Материалдар / IІІ - топтың негізгі,қосымша топша элементтері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

IІІ - топтың негізгі,қосымша топша элементтері

Материал туралы қысқаша түсінік
оқытушыларға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
1287
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА САБАҚТЫ ХАБАРЛАУ

Дәрісті жүргізу жоспары

Пән аты Химия

Дәрістің тақырыбы: IІІ - топтың негізгі,қосымша топша элементтері

Мақсаты:

1.Білімділік: ІІІ – топ элементтерінің жалпы сипаттама бере отырып студенттерге элементтердің периодтық жүйеде орналасуы мен қасиеттеріне оның қосылыстарына сипаттама беру.

2.Дамытушылық: топ металдардың қасиеттерін салыстыру арқылы білімгердің оқу-танымдық іс-әрекеті қалыптасып, логикалық ойлау қабілеті артады.

3.Тәрбиелік: топ элементтероп элементтерінің адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі мен қолданылуының маңызын білу арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады.

Дәрістің типі : Жаңа сабақты хабарлау

Оқыту әдісі: «Кім жылдам?» , «Сәйкестікті тап!», «Ойлан, есепте», « Жедел жауап».

Негізгі әдебиеттер:

1. М.Қ.Оспанова, Қ.С.Аухадиева, Т.Г.Белоусова.- Алматы:Мектеп,2020 ж.

2. Н.Н. Нұрахметов, Қ.Б. Бекішев, Н. Заграничная «Химия» 11 сынып,Мектеп 2014 ж.

3. А.Темірболатова «Химия есептер мен жаттығулар жинағы», Мектеп 2012

Қосымша әдебиеттер:

1. Мансұров Б.А. «Химия» 10-11 сынып, Атамұра 2011 ж.

2.А. Темирболатова, А. Қазымова, Ж. Сағымбекова «Химия оқу кітабы» Мектеп 2011 ж.

Негізгі ұғымдар: Сілтілік жер металл,магний мен кальций қасиеттері,негізгі топша,ғаныш,алебастр,мәрмәр,судың кермектілігі.

Көрнекі құралдар: Слайд-презентация, стикерлер,қима қағаздар,тілек.Сызбалар, стикерлер, суреттер, көркем әдебиеттер, түсті қағаздар, түрлі түсті маркер, бейне роликтер, аудио таспалар, слайдтар, смартфон, т.б.Интерактивті тақта.

Үлестірме материалдар: кеспе қағаздар.

ДӘРІСТІҢ барысы /90/

1.Ұйымдастыру кезеңі:білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру,дәрісхананың сабаққа дайындығы:/2/

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу

2.Түгендеу

3.Сабаққа назарларын аудару.

2.Білім алушылардың оқудағы белсенділігін арттыру/3/

1.Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?

2.Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?

3.S – элементтерге жалпы сипаттама?

4. Екідайлы элементтерді атап көрсетіңіз?

5. Негізгі топша металдары қосымша топша металдарынан ерекшелігі?

Жаңа сабақты меңгерту70

1.ІІІ топ элементтеріне жалпы сипаттама

2. Топ элементтерінің табиғаттағы таралуы,қасиеттері мен алынуы

3. ІІІ- топ элементтердің биологиялық рөлі

Мағынаны тану:/Видео ролик көрсетіледі/.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/r-ehlementterining-zhalpy-sipattamasy?mid=f7eb35f6-

1.ІІІ топ элементтеріне жалпы сипаттама

Олардың атомдарының сыртқы деңгейінде 3е s2p1 болады. Қозбаған күйде р – электрон ғана жұптаспаған. Бірақ бұл элементтердің тотығу дәрежесі +3 .д. көрсетеді, өйткені электронды s-тен р-күйге ауыстыру үшін аз энергия қажет. Тек талий көбінсе +1т.д. тән. Бұл топшаның барлық элементерінің Э2О3 типті оксидтер түзуі көп мөлшерде жылу бөлумен жүреді. Э(ОН)3 типті екідайлы қасиет көрсететін гидроксидткр сәйкес келеді.

В      Al    Ga    In    Tl

Алюминий гидроксидінің екідайлық қаситеттері күшті, ал галий гидроксидінің екідайлық қаситеттері әлсіз, индий гидроксиді сілті ерітіндісінде өте қиын ериді, талий гидроксиді екідайлық қасите көрсетпейді. ЭХ3 типті қосылыстарда байланыс көрші 3 атоммен үш гибридтік орбитальдардың sp2 бүркесуі есебінен жүзеге асырылады және мұндай молекулалар жазық үшбұрышты құрылыста болады.

