Материалдар / "Иманбеков Тұтқабай" кіші ғылыми жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Иманбеков Тұтқабай" кіші ғылыми жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сөнбес жұлдыз тарихи тұлғалардың өмірі туралы тарих пәнінің мұғалімдері үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2018
721
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе


Тұтқабай ұжданы таза, жаны мөлдір, майдалықтан ада, та­би­ғи таза жаратылыс иесі-тін. Солай еке­нін менен басқалар да бес саусақтай біле­тініне шәк жоқ. Өз басым ол сөйтіпті дейтін қыжыр сөз естімегеніме құдай куә (деуге бармын). Кім-кімге де тек болса екен дейтін қайырымды, қарапайым, тіпті, аңғал, дәрменсіз, қорғансыздау көрінетін Тұқаңның тал бойында қалам­герлік қарым, алғырлық, нәзіктік, бай­қампаздық дегендер тасып-төгіліп жатпаушы ма еді? Ұтқыр ой, жүйелі сөз жазғандарынан да айқын аңғарылатын. Сөйте тұра, кейде қанға біткен зипалық, жұмсақтық биязылықтан ба, әлдебір өзімшілдерге жеме-жемде айтарын кесіп айта алмай, жеткізе алмай, қипақтап, бүгежектеңкіреп қала беретіні болатын. Басы-қасында көріп-біліп, куә боп отырған соң қалай қаның қызбайды. «Ау, неге үндемейсің? Сыбағасын бермейсің бе дұрыстап», – дегенге: «Мен сіз құсап айта алмаймын ғой», – дейтін жымиып қана (жасымыз қарайлас болса да, неге екенін қайдам, маған «сіз» деп сөйлейтін. Бірер жас кіші Сабырхан Асанов, тіпті, «сіз»-бен қоса «көке» дейтін марқұм).
Міне, сол Тұтқабай туралы енді ол өмірден өткелі он бес жылдан асқанда сөз қозғауға тура келіп отыр.
Амалсыздан. Себебі, естелік жазу да, жазбау да ауыр, екеуі де оңай емес. Әйтсе де, тірісінде сый­ласқан бауыр-дос жайлы білгенді ортаға салу, мір кем лебіз білдіру артық емес, парыз да. Аруақ үшін, ұрпақ үшін, Тұқаңның рухы үшін.
Бүгінде есімі ел жадында сақталып, мектеп, көшелерге аты берілген Тұтқабай Иманбеков ең алдымен жазушы, анау-мынау емес, қазақ әдебиетінде ойып тұрып алған орны бар дарынды, көрнекті жазушы, қабырғалы қаламгер, дарқан мінезді, кең жүректі азамат! Момындау болмысына сай талай рет шоқ басып, жүндеу-түрткі де көрген жайсаң еді-ау, жарықтық. Тұтқабайдың шетсіз де шексіз шығармашылық әлеміне тоқталмаймыз, өйткені, біріншіден, оған онша тіс батпаса, екінші, бұл жолғы мақсат ол емес. Замандас, әріптес, адам, кісі, дос, жолдас, бауыр ретінде қандай еді, кім еді, сол тұстарды өз білігімізше мәнзалдап көруге құмбылмыз.

















1.1 «Жақсымен жанасып жүр, жарлыға қарасып жүр». Дәл осы қанатты сөздің авторы Тұтқабай Иманбековке биыл – 81 жыл. Тұтқабай Иманбеков 1937 жылы 2 қаңтарда Түлкібас ауданындағы «Куйбышев» кеңшарында туған. Тұтқабай Иманбеков – өнген, өскен әулеттің азаматы еді. Әкесі Иманбек заманында болыс болып, көп қатын алған кісі болған. Сондықтан да соңын­да көп ұрпақ қалған.

Қазқтың Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмат етті. Кейін өзі оқыған университетте аға оқытушы, «Жазушы» баспасының аға редакторы болып еңбек етті. Бұдан соң «Ара-Шмель» журналында жауапты хатшы болды. Тұтқабай өмірінің соңына дейін республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметінде болды.

