Материалдар / "Иманды ұл,инабатты қыз елдің көркі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Иманды ұл,инабатты қыз елдің көркі"

Материал туралы қысқаша түсінік
қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
143
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

«Білімді мыңды жығады»

Күні:

23.09.2024 ж.

Тобы:

«Балдырған»

Қатысушылар:

Тәрбиеленушілер

Сабақтың мақсаты:

Жасөспірімдерге: Қазіргі таңда білімді де білікті ұрпақ болуы маңызды екенін түсіндіру.

Сабақтың міндеті

Білімділігі:Балаларға «Білім инемен құдық қазғандай» екенін түсіндіру.

Сабақтың құндылығы:

Балалардың өз болашағына,жауапкершілікпен қарау,болашақтарына білімнің тигізер үлесі зор.

Сабақтың әдісі:

Әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі

Нақыл сөздер, суреттер


Дайындыққа арналған әдебиеттер:

Интернеттен алынды


Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі

І кезең – Сәлемдесу. Топты түгендеу. Тәрбиеленушілердің назарын сабаққа аударту.

ІІ кезең – Сабақтың мазмұнын ашу

ІІІ кезең – Тәрбиеленушілермен жұмыс

Қорытынды

Тәрбиеленушілердің көзқарастарын қаржылық сауаттылыққа бейімдеу.

.


















Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп, бір-бірімізбен амандасып алайық. Рахмет.  

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында өлең шумақтары оқылады.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!- деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға арнай отырып, бүгінгі «Иманды ұл, инабатты қыз- елдің көркі» атты сабағымызды  бастаймыз.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін  мына түстерді таңдауларыңызды сұраймын. ( Балалар түстерді таңдар орындарына отырады)

Алдарыңдағы параққа адам бойындағы жаман қасиеттерді  жазыңыз. Болғасын жазған қағазды алдарыңызға бүктеп қойыңыз. Ал енді жақсы қасиеттерді жазыңыз.

Балалар, қазақта мынадай тілек бар екен.  Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгаршілігі мол болсын, қайырымды болсын!  Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді. Енді осы жаман қасиеттерден мүлде аулақ болу үшін манағы жазған жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.

Бүгінгі әңгіме сабағымызды тек жақсы қасиеттерді сөз етіп, ұл мен қыздың тәрбиесіндегі адамгершілік, имандылық  қағидаларына тоқталамыз.

Осы өз пікірлерімізді ортаға салайық.  Балалар пікірі тыңдалады. Жаңа ақпарат

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды. Адам болам десеңіз… Бес нәрседен қашық бол…,— Бес нәрсеге асық бол, — деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында. Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан. Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. Сондай еңбектердің бірі – Қожа Ахмет Иассауидің «Даналық кітабы». Онда 149 өсиеті аса қымбат тәлім-тәрбиелік тұжырымдар. Халқымыз ежелден ұлдарын батырлыққа баулып, түзде өсірсе, қыздарын үй шаруасына үйретіп, «қырық үйден тыйым салған»

Имандылық қасиеттер

қарапайымдылық

сыпайылық

мейірімділік

кішіпейілділік

ізеттілік

адалдық

Ойланайық пікірлесейік.

Сұрақ:

Қыздың көркі деп нені түсінесің? ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине

сыртқы келбеті)

Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді? ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап,

бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай

кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие

қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

Қызға қандай қылық жараспайды? (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,

өтірік айтқаны)

Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас,

қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер) Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,

сыпайы, биязы  болса  )

Ситуациялық жағдаяттар. 1 сұрақ.   Сіз дүкенде кезекте тұрсыз. Сізден кейін егде тартқан қарт

адам  келіп  тұрды. Қайтер едіңіз?

2 сұрақ.    Сыныптас екі құрбың театрда отырып, қатты күліп, дөрекі сөйлеп, басқалардың көңілін өздеріне аударып отыр. Құрбыларыңа не айтар едің? 3 сұрақ.   Көшеде, мектепте, үйде таныс адамдармен кездескенде не істеу керек? «Жалғастыр» ойыны Енді, балалар, біраз сергіп алайық. Не істеуге болмайды?  Не істеу керек?  Не істер едім?

Үлкендердің алдын кесіп өтуге болмайды Үлкендерді сыйлап, амандасып жүру керек. Адамдарға қамқор болар едім.

