Материалдар / Инерция
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Инерция

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.
Авторы:
22 Сәуір 2024
138
3 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Бөлімі:

Заттың агрегаттық күйлері

Педагогтің аты-жөні:

Алимова Феруза Давроновна

Күні:

15.03.2024ж

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау;

8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсінеді;

Қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін біледі;

Булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алады;




Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.









«Кім жылдам»-әдісі

8 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Үй тапсырмасын тексеруге «Кім жылдам» әдісі арқылы өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында оқушыларға сұрақтар беріледі.

1. Зат бір агрегаттық күйден екінші агрегаттық күйге өткенде болатын процестерді сипаттау

Температурасы өзгереді

Ішкі энергиясы өзгереді

Күйі өзгереді

Молекулаларының орналасуы өзгереді

Пішіні өзгереді .

2. Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі біздің өміріміз үшін маңызы қандай?

3. Зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысу үшін қандай шарт орын алуы қажет.


Оқушылар заттың агрегаттық күйлеріне байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

- МКТ негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды;

-Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі біздің өміріміз үшін маңыздылығын біледі;

-Зат бір агрегаттық күйден екіншісіне ауысу үшін қандай шарт орындалатынын біледі.



Жалпы балл -3



Оқулық

8– сынып


Сабақтың ортасы



10 мин




Білім дағдысы: Түсіну

Мұғалім тәжірибе көрсетеді. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға тәуелділігін зерттеу. Колбадағы қайнап тұрған сұйықты оттан алады да груша бекітілген тығынмен колбаны жабады. Грушаны сыққан кезде колбадағы сұйықтың қайнау тоқтайды. Неліктен? Оқушылар өзара талқылайды.Оқушылар грушаны сығу кезінде колбадағы қысым артатынын, қысым артқан сайын қайнау температурасыда артатынын түсінуі тиіс.Құтыға су құйып оған жылу береді. Оқушыға қойылатын жетелеуші сұрақтар:

1. Қайнау кезінде қандай құбылыстар қатар жүреді?

2. Көпіршіктер неліктен және қай жерде пайда болды? 3. Көпіршіктер неліктен көлемін ұлғайтады?

4. Көпіршіктерге әсер ететін қандай күш

5. Неліктен су «шуылдайды»? 6. Сұйықтың кебу процесінен қайнаудың айырмашылығы қандай?





Оқушылар қайнау процесі кезіндегі құбылысты сипаттайды.


Дескриптор:

-Жылу балансы ұғымын біледі, мысалдар келтіреді.




ДЭ

Презентация

Оқулық

8-сынып.

Құты, термометр, су, штатив.


Жеке жұмыс

20 мин


Білім дағдысы: Қолдану. Пиза тапсырмасы

Жеке жұмыс. 1-тапсырма ҚАЙНАУ

Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

Оқуықтан 2,2-жаттығу.

Берілген мәліметті оқып төменгі сұрақтарға жауап беріңіздер

Буланудың екінші тәсілі – қайнауды қарастырамыз. Қайнау процесін бақылау үшін құтыға су құйып, температурасын өлшей отырып, қыздырамыз. Біраздан кейін құтының үстіңгі жағында  тұманды байқауға болады. Ол ыдыстағы сұйықтың бетіндегі буланудың күшейгенін көрсетеді. Сыртқа  шыққан су буы  салқын ауамен араласады және ұсақ тамшылар түрінде конденсацияланады. Температурасы ары қарай жоғарлағанда құты қабырғасының қаттырақ қызған жерлерінде  көптеген кішкене көпіршіктер пайда болатынын көреміз. Бұлар судың ішінде болатын еріген ауа көпіршіктері. Қыздырған кезде  олар судан бөлініп шығады.  Ауа көпіршіктерінің  іші су буымен толады да, олардың өлшемдері  біртіндеп үлкейе береді. Көпіршіктер ыдыс қабырғасынан ажырайды да, жоғары көтеріледі. Осы кезде әдетте қайнар алдында  ызыл естіледі. Өйткені жылы су буы көпіршіктерімен салқын су көпіршіктері соқтығысқанда дыбыс шағарады. Белгілі бір температурада  көпіршіктер судың бетіне жетіп жарылады. Бұрқылдап су қайнай бастайды.

