Тақырыбы: "Иманды ұрпақ - ұлт
болашағы"
Мақсаты: Оқушылардың бойында имандылық
қасиеттерін қалыптастыру.
К.Курбанион «Навай
шарк»
Атай Огонбаев «Маш
ботой»
Сіздердің алдарыңызда өнер
көрсеткен Республикалық «Ақжелең», Республикалық , Халықаралық
«Жеті өнер» Республикалық «Дала сазы,», Халықаралық «Алаш стар»
және Өзбекстан Респубдикасы Ташкент қаласында өткен Халықаралық
«Біщ бақытты баламыз» атты байқаулардың бас жүлдегері «Мұрагер»
оқушылар оркестрі.
Мұғалімнің
сөзі:
Армысыздар, қадірлі ұстаздар,оқушылар,
қонақтар.
-Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында.
Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін
жүрегіне ұялатып, санасына құю - бүгінгі білім мен тәрбиенің басты
міндеті.
Білектей арқасында өрген
бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе
ақырын.
Кәмшат бөрік, қара
қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!- деген
Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса
Елінің соры болады-
деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұлдарымызға
арнай отырып, бүгінгі "Иманды ұрпақ - ұлт болашағы"
атты тәрбиелік шарамызды бастаймыз.
Алғашқы сөз кезегін мектеп
директоры Гүлбану Галимуллақызына береміз.
Бүгінгі кешіміздің қонақтары
Матай Қоқанұлы мешітінің имамы Абзал ағамыз, Шалқар ауданының
теолог маманы Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы және Қазанғап
Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің дәстүрлі ән класының
мұғалімі термеші Сарсенов Серікболсын Сәрсенұлы келіп
отыр.
Олай болса, қош келдіңіздер.
Ендеше,Матай Қоқанұлы мешітінің имамы Абзал ағамызға
алғашқы сауалымыздан бастасақ.
1.
Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған.
Баланы тәрбиелеудегі мақсат, оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға
пайдасы тиетін азамат етіп шығару.Тәрбие — арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру»
деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат
болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз
бар.
Осы
орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі
қандай?
Адамның иманды болуы отбасынан басталады. Ол үшін
әке мен шешенің рөлі зор. Осы мәселеде де хақ дініміз аса
жауапкершілікпен қарайды. Жастарды имандылыққа тәрбиелеу негізінде
отбасынан басталады. Отбасы дегеніміз – адам баласының өсіп – өнер,
қазтұрар, қанатқағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында, әсіресе, тәрбие
анаға абайланысты. Ананың бала тәрбиелеудегі рөліне Ислам
қайраткерлері де көп көңіл бөлген. Әрине, ана балаларына аса
мейірімді, жұмсақ болып келеді. Ал, ер баланың тәрбиесімен әкелер
айналысқан.
Ендеше экранға назар аударайық.
Видеоролик. Ұлды ұрып тәрбиелеу дұрыс па
?
2.
Қазақстанның кейбір діндар азаматтары мектеп жасындағы қыздарының
киім үлгісі ортақ зайырлы оқу орындарында білім алуынан бас тартып,
оларды діни оқу орындарына тапсырумен шектелмек. Мектеп ережесіне
сәйкес белгіленген мектеп формасын кигізуден бас тартқан
ата-аналардың өз қыздарын сабаққа жібермеу оқиғаларының орын
алғандығы белгілі. Бұндай факттерге негізделе отырып, бүгінгі таңда
қыз балалардың білім алуына «хиджаб» мәселесінің кедергі болып
отырғандығын айта аламыз.
Ислам діні бойынша білім алу және мемлекет заңына
мойынсұну – парыз болып табылады.
Видеоролик .Осы орайда , Шалқар ауданының теолог
маманы Тобажанов Тоқтар Иманғалиұлы, "хиджаб" мәселесіне байланысты
не айтар едіңіздер .
Келесі кезекті әнге берейік
Қадір Мырза али "Қазақ осы" орындайтын
дәстүрлі ән класының 2-сынып оқушысы Бердалы
Сезім.
Қадір Мырзалиев тің осы бір өлеңінде қазақтың
нағыз болмысын суреттеп, әнге қосқан. Ал, қазіргі қазақтың тұрмыс
тіршілігі осы әндегіден алшақтап бара жатқан жоқ
па?
Нағыз қазақ -қазақ емес,
Нағыз қазақ -домбыра- деген қлы Абайдың сөзі бар.
Ал, енді экранға назар аударайық.
Домбыра аспабы имандылыққа қарсы
ма?
Оқушылармен жұмыс.Имандылық туралы мақалды
жалғастыр.
Жиғаныңа сенбе- иманыңа сен .
Иманды адам - арлы адам
Имансыз адам - сорлы адам.
Ерді намыс өлтіреді
Қоянды қамыс өлтіреді.
Ұят
кімде болса, иман сонда.
Малым жанымнң садағасы,
Жаным арымның садағасы.
Серікболсын Сарсенұлы, қаншама жыр термелерді
жатқа білесіз. Адам баласын иманлылыққа тәрбиелейтін немесе дінді
уағыздайтын көптеген жыр термелер бар.. Осы тұрғыда сіздің ойыңыз
қандай?
Сізден бір қонақкәде сұрасақ.
Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі – ол
имандылық. Иманы бар адам ешқашан ешкімге зиян тигізе
алмайды.
Өйткені хадис шәріпте: «Нағыз мұсылман тілімен
де, қолымен де өзгеге зияны тимеген адам» делінген. Иман төрт жерде
сақталады: көңілде, жүректе, көкіректе және тәнде. Ал ұят – көзде,
бетте, санада сақталады.
Олай болса, оқушыларымыздың өлең жолдарына кезек
берелік.
Адамдық
борышың. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Адамдық
борышың –
Халқыңа
еңбек қыл.
Ақ жолдан
айнымай
Ар сақта,
оны бiл.
Талаптан да
бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл
тұл.
Мақтанға
салынба
Мансаптың
тағы үшiн.
Нәпсiңе
билетпе
Басыңның
бағы үшiн.
Өмiрiңдi
сарп қыл өлгенiңше,
Жоба
тап,
Жол
көрсет,
Келешек қамы
үшiн.
Қайтадан
қайрылып
Қауымға
келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте
бергейсiң.
Ғибрат алар
артыңа iз қалдырсаң –
Шын
бақыт‚
Осыны
ұқ,
Мәңгiлiк
өлмейсiң!
Аң жортар аяғымен, жер
еркесі,
Құс ұшар қанатымен, көк
еркесі.
Халқыңа қалаулы ұл боламын
десең,
Адам бол! Болма адамның
-көлеңкесі
деп Абай атамыз айтқандай сіздерге адамгершілігі
мол, еліміздің иманды да, инабатты ұл қызы болып өсіңдер деп тілек
айтамын. Иманды ұрпақ , ол ұлтымыздың болашағы. Қазағымыздың салты
мен дәстүрін, тілі мен дінін келешек ұрпаққа аманат етер жастар, ол
сіздерсіздер. Имандық тек жүректе болса, сол жүрегіміз иманға толы
болсын.
«Дінімізді,тілімізді сақтау – Ұлттығымызды,
Мемлекетімізді сақтау» дей келе, бүгінгі тәрбие сағатымызды
аяқтаймыз.
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының
саз мектебі
Тақырыбы:
"Иманды ұрпақ - ұлт
болашағы"
Жауапты: Домбыра класының мұғалімі Ауашова
А
Шалқар 2023 ж