Сабақтан кешігуге болмайды Кішілерге қамқор болу керек Туған жерімді көркейтер едім.

Сыныпта жүгіруге, кішілерге тиісуге болмайды. Сабақты жақсы оқу керек. Өз Отанымның мақтанышы, қорғаны болар едім.

Үлкен кісілердің сөзін бөлуге болмайды. Тәртіпті болу керек. Иманды ұл.

Тәртіпсіз болуға болмайды. Әдептілік қағидаларын сақтау керек. Инабатты қыз болар едім.

Қорытынды. Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызда не түйдік? Бүгін біз адамгершілік, имандылық туралы мағлұмат алдық. Сіздер қай жерде болсаңдар да әдепті, тәртіпті, ақылды болып, жамандықты жақсылыққа баурап жүрулеріңіз керек. Өмір сіздерден осыны талап етеді. Сонымен иманды мен инабатты  қыздың бойында  қандай  қасиеттер  болу керек? Жүректен жүрекке. –Балалар, енді бір –біріңе тілек жазып, қалаған адамдарыңа ұсына қойыңыздар. Аң жортар  аяғымен, жер еркесі,

Құс ұшар қанатымен, көк еркесі.

Халқыңа қалаулы ұл боламын десең,

Адам бол! Болма адамның көлеңкесі – деп  Абай атамыз айтқандай, Сіздерге адамгершілігі мол, еліміздің иманды да  инабатты ұл –қызы болып өсіңіздер деп тілек айтамын.















Алматы қаласы Білім басқармасының

«№1 арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ





Тексерілді:

Директордың оқу-тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары м.а.

Таженова Б.Қ ____________

«___»______ 2024ж











Тақырыбы:

«Білімді мыңды жығады.»














Орындаған: Айтымбетова А.











Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол – өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз.





































Сабақ барысы



1 Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар -Біздің бүгінгі тақырып: Үлкенге құрмет, кішіге жол көрсет.

Қазақтың ең орныққан, маңызды қағидасының бірі  – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Ұрпақтарға ең үлкен тәрбиені де осы бір ауыз сөзбен бойына сіңірген. Үңілсек, бұл сөзде үлкен философия жатқан сияқты. Өзімізден үлкенді құрметтесек, өзімізден кішіге иіліп ізет көрсетсек, адамзатты сыйлаған, бәрімен жақсы қарым-қатынаста болмаймыз ба? Ал күллі адамзатты сыйласаң, өзің де сыйлы боласың, құрметке бөленесің. Әсілі, дінімізде де үлкенді құрметтеу – Алланы ұлықтаудың бір түрі. Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде: «Ақ шашты, ақ сақалды мұсылман қарияны ізет тұту – Алланы ұлықтаудың бір түрі», – деген. Расында, дінімізде Алла Тағаланы ұлықтау тек тілмен зікір ету немесе ертелі-кеш құлшылық етумен ғана емес, Алла разылығы үшін деп істелген әрбір игі іспен жүзеге асады. Ислам дінінің кереметтілігі міне, осыда жатыр. 

Қазақта отбасының әр мүшесінің өз орны бар. Шектен шығып бара жатқан кісіні «Өз орныңды біл!» деген бір ғана сөзбен тоқтатқан. Балалары ата-әжесін, әке-шешесін құрметтейді, олар айтқан сөзге тоқтайды. Аға-әпкелері іні-қарындастарына қамқор болады, келіндер үлкенге тік қарамай, даусын бәсеңдетіп сөйлейді. Дастархан басында отырғанда да осы қағида сақталады. Үлкендер – төрде, олардың жанын ала бере, оң жағында қыздар, сол жағында ұлдары, одан төменірек балалар, келіндер жайғасады. Төр – құрметті орын. Сондықтан да онда құрметті кісілер отырады. Бұрынғы уақыттарда ауылдағы, ру ішіндегі не ел арасындағы дау-дамайды да үлкендер шешетін болған. Ақсақалдар отырысында шешілген байламға екі жақ та тоқтаған. Оған қарсы шықпаған. Қазіргі соттың үкімінен де артық бағаланған десек қателеспеспіз. Шүбәсіз, Алла Тағала үлкендердің алдында ізеттіліктен айнымаған жас құлын қартайғанда елге сыйлы етеді. Ал, үлкенді үлкен, кішіні кіші деп білмеген жасты қартайғанда ел-жұртқа сүйкімсіз қылады. Майлықожа ақын осынау ақиқаты мына бір жыр жолдарымен шебер жеткізе білген:

Жақсы бір адам қартайса, көкірегі хат болар.
Жаман бір адам қартайса, бықсып бір жанған от болар.
Жақсы қария белгісі жанып тұрған шоқ болар.
Жаман қария белгісі қайраңдап қалған сал болар».