1958 жылы жазда «Лениншіл жас» газетіне жұмысқа тұрып, бөлім меңгерушісі Камал Смайыловтың қоластында қазіргі классик жазушы Қалихан дос Ысқақов әдеби қызметкер боп жұмыс жасады. Аядай бөлмеде үйме-жүйме боп отыратын Камалдан басқа Сейдахмет Бердіқұлов, Медеу Сәрсекеев, Хайдолла Тілемісов, Бүркіт Ысқақовтай бөлім меңгерушілерінің қарамағында бір-екіден әдеби қызметкер болады. Күн сайын қарша борап келіп жататын хаттардың жарамдысын қорытып, «мал болмайтындарына» жауап жазып, саралап, реттеп отыру – әдеби қызметкерлер еншісінде.

Зәкір АСАБАЕВ жазушының айтуынша: « Шамасы, күздің ортасы болу керек, маған тиесілі жаңадан келген хаттар ішінен ескілеу торкөз дәптердің бірнеше бетіне маржандай тізіп жазған біреуі бірден назарға ілікті де, әп-сәтте оқып шықтым. Байқауымша, қырнап-сырнап өңдейтін, не өзімізше қорытып, қайта жазатын ештеңе жоқ, бірден машинкаға бере салса болатындай. Жазған екі автор: Тұтқабай Иманбеков, Кенжебай Бөгембаев. Және хат Алматы емес, әлдебір облыстың әлдебір ауданынан жолданыпты. Бірақ, жазба иелері өздерін Қазақ университетінің 3-ші не 4-ші курс студентіміз, қазір ауыл шаруашылық жұмыста жүрміз депті. Мақала іркілген жоқ, машинкадан шығысымен оқып, Камал ағаға бердім, ол бастықтарға ұсынып, ұзамай жарық көрді. Сол шақтарда студент Әбіш Кекілбаевтан да сондай хаттар жиі келетін. Камал аға оларды бізге билетпей өзі қарап, редакторға ұсынатын да, кідіріссіз жарияланып жататын (аптасына 6 рет бірнеше бет боп шығатын үлкен форматты газетке материал шақ келмейтіні белгілі)».

Қазақ көрнекті жазушысы, әрі композиторы Тұтқабай Иманбеков шығармашылық жұмысты өлең жазудан бастады. Ол тамаша лирик еді.

Тұтқабай Иманбеков аудармамен де айналысты. Ол чех жазушысы М.Маейровойдың, С.Баруздиннің, А. Гайдардың, прозалық еңбектері мен П.Ж. Беранженнің, Л. Татьяничеваның өлеңдерін қазақшаға аударды.

Т.Иманбеков 1995 жылы қайтыс болды. Қайтыс болған соң туған ауылында оған ескерткіш орнатылып, бір мектеп жазушының есімімен аталды.




















1.2 Қазақ прозасына өзіндік өрнектерімен келіп танылған, 1960 жылдардағы тегеурінді топтың бірі – жазушы, ақын, сазгер Тұтқабай Иманбекұлының «Жетім қыран» атты жинағына (Шымкент: «Жебе» баспа үйі, 2012. – 576 б.) «Үш айдың үш күні», «Тұт ағашының көлеңкесі», «Жетім қыран» атты повестері мен «Тапсырылмаған гүл», «Ем», «Соғыс деген ойын емес» атты əңгімелері енгізіліпті.
Əдебиеттің əуелгі міндеті – сөздің құді­ретімен адамды тəрбиелеу екендігін түсінген жазушы қаламын сөз шүйгініне шомылдыра отырып, шұрайлы сөздерді тап бір өлең шумақтарындай төгілтіп береді. «Жетім қыран» повесінің басталуындағы бірер сөзге көңіл бөлсек: «Қанатыңды қаға алмай, құмарыңды таба алмай, күйкентайша бүрісіп қалдың-ау. Тула­ған аң ілмесең, тұяғың тұқылданып қаларын біліппін бе мен сорлы?», – деп келетін Үрила кемпірдің шалы Кəрібай қайтыс болғалы түз тағысының да табиғи тəкаппарлығынан айрылып, үй құсындай бейшара кейіпке енген жетім қыранына шағынуы шығарманың негізгі идея арқауын ашып бергендей.