2. Топ элементтерінің табиғаттағы таралуы,қасиеттері мен алынуы

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/r-ehlementterining-zhalpy-sipattamasy?mid=f7eb35f0-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит.

Галлий (лат. Gallіum), Ga – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. Элемент, ат. Н. 31, ат. М. 69,72;5,9 г/см3, балқу t 29,8°С, қайнау t 2237°С, күмістей . Г-ді 1875 ж. француз химигі П.Э. Лекок де Буабодран ашып, оны Франция құрметіне Г. Деп атаған. Қалыпты температурадағы ауада Г. Тұрақты. Қышқылдарда, сілтілерде ериді, амфотерлі қосылыстарында +1, +2, +3 валентті, тұрақтысы +3. Қалыпты жағдайда хлор және броммен, қыздырса оттек, күкірт және йодпен әрекеттеседі. Г. Алюминий, мырыш, темір, қорғасын, германий, титан кендерінде және мұхит суларында кездеседі.

3. ІІІ- топ элементтердің биологиялық рөлі

Бор. Бор қоспаның микроэлементтеріне жатады, оның адам ағзасындағы массалық үлесі 10 -5% құрайды. Бор негізінен өкпеде (0,34 мг), қалқанша безде (0,30 мг), көкбауырда (0,26 мг), бауырда, мида (0,22 мг), бүйректе, жүрек бұлшықетінде (0,21 мг) шоғырланған. ... Биологиялық әсер әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Бор - бұл тістер мен сүйектердің бөлігі, бор қышқылының металл катиондарымен аз еритін тұздары түрінде болатындығы белгілі. Бордың артық мөлшері адам ағзасына зиянды. Бордың көп мөлшерден асып кетуі амилазаларды, протеиназаларды тежеп, адреналиннің белсенділігін төмендететіні туралы дәлелдер бар. Полифенолдың туындысы болып табылатын адреналиннің белсенділігінің төмендеуі оның селективті қышқылмен әрекеттесуіне байланысты деп болжануда. Бор жоғары сатыдағы өсімдіктер үшін өте қажет екендігі бұрыннан белгілі, бірақ оның биологиялық рөлі туралы мәліметтер қарама-қайшы келеді. Жүргізілген зерттеу соңғы жылдарыбор кейбір жануарлар үшін өте қажет екенін көрсетті. Бор көміртегі-фосфат алмасуына қатысады, бірқатар биологиялық белсенді қосылыстармен (көмірсулар, ферменттер, витаминдер, гормондар) өзара әрекеттесетіні анықталды.

Видеоролик. Бордың қолданылуы

(https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/10-synyp/r-ehlementterining-zhalpy-sipattamasy?mid=f7eb35f6-)

1-Тапсырма.

«Кім жылдам?»

Айналуларды жүзеге асырыңдар:

Al→Al2O3→AlCl3→Al(NO3)3→ Al(OH)3→Al2O3→Al

2-Тапсырма

«Сәйкестікті тап!»

Формулалар

Аты

1

Na3AlF6

Корунд

2

Al2O3

Нефелин

4

KNaAlSiO4

Альбит

5

KAlSi3O10

Криолит


3-тапсырма

«Ойлан, есепте»

1 есеп

Корунд құрамындағы алюминийдің массалық үлесін есепте.

2 есеп

Массасы 31,8 г натрий карбонатын алу үшін неше литр СО2 (қ.ж) натрий алюминатымен әрекеттесу керек?

4-тапсырма

« Жедел жауап»

1. Қандай элементер р – элементтерге жатады? Периодтық жүйедегі орнын көрсет.

2. р – элементерде валенттік электрондардың саны қандай аралықта өзгереді?

3. Бір периодта иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістік, т.д. қалай өзгереді?

4. Калий гидроксиді ерітіндіснен (ерітілген КОН массасы 14г) 2,8 л көлемдегі (қ.ж) көміртек (ІV) оксиді өткізілді. Нәтижесінде қандай тұз түзіледі? Алынған ерітіндідегі тұз массасын есепте?

5. Периодтық жүйенің ІІІ топ элементтері қандай топшаларға бөлінеді? Мұны қалай түсіндіресіңдер?

Тест тапсырмасы:

Shape1 https://forms.gle/ZFZpdq4QnBAQD2XB6

Бағалау/1/ (ұпай сандармен) 10-12-«5»

4 -9 «4»

1-4 «3»

Рефлексия/2/

«БББ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім





Үй тапсырма/ 2 /

Теориялық : ( ^ 6,1 149 б.)

Практикалық: (152 бетте 5-есеп)



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!