Кішілер үлкенге құрмет көрсетеді. Ол құрмет өмірдің әр алуан кездерінде әр түрлі формада жүзеге асады. Кішкентайында үлкеннің жолын кеспейді, оларға әрдайым сіз деп сөйлейді, тіл қайтармай, айтқанын бұлжытпай орындайды. «Сен демек қиын емес пе, бұрынғы туған үлкенге?!» деп Шортанбай Қанайұлы қазақтың танымын көрсетеді. Басқа қарсылықтарды былай қойғанда, тек «сен» деп сөйлеудің өзін өте оғаш санаған. Бала кезінен-ақ қонақты күтіп алып, олардың қолына су құйып қызмет жасау үйдің кіші балаларының еншісінде болған. Есесіне үлкендер оларға ризашылығын батасымен, мейіз-өрік, тәттісімен білдіретін болған. Кішіге ізет көрсету де үлкен жауапкершілікті, асқан мейірбандылық пен махаббатты қажет етеді. Жүрегі жұмсақ адамдар ғана кішіге мейірімділік танытады. Ертеректе бір үйдің баласы, екінші үйдің тамағын жеп, ойнап, тіпті сол үйде қонып жүре беретін. Ешкім алаңдап, баласын іздемейді де сонда. Бір қазан тамақ жасалып, үйдегінің бәріне тартылатын. Қазақтың дархан көңілінің арқасы ғой! Бұдан бөлек ел арасында ағасының өз інілерін жеткізіп, үйлендіріп, үйлі етіп жатқан неше жағдайларды естіп те, кездестіріп те жүрміз. Ол да болса әке аманатын орындап, кішілерге қамқарлықпен қарап жүргенінің мысалы. Үлкенге құрмет көрсету мен кішіге ізет көрсету жалпы қазақта тәптіштеліп үйретуден емес, күнделікті тіршіліктен-ақ баланың бойына сіңіп кеткен сияқты. Өйткені тәрбие айтудан емес, көрсетумен ғана бойға сіңеді. Үлкен даналық жатқан бұл қағида шынында атадан балаға мирас болып келіп жатыр. Еш заңда жазылмаса да халықтың санасы мен тыныс-тіршілігіне сіңіп кеткен. Қазақта қай істі бастасақ та осы қағиданы біліп-білмей ұстанамыз. Қонақ күтсек, әуелі үлкендерді шақырамыз, үлкендерге амандасамыз, «басты» үлкендерге береміз, белгілі бір мәселені де алдымен үлкендермен ақылдасып, сол кісілердің батасын алып барып қана бастаймыз.

Қорытындылай келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – асыл дініміз бен салиқалы салтымыздың жас буынға қояр ең басты талаптарының бірі – жасы үлкенді ізет тұту. Ендеше, өзін мұсылманмын деп санайтын әрбір жастың Алла Елшісінің (с.а.с.): «Егер араларыңда еңкейген қарттар болмағанда, (істеген күнәларыңның кесірінен) бастарыңа толассыз бәле жауар еді», – деген хадисінің мәнін түсініп, көкейіне түйіп алғаны һәм соған қарай әрекет еткені жөн. Бауыржан Момышұлы атамыз «Қарт адам - ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты» - деген. Қарияларымызға сый-құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні мен мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, мына заманда ешкім мың жасамасы анық, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.  «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған жөн болар.







































      

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастру кезеңі

Тәрбиеші :Сәлеметсіңдер ме балалар- Біздің бүгінгі тақырып: Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі кітапхана

