Материалдар / Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңі бастауыш сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңі бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жыл мезгілдері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Шілде 2018
1138
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: «Жазғытұрым»Сабақтың мақсаты:1. «Жазғытұрым» өлеңінің мазмұнын аша отырып, көктем мезгіліндегі өзгерістерді сипаттау.2. Ой-өрістерін дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау. Әр түрлі тапсырмалар орындай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.3. Табиғатты қорғауға, сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.Қолданылатын әдіс: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу.Көрнекіліктер: слайдтар, І. Жансүгіровтың портреті, көктем мезгіліне байланысты суреттер, плакатар.Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Қуан,шаттан,алақай, Қуанатын келді күн!Қайырлы таң,қайырлы күн,Күлімсіреп шықты күн!- Балалар, бүгін қай күн?- Қай мезгіл?- Ауа - райы қандай?Балалар, қыстың суығына қарамастан бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен  өткізуге тырысайық.   Сонымен сабағымызды бастайық. Балалар, бүгінгі сабағымыздың ұраны мынадай болмақ:«Бір сөз болса да дауыстап айт,  Ең бастысы үнсіз қалма!»Яғни сабақта барлығымыз белсенділік танытайық. Бүгін біз сендермен топпен, жұппен және жеке жұмыс жасаймыз. Сондай - ақ сабақ барысында айтылған мағұлматтарға мұқият болыңдар, араласып отырыңдар. Сол бойынша бүгінгі жұмыстарың бағаланады. Алдымен сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Ол үшін үстел үстіндегі тәтілерден қалағанымызды алайықта, бірдей тәттілерді таңдаған оқушылар бірігіп, топ-топ болып отырамыз.Отырып болсақ сабағымызды жалғастырайық. І топ “ Жауқазын”ІІ топ “Қызғалдақ”ІІІ топ “Бәйшешек” деп көктемде шығатын гүлдердің атамен атайық.II. Үй тапсырмасын тексеру.- Балалар, біз өткен сабақта Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен таныстық . Үйге жаттап келуге бергем, кім айтады.ІІІ. Үй тапсырмасын «Кір жаятын жіп» әдісі арықылы қорытындылау.
  • Жазғытұры өлеңінің авторы кім?
  • Көктемгі табиғат қандай?
  • Жан- жануарлардың көктемгі тіршілігі?
  • «Ата-анадай елжірер күннің көзі» дегенді түсіндір
Жақсы балалар Абай Құнанбаев жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазды деген болтынмын. «Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»Кім айтады қосымша жаттап келіңдер деген болатынмын.ІҮ. Жаңа сабақ. Ілияс Жансүгіровтың суреті көрсетіледі.Автор туралы мәлімет. Ілияс Жансүгіров (1894 - 1938) Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары, балаларға арналған өлеңдер жинағы бар. Біздер бұрын Ілияс Жансүгіровтің өлеңімен таныстық. Ол қандай өлең кім айтады? (Малта)Ү. Дәптермен жұмыс. Олай болса біздер бүгін Ілияс Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңімен танысамыз.Жазғытұрым жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?- Балалардың жауабы (көктем) - Балалар, көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, түн қысқарып, күн ұзарады, мал төлдейді, мал өріске шығады)Иә дұрыс айтасыңдар балалар. Жазғытұры - көктем кезі. Қыс пен жаздың арасындағы маусым. Жазғытұры - шаруаның бір малы екеу болатын, көктің жетіліп, ақтың көбейетін, несібенің молаятын кезі екен.ҮІ. Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңді мұғалімнің оқуы.ҮІІ. «Жаңа сөздер қонақта» Түсініксіз сөздермен жұмыс. Жылға - қаp, жаңбыp суы ағатын кiшкене жыpа.Көк майса -  жайқалған шалғынды, қалың өскен шөп .                     Қыстау - малшылардың мал қыстататын қысқы мекені Өлең мағынасын ашу. (сұрақ - жауап арқылы)- Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылып жатыр?- Ақын өлеңде көктемді қалай суреттеген?- Жазғытұрым сендер тұратын жерде қандай болады?Оқушылар көктем мезгіліне байланысты қазақ халқының ырымдарын біліп, жазып келіңдер деп тапсырма берген болатынмын. Мөлдір оқиды. Оқушылардың оқуы.(2-3 оқушыға оқытамын) Әр топқа тапсырмалар беріледі.ҮІІІ. Ойлан, топтас, талқыла! 1-топ. “Көктем” тақырыбына 2-3 сөйлем ойлау.2-топ. «Өзім салған суреттер» көктем бейнесін салу.3-топ. «Жыл мезгілдері » туралы мақал - мәтелдер жазу.Әр топ өз жұмыстары жайлы айтады.









ХІ. «Кім шапшаң ?» Жұмбақтың жауабын тауып қазақша- орысшасын айту
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!