Материалдар / Имидждік мақала:Дұрыс таңдау-жарқын болашақтың кепілі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Имидждік мақала:Дұрыс таңдау-жарқын болашақтың кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала жас түлекерге жоғары оқу орны мен мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар береді.Сонымен қатар,әлеуметтік педагог мамандығының маңыздылығы ұсынылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
1009
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі

Өз ойымды қазағымыздың мақтанышы М.Мақатаевтың «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деген сөзімен бастағым келеді. Әңгіме екіншісі туралы болмақ...

Иә, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине, таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Екіншіден, «Неге арналсаң, соны істе» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, әр адам кәсіп таңдауда оған деген қызығушылығымен қатар, өзінің табиғатынан біткен қабілеттері мен бейімділігін ескергені жөн.

Менің жүрек қалауыммен таңдаған, қазіргі таңда жоғары білім алып жатқан мамандығым – әлеуметтік педагог.

Қазіргі күрделі әлемде мектеп оқушыларды әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін дамытуға мұқтаж. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың, нашақорлықтың, компьютерлік тәуелділіктің және «виртуалды» агрессияның өсуі сияқты жағдайлар өскелең ұрпақты дәстүрлі тәрбиелеу ісін біршама қиындатуда. Мұндай мәселелерді шешуде арнайы дайындығы бар әлеуметтік педагогтардың кәсіби жұмысы аса маңызды.

Мектептегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі мақсаты – оқу үрдісін әлеуметтік-психологиялық қолдау, оқушылардың өзін-өзі анықтауға және өзін-өзі жетілдіруге қабілетті адамгершілік, толерантты, дені сау және әлеуметтік белсенді тұлға ретінде дамуына қолайлы жағдайдар жасау. Әлеуметтік педагог балалармен, жасөспірімдермен, жастармен және олардың ата-аналарымен, әртүрлі топтармен жұмыс жүргізеді. Демек, оның негізгі қызмет саласы – қоғам (адамның тікелей қоршаған ортасы, адами қатынастар жүйесі, отбасылық-тұрмыстық орта). Жеке тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыра отырып, әлеуметтік педагог балаларға әртүрлі психологиялық кедергілерді жеңуге, өз құқықтарын жүзеге асыруға, өзін-өзі дамытуға, ұжыммен және ата-аналармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Әлеуметтік педагогтың әр күні ерекше қайталанбастай өтеді, себебі, күн сайын балалық шақ әлемімен араласуға мүмкіндік береді.

Менің ойымша, бұл өте күрделі және жауапты жұмыс. Бірақ мен қиындықтардан қорықпаймын, себебі, біріншіден, болашақ мамандығымның маңыздылығын терең түсінемін. Бұл өз қамқорлығындағы адамдарға қоғамдағы өз орындарын табуға, толыққанды адам болуға мүмкіндік беретін өте пайдалы мамандық. Екіншіден, міндеттерімді мүлтіксіз орындап, құзыретті маман болуыма Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындарының қатарында көш бастаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазір алып жатқан білімім көмектеседі. Себебі бұл менің өз болашағыма сеніммен қарауға мүмкіндік беретін екінші маңызды таңдауым...

Тарихы терең, беделі биік білім ордасында мен үшін, өзімді жүзеге асыруға және жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер өте көп. Университетте тек қана білім емес сонымен қатар, спорттық үйірмелер, жан-жақты дамуға жол ашатын, шынайы достар табуға мүмкіндік беретін ұйымдар бар. Алайда менің ойымша, оқу орнының ең басты артықшылығы – әрбір студенттің бойындағы ерекшеліктерді, дарындылықты табуға тырысатын және оны дамытуға бар күш-жігерін салатын, жан-жақты сапалы білім беретін ұстаздар.

Мен оқып жатқан педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасы еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми-педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады. Мұнда Қазақстанда танымал ғылыми мектептер жұмыс істейді: Т.Ш. Таубаеваның – психологиялық-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы, ҒЗЖ сапасын бағалау, зерттеулердің жаңалығы мен маңыздылығын педагогикалық өлшеу; Н.А. Асановтың – оқытушының әдістемелік мәдениеті, Н.С. Әлқожаеваның – білім берудегі менеджмент және Қазақстандағы білім беру сапасын бағалау. Кафедрада А.Қ. Құсайынов, Ш.Т. Таубаева, Г.К. Ахметова, Н.А. Асанов, А.Б. Мукашева, А.К. Мынбаева сияқты көрнекті қазақстандық ғалымдар, профессорлар мен ғылым кандидаттары, білікті мамандар жұмыс дәріс береді.

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының мақсаты – әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану саласында кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті мамандарды дайындау. Білім беру бағдарламасы қазақстандық (Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі, Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі) және халықаралық ACQUIN (Германия) орталықтарының сертификаттарын иеленген. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте білім беру зерттеулерінің Ғылыми-инновациялық орталығында, этнопедагогика және этнопсихологияның оқу-әдістемелік орталығында зертханалар бар.

Осылайша, кафедрада әрбір білім алушының әлеуетін барынша толық ашу, оның жеке білім беру траекториясын тиімді құру және игеру, нақты кәсіби қызмет саласына ерте кірігуі үшін барлық қажетті жағдайлар (білім беру, материалдық-техникалық, ақпараттық және т.б.) жасалған. Ендеше, жақсы оқып, білікті маман болып шығу – менің университет пен ұзтаздарым алдындағы парызым. ҚазҰУ-дың бүгінгі студенті, ертеңгі түлегі атану мен үшін –  мақтаныш және жауапты іс! Білім ордасының жоғары беделін және мамандығымның мәнін ұғынғаннан кейін өзімнің қаншалықты жауапкершілік арқалап жүргенімді сезінгендеймін...

Мен болашақ мамандығымды – жеміс ағашына теңеймін, қоғамға барлық пайдамды тигізіп, балаларды қуантып, әрбір адамға нұр сыйлап жүргім келеді. Менің басты педагогикалық ұстанымым – әрбір бала күн, ал менің міндетім – оның жарқырауына мүмкіндік беру және жол ашу.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенті - Бектемісова Шынар

Ғылыми жетекші: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы доцентінің м.а.,педагогика ғылымдарының кандидаты Э.Т. Баярыстанова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!