Кітап – ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына деп бекер айтпаған.
Кітап оқу-адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды роль атқаратынын, кітап оқу мен кітаптарды қолдау-қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі.
  Өмірдегі ең жақсы сыйлық та кітап. Кітап беру, кітап оқу, үй кітапханасын жинау әр отбасының өмірдегі ең маңызды мәдениеті қадамының бірі.
   Талантты ақын, журналист, қарымды қаламгер Хамитбек Мұсабаев тек қана шығармашылықпен ғана емес, газеттің жүгін арқалады. Қазіргі таңда, «Аманкелді арайы»газеті республикаға танымал, беделді басылым болды.
    Қуғын-сүргінге ұшыраған бірнеше зиялы азаматтардың әдеби мұрасын зерттеген. Сондай-ақ, айдалған, қуғынға түскен аталарымыздың бірі-Файзолла Сатыбалдыұлының әдеби мұрасын біраз жыл зерттеген.
  Мына жалғаннан өткенше қолынан қаламы түспеген табиғи талант иесі.Әдеби мұраларын көзінің қарашығындай сақтап жүрген жан жары Гүлбаршын апайымыз және әдеби мұралары мен зерттеулерін, жазбаларын жинақтап, жеке-жеке кітап етіп, баспаға әзірлеген, өзінің жолын қуған қыз баласы Ақнұр.
  Хамитбек ағамыздың жеке үй кітапханасынан Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне балалары 56 дана құңды кітаптарын сыйға тартты. Кітапты сыйға тарту-халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту. Басты мақсат адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі-кітаптың құдыретін таныту. Бұл құнды кітаптар алдағы уақытта орталық кітапхана қорына енгізіліп, оқырман қауымға ұсынылатын болады.
  «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге»деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, әрбір адам ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта.
















































































1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана-оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып есептеледі. 1931 жылы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1931 жылғы 12 наурыздағы «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысына сәйкес кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды.

1931 жылғы 5 мамырдан бастап оқырмандарға қызмет көрсете бастады. 1937  жылы  ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны  А.С. Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және қайтыс болуына 100 жыл толуына байланысты ақынның есімі берілді.

1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің «Қазақ  КСР Ұлттық кітапханасы туралы» 09.12.1991 ж. №775 Қаулысы негізінде  А.С.Пушкин атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы «Қазақ  ССР Ұлттық кітапханасы» болып қайта аталып,  ерекше құнды мәдениет объектісі ретінде мемлекеттік және қоғамдық маңызға ие болды.

2020 жылы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2020 жылғы 20 қарашадағы  №454  «Кейбір мәдениет ұйымдарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына «Ұлттық» мәртебесі  берілді.

Ұлттық кітапхана: республика кітапханаларының ғылыми-әдістемелік орталығы; Қазақстан баспа басылымдарының міндетті данасының депозитарийі; ҚР Білім және ғылым министрлігі Бақылау комитетінің барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының депозитарийі; 1993 жылдан бері ЮНЕСКО-ның ғылыми диссертацияларының және басылымдарының депозитарийі; 2005 жылдан «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шығарылған әдебиеттердің депозитарийі; 2012 жылдан  Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы басылымдарының депозитарийі болып табылады.

Кітапхананың алғашқы директоры – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде «Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа басылымдарын жинақтау» туралы мәселе көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін атқарып келеді. 

Кітап қоры 7 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы келім саны - 1 млн.  астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 оқу залы қызмет көрсетеді.

Кітапхана сайты  www.nlrk.kz  кітапханадағы электрондық каталогтарға және ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мақсатымен ұйымдастырылған бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылады. Веб-сайтқа жыл сайынғы виртуальды келушілер саны - 1,6 млн. астам.

ҚР Ұлттық кітапханасы Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясына (IFLA, 1992), Ұлттық кітапханалар директорларының конференциясына (CDNL, 1992) және «Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы» коммерциялық емес серіктестігіне (БАЕ, 1993) мүше. 2008 жылдан - IFLA/РАС (Сақтау және консервация) негізгі бағдарламасының аймақтық орталығы болып табылады.

Кітапхананың стратегиялық басымдықтары:

Кітапхана ғимараты 1970 жылы арнайы жобамен салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 Қаулысымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.


 



 



КІТАПХАНАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР



Қазақстандық Кітапханалық Одақ






l



































































































Сабақ барысы:

1 Ұйымдастру кезеңі

Тәрбиеші :Сәлеметсіңдер ме балалар- Біздің бүгінгі тақырып: Мен және менің құқығым

Біз сияқты қаншама адам дүниеге келуде? Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы, Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған.