Жастайынан жетім қалып Құрман байдың малын бағып күнелткен Кəрібай кедей болғанымен болмыс бітімі бөлек, батыр тұлғалы, кескіні келіскен, мінезі кесек жігіт болған, кезінде. Кедейлігін кемсіткенмен, өзін ешкімге басындыра бермейтін Кəрібай Құрман байдың күңі Қазбаланың Үрила деген отыншы қызымен бірі мал бағып, бірі тезек теріп жүріп табысады. Алайда, жалаңаяқ кедейге бақ бірден қайдан қонсын?
Үрімдей жас қызды тауда тезек теріп жүрген жерінде қуалап жүрген айуан сезімді бай Құрманды қақ шекеден ұрып, қыз алып қашқан Кəрібайдың ерлігі нағыз жігіттің мінезін мүсіндейді. Бір өзінің ғана емес қауқарсыз, қамқоршысыз бейкүнə қыздың да еркіндігі жолында қаншама қиямет-қайым қиыншылық көрсе де өзінің табиғатына тəн өрлігінен бірде-бір рет төмендемеген Кəрібай ақырында сол тап жаулары – Құрман байдың қанды қолынан қапылыста аңшылықта жүріп мерт болады. Жазушы шағын шығарманы шып-шымыр сюжеттік желіге құрған кейіп­керлер тағдырының тайталасында, характерлердің қақтығы­сында, күрделі іс-əрекеттер барысын­да нанымды бейнелеп отырады. Ке­дей Кəрі­байдың Үриланы алып, наға­шы­ларын сағалауы, кейін жалғыз ұлы Ертайын ертіп, өзінің атажұртына оралуы, бұрынғы өкпесі жазылмаған Құрман байдың қолынан қаза табуы секілді күрделі тағдырлар шежіресі қаламгердің даралық қолтаңбасын танытады. Повесть кейіпкердің қайтыс болуымен басталып, оқиға сол кейіп­керлердің, біресе Кəрібайдың, енді бірде Үриланың өткен өмірлерін еске алуы арқылы кейінге шегініс жасай отырып, баяндалуының өзі оқырманды қызықтырып, ынтықтырып отырады. Оқиғаны оқтын-оқтын бөліп отыратын шегіністер сюжеттік желіні ширықтырып отырмаса жалықтырмайтындай. Оның үсті­не жазушының шұрайлы тілі, афоризмге бергісіз тіл байлығы сүйсінтіп, шөліркеп кеп көк шүйгінге бас қойған малдай бас алдырмасы да мəлім.
Сөз саптау, тілдік ізденіс жөнінен бұл шығарма өміршең туындылар қатарына жатады. Шығармадағы жақсылық пен жамандық күресі де адамдар арасындағы ой мен мінез қайшылықтарынан, тағдыр мен табиғаттағы түрлі түйткілдерден түсінік беріп, өмір арпалыстарының ащы шындықтарын ашады.Əлемге танымал əйгілі əдебиеттанушы М.М.Бахтиннің теориялық тұжырымы бойынша көп стильді, əртүрлі іс-əрекеттер мен сана сайысындағы қайшылықтарды, əр деңгейдегі кейіпкерлердің сөйлеу тəсілін талап ететін көлемді шығармаларға тəн көркемдік əлем Т.