Т» және [І] дыбыстарынан басталатын сөздерді есте сақтауға үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

   Көрнекілік: Үш үлкен гүлдер, гүлдердің ортасында әріптер жазылған және сол әріптерден басталатын заттардың суреттері.

   Ойын шарты: Әр бала келіп, гүлдердің ортасындағы әріптен басталатын заттардың суреттерін дұрыс тауып, гүлдердің күлтешелеріне орналастырады.

2-ші тапсырма: «Дыбыстарды өз үйлеріне орналастыр!».

 Мақсаты: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.

Көрнекі құралдар: Қызыл, көк және (ірімшік) сөзі жазылған үйшіктер. Әріптер жазылған бұрандалы қақпақтар.

Ойын барысы: Дауысты дыбыстарды қызыл үйшікке, дауыссыз дыбыстарды көк үйшікке орналастыру және «Ірімшік» сөзіне дыбыстық талдау жасату.

3-ші тапсырмы: «Қызықты есептер».

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту және 10 санына дейінгі есептерді дұрыс және жылдам шығарту.

Көрнекілігі: А-3 форматта шығарылған қағазда 10 санына байланысты есептер жазылған үш плакаттар.

Шарты: Әр топ өздеріне берілген плакаттағы есептердің жауабын дұрыс және жылдам шығарады.

Тиін қоштасады: «Ой, балалар сендер менің берген тапсырмаларымның барлығын дұрыс орындадыңдар, мен сендерге сыйлық беремін»- деп әдемі қорапша береді. Тиін балаларға рақметін айтып қоштасып кетеді.

Тыныс алу жаттығуы: «Інжу гүлдердің қош иісін иіскеу»

-Балалар тиіннің берген қорапшасының ішінде әдемі інжу гүлдер бар екен. Қане, осы гүлдердің қош иісін иіскеп көрейік (мұрынмен тыныстап, ауызбен дем шығару).

Қорытынды:

-Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-[Іі] дыбысынан қандай сөздер басталып айтылады екен?

-Тиіннің сыйлығы ұнады ма? (Балалардың жауаптары)

Рефлексия:

-Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметіміздегі тапсырмалар қызықты болдыма? Егер қызықты болса, күннің смайлігін аламыз, ал түсініксіз болса, жұлдыздың смайлигін аламыз.

Балалар алған әсерлерін смайликтер алу арқылы білдіреді.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: [Іі] дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін.

Болу керек: дыбыс пен әріп туралы түсініктері.

Істей білу керек: жаңылтпашты айта алуды, кеспе әріптерді пайдаланып сөз құрауды, басқа әріптердің арасынан [І] әрпін танып, көрсете білуді.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!