Құқық – қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым.Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым-қатынасқа қойылатын талап.

Осы тақырыптың аясында құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен және менің құқығым» атты  ой-пікір сағаты өткізілді. Шара барысында тәрбиеленушілердің сұранысына сай қажетті сұрақтар талқыланып, керекті ақпараттар ой талқыға түсті. Сөз соңында айтатыным. «Құқығыңды қорғай біл!»


































Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Оқу мен тәрбие егіз дүние… Бұл екеуін ұштастыру, қатар ұстап жүру білімді ұрпақтың міндеті. Осыдан оқу мен тәрбиенің сапасы шығады. Жалпы балаға тәлім-тәрбие беретін ата-ана, ұстаз. Сауатты берілген тәлім-тәрбиені – мына біздер санамызға құйып, оны әрі қарай жетілдірсек осыдан сауатты ұрпақ жалғасын табады. Ал сауатты ұрпақтың міндеті — өз құқықтарын, өз міндеттерін орындау және қорғау. Адамдар қоғамда өмір сүріп жатқандықтан, олардың өзара қатынастары сол қоғамның сапалы қызметінің нәтижесі болып табылатын өздерін ұстау ережеларімен реттеледі. Жалпыға бірдей міндетті осы ережелерді сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бәрі сақтауға тиіс. Адамда өзін және әлемді тани білетін ақыл мен қабілет бар. Сондықтан ол өзінің және өзгелердің әрекеттеріне баға беріп, олардың салдарынан алдын ала көре алады. Адамдардың өзара қатынастарында қалыптасқан нормалар қоғамның рухани дамуына, әлеуметтік тәртіптердің қалыптасуына алып келеді.
Қазақстан мемлекеті тәуелзіздігін алғалы өз құқықтары пайда болды. Мемлекеттік тарапынан бақылауға алынған нормативтік актілерде наұтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған жиынтық болғандықтан құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Ол әрбір жеке адамға ғана емес, тұтас адамдар тобына да қатысты. Құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар мен олардың ұйымдары сол нормаларды бұзбауға тиіс. Өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қатынастарда реттілік орнатуға бағытталады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулық сақтау құқығы, білім құқығы, т. б. бар.
Соның ішінде жас ұрпақ денсаулық сақтау құқығы мен білім құқығын орындауға міндетті. Денсаулық сақтау құқығын орындау үшін салауатты өмір салтын сақтауымыз қажет. Ол дегеніміз – ішімдік, нашақорлықтан аулақ болып, айналамызға қамқорлық жасау. Ондайлардың дертіне дұрыс жол сілтеу арқылы қоғам дертін емдеуге үлес қосу болып табылады. Біздің жас ерекшелігімізге сайы білім құқығын орындау. Білім құқығын қорғауға атсалысуымыз үшін мұғалімнің берген білімімен сусынып қана қоймай, жан-жақты іздену әрекетін бойымызға сіңіру қажет. Ол үшін интернет жүйесіндегі мол ақпараттың ең маңыздысын, қажеттісін алу. Ғалымдар мен филосовтардың зерттеулеріне жүгіну арқылы сауыт ашу және білімізді жетілдіру.
Қорыта келгенде әр мекеменің өзінің талаптарын, яғни мектебіміздің талабына қазірден немқұрайлы қарамай, орындалуына белсене қатыссақ болашақта да құқық міндеттерін орындай аламыз. Әр бала мектеп жасынан осы заңдылықтарды санасына құйса ғана жауапкершілікті сезіне алады. Бұл болашақ ұрпақ Қазақстанның да құқықтарын орындауға атсалысады. «Санылы ұрпақ – сапылы білім» деген ойдың дәлелі осы. Еліммен бірге есейіп келе жатқандығым үшін кеудемді қуаныш кернейтіне де рас. Біздің еліміз шын мәнінде қай жағынан алып қарасаңыз да ғажайып жетістіктерімен таңдандырады. Ең бастысы, экономикамыздың қарыштап артуы нәтижесіндехалықтың тұрмысы күн санап жақсара түсуде. Қалалар мен ауылдарымыз жаңарып, жақсарыпң өркениетке лайық құлпырып келеді. Білім, медицина, мәдениет салаларында да керемет ілгерілеу қанатын кеңге жайып, бұл бағытта дамыған мемлекеттермен иыұ тіркестіретін дәрежеге көтерілдік. Ғылымымыз даму үстінде. Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бергі 18 жыл ішінде еншілеген ұлан ғайыр табыстары Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың елім деп еткен ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмас. Егемен еліміздің ертеңінен де көп жақсылық күтеміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын.



































