Иманбекұлының да прозасына тəн құбылыстар. Жоғарыда аталған «Жетім қырандағы» Кəрібайдың іштен тынған қайғы-қасіреті мен жапандағы жалғыз үйде бойын үрей билеп, жетім қыранымен, Құрман байдың жаласынан ел білмейтін Сібірге айдалған жалғызы Ертайды күнде ертең келедімен үміт етіп күткен Үриланың тағдырға налыған дауыстары, олар өмір кешкен əлеуметтік орта мен айналадағы адамдардың тағдырлары, бəрі-бəрі автордың əдеби-көркем баяндауы арқылы жүзеге асырылып отырады. Мұнда ұлт тілінің əлеуметтік диалектіге, топтық мəнерге, кəсіби жаргондарға, əр кейіпкердің жасы мен жеке табиғи жаратылысына, дүниетанымына қарай нанымды бейнеленген. Т.Иманбеков шығармашылығына тəн оның драмалық шиеленіске, қарекет пен характер қақтығысына мол мəнері осы «Жетім қыраннан» тағы да айқын таныла түседі. Бай мен кедейдің, жеңге мен қайнының, соғыстан жарымжан болып оралған майдангерлердің, Қазбала, Қамқа, Аққаймақ секілді əжелердің, ерте есейген балалардың тек өздеріне, сол уақыт пен кеңістік аумағына ғана тəн іс-əрекеттері шығарманың көркемдік əлемін ашып тұр.
«Жетім қыран» – сол жетпісінші жылдардың шағын картинасын, өмір шын­дығын көрсеткенімен ондағы кейіп­керлер тағдыры мен характерлері, жалпы жақсы мен жаманның қақтығысы қай дəуірдің де өмір ақиқаттары. Өзі барда əдеби қауымға автор есімі «Үш айдың үш күні» жəне «Тұт ағашының көлеңкесі» деген повестері арқылы танылған еді. «Үш айдың үш күні» – «1948 жыл. Июньнің соңғы күні», «1948 жыл. Июльдің ортасы еді», «1948 жыл. Августың үші күні» деген тараушалармен берілген. Шығармадағы үш күннің шым-шытырық оқиғасы соғыстан кейінгі ауыл өмірі мен шаруашылықты қайта қалпына келтіру жолындағы еңбек адамдарының тағдырын алға тартады. Ерлері соғыстан қайтпаған жас əйелдердің қиын тағдыры, соларды айттырған балдақты бригадирлер мен қайындардың қақтығысы, өз ошағы мен балаларының болашағын ойлап базарлы шағын бақилық еткен қайран қазақтың қайсар да адал аналарының азапты тірлігі, жастай жетімдік көрген немерелері мен жастығын жаспен жуған жас жесірлерінің қас-қабағына қарайлап бейнет кешкен кейуаналардың қамкөңілдері мен дархан пейіл­дері арқылы автор нақты өмірдің шындығын бейнелейді. Жазушының өзі куə болып, жүрегінен өткізген өмір өткелдері, ағынан жарыла ақтарылған ой ағындары мен түрлі психологиялық жағдайдағы сезім селдері жалпы адамзат баласының өмір мен өлім аралығындағы мəңгілік арпалыстарын аңғартады.