Сұйықтың  тек үстіңгі  бетінен ғана емес сонымен бірге оның ішінде  де бу көпіршіктерінің  пайда болуымен жүретін қарқынды булану қайнау деп аталады.

Біз кез-келген жер бетіндегі денелерге  атмосфералық қысым әрекет ететінін білеміз. Енді осы су көпіршіктері  қандай жағдайда осы атмосфералық қысымды жеңіп сырқа шығады? Қайнау кезінде көпіршіктер ішіндегі қаныққан будың қысымы  атмосфералық  қысымнан төмен болмау керек.

Қайнау сұйықтың қаныққан буының қысымы атмосфералық қысымға тең немесе одан сәл жоғары болатын температурада жүреді;

Қайнау кезінде  сұйықтың температурасы өзгермейді. Сұйыққайнайтынтемператураны  қайнаутемпературасы  депатайды.  

Кейбірзаттардыңқайнаутемпературасы, оС (Қалытыатмосфералыққысымда 105 Па)

сутек - 253 оС, су - 100 оС, сынап - 357 оС, оттек -183 оС, сүт -100 оС, қорғасын -1600оС, эфир - 35 оС, спирт - 78 оС, мыс - 2567 оС

Алайда сұйыққа түсетін сыртқы қысым  атмосфералық қысымға тең болмауы да мүмкін.  Атмосфералық қысым қалыпты қысымнан төмен болса онда  су төменгі температурада қайнай береді.  Биіктігі  5-6 мың  метр  Эльбрус шыңында  су шамамен 800С- та қайнайды. Сұықтың үстіндегі қысымды жасанды түрде төмендетсек, онда кез келген температурада  тіпті қату температурасында  қайнайды.  32 гПа   25 оС су бөлме температурасында қайнайды.   Ал сыртқы қысым 6 гПа болғанда, су  00 С-та қайнайды. Судың төменгі қысымда қайнауын қант өнеркәсібінде қолданады. Қант ертіндісі  бар болғаны бірнеше  ондаған градуста бұрқылдап  қайнайды. Қант сиропының күйіп кету қаупі болмайды және  артық су тезірек бөлініп шығады. Керісінше  судың бетіне  аса жоғары қысым түсіре отырып, судың температурасын  1000С-тан жоғары температурада  қайнатуға  болады. Автоклав құрылғысында температура  200 0 С-қа дейін қызады.


Оқушылар талдау жасайды

7-сұраққа жауап береді.

Оқулықтан

2,2-жаттығуды орындайды.

Дескриптор:

-Қайнау барысында су көпіршіктерінің атмосфералық қысымға байланыстылығын түсінеді.

-Қайнау барысында жүретін құбылысты түсінеді.

-Қайнау барысында дыбыс неліктен шығатынын біледі.

-Қайнау процесін біледі.

-Графикпен жұмыс жасауды біледі.

-Қорғасынның қайнау температурасының уақытқа тәуелділік графигін біледі.

Жалпы балл -7



























Дескриптор:

-Булану процесі кезіндегі жылу мөлшерінің формуласын біледі;

-Формуланы есеп шығару барысында қолдана алады;

-Белгісіз шаманың формуласын жалпы түрде өрнектеп шығарады;

Физикалық шамалардың берілген мәндерін орнына қойып белгісіз шаманың мәнін анықтай алады.

Жалпы балл -2




ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Пиза тапсырмасы

Дәптермен жұмыс.

Сабақтың соңы

Рефлексия

5 мин


Рефлексия

Орындай аламын........

Түсінемін ...........

Білемін..........

Үйге тапсырма: ʂ12. 2,2-жаттығу. №7


Оқушылар сұраққа жауап береді






10 балдық жүйеде бағалау

8-сынып оқулығы.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!