Өз өмірің – өзіңе қымбат

Бұл жалғанда өмір күні қысқа
Бірер жыл мен қыс өтер.
Жүрегіңмен жол тауып,
Мақсатыңа қолың жетер
В.Тушнова

Адам баласы үшін ең қымбат нәрсе - өмір екені бәрімізге мәлім. Қайталап айтқым келеді, адам үшін ең қымбат нәрсе – ол Оның өмірі. Сондықтан, өз ӨМІРІҢДІ бағалай біліуің керек. Әрине, қасындағы адамдарды – жақындарыңды, туыстарыңды, әріптестерің мен достарыңды, құрбыларың мен көршілеріңді, таныстарың мен өмір жолында кездесетін әрбір тірі жанды сүю қажет, бұл өте маңызды.

Жалғыздық, кездесу қуанышы, жүрек жылуы, түңілу реңіші, жеңіс шаттығы сияқты сан-алуан өткелдерден өткізетін, еш толастамайтын өмір биі неткен ғажап, неткен керемет десеңші, сондықтан өмірді сүю абзал. Кейде көк аспан тұңғиығына үңілгенде, түңгі аспанда шашыраған мыңдаған жұлдыздарға қарағанда, әлемнің ғаламатын тағы да бір түсініп, өзіңді алаңдатып, қобалжытып жүрген қиындықтардың еш тұрғыссыз, әрі маңызы жоқ дүние екеніне көзің жетеді.

Кейде уайым жетегіне түсіп, әлдененің жетіспеушілігіне налып, немесе кемшіліктерді көтере алмай, өмірден түңіліп жүргенде, өмірдің тамашасы мен кереметің ұмытып кетесің. Барлығын ысырып тастап, өмірге тек сол қиындық көзімен қарап, түймедейді түйедей қылу тағы бар. Өмір қиындыққа айналып, сол қиындықтың реңіне боялып (жетіспеушілік, уайымға салыну, налу және т.б.) ақыр соңында, шешімі жоқ тығырыққа тіреледі.

Біз маңызды емес нәрселерге көп көңіл бөліп, сарқ ұрамыз. Ал, ол нәрселердің барлығы, түптеп келгенде - жалған дүние...Қиындыққа ондай көзқараспен қарамай, еңсеңді түсірмесең, әрбір қиындықтың шешімі бар екенін түсіңесің.

Кейбір адамдар, әрқашан көңілді, ақ-жарқын жүреді, оларға қарап, бұл құдайдан берілген ерекше қасиет, ондай әркімде бола бермейді деген ойға келесің. Шын мәнінде, ол адамдар өмірге қуана біледі. Ал басқа біреулері қолда барың қанағат тұтпай, жақсылықтың өзінен кінәрат іздеп, әрқашан уайым-қайғыдан көз ашпайды. Өкінішке орай, соңғы кезде жасөспірімдер арасында өмірден түңілу салдары көрініс беріп, суицидке ұласып жатыр, психикалық бұзылыстар, күйзеліске қарсы тұра алмау, артық қобалжу, өздігінен шешім қабылдаудан қорқу, үрейге бой ұсыну, агрессияға жол беру және т.б. жиі байқалуда. Сол себептен, соңғы жылдары психикалық денсаулық мәселелеріне, әсіресе, балалар денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.

Соңғы жылдары пайда болған денсаулық сақтау технологиялары Қазақстанымыздың өскелең ұрпағы денсаулығын сақтауға, қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған барлық әдіс-тәсілдерді біріктіруді көздейді.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы жасөспірімдерді өздігінен өмір сүруге толыққанды дайындауды мақсат етіп, сол үшін балалардың бақытты өмір сүруіне қажетті барлық алғышарттарды қалыптастыруға тырысып бағуда. Бұл мақсатқа денсаулықсыз қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, балалар денсаулығын қамтамасыз етіп, олардың бойында денсаулық мәдениетін қалыптастыра отырып, болашақ ұрпақ үшін бақытты өмір негізін қалаймыз.