Экзистенциализм құндылықтары қалам­гердің «Тұт ағашының көлеңкесі» атты повесінде де өзіндік өрнекпен өріліп, колхоз шаруашылығын соғыс салдарынан болған қиыншылыққа балап, құл­дыратқан есеп шоттың иесі Шақшабай бастаған шағын топ пен жаңа келген бастық Есентайдың нағыз еңбекқор, қара­пайым адамдардан құрған колхозшылар арасындағы қақтығыстар арқылы өрбиді. Келген бастықтардың бəрін есеп­шо­тын­дағы шаруашылықтан жы­­­рым­далған қар­жы­сымен қадам аштыр­май қолында ұс­тайтын əккі есепші Шақшабайдың бұл əрекетін бұрында бірне­ше шаруашылықты əділ басқарып, көзге түскен нағыз еңбекқор, тəжірибелі басшы Есентайдың əшкерелеуін, тұралап қалған колхозды тұт ағашынан өрген жібек құртын өсіру арқылы биік көрсеткішке жеткізгені жолындағы жанкешті күресін жазушы кəсіби шеберлікпен шынайы суреттейді.

Манағы жас жуған бетін енді қан жуып кетіпті…» Кейіпкер – Нұржан атынан баяндалып отырған көрініс қарама-қайшы (контраст) сезімдерді бейнелеуге көрік бергендей. Дəл сол сəттегі кейіпкердің психологиялық жағдайы осындай сыртқы факторлар арқылы айқындалған. Қаншалықты ауыр психологиялық сəт болғанымен адам жанын емдейтін сұлулық, өмірге құштарлық сезімдері Айнашты аяғынан тұрғызып, Нұржанды ақынша сөйлетеді: «…Содан бері гүлді өзім аурудың емі, арманның қайнары, дерттің шипасы деп білемін. Бір ауық гүл көрмесем, көңілім ортаяды да тұрады. Сіз де гүлді сүйеді екенсіз. Гүлді сүйген адамды күн сүйеді. Сіз де жазылыңыз, аға». «Серікке осындай сенім сыйлаған Нұржан оның да қатарға қосылуына дəнекер болады. Жанымен жа­ра­лыларға жалау болып,  қарлығаштай қуаныш сеуіп жүрген Нұржандай кейіп­кер көбейсе, өз оқырмандарын əдемілік пен сұлулыққа тəрбиелер ме еді?», – деген ой келеді. Адамдар тағдырына сергек, психологиялық ішкі иірімге сөздік қоры бай тіл бедері қосылып ерекше мінез танытқан Т. Иманбекұлының кітаптары – бүгінде оқылатын ойлы дүниелер. Əдемілікті əспеттеп, сұлулықты сүйіп, жан біткенге жақсылық жасауға құштар жандар жайлы шоқтығы биік шығармалар жазып, өз кезіндегі оқырмандарына жылылық сыйлаған алпысыншы жылғы жазушы­лардың бірі, ақын, сазгер Тұтқабай Иман­бекұлының «Жетім қыран» атты жинағын оқығандағы ойлар осы еді.








2.1 Тұтқабайдың айтқан Асыл сөздері жүректің түбінен орын алатындай.

«Жақсымен жанасып жүр, жарлыға қарасып жүр, шалқудың шамасын біл, ақ-қараның арасын біл».

«Құрдасыңа қуаныш бол, сырласыңа сынық бол, жылағанға жұбаныш бол, туысыңа тұнық бол».

«Атаның наласыан наласынан сақтасын; Баланың шаласынан сақтасын. Қалыпты білмегеннен сақтасын; Халықты тілдегеннен сақтасын».

«Атаңның иықтысы бол; Анаңның сүйіктісі бол. Халқыңа қадірі атқан; Мәртебесі биік кісі бол».

Лебіз. Тұтқабай Иманбеков - өнген, өскен әулеттің азаматы. Тұтқабай Иманбеков жазушылардың ішінде шоқтығы биігі, білімі мен парасаты келістісі, сегіз қырлы, бір сырлысы, кісілігі мол, таланты зор, ай маңдайлысы бо¬латын. 

Шерхан Мұртаза


Тұтқабай Иманбеков - жазушылардың ішінде шоқтығы биігі, білімі мен парасаты келістісі, сегіз қырлы, бір сырлысы, кісілігі мол, таланты зор, ай маңдайлысы болатын. 

Шерхан Мұртаза


Мен оны кейде Жайдарман деп атайтын едім. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» қарасаңыз, «жайдарманды» ақ көңіл, жарқын жүзді, жайдары деп таратады. Тұқаң тап сондай адам-тұғын.

Мархабат Байғұт

















2.2 "Еліміздің Тәуелсіздік жылнамасы жазыла бастағанына небәрі 26 жыл болды. Бұл – тарих тұрғысынан қас қағым сәт десек те, еліміз үшін ғасырға бергісіз кезең. Әрине, жасалған жұмыстардың маңызы мен ауқымына ешбір күмән жоқ. Дегенмен, осы қыруар істі атқарған, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету тарихы әдетте құрғақ фактілер мен цифрлардың тасасында қалып қояды. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан түрлі тағдырлар тұр", деді Президент.  «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс таппақ.  "Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш. Сондықтан, оларды телевизиялық деректі туындылардың кейіпкеріне айналдыруымыз керек. Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі ұсынуымыз керек. Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шы­найы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқи­ғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құрал­дарының басты нысанасына айналуға тиіс", деп жазды Нұрсұлтан Назарбаев.  Сонымен қатар Президент бұл жоба бағытталатын үш мәселені атады. Олар:

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал ету­­дің жаңа мультимедиалық алаңын қалып­тас­тыру. 