Қазақстан Республикасында 2016 жылдың 10 қазаны «Өмір – қолымдағы ең қымбат нәрсе!» ұранымен дүниежүзілік психикалық денсаулық күні өткізіледі.



Баланың өмірі, оның болашағы, жетістіктері мен табыстары оның денсаулық жағдайымен тығыз байланысты екені бәрімізге мәлім.

«Денсаулықтың» 300-ден астам анықтамасы бар. Солардың негізгі топтарын іріктеп алатын болсақ, мыналарды көреміз:

  • аурудың немесе физикалық ақаудың жоқ болуы ғана емес, сонымен қатар физикалық, психикалық және әлеуметтік хал-ахуал жағынан толық саулықта болу;

  • ағза, тұлға бойындағы барлық физикалық және рухани қабілеттердің (өмір сүру қабілеті) жиынтығы;

  • нақты әлеуметтік және экономикалық ортада генетикалық әлеуетті іске асыру барысында адамға биологиялық және әлеуметтік функцияларын әртүрлі деңгейде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін толыққанды жан-жақты динамикалық қалып.

Осылайша, денсаулық мәнін әртүрлі анықтамада түсінуге болады, бірақ әрбір анықтамада тұлғаның психологиялық (рухани) денсаулығы маңызды буын ретінде қарастырылады.

Денсаулық психологиясы дені сау адамды, оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның патогенді факторлары әсер етекен кезде денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік беретін психика ресурстарын қарастырады.

Қорытындылай келе, балалардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін оларға өмірді сүюді үйрету керек екенін сенімділікпен айта аламыз. Бұл үшін арнайы құрылған әсер етулер арқылы депривацияның жағымсыз ықпалын жою қажет. Және ата-аналарға балалармен дұрыс қарым-қатынас құру, оларға психологиялық қолдау көрсету. психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.























































































Экономика біздің өмірімізде  —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1]

Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Адам Смит

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.









































































Кешкілік Орталық алаңда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Түн ортасына таман Қызылорда аспанын отшашулар көмкерді.

Мерекелiк шаралар облыстың барлық аудандарында көрініс тауып, сұрапыл жылдарда ел тыныштығы үшін күш жұмсаған қарт майдангерлерге үлкен қошемет көрсетілді. Жеңіске арналған шерулер өткізіліп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

 

































Балалық шақ -зорлық,зомбылықсыз



Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы,өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Балалар-еліміздің болашағы.Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?!Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін далаға тастап кетуде. Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық- жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне,өз құқықтары мен мүдделерінқорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. «Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі — өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік — ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау — егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл мәселеге зейін қойып көрген жоқ. Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы» мен «Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар» туралы Халықаралық құжаттарда көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата — анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Мәселенің тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.
Зорлықтың түрлері:

  • Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

  • Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

  • Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

  • Балаларды анасына қарсы қолдану — әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
    Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады.
    Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып-соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.

  • Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.

  • Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
    Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
    Балалар құқығын қорғау – егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек.
    1) жәбірленуші – өзіне қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықпен моральдық зардап, дене зардабы және (немесе) мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға негіз бар жеке адам;
    2) отбасы-тұрмыстық қатынастар – неке-отбасылық қатынастағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар шеңбері;
    3) тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабы және (немесе) психикалық зардап келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі);
    4) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы – тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері жүзеге асыратын, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
    5) тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының субъектілері – тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары.
    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері:

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық — күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.

  2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.

  3. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құ¬қық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.

  4. Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.

  5. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
    Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарыңмен бірге, көрші – көлемдеріңмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
    Қылмыстың бір түрі– балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
    Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:

  • Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;

  • Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

  • Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
    Ал ата-аналарға осыған жауап:

  • Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;

  • Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;

  • Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;

  • Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден тиісті органдарға хабарлаңыз.
    Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық — адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау — Конституциялық заңдылықтың басты талабы.
    Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі — бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол — жанұя, яғни, зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар — жұбайлар мен балалар. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы — баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.
    Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі — жаман қылықтардан, яғни, зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп, мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды.
    Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың
    алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді.
    Заң жобасының негізгі мақсаттары: адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу. Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау. Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу. Аталған заңды қабылдау – отбасылық, тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.
    Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек іс болып табылады. Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.
    Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
    Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.
    Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлеріне мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын. Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен бүгінде сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
    Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы — еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамшылыққа, қайырымдылыққа үйрету. Осылардың барлығын балалардың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру тәрбиенің басты мақсаты болмақ. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі тәрбиелілікке үйретудегі пәрменді тәсіл — адамдардың өзара тәлімі мен үлгісі екенін айтқанымыз жөн. Халық даналығы – «Адамнан — адам тәлім алады, ағаштан – ағаш мәуе алады» деген сөз бекер айтылмаған.
    Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік.
    Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
    Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
    Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау- баршамыздың борышымыз.













































































 















Дамыған елдерде білім аламын деген адамдар үшін толық жағыдай жасалған.Білім қай заманда да кез келген елдің болашағының жарқын болуына ықпал ететін ең негізгі күш. Егер ұлт білімді болса, ол ел бай әрі қуатты болмақ. Қазіргі таңда жастар сана көкжиегін кеңейтіп білім алуға құштар. Бұл әрине көңіл қуантарлық жәйт. Алайда таяқтың әрдайым екі ұшы бар демекші, көптеген мықты талапкерлер шетел асып білім алуды қалайды. Тіпті, барған елінде тұрақтап қалуға да ұмтылатындар көп. Ресми деректерге сүйенсек елімізде 5,7 миллион жас бар. Халықаралық QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS ұйымының 2023 жылғы мәліметінше Қазақстан жалпы білім беру сапасы бойынша әлемде 62-орында. 93 ел мен 1300 жоғарғы оқу орындарының рейтингінде еліміз көршілес Қырғызстан мен Ресейден кейінгі орындарда. Бұл тізімге елімізден 14 оқу орны таңдап алынған. Қазақстандағы таңдаулы университеттердің қатарындағы Қазақ Ұлттық университеті 175-орынды иеленген.

Соңғы жылдары жеке компаниялар талапкерлерді шетелдегі оқу орындарына дайындауды қолға алды. Олар өз қызметіне құжаттарды дайындау, керекті емтихандарды тапсыру, одан бөлек сұхбаттасудан өту туралы жұмыстар атқарады. Компаниялардан басқа өзге елде оқып келген жастар да әлеуметтік желілер арқылы өздерінің оқуға түсу туралы авторлық курстарын өткізеді. Сондықтан бұл салада қанша адам қызмет атқарып жатқанын нақты айту мүмкін емес. Мемлекеттік статистика агентігінің мәлмдеуінше қазіргі таңда шетелде жүрген 40 мыңға жуық студенттеріміз бар. Олардың басым бөлігі Еуропа Одағындағы елдер мен АҚШ-та білім алуда.

Студенттер үшін ең тиімді гранттар ұсынатын елдер де жетерлік. Мысалы Франция өзінің Eiffel Excellenc бағдарламасымен оқуға келетіндер үшін айына мың евро шәкіртақымен қатар оқуға түсетін талапкердің бүкіл шығынын өздері өтейді. Ал, еліміздегі жастар үшін ең сұранысқа ие әрі қолжетімді болып саналатын Turkiye Bursları бағдарламасы студенттер үшін степендия ретінде ай сайын 1800 лира төлемек. Одан бөлек тұратын орын, тамақтану және жылына екі рет ұшу билетімен қамтамасыз ететінде де талапкерлердің бұл бағдарламаны таңдауына себеп болуда. Мажарыстан да Hungarian Schoolarship деп аталатын тегін білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Бұл бағдарлама негізінен техникалық мамандыққа түсем деген түлектер үшін таптырмас мүмкіндік. Әлем алпауыттарының бірі Германиядағы DAAD та мемлекеттік стипендиясымен білімге құштар жандар үшін есігін айқара ашуда. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - егер неміс тілін жоғары деңгейде меңгерсеңіз Германиядағы 326 университеттің қалағанына оқуға түсе аласыз. Және де ай сайын Еуропадағы ең жоғары шәкіртақы - 1700 евроның иегері боласыз.

Дамыған елдерде білім аламын деген адамдар үшін толық жағдай жасалған. Тағы бір ерекшелік университет бітіргеннен кейін сізге жоғары табысы бар жұмыс ұсынады. Бұл әрине әрбір адам үшін оңтайлы ұсыныс. Алайда «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген сөз де бекер айтылмаса керек-ті.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!