3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.  

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы аясында ұйымдастырылған салтанатты шарада «100 жаңа есім» және «Шаңырақ» тақталары ашылды. ҰОС ардагерлері, тыл ардагерлері, мектепте басшылық жасаған тұлғалар, Түлкібас елді мекенінің құрметті азаматтары, үлгілі мектеп түлектері, спортшылар және тағы басқалардың суреттері ілінеді. Міне осы тақтаға Тұтқабай Иманбеков әдбен лайық. 







Қорытынды

Бүгінде есімі ел жадында сақталып, мектеп, көшелерге аты берілген Тұтқабай Иманбеков ең алдымен жазушы, анау-мынау емес, қазақ әдебиетінде ойып тұрып алған орны бар дарынды, көрнекті жазушы, қабырғалы қаламгер, дарқан мінезді, кең жүректі азамат! Момындау болмысына сай талай рет шоқ басып, жүндеу-түрткі де көрген жайсаң еді-ау, жарықтық. Тұтқабайдың шетсіз де шексіз шығармашылық әлеміне тоқталмаймыз, өйткені, біріншіден, оған онша тіс батпаса, екінші, бұл жолғы мақсат ол емес. Замандас, әріптес, адам, кісі, дос, жолдас, бауыр ретінде қандай еді, кім еді, сол тұстарды өз білігімізше мәнзалдап көруге құмбылмыз.
Бүгінде есімі ел жадында сақталып, мектеп, көшелерге аты берілген Тұтқабай Иманбеков ең алдымен жазушы, анау-мынау емес, қазақ әдебиетінде ойып тұрып алған орны бар дарынды, көрнекті жазушы, қабырғалы қаламгер, дарқан мінезді, кең жүректі азамат! Момындау болмысына сай талай рет шоқ басып, жүндеу-түрткі де көрген жайсаң еді-ау, жарықтық. Тұтқабайдың шетсіз де шексіз шығармашылық әлеміне тоқталмаймыз, өйткені, біріншіден, оған онша тіс батпаса, екінші, бұл жолғы мақсат ол емес. Баспа, газет-журналдарда жұмыс істеген Тұқабай қара сөздің майын ішкен, өткір де жеңіл әзіл-қалжың, афоризм іспетті қанатты сөз тіркестерін табан астында тауып айтуға шебер, өз жанынан шығарған кәдімгі қазақы бата-тілектерді шағын-шағын екі кітап етіп бастырған сегіз қырлы, бір сырлының нағызы болған. Әндері радио, теледидардан берілетін, белгілі әншілер орындайтын композиторлық қыры өз алдына. Көрнекті әнші, композитор, өнер өкілдерімен етене араласты. Қазақ қыздар педагогикалық институтында өткен ән кешінде сол оқу орнының атақты «Айгүл» ансамблі мен өзге де әншілері оның небір ғаламат әндерін шырқады. Композитор Мыңжасар Маңғытаевпен жұптары жазылмайтын. Бақиға аттанардан бір-екі күн бұрын күнұзақ Мыңжасардың үйінде отырғанда тосаптан ауырып, үйіне әрең жеткен екен.

Қой аузынан шөп алмайтын пәк жаратылыс иесі, өзін әрдайым сабырлы да салиқалы ұстайтын, кең пейіл, кешірімді, дарынды жазушының артында бай мұрасы қалды, көңілге медет етер басты жұбаныш сол. Атаусыз емес. Аттестат алған орта мектебі өзінің атында, басқа игіліктер де баршылық. Алда болмағаны болып, толмағаны тола жатар деп сенейік. Тұқаңды қадірлейтін ел-жұрт, қалың қазақ орнында емес пе, шүкір. Лайым, солай болғай.

                      





Пайдаланған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Энциклопедиясы

  2. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет.

  3. http://qazaqadebieti.kz/3175/aza-ty-lken-ji

  4. Википедия

  5. http://kalamger-uko.kz


















6


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!